Жылжымайтын мүлік объектілерінің мінездемесі және классификациясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 16:28, курсовая работа

Описание работы

Дамыған елдер тұрғын жылжымайтын мүлікті бағалау мен пайдалануда жақсы нәтижелер көрсетіп,осыған байланысты жылжымайтын мүлікті бағалау мен талдау әдістері жасалған. Жылжымайтын мүлік экономикасы курсы Қазақстанда арнайы мамандарды дайындайтын жалпы кәсіптік-экономикалық пән болып табылады.Бұл бағыт республикада жүргізіліп жатқан экономикалық реформа жағдайында жылжымайтын мүлік саласындағы нарықтық механизмдердің құрылуын қамтамасыз ететін жаңа бағыт болып табылады.

Содержание

Мазмұны:
1.Тұрғын жылжымайтын мүліктің негізгі түсінігі
1.1 Жылжымайтын мүлікті бағалаудың теориялық негіздері
1.2 Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ
банктерiнiң бағалау көрсеткiшi және қолданылатын терминдер
2 Тұрғындық мүлікті бағалау
2.1 Тұрғындық мүлікті бағалаудың ерекшеліктері.
2.2 Тұрғындық мүлікті бағалау тәсілдері.
3 Қазіргі кездегі тұрғындық жылжымайтын мүлікті бағалау жолдары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қаржы академиясы.doc

— 300.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 
Арнайы  экономикалық аймақ – капиталды  инвестициялау және экономиканы  дамыту үшін жағдай туғызатын шетел  және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.

«Астана – жаңа қала» АЭА құру кезінде біздің еліміз аумағындағы АЭА, сонымен қатар ТМД және алыс шетел елдеріндегі АЭА-дың жұмыс тәжірибесі есепке алынды. «Астана – жаңа қала» АЭА салалық бағыттылығы бойынша құрылыстық болып табылады.

«Астана – жаңа қала» АЭА құрудың басты мақсаты  – АЭА аумағын игеру және жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету, қазіргі заманғы инфрақұрылымды жасау, әкімшілік және әлеуметтік-мәдени маңыздағы бірегей обьектілер құрылысын салу, жабдықталған тұрғын үйлер салу, сонымен бірге Қазақстан Республикасы елордасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана – жаңа қала» АЭА құру туралы Жарлығына  қол қойған күннен бастап жоспарланған 238,6 млрд. теңге орнына 793,5 млрд. теңге  шамасында инвестиция тартылды. Астананы көшіргенде бұндай ғаламдық және тәуекелді іс іс шарасы жақын арада жемісін айқын арада бере қоятынына ешкім сене қоюы неғайбыл еді. АЭА обьектілер құрылысына инвестицияларды тартуға құқықтық, яғни кеден және салық жеңілдіктері әсер етеді.

АЭА аумағы басында 1 052,6 га құрады, 2005 жылы аумақ 513,7 га кеңейтілді. Осы жылы АЭА екі есеге артты және аздап 3874,1 га өсті және 5440,4 га құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы 2007 жылғы 21 маусымдағы № 352 Жарлығымен ауданы 598,1 га «Индустриалды парк» жұмыс атауымен аумақ қосылды.   Оның аумағында өндірістік обьектілер тұрғызу жоспарланып отыр. «Индустриалды паркте» «Nissan» маркасындағы автокөліктер және «Nokian» маркасындағы автошиналар шығарылатыны белгілі болды.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағында жағымды инвестициялық климат жасау мақсатында инвесторларға жеңілдік беретін ерекше құқықтық тәртіп белгіленген:

  1. АЭА аумағында құрылыс жүргізу мақсатында тауарлардың айналымы бойынша (жұмыс және қызмет көрсету) ҚҚС босату;
  2. Құрылыс барысында толық тұтынатын тауарларға қосылған құн салығы бойынша нольдік мөлшерлемені пайдалану;
  3. Құрылыс обьектілері салынып жатқан жер учаскелерін жер салығынан босату;
  4. Ғимарат пен имараттың қалған сомасының мүлігі салық салу обьектісі болып табылмайды.

Одан басқа АЭА аумағы еркін кедендік режимі жүргізілетін аумақ ретінде қарастырылады. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырған кезде импортталатын тауарларға акциз салуды қоспағанда кеден баждары мен салық салынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. «Астана – жаңа қала» АЭА шегіндегі обьектілер құрылысының өзіндік құны инвестор үшін әдеттегі салынып жатқан құрылыстан (жеңілдікті пайдаланбағанда) 14-20% төмен . 

  АЭА аумағында инвесторлар үшін кеден және салық жеңілдігінен басқа да пайда бар. АЭА аумағындағы құрылыстың негізіг мақсаты бюджеттік қаржы есебінен аумақты инженерлік дайындау және инженерлік желілер мен жолдарды салу болып табылады.

   Осындай бағдарламаны жүзеге асыру АЭА аумағының кешенді құрылысын жүргізуіне көмектеседі, инженерлік желілер, жолдармен және қаланың басқа бөлігімен байланыстыратын қолайлы көлікпен қамтамасыз етеді.

   Сөйтіп, потенциалды инвесторларға инженерлік желілер және жолдар салынған инженерлік аумақтарда жұмыс істейтіндіктен, обьектілер құрылысы үшін қосымша стимул жағдайы жасалған.

  «Астана – жаңа қала» АЭА аумағы құрылысында алдыңғы қатарлы технологиялар қоданылып және әлемнің жетекші сәулеткерлері авторы болып табылатын  бірегей жобалар жүзеге асырылып жатыр.

   Мемлекет басшысының 2001 жылғы 15 тамыздағы Жарлығымен әлемге әйгілі сәулетші Кишо Курокава мырза жетекшілік ететін Халықаралық ынтымақтастық бойынша Жапон агенттігінің зерттеу тобы әзірлеген Астана қаласының бас жоспарының жобасы бекітілді.

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағының құрылысына өз үлестерін қосқан атақты сәулетшілер:

  • Бейбітшілік және Келісім сарайының, Хан шатыры мәдени-ойын-сауық орталығының жобасын салған Норман Фостерс. Жоба болат діңгектермен тіреліп тұрған шатыр түрінде. Ауданы 100 000 м² болатын орталық Астана қаласының ең биік (150 м) нүктесі болады. Ғимараттың ортасында мәдени шаралар өтетін және ойын-сауық және көрмелік қызмет көрсетілетін кең икемді алаң бар. Хан Шатыры ойын-сауық орталығында 40 000 м² ауданда орналасқан жабық автокөлік тұрағы, кафетерий, мейрамхана және кинотеатрлар бос уақытты өткізу мүмкіндігін туғызады.
  • М. Николетти 3 500 мың орындық кешенді киноконцерт зал жобасын әзірледі. Онда симфониялық, классикалық және қазіргі заман әндері концерті, балет, конгрестер, кино қойылымдары және саяси шаралар өткізіледі.
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Арнайы  экономикалық аймақ аумағында құрылған күннен бастап 231 обьекті тіркелді, оның ішінде 74 обьект инженерлік-көлік  инфрақұрылымы, 62 тұрғын үй, 59 әлеуметтік-тұрмыстық мағынадағы обьектілер және 30 әкімшілік ғимараттар. Бүгінгі күнде 118 обьекті мемлекеттік және жұмысшы комиссиясының актісімен пайдалануға берілді, 113 обьектіде құрылыс жүргізілуде.

2007 жылдың 1 шілде  айы бойынша 793,5 млрд. теңге игерілді, оның ішінде: бюджеттік қаржы – 297,3 млрд. теңге (республикалық бюджет – 248,5 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 48,8 млрд. теңге), кәсіпорындардың жеке қаржысы – 279 млрд. теңге, ұлттық компаниялар қаржысы – 45,6 млрд. теңге, шетел инвестициялары – 156,1 млрд. теңге, шетел мемлекеттерінің гранты – 15,5 млрд. теңге.

Бүгінгі күнде 513,5 млрд. теңге игерілді. Соның ішінде 2007 жылда 165 млрд. теңге 2006 жылмен салыстырғанда 18% (139,3 млрд. теңге) көп игерілді. 

«Астана – жаңа қала» АЭА құрылғанына 5 жыл ішінде инвестицияны игеру динамикасын көрсетуге болады:

Жыл 2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл
Млрд. теңге 30,7 44 49,8 74 139,3 165
   

 Кесте-3.Астана қаласының дамуына бөлінетін инвестиция динамикасы.

Құрылысты 85 шамасында  бас мердігерлік және 600-ден жоғары  қосалқы мердігерлік ұйымдар жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде – отандық компаниялар – 68, Түркия, Германия, Ресей, Қытай, АҚШ, Испания, Словакия, Корей құрылыс шетел ұйымдары – 17.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Мемлекет  өзінің  ішкі  экономикасын  біршама  тұрақтылықта  дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашан алдын  ала өз жоспарлары  арқылы  есептелінетін  елдің  экономика  саласындағы  ұтымды  қадамдарымен  қамтамасыз  етіледі.  Осы  орайда  баға  мен  елдегі  инфлияция  шараларының  арасындағы  байланыстарды  жүйелі  түрде  шешу  мен  мемлекеттің  игілігіне  қызмет  жасауын  қадағалау  негізгі  бағыттардың  біріне  саналады.

     Халықаралық ақшалай талаптар  мен міндеттемелерді мемлекеттік  реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық

елдің  төлем қабілетін сипаттайтын  - халықаралық өтімділік валюталық  жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің  құрылымына  шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастарға резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.      Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады.

      Мемлекеттік органдардың қызметін  бағалауға Президент Әкімшілігі және Премьер-министр Кеңсесімен қатар азаматтық сектордан тәуелсіз сарапшылар да – Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары да тартылады, бұл  максималды объективтілік пен транспаренттілікті қамтамасыз етуі тиіс. Бұл туралы, соның ішінде бүгін Атанада Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Б. Байбектік төрағалық етуімен өткен Астанадағы семинар-кеңесте мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін мемлекеттік жоспарлау, бағалау, Президенттің актілері мен тапсырмаларының орындалуын қалыптастыру және бақылау туралы Президент жарлықтарын іс жүзінде іске асырылуын талқылау барысында айтылды. Елді инновациялық-индустриалдық дамыту бағдарламасына бастама жасаған Мемлекет басшысы ел алдында мүлдем жаңа және ауқымды міндеттерді қойды, оларды шешу мемлекеттік органдардың да, азаматтық қоғамның да  өзара әрекет етуінің жаңа алгоритмін талап етті. Бағалау принциптері  мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесімен құрылады: орындауды жоспарлау – іске асыру – мемлекеттік бақылау – бағалау. Бақылаудың маңызды құрамдас бөлігі мемлекеттік органдар қызметін жүйелі бағалау болады, оған  үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіз сарапшылары тартылатын болады. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауға жоғары назар, бағалау әдістемелін және тиімділікті арттыру әдістерін пысықтауда мемлекеттік және жеке сектордың синергетикасы басқа мемлекеттерге тән. Мысал ретінде АҚШ, Австралия, Канаданы, Ұлыбританияны, Жаңа Зеландияны, Нидерландыны, басқа да көптеген елдерді атап өтуге болады. Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен қызметтің тиімділігін бағалау талдау мен бақылауда субъективизм үлесін төмендетуге мүмкіндік береді,  анағұрлым объективті деректермен дұрыстауға мүмкіндік береді. Сонымен Қазақстандық практикада да мына принцип бойынша қатар түзетін бақылау жүйесі: «орындауды жоспарлау – іске асыру - бағалау» Мемлекет Басшысының саясатының кешенді іске асырылуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары мен даму жоспарларының  деңгейі мен уақытылы орындалуын арттырады, мемлекеттік басқаруға қоғамның қатысуын күшейтеді.

           Тұрғын үй құрылыстық кешенін  дамытуға кең көлемде қол жетімді  тұрғын үй факторлары әсер  етеді. Қол жетімді тұрғын үй, сол тұрғын үйдің стандартқа  сәйкес екендігімен, белгілі табыс  деңгейдегі тұрғындардың әрбір  әлеуметтік топ ішіндегі тұрғындардың тұрғын үйді алу мүмкіншілігі ретінде қарастыру ұсынылады. Қол жетімді тұрғын үйді есептеу үшін белгілі қол жетімді тұрғын үй индексін қолдану қажет, алайда бұл кезде аймақтағы тұрғындардың ең аз күн көріс деңгейін, тұрғын үй коммуналдық төлемақысының көлемін, өндірістің қызмет ету барысындағы өндірістік шығындардың нақты  көлемін есепке алу қажет.

         Үй құрылыстық кешенінің қызмет  атқаруы барысында тұрғын үй  мәселесінің басымдылығын бейнелейтін  жалпы нәтижелі мақсатты бағалау көрсеткіші ретінде, аймақтағы тұрғын үймен тұрғындарды қамтамасыз ету көрсеткішін қолдану мақсатқа сай болып табылады. Статистикада қолданылатын халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ұғымы, жыл соңындағы барық тұрғын үй қоры көлемін сол мерзімдегі аймақтағы тұрақты тұрғындардың санына бөлумен есептелінуі мәні жағынан төменгі құндылықтағы көрсеткіш болып табылады. Себебі жүргізілген орташа есептемеде аймақтағы тұрғындардың тұрғын үй жағдайының әлеуметтік топтарға байланысты нақты бейнесі «жойылады». Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді дұрыс сипаттау үшін тұрғындардың салып жатқан тұрғын үйлерінің ауданы көлеміне сәйкес тұрғындарды бөліп, талдау қажет.

       Ақпараттық жүйенің құрылымы  өзара байланысты алты ішкі  жүйемен көрсетілуі мүмкін: аймақта  демографиялық серпінді болжау; тұрғын үйді тұтынушылардың әлеуметтік тобы бойынша тұрғындарға бөлу; тұрғын үй құрылысы үшін аймақтағы инвестициялық қорды бағалау және болжау; тұрғын үй ғимараттарының құрылыстық жүйесінің  тиімділігін кешенді түрде бағалау; тұрғын үй құрылысының серпіні мен құрылымын болжау; құрылыстың өндірістік базасының жүйе құрушы кәсіпорындары бойынша жағдайларын (жойылуы, техникалық қайта жабдықтау, қайта құрастыру, жаңа құрылыс) анықтау арқылы, құрылыстық материалдар, бұйымдар және құрастырылған құрылыстық заттарға қажеттілігін болжау.  

      Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.

2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.

3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.

4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.

5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 №5.

6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.

7. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы,  2000 г.

8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.

9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.

10. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.

11. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2003, 5 сәуір.

12. Қазақстан  Республикасының Президентінің  жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2005, 18 ақпан.

13.   Қаржы-экономика  сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және  ғылым министрлігінің Экономика  институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

14. Джек Фридман,  Николас Ордвей, Оценка и анализ  приносящей доход недвижимый  собственности, М., 1993; Большой экономический  словарь, М, 1997.

15. Қазақ Энциклопедиясы, 1 том

16. Ертаев Е.Ж. Құрылыс кешеніндегі маркетингтік даму ерекшеліктері                    «Ізденіс-Поиск» -2006. -№4(2). -14-17 б.

17. Ермағанбетов  М.Р

Тұрғын  үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамытудың теориялық негіздері // «Аймақтық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту мәселелері» атты ХҒТК материалдары. Академиялық инновациялық университет. Нұрлы бейне, Шымкент. -2009.

Информация о работе Жылжымайтын мүлік объектілерінің мінездемесі және классификациясы