Жұқпалы аурулардың алдын алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2012 в 12:21, история болезни

Описание работы

Денсаулық сақтау аймағындағы заңдылық құқықтық және нормалау құжаттары.
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
Заң мәліметтер базасы бойынша санитарлық ереже мен нормалар
Санитарлық ереже мен нормалар

Работа содержит 1 файл

ответы оз.docx

— 84.90 Кб (Скачать)

9 билет.Учаскелік  аушердің санитарлық  ағату жұмысы.

ҚР ның  азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңында  екінші тараудың 54 бабында ананың денсаулығын  ұорғау туралы құқы келтірілген. ҚР ның  негізгі заңы жаңадан қабылданған  конституцияда ана мен баланы қорғау мәселесіне маңыз беріліп  отыр. Біздің республикамызда әйелдерге  мед көмек көрсету үшін арнайы мекемелер ұйымдастырылған , олар әйелдер  консультациясы,  перзентхана, мамандырылған  әйелдер босанатын  үйлер аналар мен балаларды ұорғау ғылыми зерттеу  институттары пансионаттар санаторилер.

Негізгі акушерлік  гинекологиялық көмек көрсететін орын әйелдер консультациясы. Ең басты  міндеті әйелдер денсаулығын  нығайтуға бағытталған жұмыс  жүргізу. Ол үшін

  • Жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау анаға да балағада босану кезеңін зиянсыз ету
  • Жүктілерге және емізетін аналарғазаңды түрде көмек көрсету
  • Жасанды түсіктен сақтау үшін  контрацепцияға үйрету отбасы жағдаиына кеңес беру
  • Диспансерлік бақылау   арқылы гинекологиялық  аурудан сақтау аурудың алдын алу емдеу
  • Әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу
  • Халықтың санитарлық сауаттылығын жетілдіру жас өспірім қыздардың жас әйелдердің жүкті әне емізетін аналардың  егде әйелдердің арасында санитарлық білімді енгізу
  • Жүктілердің уақытынан бұрын босанудан сақтау
  • Аналар  сәбилер өлімін  өлі туулықты азайту

Әйелдер консультациясының  емдеу профилактикалық жұмысы диспансерлік бақылау. Өзіне қарастыжердегі әйелдердің және 15 жастан асқан қыздардың есебін алу.

 Әйелдер консультациясының  жұмысы учаскелің принциппен  ұйымдастырылады. Әр учаскелік   акушер гинекологтың өзіне бекітілген  учаскесі алынады. Бір дәрігердің  қарауында 300 жуық әйел тіркеледі  15  жастан асқандарда . Бір сағатта  6 қабылдау 6,5 сағат  аптасына 5 күн  жұмыс істеиді. акушер гинеколог  пен бірге орта буын акушер  жұмыс істеид.

Әйелдер консультациясының  жұмысының тағы бір маңызы  санитарлық ағарту жұмысы. Әр бір дәрігер аиына  4 сағат санитарлық ағарту жұмысымен  шұғылданады. Дәріс бюллетень радиодан теледидардан сөйлеу. Әйелдер консультациясында  аналар мектебі ұйымдастырылады  14 – 15 аптадан бару керек. Сонан соң  босанар уакытысы жакындағанда балалар  емхан/ы  сәбилер кабин/е бар/ы

Искусственное прерывание беременности является причиной многих гинекологических заболеваний, вторичного женского бесплодия, одной  из первых причин материнской смертности. Это явление имеет социально-медицинский  характер, так как связано не только с уровнем использования противозачаточных  средств, но и с экономическим  положением общества. 
Направление на операцию искусственного прерывания беременности дает участковый акушер-гинеколог, врач общей практики (семейный врач), а в сельской местности акушер-гинеколог районной или участковой больницы. 
Аборт производится только в условиях стационара. В амбулаторных условиях его разрешается проводить лишь: 
— вакуум-аспирацию (мини-аборт) в ранние сроки беременности при задержке менструаций до 20 дней; 
— женщинам без отягощенного акушерского анамнеза при сроке беременности до 12 недель в стационаре дневного пребывания на базе профильных НИИ, клинических многопрофильных городских и областных больниц. 
В предупреждении абортов важную роль имеют рекомендации, индивидуальный подбор и обучение женщин использованию противозачаточных средств. Для этого в консультации желательно организовать выставку и продажу противозачаточных препаратов, литературы по предохранению от нежелательной беременности, мероприятия должны сопровождаться наглядным разъяснением опасности и вреда абортов. Идея профилактики абортов должна активно проводиться в санитарно-просветительной работе женской консультации. 
 
IV. Работа по формированию здорового образа жизни. 
 
Пропаганда здорового образа жизни — одна из главных задач санитар-но-просветителыюй деятельности, которая проводится каждым медицинским работником, является его функциональной обязанностью, оплачивается на общих основаниях и фиксируется в «Журнале учета санитарно-просветительной работы» (ф. 038-0/у).

10 билет.Емхананың негізгі тапсырмалары мен  жұмыс әдістері.

Емхана (кемінде 13-15 мамандықтан дәрігерлік қабылдау жүргізіді) Медициналық көмекті  қажет етіп келген 100 адамның 80-ні амбулаторлық емханалық жағдайда емделіпжазылады, 20сы ғана жатып емдеуге жіберіледі Сондықтан емдеу сауықтыру жұмысын  атқаруда емханалар алдыңғы орында.Қалалық  емханалар кейде біріккен аурухананың  құрамында болады. Қазіргі кезде  жеке түрі қалыптасқан.

Қала тұрғындарна  емдеу профилакт. Көмек көрсететін негізгі мекеме қалалық емхана 2 түрі бар дербес және қалалық емхана құрамында.

Емхана  міндеттері:

\ қолайлы, дер  кезінде білікті медициналық  жәрдем көрсету;

\ шұғыл мед.  Көмек көрсету

\ халықты диспансерлік  бақылауға және тіркеуге алуды  ұйымдастыру

\ салауат өмір  салтын және халыққа сан.тәрбиені  насихаттау

\ сан гиг және  эпидемияға қарсы шаралар жүйесін  сақтау.

Емхаана құрамы: тіркеу орны, профил.бөлім, емдеу кабинеттері, қосымша диагност.каб. әкімшілік шаруашылық бөлім.

Емхананның жұмысының  бір бөлігі статистикалық мәләметтерді талдау және емханалық жұмысын сипаттайтын  көрсеткіштердің деңгейін бағалау.

11 билет.Ұйымдастырушылық  құқықтық және  нормативті жүйе.Техникалық  жабдықтау .Басқару  иерархиясы.

Халық денсаулығы кодексі 10болім  32тараудан тұрады. 2ші тарауда ДС саласындағы мемлекеттік  реттеу мен басқару туралы жазылған.

Әкімшілік құқық  атқару және зарым қатынасты реттеуді жөнге салу нормаларының жиынтығы.

Әкімшілік құқық  белгілейді:

Атқару және бұйрық беру мекемелерінің жауапкершілігін, ұйымдастырушылығын, өкілеттігін;

Халықтың сан.эпид.салауаттығының қорғалу және жалпы халықтың денсаулығын  сақтау әрекеттерінің түрлі шектеу шараларын жүргізу мен орындалуын белгілейді.

ДС саласындағы  мемлекеттік реттеуді:ҚР Үкіметі; уәкілетті  орган; өзге де жергілікті және атқарушы органдар Кодекс құзыреті шегінде жүзеге асырады

12 билет.Денсаулық  сақтау жүйелерін  ауылдық жерде  2010-2020 ж араларындағы  жағдайлары мен  бағдарламаларын   рефомалау.

2010-2020жж ДС  саласының дамуы және реформалау  тұрғындардың өмір сүру сапасын  арттыруға, өмір сүру жасын  ұлғайтуға, өлім көрсеткіштерін  төменднтуге бала тууды арттыруға  бағытталған. Реформаға сәйкес  2010 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы  жекеменшік клиникалар тегін  медициналық көмектің кепілдендірілген  қызметтерін ұсына алатын болады. Яғни, Денсаулық сақтау министрлігі  енгізіп отырған жаңа жүйе  бойынша қазақстандық пациент  кепілдендірілген медициналық қызметтің  түрін өзі таңдаған  кез-келген жекеменшік клиникадан да ала алады деген сөз. азаматтар емделу үшін жекеменшік клиникаларды таңдауға да мүмкіндігі бар. Ал қызмет көрсету көлеміне байланысты мемлекеттік емханалармен қатар, жеке клиникаларға да бюджеттен қаржы бөлініп отырады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

Адам мен мемлекет арасында денсаулық сақтауда жауапкершілікті  бөлу;Алғашқы мед.санитарлық көмектің ауыр түрлерін орталыққа тасымалдау арқылы медициналық көмек көрсетуді  ұйымдастырудың халықаралық ұстанымдарына  өту;Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа үлгілерін және жүйенің ақпараттық бірегей саласын құру;Ана мен  баланың денсаулығын нығайту, медициналық  демографиялық жағдайды жақсарту;Әлеуметтік маңызы бар аурулардың деңгейін тұрақты  төмендету;Медициналық білімді реформалау;

«2008-2016жж салауатты  өмір салты» бағдарламасы Мақсаты салауатты  өмір салтын қалыптастырудың тиімді жүйесі негізінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарлатып сауықтыру.

«Денсаулық поезді»бағдарламасы

«Саламатты Қазақстан 2011-2015» бағдарламасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашада

Мемлекеттік бағдарламаның  негізгі мақсаты елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады және:

Қоғамдық денсаулық  сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық іс-қимылдың тиімділігін арттыруға;

Профилактикалық іс-шараларды, мақсатты зерттеп-қарауды күшейтуге, диагностиканы жетілдіруге, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен оңалтуға;

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерді жетілдіруге;

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге;

Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіруге; инновациялық технологияларды дамытуға және медицинаға енгізуге;

Халық үшін дәрілік  заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсартуға бағытталған.

13 билет.Ана мен  балаға  мед көмекті  көрсетуді  ұйымдастыру

14 билет.Амбулаторлық  емхана  мекемелерінің   жұмысы.

15 билет.Салауатты  өмір салтын қалыптастыруды  жүзеге асыру.     

2008-2016 жылдарға  арналған "Салауатты өмiр салты"  бағдарламасы "Қазақстанның 2030 жылға  дейiнгi Даму стратегиясын одан  әрi iске асыру жөнiндегi шаралар  туралы" Қазақстан Республикасы  Президентiнiң 2007 жылғы 6 сәуiрдегi N 310 Жарлығын, "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына  жыл сайынғы жолдауларын iске  асыру жөнiндегi негiзгi бағыттардың  (iс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын  және Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 2007-2009 жылдарға арналған  бағдарламасын орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2007 жылғы 20 сәуiрдегi N 319 қаулысының және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмовтың 2007 жылғы 2 маусымдағы N 20-18/003-612 2-т. тапсырмасын iске асыру үшiн әзiрлендi.  
      Қазақстан қол жеткiзген экономикалық өсу мен саяси тұрақтылық бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiрудi және орнықты дамуға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн терең әлеуметтiк-экономикалық реформалар өткiзуге мүмкiндiк бередi.  
      Елдiң орнықты дамуы саласындағы мiндеттердiң бiрi ұлттың сауығуын қамтамасыз ететiн тетiктердi енгiзу және жетiлдiру арқылы халықтың орташа өмiр сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады.  
      Қазiргi жағдайда, клиникалық медицинаны одан әрi қарай дамыту денсаулық сақтау жүйесiнiң алдын алу бағытына қарай түбегейлi өзгертпей, денсаулықтың негiзгi көрсеткiштерiн жақсартуды қамтамасыз ете алмайды. Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) деректерi бойынша, адамның денсаулығы денсаулық сақтау жүйесiнен барлығы 10% ғана тәуелдi, және 50% - адамды қоршаған ортаның әсерiне, таңдау құқығына, өмiр сапасына және денсаулықты нығайту мүмкiндiктерiне қол жеткiзуден қалыптасатын өмiр салтына тәуелдi.  
      Осыған байланысты салауатты өмiр салтының пайдасына қоғамдық пiкiр мен белсендiлiктi қалыптастыру өзектi болып табылады. Оның негiзгi құралдарының бiрi дәлелдеу медицинасы негiзiнде Салауатты өмiр салтын қалыптастырудың (бұдан әрi - СӨСҚ) әлемдiк жаңа технологияларын, тәсiлдерiн және әдiстерiн пайдалана отырып, адамның денсаулық әлеуетiн сақтауды және дамытуды белгiлейтiн факторларды (табиғи, экономикалық, әлеуметтiк, экологиялық, мәдени) күшейту жөнiндегi сектораралық кешендi өзара iс-қимыл болып табылады.  
      Қазақстан Республикасында СӨСҚ-дiң тиiмдi жүйесiн құру ұлттың сауығуына және Қазақстанның орнықты дамуға көшуiне түбегейлi әсер етуi тиiс.

3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау      

 Соңғы жылдары  Мемлекет басшысының күш-жiгерi  мен пәрмендi iс-қимылдары арқасында  Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық  ахуалдың тұрақтанғандығы және  едәуiр жақсарғандығы байқалады.  
      Алайда, республика халқының денсаулық жағдайы мен орташа өмiр сүру ұзақтығы дамыған елдердiң көрсеткiштерiнен (2006 жылы - 66,1 жас) айтарлықтай артта қалған. Мысалы, Жапонияда бұл көрсеткiш қазақстандық көрсеткiштен 14 жылға жоғары. Мұндай жағдай Қазақстанда 1964 жылы 5,7%-дан 1989 жылы 7,6%-ға дейiн және 1995 жылы 10,2%-дан 2005 жылы 10,4%-ға, 2006 жылы 10,27% халықтың жалпы өлiмiнiң үзiлiссiз өсуi салдарынан болды.  
      Қазiргi үрдiс сақталған жағдайда 2006-2010 жылдары жалпы өлiм деңгейiнiң болжамы қалалық жердегi ерлердiң (1000 адамға шаққанда 14,23-тен 14,93-ке дейiн) және әйелдер өлiмi көрсеткiштерiнiң (9,22-ден 9,42-ге дейiн) сондай-ақ ауылдағы ерлердiң (9,73-тен 10,04-ке дейiн) одан әрi өсу мүмкiндiгi барын көрсетедi және ауыл әйелдерiнiң арасында ғана бұл көрсеткiштiң тұрақтылығы (тиiсiнше 7,53 және 7,52) байқалады.  
      Қазақстандықтардың салауатты өмiр сүру жылдарында көп шығынға ұшырауы мерзiмiнен бұрын қайтыс болу және мүгедек болу салдарынан екендiгi анықталды. 2005 жылы халықтың 1000 адамға шаққанда 231,1 DАLҮ бiрлiгi шығынға ұшырады, бұл ретте толық өмiр сүрмеу себептерiнен 197,4 бiрлiк, ал мүгедектiк салдарынан 33,7 бiрлiк шығынға ұшырады. Бұл дүниежүзiнiң дамыған елдерiмен салыстырғанда анағұрлым жоғары (100 бiрлiк). Айтарлықтай шығынға ұшырау қала тұрғындарының (61,6%) және ерлердiң (тиiсiнше 58,4%) үлесiне тиiп отыр.  
      Өлiмнiң (86%) және аурулардың (77%) ең көп үлесi жүрек-қан тамыры аурулары, қатерлi iсiктер, созылмалы респираторлық аурулар, қант диабетi секiлдi әлеуметтiк елеулi аурулар тобымен түсiндiрiледi. Осы аурулардың негiзiнде темекi шегу, алкогольдi тұтыну сияқты мiнез-құлықтық қауiп-қатер факторлары және басқалар жатыр.  
      Өткiзiлген социологиялық зерттеулер мен скринингтiк тексерулер Қазақстандағы 12 жастан асқан халық арасында темекi шегудiң таралуы 22,8%, қауiптi дозада алкогольдi тұтыну - 18,1%, дененiң артық салмағы - 36,9, оның iшiнде семiру - 7,7%, жемiстер мен көкөнiстердi жеткiлiктi тұтыну 12,3%, дене шынықтырудың төмен белсендiлiгi - 13,3% құрайтынын көрсеттi.  
      Дамыған елдер тәжiрибесi бойынша СӨСҚ процесiн орнықтыру үшiн елде алкоголь мен темекi өнiмдерiне 1% салық салу жолымен ұлтты салауаттандырудың арнайы Қорын қалыптастыру ұсынылды. Алкогольдi шамадан тыс тұтыну мен темекi шегудi шектеуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық саясаттың ең үлгiлi болып табылатын тәжiрибесi - Тайланд тәжiрибесi. Темекi және алкоголь өндiрушi индустриядан түсетiн 2% салық түсiмдерi (өзiндiк салық) темекi шегетiндер мен алкогольдi тұтынушыларға қарсы күрес жөнiндегi бюджеттiк алдын алу бағдарламаларын қаржыландыратын Тайланд халқының денсаулығын сақтау жөнiндегi Ұлттық Қорында шоғырландырылады. Қор қызметiнiң нәтижесiнде темекi шегетiндер мен алкогольдi тұтынушылардың саны қысқарған, сондай-ақ емдеуге арналған бюджеттiк шығыстарды айтарлықтай үнемдеу байқалады.  
      Дүниежүзiлiк практика денсаулыққа көмек көрсету қорлар темекiнi бақылаудың тиiмдi құралы болып табылатындығын және дамыған елдерде де, дамушы елдерде де кеңiнен пайдалануға болатындығын көрсетедi.  
      Қауiп-қатер факторларының көп таралуы созылмалы жұқпалы емес аурулармен (бұдан әрi - СЖА) сырқаттанушылықтың жоғары деңгейiн қалыптастырды. Дәл осы аурулар, сондай-ақ жарақаттанулар, бақытсыздық жағдайлары мен уланулар Қазақстан халқы сырқаттанушылығының және өлiм-жiтiмi құрылымының негiзi болып табылады. Қазақстанның ересек халқының қан айналым жүйесi ауруларымен жалпы сырқаттанушылық деңгейi 2006 жылы 100 000 адамға шаққанда 9178,0 жарақаттанулар мен уланулар - 3813,4 және қатерлi iсiктер - 1687,9 жағдайды құрады. Қан айналым жүйесiнiң аурулары салдарынан болатын өлiм-жiтiм жағдайлары тиiсiнше 100 000 адамға шаққанда 533,1, жарақаттану мен уланулардан - 150,2 және қатерлi iсiктерден - 118,6 жағдайды құрады.  
      Қазақстанда 1975-2006 жылдар iшiнде жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлiмнiң 100 000 адамға шаққанда 255,4-тен 533,1-ге дейiн өсуi байқалды. Бұл ретте Еуропа өңiрлерi елдерiнде осы кезеңде қан айналым жүйесiнiң дерттерiнен болатын өлiм 1,5 есеге төмендедi, мысалы Финляндияда 15-59 жастағы ерлер арасында 100 000 адамға шаққанда 65 жағдайды құрады. Жарақаттанулар мен уланулардан болатын өлiм жағдайлары Орталық Азия елдерiне қарағанда 1,5-1,8 есеге, Еуроодақ елдерiне қарағанда 3 есеге артық. Қатерлi iсiк салдарынан болатын өлiм-жiтiмдер Орталық Азия өңiрiндегi елдерге қарағанда 1,5 - 2,5 есеге жоғары. Бұл ретте сырқаттардың 3/4-нде онкологиялық процестiң I-III сатылары диагностикаланады, қалғандары аурудық диссеминирленген түрлерiмен түседi.  
      Денсаулық сақтау бюджетiнiң 70-80% созылмалы ауруларды емдеуге жұмсалатыны және дерттердiң созылмалы түрлерiнен зардап шегетiн емделушiлер медицина қызметiнiң қарқынды тұтынушылары болып табылатындығы анықталды. Ерте жастағы өлiм-жiтiм, созылмалы аурулармен ауру немесе мүгедектiк отбасы мен қоғам үшiн ауыр экономикалық салдарға әкелiп соғады. Жұмыс берушiлер мен қоғам жұмыс күндерiн жоғалтуға, еңбек өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне және кадрлардың тұрақтамауына байланысты шығын шегедi. Отбасы мен қоғам денсаулық сақтауға арналған шығындардың (тiкелей және жанама) ауыртпалығын, табыстардың қысқаруын, зейнетке ерте шығудан және әлеуметтiк қамтамасыз ету мен әлеуметтiк жәрдем ақыға тәуелдiлiктен зардап шегедi. Осылайша, Ресей Федерациясында 2005 жылы жүрек ауруларына, инсультке және диабетке байланысты ұлттық табысы 11 млрд. халықаралық долларды құрады, ал 2005 - 2015 жылдарда ел 300 млрд. халықаралық долларды жоғалтты. Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болуы ықтимал.  
      Сарапшылардың есептеулерiне сәйкес қан айналым жүйесi ауруларынан болатын өлiм-жiтiм жағдайларын толық жою ерлердiң өмiр сүру ұзақтығын 13,28 жасқа (13,05 - қала және 13,48 - ауыл) және әйелдердiң өмiр сүру ұзақтығын 18,21 жасқа (19,3 - қала және 17 - ауыл) өсiруге мүмкiндiк берер едi. Бақытсыз жағдайлардан, уланулар мен жарақаттанулардан болатын өлiм-жiтiмдi жою тиiмдiлiгi халықтың еркек тұрғындары өмiр сүру ұзақтығын 4,23 жылға (4,58 - қала және 3,66 - ауыл), ал әйелдердiң өмiр сүру ұзақтығын 1,43 (1,55 - қала, 1,21 - ауыл), ал қатерлi iсiктердi болдырмау - тиiсiнше 1,6 және 1,9 жылға ұзартуға қамтамасыз етедi.  
      Артериялық гипертензияны дер кезiнде анықтау және сапалы емдеу инсульт алу қауiпiн 30-40% төмендетуге әкелетiнiн халықаралық тәжiрибе көрсетедi. АҚШ-та 1972 - 1994 жылдар аралығында өткiзiлген кең ауқымды алдын алу шаралары кезiнде жүрек - қан тамыры ауруларынан болатын өлiм-жiтiмдi 2 есеге, инфарктен - 2,5 есеге төмендетуге қол жеткiзiлдi. Тек холестериннiң орташа деңгейiн, темекi шегудiң таралуын және жоғары қан қысымын төмендету есебiнен Финляндияда 1972 -1992 жылдарда ишемиялық жүрек ауруларынан болатын өлiм-жiтiм жағдайлары 80% төмендетедi. Ирландияда 1985 - 2000 жылдар аралығында жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлiм-жiтiмдi 48,1% төмендетуге қол жеткiзiлдi. Алдын алу бағдарламалары бұрынғы КСРО-да жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлiм-жiтiмдi 41% төмендетуге мүмкiндiк бердi.  
      Осыған байланысты Қазақстанның алдында тұрған маңызды мiндеттердiң бiрi созылмалы патологиялар мен мерзiмiнен бұрын болатын өлiм-жiтiм ауыртпалығын қысқарту қажеттiгi болып табылады.  
      Сырқаттанушылық ауыртпалығын, мерзiмiнен бұрын болатын өлiм ауыртпалығын төмендетуге және денсаулықты нығайтуға әлемдiк қауымдастықтың жоғары мүдделiгiн ескере келе, соңғы жылдары ДДҰ бiрнеше стратегиялық құжаттар қабылдады, бұларға Қазақстан да қосылды: алкоголь бойынша Еуропалық iс-қимыл жоспары (2000), ДДҰ-ның темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк тұжырымдамасы (2003), Балалардың өмiр сүру жағдайлары мен денсаулығын жақсарту жөнiндегi Хельсинки Декларациясы және iс-қимыл жоспары (2004), Тамақтану, дене шынықтыру белсендiлiгi және денсаулық саласындағы ғаламдық стратегия (2004), Ғаламдық жағдайда денсаулықты нығайту жөнiндегi Бангкок декларациясы (2005), Жұқпалы емес аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестiң Еуропалық стратегиясы (2006), Семiздiкпен күрес жөнiндегi Еуропалық Хартия (2006).  
      Бұл құжаттар елдерге халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту жөнiндегi тиiмдi кешендi бағдарламаларды әзiрлеу мен жүзеге асыруға мынадай мақсатта белсендi ықпал етудi ұсынады:  
      1) әрбiр жеке тұлғаның толық денсаулық әлеуетiн оған қатысты экономиканың барлық секторларын қамти отырып, қауiп-қатер факторларының денсаулыққа әсерiн төмендету жөнiндегi мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге үкiметтiң жауапкершiлiгi;  
      2) салауатты өмiр салтының пайдасына шешiмдер қабылдау үшiн жағдайлар жасау;  
      3) денсаулық және тұрақты дамуға капитал салу ретiндегi өмiр бойғы бiлiм мен алдын алу;  
      4) денсаулықты сақтау мен нығайтудағы мүмкiндiктердi арттыру үшiн халықтың қажеттiлiктерiне жауап беретiн денсаулық сақтау жүйесiн және тиiстi инфрақұрылым жасау.  
      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының СӨСҚ қызметi ұйымдарының қызметiн және ведомствоаралық деңгейде халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту үшiн салауатты өмiр салтын насихаттау және аурулар мен әлеуметтiк елеулi аурулардың қауiп-қатер факторларының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды өткiзудi қамтамасыз ететiн белгiленген заңнамалық база әзiрлендi. Алайда СӨСҚ-ға, аурулардың факторлық алдын алуға және азаматтардың денсаулығын сақтауға қазiргi уақыттағы көзқарастар қолданыстағы заңнамалық негiздi халық денсаулығының қазiргi уақыттағы жай-күйi мен халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып, одан әрi жетiлдiрудi және жаңасын әзiрлеудi талап етедi.
 

Информация о работе Жұқпалы аурулардың алдын алу