Шағын және орта бизнесті дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2011 в 07:59, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының маңызды компоненті болып табылады. Дамыған елдер экономикасында осы шағын және орта бизнес үлесі басыңқы. Сондықтан осы елдер экономикасы жоғары дамыған болып саналады. Себебі, ол халық тұрмыс жағдайына, әл-ауқатына, жұмыссыздық деңгейіне - жалпы айтқанда экономикалық көрсеткіштерге тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстан Республикасының экономикасындағы артып келеді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС РОЛІ
Шағын және орта бизнес түсінігі.....................................................................4
1.2 Шағын жіне орта бизнестің ел экономикасына әсері және оны дамыған мемлекеттермен салыстыру....................................................................................6
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
ҚР-дағы шағын және орта бизнестің жағдайы және оның мониторингі............................................................................................................10
ҚР-дағы шағын және орта даму проблемалары және оларды шешу шаралары………..............................……..............................................................18
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

шағын және орта бизнес.docx

— 99.32 Кб (Скачать)

     2 сурет. ШОК субъектілер қызметінің  негізгі көрсеткіштерінің өзгеруі  (Өткен жылғы тиісті кезеңге  пайызбен) 

     Жоғарыдағы  көрсетілген кесте мен графикті қарастырсақ, бұл ағымдағы жылдың қаңтар айының көрсеткіштері. ШОК субъектілерінің  негізгі көрсеткіштерін қарастырады. Жалпы алғанда еліміз бойынша өсу байқалаған, әсіресе субъектілер саны 105,3 пайызға өскен. Қазақстан облыстары арасында тек Оңтүстік Қазақстан облысында азаю өнім шығарылымында байқалған.(3 кесте) Ал жоғарыда көрсетілген графиктан көріп отырғанымыздай, жоғары өрлеуді көруге болады. Мәселен, өнім шығарылымы 2009 жылдың қаңтарында 89,1 пайыздан ол 2010 жылдың қаңтарында 101,2 пайызға дейін өскен. (2 сурет) 

3) ШОК  субъектілерінің жалпы санында  дара кәсіпкерлер үлесі – 61,1%, шаруа (фермер) қожалықтары –  27,1%, шағын кәсіпкерліктегі заңды  тұлғалар – 10,4%, орта кәсіпкерліктегі   заңды тұлғалар – 1,4% құрады./10/ 

  4 кесте. 2010 жылғы 1 қазанға ШОК белсенді субъектілерінің саны (бірлік)

  Барлығы Соның ішінде
Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың Орта кәсіпкерліктегі  заңды тұлғалардың Жеке кәсіпкерлердің Шаруа қожалықтарының
Қазақстан Республикасы 627 779 65 527 8 876 383 278 170 098
Ақмола 24 724 1 964 428 18 632 3 700
Ақтөбе 21 441 2 769 448 14 585 3 639
Алматы 103 241 4 256 520 49 454 49 011
Атырау 17 700 2 168 374 13 502 1 656
Батыс Қазақстан 18 118 1 989 240 12 339 3 550
Жамбыл 35 042 1 518 171 17 967 15 386
Қарағанды 41 756 4 875 747 30 161 5 973
Қостанай 33 114 2 602 509 24 978 5 025
Қызылорда 12 917 1 754 210 9 801 1 152
Маңғыстау 15 941 4 303 374 10 518 746
Оңтүстік  Қазақстан 119 246 4 455 474 55 496 58 821
Павлодар 22 400 2 520 340 16 684 2 856
Солтүстік Қазақстан 19 080 1 763 397 13 745 3 175
Шығыс Қазақстан 61 995 4 517 499 41 580 15 399
Астана  қаласы 24 843 5 859 810 18 172 2
Алматы  қаласы 56 221 18 215 2335
  1. 64
7
 

 

  1.  сурет. ШОК белсенді субъектілері санының өзгеруі (өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен)
 

    ШОК белсенді субъектілерінің жалпы  саны елімізде 2010 жылдың 1 қазанындағы  мәліметтер бойынша 627 779 бірлік. Оның көп бөлігін жеке кәсіпкерлер 61,1 пайызын құрайды. Бұл әрине, жақсы көрсеткіш. Бірақ аз үлесті заңды тұлағалар алып отыр. Алматы қаласын алып қарасақ, барлығы 56 221 бірлік белсенді субьекті бар, оның 7 шаруа қожалықтары болып табылады.(4 кесте) Ал жоғарыда көрсетілген суретте белсенді субъектілердің санының ішінде ең аз үлес құрайтын заңды тұлғалар саны 2009 жылмен салыстырғанда біршама азайған. Көпке азайған деп айтуға болады. Мәселен, өткен жылдың қаңтарын осы жылғымен салыстарғанда, 112,3 пайыздан 98,5 пайзға дейін азайған. Елде экономикалық жағдай, заңдастыру ең алдымен осы заңды тұлғаларға көп әсерін тигізеді. Сондықтан өткен жылмен салымтырғанда біршама азайған.(3 сурет) 

4) 2010 жылғы 1 қазанға ШОК - та жұмыспен қамтылғандар саны 2156,9 мың адамды құрады./9/ 

  5 кесте. 2010 жылғы 1 қазанға ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны(адам)

  Барлығы Соның ішінде
Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың Орта кәсіпкерліктегі  заңды тұлғалардың Жеке кәсіпкерлердің Шаруа қожалықтарының
Қазақстан Республикасы 2 156 901 552 445 422 464 728 682 453 310
Ақмола 99 565 19 645 30 309 38 943 10 668
Ақтөбе 84 446 23 750 21 968 29 256 9 472
Алматы 255 321 26 885 24 531 71 006 122 899
Атырау 62 234 18 510 16 957 23 099 3 668
Батыс Қазақстан 72 027 18 505 15 553 27 314 10 655
Жамбыл 128 779 20 310 10 841 27 621 70 007
Қарағанды 167 212 46 860 33 424 65 180 21 748
Қостанай 123 105 26 859 32 373 52 557 11 316
Қызылорда 53 232 16 200 15 953 17 316 3 763
Маңғыстау 64 549 28 044 17 643 17 622 1 240
Оңтүстік  Қазақстан 285 308 43 900 25 273 74 732 141 403
Павлодар 85 911 22 135 15 657 40 725 7 394
Солтүстік Қазақстан 90 318 15 723 28 251 38 805 7 539
Шығыс Қазақстан 199 578 44 297 34 146 89 658 31 477
Астана  қаласы 109 869 44 492 27 794 37 579 4
Алматы  қаласы 275 447 126 330 71 791 77 269 57
 

 

  1.  сурет. ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының өзгеруі (өткен жылғы тиісті күнге пайызбен)
 

     Жұмыспен  қамтылғандар саны жалпы 2 156 901 құрайды. Осының арасынан да жеке кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны басым 728 682 немесе 33,8 пайызын құрайды. Аймақтар арасында ең аз үлес алып тұрған Қызылорда облысы – 53 232 небәрі еліміздегі жалпы жұмыспен қамтылғандардың 2,5 пайызын құрайды.(5 кесте) Ағымдағы жылдың тоғызыншы айында шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың жұмыспен қамтылуы 107,7 пайызға өскен, шаруа қожалықтары 99,4-ке, дара кәсіпкерлер саны 98,2 азайды.(4 сурет)  

5) 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің өнім шығарылымы 4108,1 млрд. теңгені құрады./10/ 

6 кесте. 2010 жылғы қаңтар-қыркүйек ШОК субьектілерінің өнім шығарылымы (млн.теңге)

  Барлығы Соның ішінде
Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың Орта кәсіпкерліктегі  заңды тұлғалардың Жеке кәсіпкерлердің Шаруа қожалықтарының
Қазақстан Республикасы 4 108 079 1 114 843 2 450 288 336 344 206 605
Ақмола 122 443 35 031 68 163 13 574 5 675
Ақтөбе 156 711 36 916 94 866 14 648 10 271
Алматы 255 409 63 251 123 800 21 586 46 771
Атырау 273 877 60 305 192 155 18 590 2 826
Батыс Қазақстан 334 967 45 391 263 470 17 590 8 517
Жамбыл 85 450 34 910 22 787 10 086 17 667
Қарағанды 188 068 62 601 85 944 23 744 15 779
Қостанай 158 108 40 226 82 943 19 061 15 878
Қызылорда 113 114 43 793 59 167 7 539 2 645
Маңғыстау 157 152 58 182 83 417 14 674 880
Оңтүстік  Қазақстан 206 367 50 244 104 938 16 182 35 003
Павлодар 114 048 42 772 43 438 15 503 12 336
Солтүстік Қазақстан 108 537 29 145 55 013 13 331 11 048
Шығыс Қазақстан 193 747 51 366 89 964 31 128 21 289
Астана  қаласы 504 569 188 804 284 048 31 713 4,6
Алматы  қаласы 1 135 482 271 907 796 174 67 397 4,6
 

    Мына  кесте 2010 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы өнім шығарылымын көрсетіп отыр. Жылпы  ел бойынша ШОК субъектілернің өнім шығарылымы 4108,1 млрд. теңгені құрады. Оның көп бөлігін орта кәсіпкерліктер алып отыр, үлесі 59,6 %. Алматы қаласының өзінде 26,7 % үлесін алатын өнім шығарылады. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Демек, еліміздің мегаполисінде өнімділігі ең жоғары бизнес дамыған. Бұл қаланың экономикалық жағдайына үлкен әсерін тигізеді.

2.2 ҚР-дағы шағын және орта даму проблемалары және оларды шешу шаралары 

    Қазақстандағы қазіргі таңда  кіші және орта бизнестің  жағдайы дамыған мемлекеттермен салыстырғанда нашарлау болып табылады. Себебі, кіші және орта бизнестің дамуындағы кедергілер өте көп. Бұл кедергілер мемлекеттің саясатымен рыноктың инфрақұрылымының жетілмегендігінен.

      Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік жаңа даму сатысында. Осы секторларға  елеулі үлкен қаражаттар инвестициялануда. Бірақ бұл инвестициялау ассиметриялы болып отыр. Капитал салымдары  көбінесе осы сектор бойынша, яғни кіші және орта кәсіпкерлік сферасында сауда  саласына және сервиспен шағын және қызмет көрсету бағыттары бойынша  жүзеге асырылуда. Оның себебі, шағын  және орта бизнестің осы сфераларында инвестициялы ақталу мерзімі  қысқалау және бұл сфераларда өтемпаздықты көтеретін айналым қаржаттары  көп болғандықтан.

      Сондай-ақ біздің еліміздегі кіші және орта кәсіпкерлік  секторында инновациялық қызметті жүзеге асыру дамымаған. Жалпы инновациялық қызмет айналысатын  венчурлық кәсіпорындар біздің елімізде жоқтың қасы. Бірақ  болашақта мемлекеттің  жүргізіп жатқан ұлттық экономиканы диферсификациялау мен модернизациялау бойынша қабылданған тұрлі бағдармалар мен жүргізіліп жатқан саясатына байланысты мұндай кәсіпорындар көбейді деген үміт бар. Ал мұндай кәсіпорындар үшін кіші бизнес субъектісі болуы тиімді, себебі, венчурлық кәсіпорындар сыртқы  орталық  түрлі өзгерістеріне  тез бейімделеді.

    Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немесе жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды  сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру  үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары  қарай қалыптасуымен дамуы, өндірісті  қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдау аясын  кеңейтуге әсер ету, тиімді инвестициялық  климатты қалыптастыру, мемлекеттік  бақылауды тәртіпке келтіру.

    Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар  әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін  берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының  артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын  кәсіпорындардың өнім өндірудің  жалпы көлеміндегі үлес салмағы  артып келеді. Шағын және орта бизнестің  ролінің артуын кәсіпкерлер форумының  тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті  дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне несие берудің минимал  мөлшерін тағайындауы (банктің несие  қоржынының негізгі қарыздан 10 %-дан  аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті  қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын  кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

    Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған  шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық  проблемелармен байланыстырады – жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын  кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру  және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен  шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі  экономиканың даму тенденциясы шағын  бизнес саласына өтумен байланысты. Осы  салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ  қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік  протекционистік шағын бизнестің  нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату  барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы  сипаттамасы ұйымдастырылуының  қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез  бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай–ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру  дәрежесі болып табылады.

    Елімізде  шағын және орта бизнес дамуда, жылдан жылға жүргізіліп жатқан іс-шаралар  осыған себеп. ҚР Президентінің жолдауынан «Қазақстан - 2030» стратегиясында былайша мәселе шешуге бағыт алған: «Он үшінші бағыт – Шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимыл. Біріншіден, Үкімет іскерлік бастамашылық жолында заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілердің қашан және қалай пайда болатынын анықтап алуға, оларды барынша қысқартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрылымдарының мемлекет алдында қандай да бір негізсіз есепті болуына жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар, салық заңнамасының кәсіпкерліктің дамуын толығымен ынталандыруы, сондай-ақ бизнестің «қалтарыстан» шығуына жәрдемдесуі үшін одан әрі жетілдіре түсу қажет. Екіншіден, біз әділ бәсекелестік орта қалыптастыру мен экономикалық ойыншылардың бәріне бірдей жағдай туғызу жөніндегі жұмысты тиянақтауға тиістіміз. Үкіметке антимонополиялық заңнамаға кешенді тексеріс жүргізіп, бәсекені шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраластығы фактілерін анықтаудың, экономикамыздың іргелі салаларын «жасырын» монополияландыруға жол бермеудің айқын тетіктерін жасауды, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану туралы тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Үшіншіден, біз табиғи монополиялар аясын барынша қысқартуға тиіспіз, біздің тиісті салалардағы бәсекелестік қатынастарды құрылымсыздандыру мен дамытудың жаңа бағдарламаларын жасап, қолданылып жүргендерін жаңалауымыз керек. Экономиканың табиғи монополиялар сақталып қалған телекоммуникациялар мен аэронавигация, темір жол көлігі мен порттар, электр энергетикасы, мұнай мен газ құбыры көлігі, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы сияқты секторларын зерттеу мен бақылау мақсатында тәуелсіз салалық реттегіштер жасақтауымыз керек. Төртіншіден, жаңа кәсіпорындар мен компаниялар құру барысын жетілдіру қажет. Мәселен, «жалғыз терезе» жүйесінің шеңберінде кәсіпкерге фирманы екі-үш күннің ішінде тіркете алатындай жағдай туғызу керек. Бесіншіден, тұрлаулы және серпінді экономикалық өсу үшін біздің Қазақстанның шағын және орта бизнесінің жоғары сапалы өнімдері мен қызметіне сұраныс туғызудың тегершігі ретінде мемлекет пен мемкомпанияларды ресурстарын жариялы әрі конкурстық негізде белсендірек пайдалануымыз қажет. Алтыншыдан, жаңа өндірістерді ашық және жариялылы конкурстық негізде дамыту үшін арнаулы бағдарламалар әзірлеу тиімді, онда үздік бизнес-идеялар жаңа бизнес қалыптастыру, айталық, заңгерлік және консультациялық шығындарды жабу үшін қаржылық және техникалық қолдау алар еді. Бұл міндет «Қазына» қорына қатысты деп ойлаймын»./1/ Міне, жоғарыдағы шарттар арқылы еліміз алға басып, күн сайын іс-шаралар жүргізілуде.

Информация о работе Шағын және орта бизнесті дамыту