Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:38, курсовая работа
Курстық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.
КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері
Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау
Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның проблемалары
Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
Бизнесті жүргізу қабілеттігі, шын мәнінде табиғи талантты қажет етеді. Кәсіпкерге тәуекелдік пен біліктілік, білім мен белсенділік керек-ақ. Сонымен бірге, кәсіпкерге көпті басқара білу, алдын ала жетістікті де, сәтсіздікті де байқайтын айрықша сезгіштік қабілет қажет. [42]
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарын
қаржыландырудың әлемдік
Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікке бөлінетін қаржы жоқтың қасы. Ал, банктер тәуекелі төмен ірі кәсіпорындарға несие бергенді жөн санайды. Меніңше, мұндай көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет. Ірі компаниялар мемлекет қолдауына мұқтаж емес, ал шағын кәсіпорындарды мемлекет міндетті түрде қолдауы тиіс. Тез арада шағын кәсіпкерлікті нақты қаржылық қолдайтын арнайы инвестициялық шараларын жүргізген дұрыс. Шағын кәсіпорын жеңілдетілген несиелерді алып қана гүлдене алады. Шағын кәсіпорындарға берілетін жеңілдетілген несиелерді Халық Жинақ Банкісіндегі халықтың салымдары есебінен, зейнетақылық жинақ қорлары мен бюджеттен тыс қорлар есебінен алуға болады деп есептеймін.
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдаумен қатар, оны экономиканың түрлі салаларында басқарудың да өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Айталық, қызмет көрсету саласы біздің елімізде жеткілікті дәрежеде дамымай жатқанмен, кәсіпкер үшін оның мүмкіндіктері мол. Қызмет көрсету саласы шағын кәсіпорындардың қызметінде болашақта көкжиектер аса алады. Бұл саланың басты ерекшелігі ретінде тұтынушылардың оны ұйымдастыру үрдісіне тікелей қатысатындығын айту керек. Сондықтан, қызмет көрсету оның ісін ұйымдастырған кезде кәсіпорынның келешектегі құрылымын, орналасуын және тұтынушыларға қызмет көрсетудегі күллі үрдістердің ұйымдастырылуын ескеріп, сұраныстың бағыт-бағдарын жіті қадағалап отыру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша қорытындылар:
1. Қазақстандағы
шағын және орта бизнес
2. Жалпы Қазақстан
Республикасының жаңа
3. Шағын бизнестің дамуының бірден бір кезі болып банктік несие табылса, сол несиеге қалайша қол жеткізуге болатындығы, оны тиімді пайдаланып, дер уақытында банкке қайтару мәселелері жұмыста зерттеліп қарастырылды. Тәжірибе жүзінде шағын бизнес субъектілерінің банктік ресурстарға мұқтаж болуы бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі екендігі аталып, шағын бизнесті несиелеуге құштарлық танытпай отырған банктерді қалайша ынталаңдыруға болатыны жайында пікірлер айтылды.
Сонымен бірге, нақты жоба бойынша, банктік несиеге арыз берген заңды тұлға жобасының үлгісі бойынша несие мақсаты, несие мерзімі, несие қайтарымдылығы, несиені қамтамасыз ететін кепіл мүлкін бағалау негіздерімен қатар, бұл құжаттардың Қазақстан Республикасы зандарына сәйкес рәсімделуі, қарызды беру, қайтару механизмдері зерттелді.
4. Қазақстанда кеңінен орын алып келе жатқан шағын бизнесті шетелдік банктердің көмегімен банктер және әртүрлі шағьш және орта бизнесті дамыту қорлары арқылы, Қазақстан Республикасында шетел инвесторларының шағын және орта бизнесті көтеру бағдарламасына, оның тәртібіне тоқталып олардың қызметіндегі тәжірибелік материалдар талданылды.
5. Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерге несие ұсынуының тиімділігін арттыру негізінде ынталылығын көтермелеу үшін, несиелердің қайтарылмау ықтималдығын, олардың жогары тәуекелге баруын төмендету шараларын үнемі жасап отырған жөн. Ол Қаржыгерлер Ассоциациясы, коммерциялық банктер, каржылық қолдау қорлары және мемлекет тарапынан іске асырылуы тиіс. Қарыз алушының –шағын бизнестің тұрақты жұмыс жасауымен қатар өз бизнесін жандандыру мақсатында несие алуы, және оны уақытында қайтару процестері ғылыми-тәжірибелік дәрежеде зерттелінуі қажет. Осы секторды көтермелеу арқьшы өндірісті жандандыру,оның ішінде Қазақстан экономикасының сыртқы тәуекелділігін қысқарту мен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері осы зерттеу жұмысының басымды бағыты болып табылды.
6. Алдағы жоспарланған
Қазақстан экономикасының модернизациясы
кәсіпкерлік
саласында өзара байланысты мәселелерді
шешуді көздейді.
Сонымен, мемлекет салық
режимін «тек енеркәсіптік
саясаттың кеп аспаптарының бірі
ретінде қолдануы» қажет. Бәсекелестікті
дамыту мәселесі кәсіпкерлікті
дамытуда басты мақсат
болуы қажет. Шағын
және орта бизнестің ірі кәсіпорьшдармен
ынтымақтастығына ықпал ететін әкімшілік және нормативті
алғышарттарды құру қажет. Ол келешекте
ірі
кәсіпорындардың кіші бизнестің «тапсырушысы
және локомотиві» қызметін атқаруға мүмкіндік
тудырады. Мемлекеттің қатысуымен
жеке
копорацияларды құру және соның негізінде ірі аймақтық холдинітерді құру аймақты даму мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін тудырады. Олардың әрекетіндегі негізгі бағыттар «аймақтағы тауарға және шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне қатысты сұранысты, кірісті және ұзақ мерзімді негізде құру» болып саналады. Ұтымсыз кәсіпорындарды қайта құру және қалпына келтіру әлеуметтік - кәсіпорындық қорпорацияларды құруға бағытталуы қажет. Бұл қорпорациялар өз кезегінде «нарыққа қажетті өнеркәсіп пен жаңа технологияларды» дамытуға ықпалын тигізуі қажет. Мемлекет экономиканың түрлі саласына кәсіпкерліктер мен капиталдардың қатысуларының бәсекелестік негіздерін құруға бағытталған кәсіпкерлік мәдениеттің дамуына ықпалын тигізуі қажет. Осы аталған мәселелер зерттеу барысында нақтыланды.
7. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуына салық заңнамасының жетілдірілмеуімен, түрлі заңдық актілерде құқықтық нормалардың шашыраңқы орналасуымен, инфрақұрлымның, бизнеске қолдау көрсетудің жетілдірілмеуінен, бизнес ақпаратқа қол жетудің әлсіз болуымен, кәсіпорынды қолдау жөнінде мемлекеттік шараларды жүйелік түрде жүзеге асырумен және т.б. байланысты біркатар проблемалар кедергі тудырады.
Аталған проблемаларды тиімді шешу мақсатында бірқатар кұрлымдық шараларды қолдану қажет. Біріншіден, заңнаманың анықтығын қамтамасыз ету қажет. Қазіргі кезде қолданыстағы жүрген түрлі заңдық актілер басқа салалық заңда берілген қандай да болмасын прогрессивті идеяны жойып жіберуі мүмкін. Екіншіден, жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу көлемдері ұлғайтылуы қажет. Үшіншіден, шағын бизнес кәсіпорындарына салынатын салық мөлшерін, экономикадағы көлеңкелі бизнес көлемін және әкімшілік тарапынан болтын тексерістерді азайту керек. Аталған мәселелер зерттеуде орын тапты.
8. Қазіргі кездегі әлемдік қаржы дағдарыстарына байланысты несиелік ресурсқа деген сұраныс артып отыр. Бұл шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан болып отырған қаржылық сұранысты банктердің қанағаттандыруы мүмкін емес. Өйткені, Қазақстан банктерін несие қаражаттарымен қамтамасыз етіп отырған ірі шет ел АҚШ, Ағылшын, Германия және тағы басқа мелекеттер банктері бүгінгі күні қаржылық тоқырауға ұшырап отыр.
Қойылған міндеттерді шешу дәрежесін бағалау. Дипломдық жұмыста қойылған қойылған міндетіне жеткен және зерттеу міндеттері толығымен шешілген. Ұсынылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы дипломдық жұмыстың үшінші тарауына сәйкес келеді.
Нақты зерттеу дәрежесі бойынша ұсыныс. Сондықтан, үкімет тарапьшан коммерциялық банктерге қаржылық көмектер көрсетілмесе көптеген шағын және орта бизнес субъектілері өз қызметтерін тоқтатуы мүмкін. Ол қаржылық көмек көлемі бірнеше жүздеген миллиард тегеге тең келеді. Әлемдік қаржылық дағдарыстың несиелеу барысындағы ең басты кедергіге айналғандығы зерттеуде негізгі фактор ретінде бірінші орынға шыкқандығы аталынды. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстардың отандық екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде несиелік саясатты жүзеге асыру барысында ескерілуі өз кезегінде шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ереже, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.