Шағын және орта бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 17:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысты зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі -шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді талдау саласында еңбек еткен шетел және отандық практик-экономистердің, ғалымдардың монографиялары, ғылыми енбектері, ал нормативтік негізі Қазақстан Республикасының заңдары және несиелеу жөніндегі нормативтік актілері, Ұлттық банктің ережелері мен нұсқаулары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны мен бағыттары
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру түрлері
Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНРУДІ ТАЛДАУ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Ақмола облысы бойынша екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шағын және орта бизнесті лизингтік несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау
Шағын және орта бизнес субектілеріне салық салу саясаты және оны талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіруді тиімді дамыту жолдары және оның проблемалары
Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді мемлекеттік қолдауды жетілдіру және көрсетілген бағдарламалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

Работа содержит 1 файл

шагин орта бизнес.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

Шағын және орта бизнес дегеніміз - бұл экономикалық-құқықтық жауапкершіліке, қаржылық инновациялық қызметке негізделген, өз табысын алу мақсатында әртүлі өндірістік, қаржылық тәуекелдерге бара отырып, өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндірісті басқару үдерісіне жеке қатысуын талап ететін, шаруашылық субъекті.

Көп өңірлерде кәсіпкерлердің біліктілігі  мен оларды оқыту проблемасы шешілмеген күйде қалуда. Жүргізілген талдау шағын кәсіпкерлікті колдау жұмыстары өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жүйелеу жолымен экономикалық, кұқыктық және институтционалдық - құрылымдық реформаларды терендету қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

 

1.2  Қазақстан Республикасының  екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелендіру  түрлері

 

Қазақстан Республикасында  енді ғана жанданып келе жатқан шағын бизнеске несие беретін субъект - екінші деңгейдегі коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер көбінесе заңды гұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді жақтайтыны - тарихи қальштасқан жағдай. Қазақстандық шағын және орта бизнес субъектілерінін екінші деңгейдегі банктерден коммерциялық несиелер алуы кәсіпорындарды дамыту үшін қаражаттарды толықтырудың іс жүзіндегі негізгі көздерінің бірі больш табылады. Алғашқы құрылу кезінде шағын бизнес несиесіз өз жұмысын атқара алмайды.

Қазіргі кездегі республикадағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамытуға кедергі  болып отырған негізгі факторлар  мыналар:

  • несие алу барысындағы шарттардың қатал болуы;
  • несиенің  мерзімі мен пайыздық ставкаларының бизнеске қолайсыздығы;
  • несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтылығы және оны сактандыру кажетгігі;
  • коммерциялық банктердің кепілге қоятын талаптарының жоғарылығы;
  • әлемдік    несие    нарықтарындағы    дағдарыстар    әсерінен    несиелік ресурстарға кол жеткізу қиындықтары және коммерциялық банктердің жеке ресурстарының аз болуы;
  • мемлекеттік инвестициялық-несиелік институттардын ресурстарының 
    тиімсіздігі;
  • мемлекеттің қазына қоры арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге бөліп отырған қаражатының аз болуы және оның шарттарының қолайсыздығы.

Банктер кез келген уақытта, қарыз алуға  ниет білдірген субъектілерді несиелеген кезде пайда болатын несиелік тәуекелге ұшырайды. Жалпы отандық несиелеу тәжірибесі көрсеткендей банктердің кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде келесідей факторлар өз әсерін тигізеді [35].

Банк  несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік  принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.

Шағын және орта бизнестің күрделі мәселелерінің  бірі - несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Өйткені, несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар дайындауда қиыншылықтар жеткілікті.

ҚР  Ұлттық банкінін мәліметтері бойынша, қарастырылған төрт жыл аралығында, ШКС берілген несиелердің ағымдағы портфелі 145,4 млрд теңге құрады. Қысқа мерзімді несиелер үлесі 55,9%, орта және ұсақ мерзімді несиелер - 44,1%-ға тең. Қысқа мерзімді несиелер үлес салмағынын жоғарылығы екінші денгейдегі банктердің тез айналатын сауда-делдалдык операцияларды несиелеудегі қызығушылығын көрсетеді.

Сауда қызметі шағын және орта кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды запастарды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.

Республикамыздағы тағы бір мәселе шағын кәсіпкерлікке  қаржылық кемек көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Өйткені қаржының басым бөлігі Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе областарында жергілікті органдардың шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген несиелердің (1,5%). Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан - 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал, екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте зәру болып отыр, ягни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ.

Сонымен бірге, нақты жоба бойынша, банктік несиеге арыз берген заңды тұлға  жобасының  үлгісі   бойынша  несие   мақсаты,   несие   мерзімі, несие қайтарымдылығы,   несиені    қамтамасыз   ететін    кепіл   мүлкін бағалау негіздерімен қатар,  бүл  қркаттардың Қазақстан  Республикасы зандарына сәйкес рәсімделуі, қарызды беру, қайтару механизмдері зерттелді.

1.3  Шағын және орта бизнесті екінші деңгейлі банктердің несиелендіру барысындағы шетелдік тәжірибені Қазақстанда қолдану

 

Кейінгі онжылдықтарда  экономикасы дамыған Батыс елдерінде бәсекенің дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.

Тұрақты экономикалық жүйеде шағын және орта кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне төзе бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.

Дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын  кәсіпорындар мынадай салаларда  басым рөл атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шет елдерде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет, информатика, микроэлектроника, телекоммуникация салаларына әртараптандырылып жатыр.

Қазіргі кезде дамушы мемлекеттердің едәуір бөлігінің экономикалық саясатының негізгі бағыты экономикасы дамыған елдер тәжірибесі мысалында ұсақ өндірісті дамыту және оның орта және ірі кәсіпкерлікпен байланысын нығайту болып табылады.

       АҚШ шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер басқармасының классификациясы бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін-жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады.

АҚШ-та тіркелген  кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын  және орта бизнеспен айналысатын  кәсіпкерлер. Бұл шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер  жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, көтерме  сауданың 64%-ына, бөшек сауданың 72%-ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр.

Экономикалық  өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс  орындарын ашу мен қысқарту кезінде  шағын және орта бизнеспен айналысатын  кәсіпкерлер жұмыссыздық проблемасын  бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер бизнесінің дамуы мысал көрсеткендей, шағын және орта бизенс сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ сауда министрлігінің мәліметтері бойынша шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерліктің инновациялық сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25%-ға дейін үлес қосады.

АҚШ-та шағын  және орта бизнес тұрақты түрде мемлекеттік  қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік  реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделеді. Солардың бірі «Шағын бизнес туралы» заң. АҚШ конгрессінде шағын және орта бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау және несиелендіру. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын және орта бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.

АҚШ-та шағын  және орта бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын несиелендіріп  оны дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын және орта бизнеске тікелей несие беріп бақылау жасайды. Конгресс шағын және орта бизнесті несиелендіру және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.

Шетелдік тәжірибеге қарап, Республикамызда атқарылатын  несиелендіру іс-шараның әлі көп  екенін байқауға болады. «Шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы» заң  атқарылатын іс-шаралардың бастамасы  ғана, экономиканың бұл секторын көтеру үшін жүйелі түрде жұмыс атқарылуы керек. Республикамызда шағын және орта бизнеске кәсіпкерлеріне қағаз жүзінде емес, шет елдегі сияқты нақты көмек қажет, яғни қаржылай төмен пайызбен несие, несие алу жолдарын жеңілдету, мемлекет бюджетінен тікелей қаржыландыру, лизингтік несиелеу бойынша көмек жасау керек.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА  БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ

(АҚМОЛА ОБЛЫСЫ  МЫСАЛЫНДА)

 

2.1  Ақмола  облысы бойынша екінші деңгейлі  банктердің шағын және орта  бизнесті несиелендіру

Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің экономикадағы алатын үлес салмағы  өсе түспек. Шағын және орта бизнес – бұл бюджет қоржынын толықтырушы  ғана емес, қосымша жұмыс орындарын  ашып, ел экономикасы мен саяси  тұрақтылығын қамтамасыз ететін орта. Сондықтан, мемлекет шағын және орта бизнесті іс жүзінде қолдап отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай жасау болмақ.

Осы тұрғыдан алып қарағанда Ақмола облысында да шағын және орта бизнесті дамыту бағытында айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұған дәлел, соңғы жылдардағы шағын кәсіпкерліктің облысымызда қарыштап дамуы, оның өндірістегі алатын үлес салмағының уақыт өткен сайын артуы. Мәселен, облысымызда 2009 жылдың 1 қаңтарында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 32,3 мың болды, ол 2008 жылға қарағанда 14% артты, соның ішінде 64,7% немесе 20,9 мың жеке кәсіпкерлер, 6,3 мың-шағын кәсіпорындар (19,6%) және 5,1 мың-шаруа қожалықтары (15,7%) тіркелген. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2,3 пайызға ғана өскен.

Аймақтық көрсеткіш  бойынша ең белсенді кәсіпорындар саны Көкшетау (33,7%), Степногорск (9,5%) қалаларында, Щучье (10,5%) аудандарында орналасқан.

Көпшілік белсенді заңды тұлғалар-шағын кәсіпкерлік нысандары саудада-54,8%, ауыл шаруашылығына-17,3%, өнеркәсіпке-2,7%, құрылысқа-1,5% және т.б салаға-23,7% маманданған. 2007 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен зайымшы-банктің қаржыландыруы тәртібінде 31 кәсіпкерге 128,9 млн. теңгенің несиесі берілді. (64,45 млн.теңге-облыстық бюджет қаржысынан) Несиелендірілген жобалар жүзеге асқанда 261 жаңа жұмыс орындары  ашылады.

Салалық талдау көрсеткендей, өнеркәсіп саласына бөлінген несиенің жалпы сомасынан 102,1 млн.теңге  және 79,2% бағытталған. Мал шаруашылығын дамытуға 20,6 млн.теңге (16%), қызмет саласына-6,2 млн.теңге (4,8%) бөлінген.

Сонымен қатар 2007 жылдың аудандық және қалалық бюджеттен шағын бизнес субъектілерін несиелендіру үшін 40,6 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 39,1 млн.теңге жұсалды, нәтижесінде 383 жаңа жұмыс орындары ашылды.[38]

Екінші деңгейлі банктермен 4181,6 млн.теңге сомасының  несиелері берілді, оның ішінде Көкшетау-2613,5 млн.теңге (62,5%), Щучье-16,6% (693,7 млн), Атбасар-5% (208,4млн) аудандарына бөлінді.

Экономика салалары бойынша саудаға 1441 млн.теңге (34,5%), ауыл шаруашылығына-1157,2 млн. теңге (27,8%), өнеркәсіпке 258 млн. теңге (6,2%), басқа қызмет түрлеріне 1325,4 млн. теңге (31,5%) несие бөлінді.

Мұнымен қоса, кәсіпкерлікке  несиелік қолдауды Зеренді ауданындағы  “Шағын несие” Қоғамдық қор өкілдері, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”  акционерлік қоғамы Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы, ауылдық  несиелік серіктестіктер көрсетті. 2010ж. “Шағын несие” қоғамдық қоры өкілдерімен 7,5 млн. сомасына 105 проект несиелендірілді, ол 2009ж. деңгейімен салыстырғанда 38 проектке артық, аймақтық филиалымен 162 млн. теңгенің 30 проектісі несиелендірілді, ол 2008ж. қарағанда 5 есе артық.

Шағын бизнестің қалыптасуының негізгі жағымды жағдайының  бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау мен дамыту болып табылады.

Облыс бойынша 3 бизнес – инкубатор және 8 бизнес – орталықтары тіркелген. Бизнес – инкубаторлар келесідей заңды тұлғалармен ұсынылды: “Инвест Консалтинг – Көкшетау” ЖШС (Көкшетау), “Феникс ЛТД” ЖШС (Степногорск), “Атбасар бизнес – инкубаторы” ЖШС (Атбасар).

Көкшетау қаласында  бизнес – инкубаторын құру үшін “Евразия” қорынан 19,5 мың АҚШ  долларымен гарант түрінде және облыстық бюджеттен ақша бөлінді. Ұйым 4 жыл қызмет істеп келеді, ол кәсіпкерлерге консалтингтік қызметтер көрсетеді. Бизнес – инкубатормен шағын және орта  бизнес салаларына “Агробизнес кәсіпорындары үшін халықаралық   маркетинг және менеджмент”, “шағын бизнес субъектілеріне салық салу” және т.б. тақырыптарында оқыту, семинарлары жүргізіледі.

“Атбасар бизнес – инкубаторы” ЖШС “МЭН”  ЖШС қаржылай қолдауы арқасында  құрылып, оған аудан  кәсіпкерлеріне  консалтингтік қызмет көрсету үшін офистік тұрақжай және қажетті оргтехникалар бөлінді. Мұнда бизнес – жоспарлар жасау, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, құрылтай құжаттарын дайындау, компьютерлік техникамен мамандар дайындау және қайта даярлау, ақыл-кеңестер ұсыну жөнінде жұмыстар  жүргізілуде.

Информация о работе Шағын және орта бизнес