Шағын және орта бизнесті дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 07:59, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының маңызды компоненті болып табылады. Дамыған елдер экономикасында осы шағын және орта бизнес үлесі басыңқы. Сондықтан осы елдер экономикасы жоғары дамыған болып саналады. Себебі, ол халық тұрмыс жағдайына, әл-ауқатына, жұмыссыздық деңгейіне - жалпы айтқанда экономикалық көрсеткіштерге тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстан Республикасының экономикасындағы артып келеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС РОЛІ
Шағын және орта бизнес түсінігі.....................................................................4
1.2 Шағын жіне орта бизнестің ел экономикасына әсері және оны дамыған мемлекеттермен салыстыру....................................................................................6
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайы және оның мониторингі............................................................................................................10
ҚР-дағы шағын және орта даму проблемалары және оларды шешу шаралары………..............................……..............................................................18
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

шағын және орта бизнес.docx

— 99.32 Кб (Скачать)

1 кесте. ҚР шағын және орта бизнестің даму деңгейін дамыған елдермен салыстыру

Дамыған мемлекеттер  тәжірибесі ҚР деңгейін бағалау
1 Мемлекттік  саясат мақсаттарын анықтайтын кәсіпкерлік  қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін  әлеуметтік құқықтық актілер болуы Даму үстінде
2 Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру  Даму үстінде
3 Шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың тікелей және жанама шараларының  байланысы  Жоқ
4 Әр түрлі  деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті  қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын  анықтау Даму үстінде
5 Шағын бизнес саласындағы барлық міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы Жоқ
6 Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу Даму үстінде
7 Мемлекеттік билік  органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым–қатынасы Жоқ
8 Шағын бизнес саласындағы  мемлекеттік саясатты өзара қарым–қатынасты  қолдауға бағытталған Даму үстінде
 

    Үлестерден  көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп  күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың  айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне  тәуелді.

    Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан  екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке  барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде  макроэкономикалық және салалық  деп бөлуге болады.  
 

Экономикалық

факторлар

      Бизнесті мемлекеттік  реттеу
  Ортаның бизнеске макро ықпалы
 
Әлеуметтік  факторлар
Технологиялық

факторлар

    Ресурстық факторлар    
 

    1 сурет. Ортаның бизнеске макроықпалы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 

2.1 ҚР-дағы шағын  және  орта  бизнестің  жағдайы және оның мониторингі  
 

     Бұл  сұрақта Қазақстандық  кіші  және  орта  кәсіпкерліктің  қазіргі  кезедегі  мен  соңғы  жылдардағы  жағдайы  қарастырылады. Дамыған  индустриалды  мемлекеттерде  шағын  бизнестің  өзі  ғана  жалпы  ішкі  өнімнің 50% - дан астамын  алады. Бірақ  шағын  бизнес  субъектілерінің  елеулігі  бөлшек  сауда  саласында  байқалады. Осы  саладағы  олардың  үлесі 90% - ға жетеді. Мұндай жағдайдың  қалыптасуын ең  алдымен  осы  сектордың  бәсекелестік  еместік  қабілетімен   байланысты. Шағын  және   орта  кәсіпкерлік  секторындағы  қалыптасып  отырған  жағдайдың  қандай  екенін  көру  үшін енді статистикалық  мәліметтерді  келтірейік.

     Алдымен негізгі түсініктер мен анықтамаларды  келтіре кетейік.

     «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-111 Заңына сәйкес заңды тұлға  құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын дара кәсiпкерлер  және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы  активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңда белгiленген 60000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерi болып табылады.

     «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан  Республикасының  Заңында белгіленген  жекелеген қызмет түрлерін жүргізетін (акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме сатуы, ойын және шоу-бизнес саласындағы қызметтi, радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi, аудиторлық қызметтi) дара кәсiпкерлер  мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерi болып таныла алмайды.

      Жеке  тұлға – Қазақстан Республикасының  азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам.

      Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығында  оқшау мүлкі бар және осы мүлікке  өзінің міндеттемелері бойынша жауап  беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді  сатып ала алатын және жүзеге асыра  алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды  тұлғаның дербес балансы немесе сметасы  болуы тиіс.

      Шағын кәсіпкерлік кәсіпорны – заңды  тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік  субъектісі.

      Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін кәсіпорны  – экономикалық қызметті жүзеге асыратын немесе әлуетті жүзеге асыра алатын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.

      Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорны  – экономикалық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.

      Шағын кәсіпкерлік кәсіпорнының мөлшері  – кәсіпорында жылына орта есеппен  жұмыспен қамтылғандар санымен байланысты ұғым. Кәсіпорын мөлшерлілігінің  ведомстволық сыныптауышына (КМС) сәйкес сыныпталады.

      Жеке  кәсіпкерлер –  жеке тұлғалардың  табыс алуға бағытталған, олардың  өз  меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың  тәуекелімен және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі. 

      Жеке  кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуін  салық органдары жүзеге асырады.

      Шаруа (фермер) қожалығы деп жеке кәсіпкерлікті  жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндіруге арналған ауыл шаруашылығы  жерлерін пайдалануға, сондай-ақ осы  өнімді өңдеуге және өткізуге тікелей  байланысты адамдардың отбасылық-еңбек  бірлестігі танылады.

      Экономикалық  қызмет түрі – онда жабдық, жұмыс  күші, өндірістік процестер, ақпарат  желілері және өнім бірігетін қызмет, бұл біртекті өнім (тауар, қызмет) жасауға  алып келеді. Экономикалық қызмет түрі шығынмен, өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Шағын  кәсіпкерліктің әрбір тіркелген  субъектісіне экономикалық қызметтің  қосылған құнның ең жоғары өсімін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын  түрі беріледі. Қызмет түрі ЭҚЖС мемлекеттік  сыныптауышына сәйкес анықталады.

      Шығарған  өнімдер барлық  шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өндірушінің  бағасымен көрсетілетін құны.

      Қызметкерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан басқа жеке еңбек  шарты бойынша, оның жасалу мерзіміне  қарамастан жұмысқа қабылданған  адамдар саны.

      Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша орындайтын адамдарға (яғни ұйымның тізімдік құрамында  болмайтындар) ұйымның ішкі тәртібіне  бағынбай жүзеге асырылатын, белгілі  бір жұмысты (біржолғы, арнаулы шаруашылық, жұмыстың нақты бір көлемін орындау  үшін) орындау мерзіміне ғана шарт немесе келісім-шарт бойынша қабылданған  адамдар жатады.

      Қызметті  қоса атқарушылық – қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында  еңбек шарты жағдайында басқа  тұрақты төленетін жұмысты орындауы./8/

      Келесі  статистикалық мәліметтерді талдайық:

  1. 2010 жылғы қаңтар - қыркүйекте (салғастырмалы бағаларда) жедел ақпараттар бойынша өткен жылғы қаңтар - қыркүйекпен салыстырғанда өнім шығарылымы 5,3%-ға көбейді. Мұның өзінде, ШОК белсенді субъектілерінің саны 1,1%-ға, жұмыспен қамтылғандар саны 2,5%-ға көбейді./9/

2 кесте. ШОК дамуының негізгі көрсеткіштері

    2010 жылғы  1 қазанда 2009 жылғы 1 қазанға пайызбен 2010 жылғы қаңтар-қыркүйек 2009 жылғы қаңтар-қыркүйекке пайызбен 
ШОК белсенді субъектілердің саны Жұмыспен қамтылғандар саны Өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда)
Қазақстан Республикасы 101,1 102,5 105,3
Ақмола 100,3 101,3 102,5
Ақтөбе 100,7 102,5 113,8
Алматы 101,7 102,3 101,9
Атырау 102,5 104,9 103,1
Батыс Қазақстан 100,5 102,2 106,6
Жамбыл 100,3 102,3 102,3
Қарағанды 101,1 102,6 106,8
Қостанай 101,0 103,1 104,4
Қызылорда 101,0 102,1 102,1
Маңғыстау 101,3 103,0 103,3
Оңтүстік  Қазақстан 101,4 103,1 105,5
Павлодар 100,6 100,2 106,9
Солтүстік Қазақстан 100,5 101,9 102,1
Шығыс Қазақстан 100,3 101,0 103,8
Астана  қаласы 101,3 102,7 104,8
Алматы  қаласы 101,8 104,1 106,5
 

    2 кестеде көріп отырғанымыздай, 2010 жылдың көрсеткіштерін 2009 жылмен салыстырып қалайша өзгергенін көруге болады. Мұнда ШОК белсенді субъектілер саны, жұмыспен қамтылғандар саны, өнім шығарылымы көрсеткіштерінің өзгерістерін қарастырып отырмыз. Мәселен, белсенді субъектілер саны Қазақстан бойынша 101,1 %-ды құрайды. Ал жұмыспен қамтылғандар саны 102,5 пайыз, өнім шығарылым сәйкесінше 105,3 пайзға ұлғайған. Жалпы алғанда алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама алға қадам басқан.   

2) 2010 жылғы қаңтарда өнім шығарылымы (тұрақты бағаларда) жедел ақпараттар бойынша өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,2%-ға көбейді. Мұның өзінде, ШОК белсенді субъектілерінің саны 5,3%-ға көбейді, жұмыспен қамтылғандар саны 3,6%-ға көбейді./10/ 

3 кесте. 2010 жылғы қаңтарда ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері (өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен)

  ШОК белсенді субьектілерінің  саны Жұмыспен қамтылғандар саны Өнім(тауарлар, қызмет көрсетулер)шығарылымы
Қазақстан Республикасы 105,3 103,6 101,2
Ақмола 104,7 103,0 101,5
Ақтөбе 105,0 107,4 101,5
Алматы 106,5 105,2 101,9
Атырау 103,4 101,6 100,4
Батыс Қазақстан 106,7 100,4 101,3
Жамбыл 105,7 103,4 102,0
Қарағанды 101,6 104,4 101,4
Қостанай 104,9 104,1 101,0
Қызылорда 109,0 105,2 101,9
Маңғыстау 100,3 107,6 100,0
Оңтүстік  Қазақстан 102,7 102,9 99,1
Павлодар 100,0 105,6 102,6
Солтүстік Қазақстан 104,3 101,5 101,9
Шығыс Қазақстан 103,2 101,6 101,9
Астана  113,9 104,7 101,0
Алматы 112,4 103,2 100,3

Информация о работе Шағын және орта бизнесті дамыту