Салық

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың міндеті – Қазақстан Республикасының егеменді, оның әлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуді, мемлекет және қоғам мүддесіне қажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуды, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салық құқығын экономика және құқық аяларынан өзіне тиесілі орнын алуынын басты себебіне айналдыру.Бұл тақырып өзінің өзектілігіне байланысты көп зерттелген. Теориялық және заңнамалық материал жеткілікті.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................3
1 Ел экономикадағы салықтың теориялық негіздері
1.1 Салықтың экономикалық анықтамасы және салық
жүйесінің дамуы .....................................................................................5
1.2 Салықтың мәні және қағидаттары ..................................................7
1.3 Салықтың басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы .............10
2 Салықтың мазмұнын, белгілерін және оның атқаратын
қызметтерін талдау
2.1 Ақмола облысының 2007-2008 ж салықтық түсімін талдау….....13
2.2 Салықтың мазмұны және оны экономикалық категория
ретінде талдау .........................................................................................20
2.3 Салықтың атқаратын қызметтері мен белгілері.............................24
Қорытынды ...........................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................31
Қосымша

Работа содержит 1 файл

кур ж салык каржынын бір туткасыретінде111.doc

— 453.50 Кб (Скачать)

      Қазақстанның  салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

      Салық  төлеуші салық  заңнамасына    сәйкес  салықтық   міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті [11, 127].

      Салықтар  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуы тиіс. Салық салудың айқындығы салық  төлеушінің салықтық міндеттемелері туындалуының, орындалуының және тоқталуының барлық негіздері мен тәртібін  салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      Еліміздің салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық  жеңілдіктерін беруге тиым салынады.

      Қазақстанның  салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біріңғай болып табылады.

      Салық салу мәселелерін  реттейтін нормативтік  – құқықытық актілер ресми  басылымдарда  міндетті түрде  мақсатты  жариялауға жатады

Мемлекетте  түсетін салық түсімдерінің  сипаттағы ерекшелігі олардың сан алуан  қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы  болып табылады.     Осымен салықтардың  мемлекет, сондай –ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударылымдардан айырмашылығы болады.

      Салықтардың әлеуметтік – экономикалық  мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда  толық ашыла түседі. Жалпы қаржы  категориясы  тұрғысынан салықтар қосалқы  категория  болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға  қатысты  салықтардың функцияларын  қаржының бөлгіштік функциясынының құрамдас  қосалқы  функциясы ретінде қарастырған жөн [12, 98].  
 

     2.3 Салықтың атқаратын  қызметтері мен белгілері 

      Салықтың  мәні оның атқаратын қызметіне тікелей  қатынасты. Ескере кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салық түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салық қызметтерін қаржының бөліп тарату қызметінің бөлігі ретінде қарастыруға болады. [18,64].

          Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл - қазыналық.

      Мемлекет  өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық төлеушілерге  нормативтік  құқықтық актілер негізінде  салық және бюджетке төленетін басқа  да  міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары  мен төлеу  мерзімін  белгілейді. Салықтардың  қазыналық  қызметі – түрлі субьектілер  табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді.  Салықтың қазыналық қызметі  арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің бюджет саясаты  жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттерге тән негiзгi функция. Оның көмегімен бюджеттiк қор қалыптасады, мұның өзi салықтардың қоғамдық мiндеттерiн арттыра түседi. Өйткенi салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды  жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тауарлық-ақша қатынастарының даму шамасы бойынша бұл қызмет мемлекетке түсетін барлық ақша кірісін анықтайды. [14, 203].

      Салықтың  келесі қызметтерінің бірі – бақылау (реттеу).

      Мемлекет  экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі  арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда  тежеп отырады (салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді).        

      Бюджетке  түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет түріне  бақылау жасау керек.  Ал енді  салық түсімдеріне бақылау өте қажет екені даусыз. Мемлекет  бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған сәйкес өз қызметін атқарады. Мемлекеттің экономикалық қызметінің  ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда  салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.

      Салықтардың бақылау  қызметінің арасында салық жүйесінің  тиімділігі  бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне  бақылау қамтамасыз етіледі

      Салықтың  келесі атқаратын  қызметтерінің  бірі – қайта бөлу.

      Бюджетке  түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін  бағдарламалар  жобасына  сәйкес және әр салаларға  мақсатқа  сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа  сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

      Салықтың  қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты  қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге  әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді [15, 234].

      Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен  бюджетте  ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік  мәселелереді  шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың  табыстары  арасындағы қатынастарды  өзгерту жолымен әлеуметтік  тепе- теңдікті  ұстап тұрады.

      Салық қызметінің міндеті  - бюджеттің  табыс бөлігінің орындалуына  жауап беретін  бірден бір мемлекеттік  орган. Мемлекеттің экономикалық қызметінің  ұлғаюымен  байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда  салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады.

      Қайта бөлу функциясы  арқылы  түрлі субьектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің  ауқымы жалпы ұлттық өнімде  салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың  мемлекеттендірілуі  дәрежесін көрсетеді.

      Салық – бірінші  кезекте,  бюджет саясатын  жүзеге асыра  отырып,     мемлекеттік бюджетті   толықтыруды көздейді. Осы бюджетке  түскен салық түсімдеріне «қайдан келеді және қайда кетеді» жөнінде бақылау жасайды. Ал енді  осы қызметтердің қорытындысы  ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

      Мұның мақсаты – мемлекет әділетті түрде  өз шығындарын  да жаба отырып, елдің  әлеуметтік топтарына  да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу [15, 236].

      Көптеген  экономикалық  әдебиеттерде  салықтардың бірнеше қызметтері  атап көрсетілген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің көмегімен мемлекет  өндірістің және басқа да шаруашылық  субьектілерінің  дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды салық ставкаларын енгізеді.

        Салықтардың ынталандырмайтын  қызметі  оларды  басу мақсатында әрекеттің   қандай да  бір түріне  арнайы  салықты  енгізу жолымен жүзеге  асырылады.

      Салықтардың тұрақтандырушы қызметі эконмикалық  өсу, техникалық жаңару, халық санының өсуі үшін  әр түрлі шаралар жасайды.

      Салықтардың шектеу қызметі. Мемлекетке  кейде  бірсыпыра  өндіріс түрлерін дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты  арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан  Республикасында  бұл қызмет 10-20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық  салық ставкалары  арқылы  жүзеге асуда.

            Салық – экономикалық категория және ол мемлекеттік қаржыны басқарудағы негізгі тұтқа болып табылады. Оның өзіне тиесілі белгілері бар.

      Салықтың  белгілері, атап айтқанда:

  • салықты – мемлекет немесе  уәкілдік берілген  мемлекеттік орган белгілейді;
  • салық – құқықтық нысанда  жүзеге асады;
  • салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
  • салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі  туындайды;
  • салық – мәжбүрлеме  сипатта болады;
  • салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық  сипатта жүзеге асырылады.

      Салықтың  осы құқықтық белгілеріне кеңірек  тоқталып өтейік.

      1. Салықты тек мемлекет қана  белгілейді.

      Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге  және енгізуге  құқы жоқ.

      Салық – бұл мемлекеттің белгіленімі  болып саналады.

      Салық – осы белгісі арқылы басқа  да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.

      Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында  салықты былайша қарастырады:

    • біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлкеттік орган ғана бекіте алады;
    • екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілерімен  қатаң түрде жүзеге  асырылады;
    • үшіншіден, осы қабылданған  құқықтық акт белгілі бір тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

      2. Салық құқықтық нысанда жүзеге  асады. 

      Мемлекет  салықты бекіту және енгізу  үшін құқықтық акт қабылдайды.            

      Мемлекеттің   салық    қызметін жүзеге асырудағы  негзгі әдісі болып  нормативті актілерді  шығару  табылады.

      Салықтың  құқықтық негізі ретінде - мемлекет шығарған  нормативті  акт қабылданады.

      Салық элементтері  және салық салудың  шарттары  осы құқықтық актіге  сәйкес белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.

      3. Салық мемлекеттің бір жақты  белгіленімі болып табылады. 

      Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде келісілген  келісімнен  кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде  барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір топтарымен  немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде салықтық сувернитет  жүзеге асырылады.

      Салықтық  суверенитет (егемендік) – мемлекеттің  өзінің аймағындағы кейбір салық  түрлерін кез келген  мөлшерде өзгертуге  және салық салу  обьектілерін  белгілеуге, салық саясатын  жүзеге асыруға құқы бар [13, 251].

      4. Салықты белгілеу арқылы салық  міндеттемесі  туындайды.  

      Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген  салық жеке және заңды тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық  міндеттемелерін жүктейді.

      Салық төлеуші тұлғалар салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады.

      Белгіленген  салық заңды салық міндеттемесін  туғызады.

      Қазақстан Республикасының  Салық кодексінде  салық міндеттемесіне былайша түсініктеме  берілген: «Салық төлеушінің салық  заңдарына  сәйкес мемлекет  алдында туындаған  міндеттемесі салық міндеттемесі  деп танылады, оған сәйкес  салық төлеуші  салық органына  тіркеу есебіне  тұруға, салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты  обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдерді  есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде  табыс етуге, салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті ».

      5. Салық мәжбүрлеме  сипатта болады.

      Салықтың  мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:

  • Бірінші кезең, мемлкет салықты салық төлеушілердің еркінен  тыс белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүрлі түрде;
  • Екінші кезең, салықты төлеген кезде салық төлеуші  өзінің меншігінің бір бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылып отырады;
  • Үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріліп алады.

        6. Салық төлеу арқылы   ақшаны  алу құқықтық  сипатта жүзеге  асырылады.

        Бір жағынан алғанда, салықтарды  салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп алынады, ал екінші жағынан  мемлекетті басқа да ақшалармен  қамтамасыз етеді, ал бұл құқықтық негізде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек «Салық – салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсы тәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды».

        Салықтың жиналатын орындары:

  • нарықтарда;
  • сатушы мен сатып алушылардан;
  • үй шаруашылығынан;
  • табыс көзінен, шығын статьяларынан;
  • Салықты реттеудің тетіктері :
  • салық түрлері;
  • салық ставкалары;
  • салық жеңілдіктері;
  • салық салу әдістері;
  • Салық  төлеуден қашу себептері:
  • елеулі салық ауыртпалығы;
  • салық заңының айқынсыздығы;
  • субьектілердің саналы түрде алдын-ала салық мөлшерін төлемеуге  ұмтылуы;
  • салық қызметін ұйымдастырудағы  кемшіліктер болуы мүмкін. 

Информация о работе Салық