Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Работа содержит 1 файл

жұмыссыздық.docx

— 67.15 Кб (Скачать)

     Қазіргі кезде үкімет кедейлікпен күрес  бағдарламасын жасап, жұмыссыздардың санын азайтудың жолдарын табу.

     2005 жылдың 1 қаңтарында ресми тіркелген  жұмыссыздық деңгейі экономикалық  белсенді халықтың  4,5%  болды.

     Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі  агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2006 жылдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы  көлемі жыл басындағы 15,6 пайыз орнына 13,4 пайызға дейін төмендеді.

     Жұмыссыздықтың  деңгейін анықтаудың негізгі факторы  ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, оны 2006 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізетін болады.

     2006 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту  орталықтарына өтінішпен барған  азаматтар саны 489,3 мың адам болды,  ал 2005 жылғы 1 қаңтарында  439,3 мың   болғандығы. Ауылды жерде жұмыс  іздеуші адамдар саны 118,2мыңға  жетті, яғни 2000 жылдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар  облысында 6,3 пайыз, Оралда 5,1 пайыз,  Қызылорда да 6,0 пайыз, Маңғысатауда 5,8 пайыз және Атырау облысында  4,9 пайыз болды.

     Жасалған  талдау көрстекендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту органдарына өтінішпен  барушылар санының біраз өсуінің  себептерінің  бірі – жұмыссыз ретінде  тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде жұмыспен қамту  бағадрламасына мезгілінде қаражат  бөлуіне себеп болды. Мәселен,  Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген  мөлшердің 87пайызындай, Оралда -75 пайызындай, Қызылордада – 72 пайызындай, Маңғыстауда  – 85 пайздай және Атырау  облысында  – 79 пайызындай болды.Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың  құрылымы мен статусын (жағдайын) күшейту  де өз әсерін тигізді.

     Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының  орындалуы үшін 2005 жылға 19.530,4 миллион  теңге (Жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы бөлу жоспарланғандығы, нақты  бөлінгені 16.650,3 миллион теңге  (ЖІӨ - нің 0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз  ғана орындалды.

     2006 жылдың 1 қаңтарына республика бойынша  тұтас алғанда есепке 231,4 мың жұмыссыз  адам тұрды, оның 22,2 мыңы ғана  материалдық көмек алды, 7,8 мыңы  қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы  кәсіптік оқытуда біліктілігін  көтеруде және қайтадан даярлауда  болды.

     Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80пайыздан жоғары көрсеткіші Шығыс  Қазақстан ( 87 %), Батыс Қазақстан (81%), Қарағанды облыстарында (86%) және Астана қаласында (81%) орын алды.

     Алайда  қорыта келгенде,  жұмысқа орналастыру  жөніндегі органдарға өтініш жасап  барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің төмен екенін көрсетеді. 
 

    2.3  ҚР-дағы жұмыссыздықтың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

     Бағдарлама  Қазақстандағы әр отбасының кемінде  бір мүшесін жұмыспен қамтуды  қамтамасыз етуге бағытталған  және жұмысты жоқ халықты еңбек  етуге ынталандыратын жаңа жұмыс  орындарын құруды көздейді. Бағдарламада көзделіп отырған мақсаттар –  жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке  жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету  есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету  табылады.

     Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде, әлеуметтік салада дәйекті  реформалар жүргізу жолдарымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей, көтеру, әлеуметтік  бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына  экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде  кедейлікпен  күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылмақ. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндетті көзделіп отыр.

     Республика  бойынша және оның жеке аймақтары  бойынша да кедейліктің, жұмыссыздықтың деңгейін анықтай отырып, бағдарламада  оның негізгі себептеріне де айрықша  көңіл бөлінеді. Оларды анықтау бағдарламада кедейлік пен жұмыссыздықпен күресті  ұйымдастырудың алғы шартты іспетті  болды. Ашығын айтсақ, мемлекет ештеңені де жасырып отырған жоқ, жасыру мүмкін де емес. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі  өмірінен шеткері қалмауы  үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа  да адамдар есебінен көмек көрсету керек. Оларға қайтіп көмектесуге болады? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын ашу – бағдарламадағы басты мақсаттың да, онда қаралған басты мәселенің де бірі. Екіншіден, жаңа жұмыс орнындарын аша отырып, бірте-бірте жалақысын өсіру. Бұл жөнінде бағдарламада ашық жазылмаса да, жалақыны 2005 жылға дейін 30 пайызға өсіру белгіленіп отыр. Осы мәселе жөнінде Елбасының да берген тапсырмасы бар. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға көмек жасалмақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға қоймақпыз.

     Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным  бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау  бағдарламасы жасалған.

     Осының  бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын  адамдар болады. Ондай адамдарды  қоғамдық  жұмыстарға  уақытша  орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға  пайдалы еңбек арқылы оларға табыс  көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген  адамдарға шағын несие беріп (шағын  несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен  қор бар), олардың өз кәсібін  ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.

     Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек  орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан  ашылған жұмыс орныдарына мамандығы  мен біліктілігі бар адамдарды  жұмысқа орналастыра алатындай  ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.

     Бағдарламада  халықтың еңбекке жарамайтын топтарына  әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл  бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия бұймдарын жетілдірілген  технологиямен жасау, балалар мен  ересектерге арналған мүгедектер арбаларын  шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада қаралады.

     Бағдарламада  жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу  қарастырылған. Республикада 46 балалар  үйі және 180отбасына ұқсас балалар  үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы балалардың кәнелетке  толған соң жұысқа орналасуына, баспана  берілуіне көмек көрсетіледі.

     Бағдарламада  жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте  қаншалықты көбейтуге болаты, оның әр саласы бойынша анықталған. 2003-2006 жылдары жұмыс орныдарын құрудың  басым бағыттарына жеңіл, тамақ  өнеркәсіптері, минералдық тыңайтқыш  өндіру, машина жасау                                          сондай-ақ өнеркәсіптің ауылшаруашылығын дамытуымен тікелей байланысты салалары жатады.

     Қазіргі кезде атаулы көмек көрсету жөнінде  заң жобасын дайындалып, ол парламент  мәжілісінде бірінші оқылымда құлданды. Әрине біз адамдарды жатып  ішерлікке итермелеуіміз керек  қой. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуымыз керек. Бұрынғы  жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі.  Еңбек етпеген адам жатыпішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғаны да есімізде.

       Бағдарламаның жүзеге асуын қадағалап,  отыру үшін оның өлшемін жетілдіру  керек.  Сондықтан біздің алдымызда  тұрған бір мақсат – халықтың  тұрмыс деңгейін өлшеу тетіктерін  жетілдіру. Әйтпесе болмайды. Шынын  айтсақ, бүгінгі күнгі Мемлекеттік  статистика агенттігінің халықтың  табыс деңгейі туралы келтіріліп  миллиондай, ал оның салық төлейтіні  3,0 миллиондай ғана. Көп адамдар  ұсақ саудамен айналысып, табыс  алады. Бірақ табысын жасырып,  салық төлемейді.Табыстың басқа  да толып жатқан көздері бар.  Бірақ жаппай табыс декларациясы  болмағандықтан әр адамнан қалай  және қанша табыс тауып жатқанын  ешкім сұрамайды. 

     Ал  дұрысы - әр адам қазірден бастап өзінің мойнына қаншалықты жауапкершілік  түсетінін білуге тиіс. Қазір біз  табысқа амнистия (кешірім жасау) керек деп жатырмыз, сондықтан  сол амнистиядан дұрыс нәтиже болу үшін, жарты жылдан кейін бе, бір жылдан соң ба, жалпыға бірдей декларациясын енгізу керек.

     Жұмыссыздықпен, кедейлікпен  күрес – экономикалық тәсіл арқылы шешілетін мәселе. Бағдарлама бойынша жоғарыда айтылғандай, 3 жыл  ішінде 400 мыңдай жұмыс орныны ашылу  тиіс.

     Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика  жағдайына тәу-елді және мемлекеттік  деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының  әлеуметтік- экономикалық теорияларының  өзіндік позициялары болды. Классикалық  теория өкілдері болып табылатын  А.Смит,

     Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер  А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің  экономикалық процестерге араласпаған  жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз  ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің «Жұмыссыдық теориясы» еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы  деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс  шығындарын көбейтеді және жұмыс  орындарының қысқаруына әкеледі  деп есептеді.

     К.Маркс  жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта  ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.

     Жұмыссыздықтың  белгілі бір деңгейінің болуы  еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі  негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі  бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің  араласуының негізгі шаралары –  жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс  орындарын ұйымдастыру

     Республика  бойынша тұтас алғанда 127,7 мың  адам жұмысқа орналастырылып, бұл  жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерлерде жұмысқа  орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарламада 2006 жылға  белгіленген  еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4пайыз орындалады.

     Республика  бойынша 2006 жылғы желтоқсанның аяғында  бір бос жұмыс орнына орта есеппен 25 адам, ауылдық жерде – 137 адам таласты.

     Жеке  аймақтар бойынша алып қарағанда  Қарағанда облысында бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзінде 32,0 мың адам орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық, Солтүстік Қазақстан  облысында – 5,1 мың адам, яғни 30,9 пайыз.Оңтүстік Қазақстан облысында  – 7,9 мың және 9,5 мың адам  немесе 20,1пайыз.,Қызылордада – 4,0 мың және 5,0 мың яғни 25,0 пайыз, Ақмола облысында  – 5,0 мың және 6,0 мың, яғни 19,6 пайыз  артық орналастырылды.

     Жұмыссыздарды еңбекпен қамтудың төменгі көрсеткіштері  бұрынғысынша Жамбыл облысында, бұл  облыста жұмыс сұрап келгендердің тек 13,9 пайызы ғана орналыстырылған. Бағдарламада көрсетілген жоспарлы тапсырма бес  облыста орындалмай қалды.

     Еңбекпен  қамтуға жәрдемдесудің бір пошымы – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін  өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру  мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола. Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар.

     Германияның ғылыми-техникалық қоғамымен бірлесіп атқарып жатқан «Еңбек базарының  саясаты және жұмыстылық» техникалық жоба аясында елімізде еңбек және жұмыс қамту саласындағы қызметті жақсартуға көмегін тигізіп , елеулі нәтиже беруде . Өткен жылы төмендегідей бірнеше бірлескен жоба жүзеге асырылды :

    • жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмысты ұйымдастырып дамытуға жәрдемдесу ;
    • жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен жұмыссыздардың еңбек базарында кәсіптік бейімделе білуі мақсатында оларды даярлау , кәсіптік білімін көтеру және қайта даярлау ;
    • жастардың , әйелдердің , ауыл тұрғындарының және сондай-ақ экологиялық апат аудандарында тұратын азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнінде мақсатты бағдарламалар жасап жүзеге асыру ;
    • шағын несие жүйесін енгізу есебінен республикада кәсіпкерлікті және өзін өзі жұмыспен қамтуды дамыту .

Информация о работе Жұмыссыздық