Жұқпалы аурулардың алдын алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2012 в 12:21, история болезни

Описание работы

Денсаулық сақтау аймағындағы заңдылық құқықтық және нормалау құжаттары.
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
Заң мәліметтер базасы бойынша санитарлық ереже мен нормалар
Санитарлық ереже мен нормалар

Работа содержит 1 файл

ответы оз.docx

— 84.90 Кб (Скачать)

  2. Өзіндік тіркеу – бұл кезде санақ жүргізілуші тұлға санақ парағын өзі толтырады, ал тіркеуші тек оның дұрыс толтырылғанын ғана тексереді. Кейбір Еуропа елдерінде қолданылады.3. Аралас (анкеталық) әдіс (шет елде, АҚШта белсенді қолданысқа ие) – бұл кезде анкеталар тіркелушілерге таратылып жіберіледі, олар анкеталарды өздері толтырып, санақ жүргізу бюросына немесе статистикалық қызметке салып жібереді. Толтырылған анкеталар жиналып болған соң статистикалық қызмет/санақ бюросы оларды тексереді. Мұндай әдіс сұрауға қарағанда қаржылық жағынан алып қарағанда үнемді, дегенмен толтырылған анкеталардың қайтарылу дәрежесі төмен (шамамен 15-20%).

  31 билет.Нәрестелер  өлімі (есептеу  әдісі,динамикасы)

Нәрестелер өлімі (есептеу әдісі, динамикасы, себептері).Нәрестелер өлімі – бір жасқа толмай өлген  нәрестелердің саны. Бұл көрсеткіш 1000 тірі туылған балаларға шағып  есептейді. Ол үшін мәліметтерді жергілікті азаматтардың өмір өзгерістерін жазып  отыратын бөлімнен (АХАЖ) алады. Көп  жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесін алғанда барлық бір  жасқа толмай шетінегендер ішінде 2/3 биылғы жылы туылғандар, ал 1/3 алдыңғы  жылы туылғандар екені байқалған. Сондықтан  жылдық сәбилер өлімінің нақты көрсеткішін  мынадай формуламен есептейді:

  Нәрестелер  өлімі=

  Республика  бойынша бұл көрсеткіш деңгейі  орта есеппен алғанда 20,2%, дегенмен кейбір облыстарда - 30%-н асады.

  Бір жасқа  толмаған балалар өмірі 2 мерзімге бөлінеді:

  - 1 айлық  (4 апталық) – жаңа туған нәрестелік (неонатальдық мерзім);

  - нәрестелік  мерзім – 2-12 айға дейін (постнеонатальдық  мерзім). Осы мерзімдерге сәйкес  сәбилер өлімі көрсеткіші есептеледі.

  Сонымен қатар – перинатальдық нәрестелер өлімі көрсеткіші есептеледі. Бұл  көрсеткішті есептегенде өлі  туылғандар және туылғандардың ішінде 1 апта аралығында шетінегендер саны алынады.

  Перинатальдық өлім көрсеткіші=

  Нәрестелер  өлімінің себептері: әр түрлі жұқпалы  аурулар; жүктіліктің қолайсыз жағдайларда  өтуінен болған зат алмасу бұзылыстарына  байланысты әр түрлі ауытқулар; тұқым  қуалайтын аурулар; босану кезіндегі  алынған жарақаттар (әйелдің жамбас қуысының тар болуы, босанатын әйелдің  немесе босандырушының абайсыз жасаған  әрекеттері); жаңа туылған нәрестелер күтімінің дұрыс болмауы; күтілмеген төтенше жағдайлар; егуден кейінгі  асқынулар және т.б.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Жұқпалы аурулардың алдын алу