Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 09:07, курсовая работа
Шаруашылық серіктестік - жарғылық капиталы құрылтайшылардың немесе қатысушылардың үлесіне және салымдарына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады. Құрылтайшылардың және қатысушылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
Жалпы ереже бойынша жеке тұлға, занды тұлға және мемлекет шаруашыпық серіктесгіктің қатысушысы бола алады. Мүнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматгар ғана толық серіктестіктердің катысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады және бұл АК-ның 58-бабьшың 3-тармағында белгіленген. Бүл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарьшда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай кұжаттары — құрылтай шарты жөне жарғы. Егер серіктестікгі бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніңдегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде ерекет етеді. Акционерлерінің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серікгестікке айналдыратьш жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын делелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады және АК-ның 58-бабының 9-тармағында көзделінген.3
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат куәлан-дыруға тиіс. Занды тұлғаларға арналған, АК-ның 41-бабының 4,4—1 және 5-тармақтарыңда аталған жалпы мәліметтерден басқа, шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салатын салымдарының мөлшері, құрамы, мерзімі жөне тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы, соңцай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда:
— егер олар құрылтайшьшардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
— егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Жарғылық капиталға салым салу қатысушының үлесі. Шаруашылық серіктестіктің бастапқы мүлкі қүрылтайшылардың салымдарынан құралатын жарғылық капиталдан тұрады. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интеллектуаддық қызметтің нәтижелеріне құқықты қоса алғанда, мүліктік құқықтар және өзге де мүлік жарғылық капиталға салатын салым бола алады. Құрылтайшылардың жарғылық капиталға заттай немесе мүліктік құқықтар түріңде салатын салымдары барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестіктің барлық қатысушыларьшың жалпы жиналысының шешімімен ақшамен бағаланады. Егер мұндай салымның құны 20 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тең сомадан асатьш болса, оның бағасын тәуелсіз сарапшы растауға тиіс. Шаруашылық серіктестікгі қайта тіркеуде оиың қатысушысының ақшалай салымьш серіктестікгің бухгалтерлік құжаттары не аудиторлық қорытьшды растай алады. Жалпы ереже бойынша, заңцы түлға өз міндеттемелері бойынша өзі жауап береді. Алайда шаруашылық серіктестіктер үшін бүл ережеден ерекшеліктер бар. Серіктестіктің құрылтайшылары және қатысушылары осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері аддында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді. Салым ретінде мүлікгік құқық, мысалы, мүлікгі пайдалану қүқығы берілуі мүмкін. Мұндай салымның көлемі құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзім үшін есептелген осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін ақымен анықталады. Салымдарды мүліктік емес өзіндік құқық және өзге де материалдық емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді. Соңғы ереже айтарлықтай пікірталас туғызады және мамандар арасында оның жақтастары да, қарсыластары да жеткілікгі. Жарғылық капиталға салым салудың тәртібі мен мерзімі, соңдай-ақ жарғылық капиталды қүру жөніңдегі міңцетгемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында белгіленеді және де бұл АК-ның 59-бабының 3-тарманда белгәленеді4.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестері жөне тиісінше олардьщ шаруашылық серіктестігі мүлкінің құнындағы үлестері жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады. Алайда құрыл-тайшылар құрылтай құжаттарында өзгеше мақсатгы көздеуі мүмкін. Шаруашылық серіктесгікке қатысушы серіктестік мүлкіңцегі өз үлесін, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарыңца өзгеше көздел-месе, салып қоюға және сатуға қүқылы. Жарғылық капиталды өзгерту — іскерлік тәжірибеде жиі кездесетін әдеттегі іс және ол өрбір серіктестікте дерлік байқалады. Жарғьшық капитадды арттыру коммерциялық ұйымның қызметіндегі игі сет больш табылады, несие берушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмейді. Сондықтан оның құқықтық реттелуі айтарлықтай шартты реттеуші сипатта болады. Ал жарғылық капиталды азайту қажетсіз шара болып саналады,ол ең алдымен серіктестіктің несие берушілерінің мүдделеріне жағымсыз есер етеді. Сондықтан шаруашылық серікестшнің жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннанкейін жол беріледі. Олар бұл жағдайда серіктестіктің мерзімінен бұрьш тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орыңдауын және оның зиянды өтеуін талап етуге құқылы. Шаруашылық серіктестіктері қатысушьшарьшың жалпы жиналысы серіктестіктің жоғары органы болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілетгігі оның бірден-бір қатысушысьша тиесілі болады. Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларьшың жалпы жиналысына есеп беріп отыратын атқарушы орган құрылады. Басқару оргавдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктесгіктің алқалы органдары ретінде басқарма және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушыларының жалпы жиналысының шешімінде көзделген жағдайларда басқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестік органдарының құзіреті, оларды сайлау тәртібі, сондай-ақ олардың шешімдер қабылдау тәртібі АК-ға, заң құжаттарына және құрылтай құжатгарына сәйкес белгіленеді. Шаруашылық серіктестіктердің акциялар шығару құқығы жоқ. Мұны өздеріне белгіленген тәртіп бойынша акционерлік қоғамдар ғана істей алады. Акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық ұйым капиталды барынша мол жинақтай алатындықтан, заң акционерлік қоғамдар үшін ғана қаржы есебін жүргізуді көздеген. Алайда, заң актілері мен құрылтай құжаттары бойынша мұндай жағдайлар кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыратын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктесіікгер үшін көзделуі мүмкін. Шаруашылық серіктестіктің қызметін мемлекеттік органдар тексере алады. Олардың бұл саладағы қүзіретін заң актілері белгілейді. Шаруашылық серіктестігі қаржы есеп-қисабының дұрыстығына көз жеткізу үшін серіктестіктің немесе оның қатысушыларының мүдделерімен байланысы жоқ кәсіби аудиторды шақыра алады. Шаруашылық серіктестігін аудиторлық тексеру серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушының талап етуі бойынша соның есебінен кез келген уақытта жүргізілуге тиіс. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу тәртібі зандармен және серіктестіктің құрылтай құжатгарымен белгіленеді. Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:
— құрылтай құжаттарында
белгіленген тәртіппен
— шаруашылық серіктестікгің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәргіппен оның құжатгамаларымен танысуға;
— таза табысты бөлісуге қатысуға құқығы бар. Құрылтай құжаттарының бір немесе бірнеше қатысушыны пайданы бөлісуге қатысудан шеттетуді көздейтін ержелері жарамсыз болып табылады;
— шаруашылық серіктестік таратылғаи жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктесгік мүлкіңдегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар:
Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың заң құжаттарында және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:
1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
2) салымдарды құрылтай құжатгарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер жөне мерзімдер бойынша салып отыруға;
3) шаруашылық серіктестік
Шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міңдеттерді атқаруы мүмкін бұл АК-ның 61-бабының 2-тармағында айтылып көзделінген 5.
Серіктестіктерді қайта құру және тарату. Шаруашылық серіктестік оның қагысушыларының шешімімен ерікті түрде қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Оларды қайта құру мен таратудың өзге негіздерін АК, Шаруашьшық серіктестік туралы жарлық, ЖШС туралы заң және басқа заң құжаттары анықтайды. Мысалы, несие берушілерге жарғылық капиталды азайту туралы хабарламау шаруашылық серіктестіктер үшін осындай негіз болып табылады.
Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шауашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне акционерлік қоғамдар немесе өңдірісгік кооперативтер болып қайга құрылуы мүмкін. Толық серіктестік немесе сенім серіктестігі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып қайта құрылған жағдайда акционерлік қоғамның, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушысы болған әрбір толық серіктес толық серіктестіктен немесе сенім серіктестігінен акционерлік қоғамға, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке көшкен міндеттемелер бойынша екі жыл бойы өзінің барлық мүлкімен субсидиялық жауапты болады. Бұрынғы толық серіктестіктің өзіне тиесілі акцияларды иеліктен шығаруы оны мұндай жауаптылықтан босатпайды.
1.4 Шаруашылық серіктестікті құру, қайта құру.
Азаматтық кодекске
заңды тұлғаларды құру жөнінде
жалпы ережелер енгізілген, сол
арқылы оның түрлерінің
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының орындауы үшін міндетті. Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалар мен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс. Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана емес істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық серіктестікпен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс. Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелер мен шектеліп қалмайтындығы ескерілген.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңның 22-бабы.3
Заңды тұлғаның жарғысында:
онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның
органдарын құру тәртібі және олардың
құзіреті, оның қызметін қайта құру
мен тоқтату ережелері
Егер заңды тұлғаны бір адам құрса, онда оның жарғысында мүлікті құру және кірістерді бөлу тәртібі де белгіленеді.
Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Бір заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы
заңды тұлғаның үшінші
Барлық мүдделі адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы. Заңды тұлғаны қайта оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның , құрылтайшылардың шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Заңды тұлға – жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады. Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқталғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бірінші қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады.Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.Заңды тұлғаның бір түрін екінші түрдегі заңды тұлғаға өзгерткен кезде қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Қайта құрылған заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қосылған немесе біріктірілген кезде – өткізу актісіне сәйкес, бөлінген және бөліп шығарылған жағдайда – бөлу балансына сәйкес ауысады. Өткізу актісі мен айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорларына қатысты, барлық міндеттемелері бойынша, соның ішінде тараптар дауласқан міндеттемелер бойынша да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс. Өткізу актісі мен бөлу балансын заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітеді және құрылтай құжаттарымен бірге жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуге немесе нақтылы бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу үшін олар құрылтай құжаттарымен бірге тапсырылады. Құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе бөлу балансының тапсырылмауы, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықты мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады. Егер заң құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, мүлік (құқықтар мен міндеттер) құқықты мирасқорына ол тіркелген кезден бастап ауысады. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілеріне жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бөлінген және бөліп шығарылған кезде құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңда тұлға борышқоры болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы.