Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 09:07, курсовая работа
Шаруашылық серіктестік - жарғылық капиталы құрылтайшылардың немесе қатысушылардың үлесіне және салымдарына бөлінген коммерциялық ұйым болып табылады. Құрылтайшылардың және қатысушылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады.
1.5 Шаруашылық серіктестікті тарату негіздері.
Шаруашылық серіктестікті тарату –– заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша заңды тұлға кез келген негіз бойынша таратылуы мүмкін. Ал ықтиярсыз тарату сот шешімімен: 1) банкрот болған; 2)заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған; 4) тиісті рұқсат алынбаған қызметті, не заң құжаттарына тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда; 5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін. 5
Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін тарату мемлекет уәкілеттік еткен тиісті органның шешімімен, заң құжаттарында қаралған негіздер бойынша жүзеге аса алады. Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді. Тарату комиссиясы болатын тарату жөнінде Әділет органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны туралы және оның несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.
Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде АК-тің 51-бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша жүргізілетіндігі келтірілген:
1) бірінші кезекте - таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте
- несие берушілердің қамтамасыз
ету сомасы шегінде
3) үшінші кезекте
- еңбек шарты бойынша жұмыс
істейтін адамдардың еңбегіне
ақы төлеу және авторлық
4) төртінші кезекте - бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөнінде берешек өтеледі;
5) бесінші кезекте - заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысылады.
Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі. Заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы оны банкрот деп жариялау болып табылады. Банкроттық - борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның таратуына негіз болады. Дәрменсіздігі заңды тұлғаны тартудағы негізгі мақсат оған несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету. Таратылатын борышқордың мүлкі барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда активтер оларға әділ етіп бөлінеді. Азаматтық кодекске сәйкес, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның банкроттығы болады. Бірақ, мекемелер мен қазыналық кәсіпорындарға банкроттық қолдануға тиісті емес, өйткені, олар несие берушілердің талаптарын орындау үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, олардың міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті тиісті мүліктің меншік иесі көтереді. Ерікті банкроттық борышқордың еркімен сотқа арыз беруі арқылы сот шешімімен танылады немесе несие берушілердің бақылауына негізделген өтініш пен сотсыз-ақ жүзеге асады. Ал мәжбүрлеу тәртібімен болатын банкроттық несие берушінің, сондай-ақ заң актілерінде көзделген жағдайларға сәйкес өзге де адамдардың сотқа өтініш беруі немесе «Банкроттық туралы» заң талаптары арқылы мүмкін болады. Борышқор Азаматтық кодекске сүйене отырып өзінің дәрменсіздігіне байланысты банкроттық туралы іс қозғауды сұрап сотқа өтініш бере алады. Борышқор өзін тарату жөніндегі сотқа жүгінгенде қолдағы мүлкі бойынша несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтындығын, яғни дәрменсіз екендігін сотқа беретін өтінішінде баяндауы тиіс. Егер борышқор үш ай ішінде өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмаса, онда несие беруші борышқорды банкрот деп тану жөнінде сотқа өтініш жасайды. «Банкроттық туралы» заңның 35-бабына сәйкес, банкроттық туралы сот мынадай қаулылардың бірін қабылдай алады:
1) борышқорды банкрот деп тану және конкурс жүргізу туралы шешім;
2) борышқорды банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім;
3) өтініш жасалған
жағдайда оңалту рәсімімен
4) іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым.
Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны таратудан аман алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың өзі ғана емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті қоғамның өзі ынталы болады. Борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту рәсімі қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі деп –– дәрменсіз борышқорға оны таратылудан сақтап қалу мақсатымен борышқордың төлем қабілетін қалпына келтіруге бағытталған сот не соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылық, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвистициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды айтады. Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және екі жылдан аспауы керек.Аталған рәсімді қолдануға борышқордың өзі өтініш жасауы мүмкін, және оның мүлкінің иесі немесе несие беруші де сондай құқыққа ие болады.Оңалту рәсімін жүзеге асыру үшін сот кепілімен қамтамасыз еткен талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан, сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан асатын болса онда несие берушілердің келісімі қажет.Оңалту рәсімі несие берушілердің келісімімен тағайындалған оңалтуды басқарушысы жүзеге асырады.Дәрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату конкурус тәртібімен жүзеге асырылады,сол үшін де конкурустық басқарушысы тағайындалады.Банкроттық тарату сот арқылы айқындалады және ол алты айдан аспауы керек. Таратылған заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, егер заңда өзгеше белгіленбесе, ол несие берушілер арасында тиісті кезекпен қанағаттандырылуға жататын талаптардың сомаларына қарай бөлінеді. Тарату комиссиясы несие берушінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, несие беруші заңды тұлғаның тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап қойып сотқа жүгінуге құқылы. Соттың шешімі бойынша несие берушінің талаптары таратылған заңды тұлғаның қалған мүлкі есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Заңды тұлғаның несие берушілернің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлікке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнінде міндеттемелік құқықтары бар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына беріледі. Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі. ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 33-бабында көрсетілгендей заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
1.6 Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады. Шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін. Қызметі серіктестікке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүліктерін тартуға негізделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серіктестігі нысанында құрылады.6 ҚР-а шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы ҚР-ң Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және ҚР-ң өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер ҚР-ы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Шаруашылық серіктестіктері нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері, оны құру мен пайдаланудың ерекшеліктері, мүлкінің құқықтық режимі, шаруашылық қызметін шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актілерімен реттеледі немесе арнаулы заң актілерімен белгіленген тәртіппен. Осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін ҚР-ң заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.
Шаруашылық серіктестіктік екі жекелеген түрлерінен тұрады. Олар: толық және сенім серіктестігі. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақасып жауап беретін шаруашылық серіктестігі толық серіктестік деп танылады. Толық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері. Толық серіктестікке қатысушылардың:
Заңда және серіктестіктің
құрылтай құжаттарында
толық серіктестіктің қызмет туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде серіктестіктің бухгалтерлік және басқа да құжаттамасымен танысуға;
егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серіктестіктің мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне қарай оның қызметінен пайда алуға;
белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестіктен шығуға;
толық серіктестік таратылған жағдайда серіктестіктің кредиторлармен есп айырысқаннан кейін қалған мүлкіндегі немесе оның құнындағы өзінің үлесіне сәйкес толық серіктестік мүлкінің бір бөлігін алуға құқығы бар;
Заңда және (немесе)
серіктестіктің жаргысында
Толық серіктестіктерге қатысушылардың Заңға, басқа заң актілеріне және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Толық серіктестікке қатысушылар:
Толық серіктестікке қатысушылар Заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттер қабылдай алады. Толық серіктестікке қатысушы Заңда, басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген міндеттерін орындамаса, соның салдарынан серіктестікке немесе оған қатысушыларға зиян келтірілсе, басқа қатысушылар мұндай қатысушыдан зиян өтеуге, ал елеулі зиян келтірген жағдайда оның серіктестіктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы. 7
Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетілуге тиіс, онда:
- барлық қатысушылардың есімі, сондай-ақ «толық серіктестік» деген сөздер, не болмаса;
- «және компания» деген сөздер қосылған, бір немесе бірнеше қатысуышының есімі, сондай-ақ «толық серіктестік» деген сөздер болуы керек.
Толық серіктестіктің қатысушылары
жарғылық қор құрады, оның мөлшері
қатысушылар жарғылық капиталға
үлес қосқан сәтте Қазақстан