Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Работа содержит 1 файл

жұмыссыздық.docx

— 67.15 Кб (Скачать)

     Жаңа  жұмыс орның құру бағдарламасы бойынша 2000 жылы 146,2 мың жұмыс орнын құру болжамдалды , 2001 жылғы 1 қантарға 264,9 мың  жұмыс орны құрылды , оның 204,6 мыңы (77 %) – тұрақты жұмыс орындары . Сөйтіп, республика бойынша бағдарламада белгіленген  жоспар 181,2 пайыз орындалды .

     Ең  көп жұмыс орны (83,3 мың) шағын бизнес саласында ,өнеркәсіпте – 63,0 мың  және шаруашылығында – 30,2 мың жұмыс  орны құрылды .

     Бағдарламада  қаралған жоспарлы тапсырма тек үш облысты – Павлодарда (44,1 %) , Ақмолада (56,9 %) , Қызылордада (61 %) – ғана орындалмай қалды .

     Бағдарламадығы  жұмыс орнын құру жөніндегі жоспарлы тапсырманы орындау көрсеткішінің  ампилитудасы 110 және 515 пайыз аралығында болды . Жұмыс орнын құру мына облыстарда белсенді жүгізілді : Қарағандыда – 424,3% , Оңтүстік Қазақстанда – 515,3 % , Солтүстік Қазақстанда – 497,2 %.

     Бұл көрсеткіштер қаржы жұмсау мүмкіндігінің  және тұтас алғанда , экономиканың жандана  бастағанының куәсі бола алады . Алайда , жұмыс орындарын құрудың қарқыны  еңбек базарындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейін толық мөлшерде қанағаттандырмайды .

     Жергілікті  атқарушы органдардың шешімі бойынша  әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтарды  жұмысқа орналастыру үшін квота  бекітілген-ді. Квота есебінен 2005 жылы 23,0 мың адам (20 жасқа дейінгі жастар, кәмелетке толмаған балалары бар  жалғыз басты және көп балалы ата-аналар, оралмандар, бір жылдан астам жұмыссыз жүрген адамдар және басқалар) еңбекке орналастырылды .

     Алайда, әлеуметтік қолдауға аса зәру азаматтарды  жұмысқа алу үшін жұмыс берушілерде  айтарлықтай экономикалық ынта жоқ, бұл оларды жұмысқа орналастыруды  қиындатады .

     Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының  жаңадан қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңында халықтың еңбекке орналасуда қиыншылық көріп  отырған атаулы топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту белгіленген . Ол топтар : жеткілікті қамтамасыз етілмегендер; 21 жасқа дейінгі азаматтар, жетім  балалар және ата-ананың көмегінсіз қалған балалар; кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған  жеке басты және көп балалы ата-аналар ; Казақстан Республикасы заңдарына  сәйкес қарамағында үнемі көрсетілетін күтімге, көмек пен бақылауға  мұқтаж деп танылған адамдары бар  азаматтар; зейнеткерлікке шығар алдындағы  жастағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығарға екі жыл  қалған), мүгедектер; Қазақстан қарулы күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыратын жерлерден  және ықтиярсыз емдеуден босатылған адамдар; оралмандар .

     2006 жылдың 1 каңтарына қоғамдық жұмыстарға 116,3 мың жұмыссыз қатысты , бұл  жұмыспен қамту органдарына өтінішпен  келген азаматтардың жалпы санының  31,6 пайызын құрайды яғни 2005 жылдың 1 қантарына (59,3мың адам болған) қарағанда екі есе көп . Бағдарламада  республика бойынша қоғамдык  жұмыстарға 71,8 мың адамды катыстыру  көзделсе , іс жүсінде 114,1 жұмыссыз  осындай жұмыспен қамтылды , яғни  жоспар 158,9пайыз орындалды . Жоспарлы  тапсырманы республиканың барлық  аймақтары орындап шықты . Ең  жоғары көрсеткіш Алматы облысында  – 6,8есе және тапсырма Қостанай , Ақтөбе , Атырау , Маңғыстау облыстарында  және Алматы қаласында орта  есеппен 2,5 орындалды .

     Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуі  барлығы 897,5 миллион теңге белгіленгенді , одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион теңге , яғни жалпы соманың 68,8 пайызы .

     Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне акы  төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс . Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық  ақысы 2,5 теңге болды және ол 2005 жылға  ең төменгі жалақыдан (2680 теңге) асқан  жоқ . Қазақстан Республикасының  «Салықтар және бюджетке басқадай төлемдер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік салық  ұсталады . Сондықтан 897,5 миллион теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан кейін  бағдарламаны жүзеге асыруға 664,2 миллион  теңге қалады , бұл өз кезегінде  істелетін жұмыстың көлемін де , онымен қамтылатындардың санын да кемітеді . Табыс салығы ақша төленетін жерде  ұсталады және оның көлемі 125 теңгедей . Сөйтіп жұмыссыздар қолына қоғамдық жұмыс үшін 2375 теңге алады .

     Республиканың «Халықты жұмыспен қамту туралы»  жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру , каржыландыру және төлеу тәртібі  өзгертілді . Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады , ол республикалық және жергілікті бюджеттен , сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан  қаржыландырылады .

     Жалпы экономикалық ахуалды ескере отырып , (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы  күшіне сұранымның төмендеуі , жаңа жұмыс  орындарын құрудың төмен қарқыны , жұмыс берушілердің жергілікті жұмысқа  орналастыру органдарына бос  орындар жайына ақпарат беруге ынтасының  төмендеуі , кәсіптік  оқытуға міндетті түрде төрт жақты келісім шарт жасау жатады) бағдарламаны әзірлеу  кезінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту басым бағытқа  жатқызылды . Осыған байланысты бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларына қараған қаражаттан 2005 жылы қоғамдық жұмысқа 72,4 пайызы , кәсіби оқытуға 17,5 пайызы жоспарланды .

     Бағдарлама  бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа  орналастырылды , 272адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі  ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында  – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды .

     Бағдарлама  бойынша жұмыссыздарды оқыту  жөніндегі тапсырманы қамтамасыз етпегендер : Солтүстік Қазақстан облысы – 12,7% , Жамбыл – 19,8% , Павлодар – 62,2% , Алматы – 76,4% , Шығыс Қазақстан – 77,0% , Қызылордада  – 77,1% , Ақмола – 84,0% .

     Қаржыландырудың жеткіліксіздігі жұмыссыздарды  кәсіптік оқуға жіберуді қиындатты , соның салдарынан оқумен қамту  ойдағыдай емес . Басында кәсіптік оқыту үшін 207,9 миллион теңге қаралғанымен , қаражаттандыруға нақты белгіленгені 81,9 миллион , яғни 37,6 пайыз болды , мұның  өзі негізінен жұмыссыздарды  оқыту жөнінде жасалған төрт жақты  келісім шартта көрсетілген шектеуге байланысты еді .

     Бизнес  –инкубаторлар

     Бизнес-инкубаторлар 9 облысты және 2 қалада құрылған . Республика бойынша бүгінде 31 бизнес-инкубатор  ашылған , олардың офистері мен өндірістік ғимараттары алып жатқан жер 28,907 шаршы  метр , келешекте осы мақсатқа тағы да 6250 шаршы метр бөлу көзделіп отыр . Маңғыстау және Атырау облыстарына  оларды құру ұйымдастыру сатысында  ғана .

     Бизнес-инкубаторлар аумағында өндірістің әртүрлі салалары бойынша 202 кәсіпорын салынған .

     Бизне-инкубаторларды ұйымдастырумен олардың қызмет істеуі үшін жуапкершілік қалалар мен аудандардың  әкімдеріне , облыстық және қалалық  Еңбек , жұмыспен қамту және халықты  әлеуметтік қорғау департаменттері  мен басқармаларына , кәсіп-керліктің , шағын және орта бизнестің облыстық басқарламалары мен комитеттеріне  жүктелген .

     Кәсіпкерлікті колдаудың Батыс Қазақстан қоғамдық қоры негізінде жалпы көлемі 2220 шаршы  метрлік бизнес-инкубатор ұйымдастырылған , онда өндіріспен , өндеумен және қызмет көрсетумен шұғылданатын шағын кәсіпкрліктің 15 субъектісін орналастыру жоспарланып  отыр .

     Шағын несие беру

     Шағын несие беру адамдардың өзін өзі жұмыспен қамтуына көмек көрсететін экономикалық шара ретінде кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның  құрамдас бөлігі болып табылады . Ең аз қамтамасыз етілген 70 мың азаматқа шағын несие беру көзделген болатын . Бағдарлама жұмыс істей бастаған мерзімнен бері 19,2 мың адамға 601,7 миллион теңгенің шағын несиесі , оның ішінде қайтып келген сомадан 3 миңнан астам шағын несие берілді . Бағалау  деректері боынша шағын несие  бағдарламасы жүзеге аса бастаған кезден бері 10 мың жаңа жұмыс орны құрылды .

     Қазіргі кезде 2006 жылы беріліп , мерзімі өткен  несиелерде қайтару жүріп жатыр .

     Халыққа шағын несие беру бағдарламасының  жаңа жобасы жасалады . Қазіргі кезде  ол бұған мүдделі министрліктерге  жіберілді . 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Cонымен  қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық  мәселесі қазіргі кезде бүкіл  дүние жүзі бойынша ауқымды  да, күрделі мәселеге айналып  отыр. Американдық еңбек базарында  жүргізілген көптеген зерттеулер  жұмыссыздық негізгі мінездемелерін  анықтап берді. Олар қатарына  жұмыссыздық дәрежелері арасында  жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне  байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың  жұмылдыру мен жұмыссыздықты  өсіруі және азайтуы, мұндай  ағымдылықтың көпшілігінің циклдік  сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың  қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы  жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық  дегеніміз экономиканың толық  жұмылдыру жағдайында болатын  жұмыссыздық болып табылады. Ал  циклдік жұмыссыздық дегеніміз  құрылымдық жұмыссыздықты басып  озу болып табылады.

     Экономиканың  қай уақытта толық жұмылдырылған  жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып  табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде  көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға  байланысты болады.

     Біздің  елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары  – жасырын және фрикциондық болып  табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы

     барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа  айнала бастады

     Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша  жұмыс күшін қажет ететін өндіріс  саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз  етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық  революция жағдайында жұмыспен қамтуды  тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.

     Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты  тұрақтанды деп айтуға     болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.

     Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік- саяси  жағдайлар есебімен экономиканы  тұрақтандыруд және ақша айналымында  инфляциямен күрес жүргізуде  қолдануға тырысады.

     Жұмыссыздық – бүкілдүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын  жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені  аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық  бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық  мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық  ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық  мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

     Республика  бойынша және оның  жеке аймақтары  бойынша да кедей адамдар да , жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың  қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс  істеп жүрген басқа адамадар есебінен көмек көрсету керек. 

     Біздің  болашағымыз -  жасөспірімдер. Жұмыссыз жасөспірімдердің көбі  -  жұмыс  күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Егер жастардың жұмыс іздеуге  кеткен уақыты қысқартылған болса, онда олардың арасындағы жұмыссыздықты  азайтуға болар еді. Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.

     Жастардың жұмыс күші қатарына қосылып және одан шығуының бір себебі – сол  жұмыс орны оларды қызықтырмайды. Жұмыс  орнын жақсарту мәселесімен кейбір еуропалық елдер, әсіресе, Германия жастарды жұмыс орнына қызықтыру  үшін техникалық тұрғыдан оқытуды қолға  алып отыр.

     Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз  керек:

     Мемлекет  жаңа жұмыс орындарын ашу керек.

     Жаңа  жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте  жалақыны өсіру.

     Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам  деген адамдарға шағын несие  беріп, олардың өз кәсібін ашуына көмек жасауға көмек көрсету.

     Шетелдік  инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскелер көбірек  орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан  ашылған жұмыс орындарына мамандығы  мен білікті бар адмдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай  ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы қажет.

Информация о работе Жұмыссыздық