Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:38, курсовая работа
Курстық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.
КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері
Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау
Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның проблемалары
Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
Шағын және орта бизнес нарық экономикасының негізін қалыптастырады. Шағын және орта бизнестің әлеуметтік және экономикалық міндеттердің дамуына әсер етеді. Мысалы, бұл қосымша жұмыс орындарының ашылуы, мұнда жұмыс беру мәселелері шешіледі және мемлекет бюджетіне түсетін түсімнің ұлғаюы, импорттық өндіріс, себебі ол Қазақстанда әлі дамуда. Нарықты экономикада шағын және орта бизнес – жетекші сектордың бірі болып саналады, ол жалпы ұлттық өнімнің сапасымен құрылымын, экономикалық өсу қарқынын анықтайды. Барлық дамыған елдерде шағын бизнес бөлігіне жалпы ұлттық өнімнің 60 – 70 % келеді. Сондықтанда көптеген дамыған елдерде шағын және орта бизнестің қызметін жағымды санайды. Осы жерде шағын және орта бизнестің ерекшелігі неде деген туындауы мүмкін.
Шағын және орта бизнестің дамуы өзінде бірнеше ерекшеліктерді көрсетеді:
Соңғы жылдары Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік динамикалық дамуда, алдағы орында. Шағын кәсіпкерлік халықтың жұмыс бастылығының мәселелерін, инициативті (белсенді) адамдарға өзіндік және шығармашылық өз істерін дамытуға жол ашады.
Қазірге дейін Қазақстанда
521,5 мың шағын кәсіпкерлік
Шағын кәсіпкерлік әлеуметтік проблемаларды шешудегі негізгі тұтқалардың бірі болып отыр. Елбасының жолдауында атап өтілгеніндегі, тәуелсіздіктің 15 жылы ішінде елімізде атқарылған реформалардың бәрі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған. Қазіргі Қазақстан экономикасы дағдарыстан шығып, тұрақты дами бастады деп айта аламыз. Бұл біздің экономикамыз стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізілуі.
Атап айтқанда, ақшалай несие және салық жүйесін реформалаумен байланыстылығы Бюджетке салық төлеу жағынан шағын және орта бизнес өкілдерінің үлесі артып келеді. Сондықтан да қазіргі таңда үкіметіміз индустрияны дамыту бағдарламасында негізгі бағыт шағын және орта бизнесті дамытуға арналған, соның ішінде жаңа инновациялық бизнесті дамытуға, қолда бар кәсіпорынның негізгі қорларын жаңартуға көңіл бөлінуде. Ал халықтың әл-ауқатын көтеру, кедейшілікті жеңуде кәсіпкерліктің ролі зор. Жаңа жұмыс орындарын ашуда шағын және орта бизнестің тез қимылдайтыны белгілі. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлігі бірінші орында деп айтуға болады. ТМД елдерімен салыстыратын болсақ, сан және сапасы жағынан алда келеді, ал дамыған елдермен салыстырғанда едәуір төмен.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында кәсіпорынның өзіндік қызметін дамыту үшін несиелік ресурстарды, оның ішінде лизингті пайдаланған жөн. Лизинг дәстүрлі әдіс ретінде экономикада инвестициялық қызметті реттеу және қаржыландыру үшін қажет.
Лизинг көмегімен қозғалмалы және қозғалмайтын мүлікті ірі салымдарсыз сатып алуға, яғни құрылыс, ғимараттар, жабдықтар сатып алу ыңғайлы. Бұл шаруашылық субъектілерге өз ақшаларын өздеріне қалдырып, яғни кәсіпорынның тұрақты дамуына көмек көрсетеді.
Ірі бизнесмендерге коммерциялық банктер микронесие беру операцияларын кеңейту үшін Қазақстанда лизингілік қатынас өте манызды. Бұл орайда мүмкіншілік операция өткізетін коммерциялық банктерге салық салмау қажет.
Өз филиалдың тармақтарын пайдаланып, банктер шағын және орта бизнестің клиенттеріне олардың өнімдеріне сұраныс мәселесі бойынша көмек көрсетуі мүмкін, бизнес-жоспар құруға, нарықты білуде мәлімет, база беруде, қаржылық-салықтық механизмдерін өңдеуде т.б. істерде
3.2 Қазақстанда
шағын және орта бизнесті
Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық басқару органдарының бұл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының “Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді стратегиялық еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау атап өтілгені жайдан-жай емес. Кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекелеген тұлғаның, кәсіпорынның немесе шаруашылық саласының ғана емес, тұтас мемлекеттің экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Әлеуметтік басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға талпынған біздің мемлекетіміз үшін шағын кәсіпкерлік пен бизнестің мәні мен құрылымын, тиімді үрдістерін зерттеп - зерделеп алу қай жағынан да өте пайдалы болар еді. [1]
Еліміздің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне орай шағын бизнесті басқару әдісін жасау бір-екі жылдың шаруасы емес. Шағын және орта бизнес нысанының мейлінше сапалы қызмет етіп, ұзағырақ жасай алатындығы жөнінде батыс мамандары екі ғасырға жуық уақыт ғылыми тұжырымдар жасауда. Ең басты мәселе – басқарудың дәрежесіне істің соңғы нәтижесіне қарай баға берілуі тиіс. Басқаша айтқанда, ең соңғы сатыда өнім өндіру немесе сауда-саттық жасау, мейлі қызмет көрсету сапалы болса ол басқару әдісінің дұрыстығын көрсетеді. [65]
Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарысқа қарсы жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Дүниежүзілік экономиканың дамуының бәсеңдеуі, тауар нарығындағы бағаның тұрақсыздығы, қор нарығының құлдырауы, осыған байла-нысты туындаған үрей жаһандық экономикаға кіріккен біздің ұлттық экономикамыз үшін де қауіпті екені жасырын емес. Егер қаржы дағдарысының екі толқынына дейін несиеге тәуелді салалар (банк, құрылыс, шағын және орта бизнес) зардап шексе, енді ірі экспорттаушылар алдында үлкен мәселелер туындауда. Республикамыз шығаратын негізгі экспорттық тауарлардың қаржы биржаларындағы бағасы үш айдан бері құлдырап, түсумен келеді. Мұнайдың бағасы 2 еседен астам арзандап кетті. Көрсет-кіштерге сүйенетін болсақ: 2007 жылы 64 млн., 2008 жылы 65 млн., ал 2009 жылы 67 млн. мұнай өндірілді.
Бүгінде Елбасының тапсырмасы
бойынша Үкіметтің, Ұлттық
2009 жылдың 2 ақпанында Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевтың «
Несие жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін екінші деңгейлі банктерге қосымша өтемдік берілді. Бұл еліміздегі шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Қазақстандық шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау мен олардың ісіне әкімшілік араласуды азайту саясаты жалғастырылады. Осы мақсаттарға «Самұрық-Қазына» қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ долларын (120 млрд. теңге) бөледі. Бөлінетін қаржының 70 пайызы ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға, 30 пайызы жаңа жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Шағын және орта бизнесті несиелеу жөніндегі барлық бағдарлама операторлары болып екінші деңгейдегі банктер белгіленді. Бір жобаны қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат лимиті 3 миллионнан 5 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайтылатын болады. Үкімет шағын және орта бизнеске арналған сыйақы ставкаларын кемінде 14 пайыз деңгейінде тұрақтандыру жөнінде шаралар қабылдамақшы. Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде бұрын қабылданған бағдарламалардың барлығы тиімді ставкаларды тіркей отырып, қайта қаралады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін несиелерді кепілдендіру тетігін енгізетін болады. Шағын және орта бизнестің жоғары деңгейде қызмет етуін ұйымдастыру үшін конструктивтік бизнес-идея, тиімді басқару (менеджмент) және каржының жеткілікті болуы шартты жағдай.
Шағын және орта бизнесті
қолдау мен басқарудың ғылыми-теориялық
тұжырымдамасының мәні мынада-бүгінгі
таңдағы озық үлгілері мен әдістерін
пайдалану негізінде түпкі
Нарықта шағын кәсіпорын нарықтың жеңімпазы атануға ұмтылуға міндетті. Бұл мақсатқа “кәсіпкерлік басқару” функцияларын игергенде ғана жетуге болады.
Шағын және орта бизнесті басқару функцияларына:
Шағын және орта бизнесті дамытудың түйінді мәселелерінің біріне оны мемлекет тарапынан қолдау жататына белгілі. Барлық дамыған елдерде Үкімет оларды дамытудың ұзақ мерзімді саясаты мен стратегиясын дайындаған.[26]
Мәселен, біздің елімізде елбасының жарлығына сәйкес Үкімет мынадай шараларды жүзеге асырып келеді:
Ал енді, дүниежүзілік тәжірибе мен Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін жан-жақты ескере отырып, қазіргі кезеңдегі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарына тоқтала кетейік. Олар:
Шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау департаменті мемлекеттік орган
ретінде оны дамытудың