Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері
Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау
Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның проблемалары
Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

Работа содержит 1 файл

шагин орта бизнес.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

Степногорск қаласында орналасқан “Феникс ЛТД” ЖШС жалпы алаңы 10 мың  шаршы метрді құрайтын 2 екіқабатты  ғимараты бар болса, оның бүгінде 20% ғана игерілді. Бұл жерде алкогольсіз сусындар құятын, жартылай фабрикаттар, биотехнологияларға сіңгіш өнімдер және т.б.  шығаратын шағын кәсіпорын  орналасқан. Қаржылай қолдаудың  болмауы қалған  алаңның бизнес-инкубатор үшін толық көлемде қамтылуына мүмкіндік берілмейді.

Кәсіпкерліктің  тұрақты дамуының ең басты кепілінің  бірі ретінде Елбасының кәсіпкерлерге  несие берудің көздерін молайтуды талап етуде. Сондықтан кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында 2010ж. әртүрлі көздерден жалпы сомасы 8,8 млрд. теңгенің несиесі бөлінген. Облыстық бюджеттің қаржысынан 170 млн. теңге бөлініп, іске асырылды.

2010 жылдың 1 қаңтарында дейін облыста статистика басқармасының және аудандық, қалалық әкімдіктердің мәліметі бойынша шағын кәсіпкерліктің 36,3 мың субъектісі тіркелген. Бұл ана  жылға қарағанда 13,9%  көп. тіркелген субъектінің жалпы санының 25,5 мыңы  немесе 70,2% жеке кәсіпкерлер, 5,2 мыңы – шағын кәсіпорындар (14,4%) және  5,6 мыңы шаруа қожалықтары (15,3%).[3]

Шағын   және  орта  бизнеске  басшылық  жасайтын   біздің  министрліктің   алдағы  мақсаты  ішкі  жалпы  өнімнің  30%  деңгейіне  жету.   Бұл   қол  жеткізуге  болатын   көрсеткіш.  Әрине   шағын кәсіпкерліктің   біз белгілеген  межеге  жетуіне   кедергі болып отырған мәселелер де  бар.  2010 жылдың соңында жоғарыда  аталған 465 мың шағын бизнес  субъетілерінің  45-50%-і жұмыс істемей тұр.   Бүгінгі   мәселе   -  нақты табыс әкеле алатын,   Республикалық еңбек бөлінісіне   қатыса  алатын,   шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жандануына жағдай  жасау.[29] 

Респуликамыздың   белсенді  жұмыс  істеп  тұрған  шағын   бизнес  кәсіпорындарының  30%   Алматы,  Астана  мен  Қарағанды   аймақтарында  шоғырланған.  Басқа  аймақтарда   онша  дамымай  келеді. Өкінішке  орай,  бүгін  шағын  кәсіпкерлік   сауда  мен  қызмет  көрсету  саласында  көбірек  дамыған. Сондықтан  индустрияландыру   бағдарламасында  ең  алдымен  инновациялық  шағын   бизнесті  дамытуға  көңіл  бөлініп  отыр.   Сол  сияқты  өкімет  тарапынан   шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға   жағдай  жасау  үшін  көп  істер  қолға  алынды.   Әсіресе  салық  ауыртпалығын   жеңілдетуге   қадамдар  жасалды.   Салық  кодексі  сол  үшін  одан  әрі  жетілдіре  түседі.   Сондай –ақ  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін тіркеуді  жеңілдетуге  көңіл  бөлінуде.   Олардың  өнімдеріне сертификат  беру  мәселесі   оңайлай  түспек.   Ал  енді  заңды  нормативтік  база  туралы. Қазір парламентте қаралып жатқан   консалтингі   компаниялары  туралы   заң жобасына  ірі   бизнеспен шағын бизнестің   бір -  біріне   кірігуіне жол ашылады.     Бұл заң қабылданғанда   шағын кәсіпкерліктің   көптеген   мәселелері  шешіледі.  Тағы  бір  мәселе  - шағын  кәсіпкерлікті  қаржыландыру  жайы. 

Осыған  орай   Республикада   23 млрд.  теңге  көлемінде  инвестициялық  қор,  3  млрд.  теңге  көлемінде  инновациялық   қор  құрылды.   Сонымен  бірге   экспорт  - импорт  тауарларын   сақтандыратын  корпорация  құрылады.   Екінші  деңгейдегі   банктермен  де  шағын  бизнесті  қаржыландыру  жұмысы   жақсы  жүруде. 

Облыстардағы  шағын  және  орта  бизнесті   одан  әрі  дамытып,  өркендету  үшін  көңіл  бөлетін  мәселелер   жаңа  инновациялық  өндіріс  орындарын  ашу  жаңа  өндірісті  дамытуға  жағдай  жасау.  Ішкі  және  сыртқы  рынокта  бәсекеге  төтеп  беретін  тауарларды  шығаруға  бет  бұрмасақ,  тек  мұнай  өндіруге  тәуелділік – экономика  үшін  онша  тиімді  болмайды. Сол  себепті   Президент  пен   үкіметтің   алға  қойған  міндеттерін  іске  асыру  үшін  2015  жылға  қарай   шағын  кәсіпкерлік  өнімдері  еліміздің   жалпы  ішкі  өнімінің  70 %  жетеді  деп  сенеміз.

 

 

 

 

2.2 Шағын және  орта бизнесті лизингтік несиелендірудің  қазіргі жағдайын талдау

 

«Лизинг» терминінің қазақ  тілінде нақты баламасы жоқ, бірақ  ол сол ортақ сөз ретінде айтылады. Соған байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде алып қарағанда, лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады.

Лизинг жеке және заңды  тұлғаларға белгілі бip мерзімге келісім-шарт бойынша берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бip түpi ретінде анықталады.[30]

Елімізде 2000 жылдың шілде айында қабылданған «Қаржылық лизинг туралы» Заңға сәйкес лизингтік келісімге қатысушы тұлғаларға анықтамалар берілген.

Яғни, лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Лизингке беруші — бұл  өзіндік және сырттан тартылған  қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бip мезгілде басқа лизинтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.

Лизингке алушы — лизингтік  келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік  мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті  қабылдайтын лизинтік келісімге  қатысушы тұлға.

Лизингке беруші лизингке алушығa негізгi капитал элементтерін келісім-шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бip төлем ақымен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын icкe асырады. Бipaқ, басқа жағынан алып қарағанда лизингке беруші де және лизингке алушы да ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің халық-шаруашылыктық мәнін жоғарылатады.

Лизинг объектісі болып  нарықта еркін айналуға тиым салынған негiзгi құралдардың жіктелуіне жататын  кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез-келген тұтынылмайтын заттар лизингтік  келісім-шарттық нeгізi болып санала алады.

Кез-келген лизингтік келісімнің негізгі қаржылық нақты айтқанда несиелік операция болып табылады. Мүлік иeci (лизинг беруші) оны пайдаланушыға (лизинг алушы) қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті толық құнына сатып  алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен ол соманың орнын толықтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің экономикалық мәні — ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиeci. Сонымен, лизинг сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бipaқ екеуінің арасында өзгешеліктер бар. Бұл өзгешелік ең алдымен меншік қатынастарынан көрінедi. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінше шегіндіріледі.

Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің альтернативі 
болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Осы формалардың бipi лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастыру болып табылады. Бұндай жағдайда лизингтік қатынастар тікелей банктер немесе банктердің еншілес лизингтік компаниялары арқылы ұйымдастырылады.

Жалпы банктік тәжірибеде коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы несиелік қатынастар әртүрлі формаларда құрылуы мүмкін:

1. Банктер лизингтік  компанияларға олардың жүргізетін әpбip операциялары бойынша клиенттің төлем және несиелік қабілеттігіне толық талдау жасалғаннан кейін кепілдендірілген несиелер береді және бұндай несиенің мepзiмi әдетте лизингтік келісім-шарттың мерзімімен толық сәйкес келеді.

2. Банктер лизингтік  компанияларға кез-келген қарыз  алушыларға берілетін сияқты  кепілдендірілмеген қарапайым банктік  несиелер береді.

Көптеген лизингтік  компаниялар өз қызметтерін icкe асырудың алғашқы кездерінде ақша қаражаттарын жинақтаудың сыртқы көздеріне, соның ішінде әcipece банктік несиеге көп мөлшерде тәуелді болады. Бұндай жағдай бүгінгі таңда шетелдік тәжірибеде толық түрде дәлелденген. Мысалы, шетелдердегі лизингтік компаниялардың жалпы ресурстарының iшіндегi банктік несиенің үлeci 75%- ке дейін жетеді [19].

Сонымен бipгe лизингтік  фирманың банктік несиені көп  мөлшерде пайдалануы сол фирманы  қаржыландырудың осы түріне неғұрлым көп тәуелді етеді. Сондықтан  банктер мен лизингтік фирмалардың  қызметтері бip-бipiнe байланысты болады. Miнe, осындай жағдайларда лизингтік фирманың қызметінің тиімділігі банктен несие алу мүмкіндігіне, қарыздық өсімақының өзгеру деңгейіне және банктік саясаттың анықтаған тағы басқа жалпы белгілеріне тәуелді болады.

Сонымен қорыта айтқанда, лизинг берушінің қызметін атқара отырып коммерциялық банктер лизингтік қатынастардың дамуының негізгі приоритетті бағыттарын анықтайды. Осы бағыттарды анықтау кезінде бүгінгі күнi, олар ең алдымен халыққа қызмет көрсету сапасын дамытуға және сапасы өте жоғары халық тұтынатын тауарларды шығаруды ұйымдастыруға арналған лизинг объектілеріне көп көңіл бөлулepi қажет деп ойлаймын.

Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің тәжірибелік  тұрғыдан альтернативі болып табылатын  күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірістi компанияларға көп шығын жұмсамай-ақ қажетті тауарларды алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг - уақытша пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешенi. Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy туралы келісім-шарттардың лизинг үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі тән.

 

 

2.3 Шағын және  орта бизнес субектілеріне салық  салу саясаты және оны талдау

 

Арнайы салық  режимі Қазақстан Республикасының  заңымен қатал түрде белгіленген  қызметтердің түрлері бойынша  белгілі  тұлғаларға қатысты қаралады.  Осы  оежим келесілерге әсер етеді:

1) шағын бизнес  субъектiлерiне;

2) шаруа (фермер) қожалықтарына; 

3) ауыл шаруашылық  өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;

4) кәсiпкерлiк  қызметтiң жекелеген түрлерiне  қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi.

Бiржолғы талон - арнаулы салық режимiн қолдану  құқығын куәландыратын және төлем  көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.

Патент - арнаулы  салық режимiн қолдану құқығын  куәландыратын құжат. Белгiлi бiр арнаулы салық режимiн қолдануға арналған патент нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Патент жоғалған немесе бүлiнген жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша дубликат берiледi. Салық төлеушi бүлiнген патенттi салық органына тапсыруға тиiс. [21]

Берiлген патенттердi тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.

Тiркеу журналдарының  нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн  уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, бiржолғы талон және патент бланкiлерi қатаң  есептiлiк бланкiлерi болып табылады және ақша алынбай берiледi. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.

Арнайы салық  режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі  болып оның функцияларының бір бөлігін  орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

Арнаулы салық  режимдерiн қолдану ерекшелiктерi ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады. Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) өткiзудi қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, белгiленген тәртiппен бiржолғы талон негiзiнде арнаулы салық режимi бойынша ғана жүргiзiледi.

Арнаулы салық  режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Бұл орайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Төлем көзiнен  салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының  аумағында және оның шегiнен тыс  жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс салық салу объектiсi болып табылады.

Осыған сәйкес жеке кәсiпкердiң, мүлiктi жалға беруден  түскен табыстарды қоспағанда, төлем  көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк  табысы мен өзге де табыстары салық салу объектiсi болып табылмайды.

Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - он екі  ай, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.

Арнаулы салық  режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң  бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн  жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Қазақстан  Республикасында екінші деңгейлі  банктердің шағын және орта  бизнесті несиелендіруді тиімді  дамыту жолдары және оның проблемалары

Информация о работе Шағын және орта бизнес