Шарушылық серіктестік

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 09:07, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық серіктестік - жарғылық капиталы құрылтайшылардың немесе қатысушылардың үлесіне және салымдарына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады. Құрылтайшылардың және қатысушылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Работа содержит 1 файл

Шаруашылық серіктестік.doc

— 248.50 Кб (Скачать)

       Өкілеттігі болмаса да орталық мүдделер үшін іс-әрекет жасаған қатысушы, оның іс-әрекетін қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер ол, өзінің іс-әрекеті арқасында серіктестік құны жөнінен серіктестік шеккен шығыстардан асып түсетін мүлікті сақтап қалғандығын немесе тиісінше сатып алғандығын дәлелдейтін болса, серіктестіктен өзі жасаған шығыстардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. Қатысушы серіктестіктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серіктестік мүлкіндегі оның үлесін кредитор өндіріп алуды қолданған, толық серіктестікке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жарияланған, белгісіз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулуі деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келісімімен белгіленбеген болса, толық серіктестік тоқтатылуға жатады. Толық серіктестік өз қызметін одан әрі жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серіктестік мүлкіндегі үлесі басқа қатысушыларға немесе үшінші тұлғаға көшкен, қатысушы серіктестіктен шығарылған, немесе серіктестікке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарында тиісті өзгерістер енгізіле отырып, толық серіктестік қайта тіркелуге тиіс. Толық серіктестікке қатысушы серіктестікке қатысудан бас тартатыны жайында мәлімдеп, одан шығуға құқылы. Қатысушы толық серіктестікке қатысудан бас тартатынын серіктестіктен нақты шығардан кемінде алты ай бұрын мәлімдеуге тиіс. Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын шығуға дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі. Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың серіктестіктен шығу туралы арыз беруінің осы бапта белгіленгеннен өзгеше мерзімі көзделуі мүмкін. Серіктестікке қатысушылардың серіктестіктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келісімі жарамсыз болып табылады. Толық серіктестіктен шыққан қатысушыға серіктестік мүлкінің сол қатысушының серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлігінің құны төленеді. Толық серіктестік мүлкінің одан шығатын қатысушыға тиесілі бөлігінің құны қатысушының серіктестіктен шығу сәтіне жасалған серіктестік балансына сәйкес анықталады және қатысушының серіктестіктен  нақты шыққан күнінен бастап 30 күн ішінде төленеді. Шығатын қатысушының қалатын қатысушылармен келісуі бойынша толық серіктестік мүлкінің бір бөлігінің құны мүлікті заттай берумен алмастырылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның сол жылы серіктестікте болған кезеңінде толық серіктестіктің осы жылда алған пайдасының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді. Толық серіктестіктің жарғылық капиталына өз салымын ішінара қосқан қатысушыға шығар кезінде, егер құрылтай құжаттары мен қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оған сол салымның бір бөлігінің құны ғана төленеді. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше белгіленбесе, шығатын қатысушының толық серіктестіктің пайдалануына берген мүлкі сыйақысыз қайтарылады. Қатысушы толық серіктестіктен шыққан кезде құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде берілген жер учаскесін нақтылы бөліп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қатысушы шыққан кезде қалған қатысушылардың толық серіктестік мүлкіндегі үлесі, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келісуімен өзгеше көзделмесе, ол үлес қатысушы серіктестіктен шыққан күнге белгіленген бастапқы мөлшеріне бара бар ұлғайтылады. Толық серіктестікке қатысушы өз үлесін қалған барлық қатысушылардың келісуімен ғана серіктестіктің басқа қатысушыларына немесе үшінші тұлғаға беруі мүмкін. Үлес серіктестіктің басқа қатысушысына немесе үшінші тұлғаға берілген жағдайда толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы да ауысады. Серіктестікке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған рете, құқығын иеленуші барлық қатысушылардың келісуімен серіктестікке кіре алады. Толық серіктестікке қатысушылар бір немесе бірнеше қатысушының дәлелді себептер болғанда, атап айтқанда, олар өз міндеттерін өрескел бұзған немесе істі байсалды жүргізуге қабілетсіздігі анықталған жағдайда қалған қатысушылардың бірауыздан  қабылдаған шешімі бойынша, сотқа беру тәртібімен серіктестіктен шығарылуын талап етуге құқылы. Қатысушы шығарылған жағдайда оның серіктестікке келтірген барлық шығыны толық серіктестік мүлкінің оған төленетін бір бөлігінің шығарылған қатысушының басқа мүлкінен өндіріп алынады. Қатысушының толық серіктестіктегі үлесінен оның жеке борыштары бойынша өндіріп алуды қолдануға борыштарын өтеу үшін оның өзге мүлкі жеткіліксіз болған кезде ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының кредиторлары сол мүліктен өндіріп алуды қолдану мақсатында борышқордың серіктестіктің жарғылық капиталындағы салымына бара-бар серіктестік мүлкінің бір бөлігін бөлуін толық серіктестіктен талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөлуге жататын бөлігі немесе оның құны кредиторлардың бөлу туралы талап қойған сәтіне жасалған баланс бойынша анықталады.9

      Толық серіктестікке қатысушы әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кезде серіктестік сақталатын болса онда осы қатысушының қорғаншысы немесе оның мүлкі серіктестіктің қалған қатысушыларының бәрі келіскен жағдайда ғана серіктестік қызметіне қатыса алады. Серіктестіктің барлық қатысушысының осындай келісімі әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған қатысушының серіктестік қызметіне қатысуы үшін де талап етіледі. Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған қатысушыға, серіктестік немесе сол қатысушының қамқоршысы серіктестік қызметіне қатысудан бас тартқан жағдайда, сол қатысушыға нақ осындай тәртіп бойынша серіктестік мүлкінің бір бөлігінің құны төленеді. Жаңа қатысушылар толық серіктестікке барлық қатысушылардың келісуі бойынша ғана қабылдануы мүмкін.Жана қатысушыларды қабылдаған кезде толық серіктестіктің құрылтай құжаттарына мындай: серіктестікке қатысушылар үлесінің жаңа мөлшеріне; серіктестікті басқару тәртібіне; серіктестіктің жаңа қатысушысы салымының мөлшеріне, оны енгізу; тәртібіне, мерзімі мен тәсіліне; жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажетті өзгерістер енгізіледі.10

        Толық серіктестіктің пайдасы мен шығынын бөлу. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығыны қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық қорындағы үлесінің мөлшеріне бара бар бөлінеді. Толық серіктестікке қатысушылардың әлде біреуін пайда мен шығынды бөлуге қатысудан аластататын келісімдер жарамсыз болып табылады.

Сенім серіктестігі-серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен ортақтасып жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің жаргылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушалардаң тұратын шаруашылық серіктестігі сенім серіктестігі деп танылады. Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктестердің құқықтық жағдайы және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Қорытынды

 

Қорыта келе осы бітіру жұмысым серіктестіктердің жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері шаруашылық серіктестік туралы жалпы ережелері, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, серіктестіктерді қайта құру және тарату, толық серіктестік, сенім серіктестігіy құру, қайта ұйымдастыру мен тарату, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, бірлескен қызмет туралы шарт, жай серіктестік ұғымы, бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұндарына арналған.     

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге  бөлінген серіктестік шаруашылық серіктестік деп танылады; шаруашылық серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Шаруашылық серіктестік заңды тұлға болып табылады. Шаруашылық серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.    Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда здері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар шаруашылық серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді. Шаруашылық серіктестіктің серіктестік атауын, сондай- ақ " Шаруашылық серіктестік" деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше "қосымша Шаруашылық серіктестік" деген сҚздер немесе "ҚЖС" деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады. Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар. Шетелдің қатысуымен құрылатын шаруашылық серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. Шаруашылық серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. Шаруашылық серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. ҚР Конституциясы.-Алматы.-1995.
  2. Шаруашылық шектеулі және қосымша шаруашылық серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 22 сәуір N 220-I
  3. ҚР Азаматтық Кодексі:жалпы және ерекше бөлімі.-Алматы,2002
  4. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая и собенная часть) от 1 октября2002г.;
  5. Постановление Верховного Совета Республики Казахстан от 27 декабря 1994г. «О введении в действие Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть)»;
  6. Закон Республики Казахстан от 2 марта 2001г. «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам банковской деятельности»;
  7. Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001г.
  8. Закон Республики Казахстан от 19 января 2001г. «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности»;
  9. Закон Республики Казахстан от 16 января 1991г. «О некоммерческих организациях»;
  10. Закон Республики Казахстан  от 25 декабря 2000г. «О сельскохозяйственных товариществах и их ассоциациях»;
  11. Закон Республики Казахстан  от 22 декабря 2000г. «О республиканском бюджете на 2001 год»;
  12. Закон Республики Казахстан от 18 декабря 2000г. «О страховой деятельности»;
  13. Закон Республики Казахстан от 18 декабря 2000г. «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам страхования и страховой деятельности»;
  14. Закон Республики Казахстан от 19 октября 2000г. «Об охранной деятельности»;
  15. Закон Республики Казахстан от 30 декабря 1999г. «О присоединении Республики Казахстан к Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов»;
  16. Закон Республики Казахстан от 4 ноября 1999г. «О внесении изменений и дополнений в законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности казенных предприятий».
  17. Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана от 30 сентября 1998 года «О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики: демократизация общества, экономическая и политическая реформа в новом столетии»// Казахстанская правда, 1998, 1 октября;
  18. Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана «Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев»// Казахстанская правда, 1997, 11 октября;
  19. Басин Ю.Г. Юридические лица по Гражданскому кодексу Республики Казахстан: понятие и общая характеристика. Учебное пособие.- Алматы: «Әділет Пресс», 1996;
  20. Басин Ю.Г. Юридические лица по Гражданскому кодексу Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика. Учебное пособие.Изд. 2-е. испр.и доп.-Алматы:ВШП «Әділет», 2000;
  21. Басин Ю.Г. Защита интересов кредиторов при универсальном правопреемстве юридических лиц в коммерческих отношениях / Гражданское законодательство Республики Казахстан; Статьи, комментарии, практика. Выпуск 9 / Под общ. ред. А.Г. Диденко.-Алматы: «Баспа», 2000;
  22. Вещные права в Республике Казахстан / Отв.ред. М.К. Сулейменов.-Алматы: «Жеті Жарғы», 1999;
  23. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (академический курс) / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.-Алматы: Изд-во КазГЮА,2000;
  24. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие (Часть Общая). 2-е изд., доп. и изм. / Отв.ред.Г.И. Тулеугалиев. К.С. Мауленов. -Алматы: «Данекер», 1999;
  25. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. / Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин.-Алматы: «Жеті Жарғы», 1997;
  26. Грешников И.П. Классификация организаций с правами юридического лица. Правовой режим коммерческих и некоммерческих организаций / В кн. Общая часть Гражданского кодекса Республики Казахстан (сборник статкй, комментариев).-Алматы; Изд-во КазГЮИ, 19996;
  27. Грешников И.П. Комментарий ст. 36 ГК Республики Казахстан / В кн. Гражданский кодекс Республики Казахстан - толкование и комментирование. Общая часть. Выпуск 1. / Под.ред. А.Г. Диденко.- Алматы; «Баспа», 1997;
  28. Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве.Автореф. дис. … к.ю.н. -Алматы, 1997;
  29. Грибанова В.А. Анализ судебной практики по применению законодательства о банкротстве / В кн.: Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи, комментарии, практика. Вып.9. / Под.ред. А.Г. Диденко.-Алматы: «Баспа», 2000;

1 Шаруашылық серіктестестіктері туралы жарлық – ҚР Президентінің 1995 ж 2 мамырдағы № 2225 “ШСТ” Жарлығы

2 Шаруашылық серіктестестіктері туралы жарлық – ҚР Президентінің 1995 ж 2 мамырдағы № 2225 “ШСТ” Жарлығы

3 Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 22 сәуір N 220-I

4 Шаруашылық серіктестестіктері туралы жарлық – ҚР Президентінің 1995 ж 2 мамырдағы № 2225 “ШСТ” Жарлығы

5 Шаруашылық серіктестестіктері туралы жарлық – ҚР Президентінің 1995 ж 2 мамырдағы № 2225 “ШСТ” Жарлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 "Коммерциялық емес ұйымдар туралы"Заңы 16.02.2001

5 ҚР"Банкроттық туралы "Заңы  09.01.2008ж

6 Шаруашылық серіктестіктер туралы  ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы   02.05.1995

7 Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству РК. УП Алматы 2000. стр 45

8 Горячева Е.В. Ответственность предпринимателей за нарушение договорных обязательств/Алматы:ТОО «Юридическая литература»,2004. стр.60

9 Шаруашылық серіктестіктер туралы  ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы   02.05.1995 11-бап.

 

 

 


Информация о работе Шарушылық серіктестік