Шарушылық серіктестік

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 09:07, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық серіктестік - жарғылық капиталы құрылтайшылардың немесе қатысушылардың үлесіне және салымдарына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады. Құрылтайшылардың және қатысушылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.

Работа содержит 1 файл

Шаруашылық серіктестік.doc

— 248.50 Кб (Скачать)

I   Кіріспе  бөлім.          

                  1. Шарушылық серіктестік ұғымы және түсінігі.

 

 Шаруашылық серіктестік - жарғылық капиталы құрылтайшылардың немесе қатысушылардың үлесіне және салымдарына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады. Құрылтайшылардың және қатысушылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер:

  • Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.
  • Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.

      Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар :

  • Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  • Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
  • Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен.

       Осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.

       Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар:

  • Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
  • Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
  • Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.
  • Азаматтар мен заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктің қатысушылары және сенiм серiктестiгiнде салымшылар бола алады.

       Мемлекеттің  шаруашылық серіктестіктерге қатысуы  және оларды басқару ерекшеліктері  «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан  Республикасының Заңында айқындалады. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, осы Заңға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатыса алады.

                            

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  1.1  Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары.

 

                          Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу:

 

      1. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.

       Шаруашылық серiктестiктi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын  шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк  субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi мазмұнын  белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде  жүзеге асыра алады. 

       2. Бiр тұлға  құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады.

       3. Шаруашылық  серiктестiгi құрылтай шартының  мазмұны коммерциялық құпия болып  есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттiк  немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек  шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс.

       Мүдделi тұлғалардың  бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң  жарғысымен танысуға құқылы.

       4. Шаруашылық  серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды.

       5. Шаруашылық  серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай  шартына сәйкес осы серiктестiктiң  басқарушысы болып тағайындалған  құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне  қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам қол қояды, егер заң актiлерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе.

       Бiр тұлға құрған  шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына  сол құрылтайшының өзi қол қояды. Құрылтай шартында құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға, оны құру жұмысының тәртiбiн белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру; оның қызметiне қатысу; құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу; оның қызметiн басқару; оның құрамынан шығу; құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы; олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi туралы; құрылтайшылардың салымды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi; жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады.

       Шаруашылық серіктестігінің  құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты немесе тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.

      Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі және басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құрау тәртібі, пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі, серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері; серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралының атауы; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату шарттары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар арасындағы өзара қатынастар.

       Шаруашылық  серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының немесе қатысушылардың тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын серіктестікті қоспағанда және де тегі, аты және әкесінің аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ атауы және орналасқан жері  көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін. Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң осы Заңда көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актiлерiнде анықталады. Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысатын шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.    

 

     Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкi:

      1. Шаруашылық  серiктестiгiнiң мүлкiн негiзгi қорлары  мен айналым қаражаты, сондай-ақ  серiктестiктiң дербес балансында  құны көрсетiлген басқа да мүлiк  құрайды. 

       2. Мүлiк  меншiк құқығы негiзiнде шаруашылық  серiктестiгiнiкi болады.

      3. Серiктестiк мүлкiн құрайтын көздер:

       1) қатысушылардың  жарғылық капиталға салымдары; 

       2) оның  қызметiнен алынған табыс; 

       3) заң  актiлерiнде тыйым салынбаған  өзге де көздер болып табылады.

 

     Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталы:

      1. Шаруашылық  серiктестiгiнiң жарғылық капиталын  оған қатысушылар салымдарының  жиынтығы құрайды. 

       2. Шаруашылық  серiктестiктiң жарғылық капиталына  салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер  пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.

       Жеке  мүлiктiк емес құқықтар және  өзге де материалдық емес игiлiктер  түрiнде салымдар енгiзуге жол  берiлмейдi.

       3. Серiктестiкке  салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.

       Серiктестiктiң  пайдалануына берiлген мүлiктiң  кездейсоқ құрып кетуiне немесе  бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi.

       4. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың немесе қатысушылардың заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

       Барлық  кредиторлар жеке-жеке жазбаша  хабардар етiлгеннен кейiн ғана  шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық  капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар  тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен  бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын  және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы. Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбiр түрлерi үшiн осы Заңда және басқа заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi. Жарғылық капиталды осы белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады. Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

 

     Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi:

       1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi олардың жарғылық капиталдағы салымына сай болады.

       2. Қатысушылардың  шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi процент түрiнде есептеледi.

       3. Шаруашылық  серiктестiгiне қатысушылар өздерiнiң  серiктестiк мүлкiндегi үлесiн белгiлеудiң  осы баппен салыстырғандағыдан өзгеше тәртiбiн анықтай алады.

       4. Егер  Қазақстан Республикасының арнайы  заңнамалық актiлерінде немесе  құрылтай құжаттарында өзгеше  көзделмесе, шаруашылық серiктестiгiне  қатысушының серiктестiк мүлкіндегі жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепiлге салуға және сатуға құқығы бар. Егер шаруашылық серiктестiгiнің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі жарғылық капиталындағы үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иелiктен шығару біреуге беру шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының түпнұсқалығын нотариат куәландыруға тиіс.

 

      Шаруашылық серiктестiгiн басқару:

      1. Шаруашылық  серiктестiгiнiң жоғары органы  оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады.

       2. Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады.

       Жеке-дара  басқару органы оның қатысушылары  арасынан сайланбауы мүмкiн.

       3. Алқалық  органдар ретiнде: 

       1) басқарма (дирекция);

       2) байқаушы  кеңес; 

       3) шаруашылық  серiктестiгiне қатысушылардың жалпы  жиналысының (өкiлдер жиналысының)  шешiмi бойынша басқа да органдар  құрылуы мүмкiн. 

       4. Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы.

       5. Шаруашылық  серiктестiгiн басқару органдарының  құзыры, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiм  қабылдау тәртiбi осы Заңмен, заң актiлерiмен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

 

     Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі

      1. Шаруашылық  серіктестігі өзінің қатысушыларының  талап етуі бойынша серіктестіктің  қызметі туралы, оның қатысушыларының  мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.

       Шаруашылық  серіктестіктері қатысушыларының  мүдделерін қозғайтын ақпарат  деп: 

Информация о работе Шарушылық серіктестік