Жұмыссыздық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.

Работа содержит 1 файл

жұмыссыздық.docx

— 67.15 Кб (Скачать)

     Бүгінгі күні экономикамыз біраз көтерілген тұста жұмыссыздық онша байқалмайды. Ал егер әлемдік бағалар өзгеріп, төмендесе, біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес бағдарламасында біздің елдің  өзін-өзі қамтамасыз етуінің элементі болуға тиіс салаларда қажетті жұмыс  орындары жасаған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар – жеңіл тамақ өнеркәсібі, бірінші кезекте қажет товарларды өндіру, құрылыс материалдарын өндіру, яғни біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның товарларын импорт жасадық та олар біздің рынокта лық толтырды, ал біз валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні бұған төзуге болады, өйткені, әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта көптеп түсуде. Жоғарыда айтқанымдай егер бағалар төмендесе онда біздегі әлеуметтік жағдай ауырлау болады. Себебі, жер асты  кендерін қазып шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды жұмыстан шығару күшейеді.

     Осыларға  сәйкес кейбір мәселелерді сіздермен  талқылағым келеді. Біріншіден, айқын  экономикалық тетіктерді жасамай тұрып, жұмысшылардың құрамын қайтадан жасау, өндірістің құрамын өайтадан жасау жайында сөз ету  бұл  шындыққа сай болмайды. Екіншіден, егер қазір жұмысшыларды қайтадан оқытуды  сөз етсек, онда қазір бізде жұмыс  күші артық және өте білікті.

     Қазақстанда шағын, ұсақ өндіріс күшті дамығаны белгілі. Қазір ол тіпті әлсіреді. Біз 1 (өндіріп) өнім өндірсе, жеңілдіктер  соған берілуге тиіс дейміз. Әрине, Қытай товарын екі қаптауға болады. Ал өзімізде товарды жаңадан өндіруге уақыт керек, кейде жолдар қажет. өндірістік циклге айналым жасауына көп уақыт кетеді. Сөйтіп өз өндірісін  жаңа жұмыс орындарын құрғандарды  көтермелеу керек. Одан салық салуды, кеден бажын реттеу қажет. Қазір  ішкі рынокты жабуға болмайды деушілер көп. Ал көп елдерде кеден бажы 20 пайызға дейін жетеді. Ал, бізге  қазір аяқ киімге, тоқыма, тігін  бұйымдарына, әр түрлі маталарды  әкелуге кеден бажының вставкасы  нөлден 5 пайызға дейін, көп елдерде 5 пайызда қолданылмайды, баж жоқ. Еш баж салығын алмай күніміз  жоқ, онда жаңа жұмыс орындарын құра алмаймыз. Сондықтанда  біз аса  жоғары кеден бажын қолданбай-ақ, аяқ киім және тігін бұйымдары 20 пайызға дейін баж салығын  тағайындасақ, бұл осы өндірісті  өзімізде дамытуға болар еді.

       Жұмыссыздық сияқты әлеуметтік  құбылыстың пайда болуы Қазақстан  үшін жаңа оқиға болып табылады. Жұмыссыздық мәселесін үкімет  әр түрлі заң актілерін қабылдау, көптеген бағдарламалар жасау  арқылы шешуге тырысуда. Сол кезде  ешкімде жұмыссыздардың өздері  нені қалайды, олардың жалпы келбеті қандай екендігін зерттеген емес. Мұнсыз бағдарламаларың көптеген қағидалары жүзеге асуы мүмкін емес және де тиімді де болмайды. Екінші жағынан жұмыс берушілердің жұмыспен қамту мәселесін шешідің жолдары туралы пікірлерін ескеру де қажет. Тек жұмыс берушілер мен жұмыссыздардыңі көзқарастарын салыстырып қарау арқылы ғана жұмыспен қамтудың нақтылы және тиімді жолдарын жасап шығаруға болады. Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа  орналастырылды, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайыз. Ауылдық жерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарлама 2000 жылғы белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалды.

       Республика бойынша 2000 жылғы желтоқсанның  аяғында бір бос жұмысорнына  есеппен 25 адам, ауылдық жерде  137 адам таласты.

       Жеке аймақтар бойынша алып  қарағанда Қарағанды облысында  бағдарлама бойынша жұмыс сұрап  келегн 18 мың адамды орналастыру  көзделсе, іс жүзінде 32,0мың адам  орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық,  Солтүстік Қазақстан облысында  –тиісінше 4,0 мың және 5,2 мың адам. Яғни 30,9 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда  – 7,9 мың және 9,5 мың адам немесе 20,1пайыз, Қызыл-ордада 4 мың және 5 мың, яғни 25,0 пайыз, Ақмола облысында  – 5,0 мың және 6,0 мың, яғни 19,6 пайыз  артық орналастырылды.

     Жұмыссыздарды еңбекпен қамтудың төменгі көрсеткіштері  бұрынғысынша Жамбыл облысында, бұл  облыста жұмыс сұрап келгендердің тек  13,9 пайыз ғана орналастырылған. Бағдарламада көрсетілген жоспарлы тапсырма бос орныдалмай қалды.

     Еңбекпен  қамту жәрдемдесудің бір түрі – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін  өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру  мен өткізудің тәжірибесі Қарағанды, Ақмола, атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларынаң жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті оргадарында  бар.

     Германияның ғылыми-техникалық қоғамының бірлесіп атқарып жатқан «Еңбек базарының  саясаты және жұмыстылық» техникалық  жоба аясында елімізде еңбек және жұмыспен қамту саласындағы қызметті жақсартуға көмегін тигізіп, елеулі нәтеже беруде. Өткен жылы төмендегідей бірнеше бірлескен жоба асырылды:

    • жұмыссыздар үшін бірнеше қлғамдық жұмысты ұйымдастырып дамытуға жәрдемдесу;
    • жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен жұмыссыздардың еңбек базасында кәсіптік бейімделе білуі мақсатында оларды даярплауға, кәсіптік білімін көтеру және қайта даярлау;
    • жастардың, әйелдердің, ауыл тұрғындарының және сондай-ақ, экологиялық апат аудандарында тұратын азаматтардың жұмыспен қамтуына жәрдемдесу жөнінде мақсатты бағдарламалар жасап жүзеге асыру;
    • шағын несие жүйесін  енгізу есебінен республикада кәсіпкерлік және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту.

     Осыларды  ескере келіп айтарым: талқыланып жатқан салық кодексінде жұмыс орындарын  жасаушыларға керек. Ең алдымен салықтың жеңілдіктер жергілікті жұмыс күшін,  жергілікті шикізатты пайдалануға  болатын және ондай өндіріс дамыған  аймақтарда берілуге тиіс және артта  қалған, экологиялық атапқа ұшыраған, біз бүгін әлеуметтік төлемдерді үнемі көбейтуге мәжбүр болып  отырған аймақтарда кәсіпкер өндірісті  нөлден бастап жаңадан ашса, оны  жалақыға деген табыссалығы мен  зейнеткерлер  қорына аударылатын  салымнан басқа салықтың барлық түрінен  босату керек.

     Түркияда  және басқа елдерде  де осылай  жасаған. Бұл бір. Екіншіден, біз  жаңа жұмыс орындарын жасаған, олардың  санын көбейткен жұмыс берушілер  үшін кейбір жеңілдіктер қарстырмақпыз. Ал көптеген шетелдік ұйымдар Қазақстандық отандық товар өндірушілерге  ешқандай салық жеңілдіктері болмауы  тиіс дейді. Мен бұған үзілді-кесілді  қарсымын. Осыдан кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бойынша бағдарламаны жасаған , міселені былайша қойдық: шетелдік инвесторлар отандық кәсіпкерлермен бірдей қойылуға тиіс. Қазақстанда жұмыссыздықтан қорқынышты мәселе жоқ деп санаймын. Ең бастысы, ол аса үлкен көлемде көбейтіп келеді.

     Тағы  бір көңіл беретін жәйт,ол –  бюджетте жұмыспен қамтуға арнайы ақша қаралуы керектігі. Қазіргі кезде  бюджеттің 13 пайызы әлеуметтік төмендерге жұмсалады. Бір қарағанда бұл  жақсы сияқты. Кейінгі кезде ауылды жерде зейнетақы мезгілінде төлей  бастады, ал зейнеткерлердің жұмыссыз балалры сол зейнетақыны алады  да өз мақсаттарына жұмсайды. Сондықтан  біз ең алдымен бюджет ақшасымен  нақтылы жаңа жұмыс орындарын  жасаған, жұмысқа адамдарды орналастырған  және жұмыс табуы үйреткен компанияларды  ынталадыруымыз керек. Жұмыс берушілерді  өндірісті кеңейтуге, жаңа салаларды  игеруге итермелеуіміз қажет.

     Бұлардан  басқа шағын несие беру, импорттың  орнын басу сияқты мәселелер да бар. Ол мәселелер кедейшілікпен күрес  бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл халықаралық валюта қорының  ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды. Өзіміздің де мүмкіндіктеріміз мол.

     Жаңа  жылдың алдында 100 миллион доллар қарыз  алдық та оны халыққа зейнетақы  түрінде төледік. Ол ақша қайдан келі? Ол ауылға кетті. Одан соң қайда кетті? Ол ақша Қытайдың арзан товарын сатып  алуға кетті, яғни көрші елдге  кетті. Сайып келген, біздің мемлекет берешек, өндіріс тоқтап тұр, оның есесіне  көрші Шонжан экономикалық қуатын одан әрі күшейтудеміз. Көршінің дамығаны дұрыс ғой, бірақ алдымен өз экономикамыздың  дамығаны қажет. Біз мемлекеттік  сатып алу туралы заңға өзгеріс  енгізу жөнінде ұсыныс дайындап жатырмыз. Енді біз мүгедектер қоғамын жұмыспен қамтамасыз етуге тиіспіз. Олар әзірге тоқтап тұр. Құлағы естімейтін, көзі көрмейтін, тағы басқадай мүгедектердің 460 кәсіпорны  бар. Солардың қазір тек 15 ғана жұмыс  істейді.

     Бағдарлама  бойынша 2000 жылы 146,2 мың жұмыс орнын  құру болжамдалғады, 2001 жылғы 1 қаңтарға 264,9 мың жұмыс орны құрылды, оынң 204,6 мыңы (77 пайыз) – тұрақты жұмыс  орындары. Сөйтіп, республика бойынша  бағдарлама белгіленген жоспар 181,2 пайыз орындалды.

     Ең  көп орын (83,3 мың)шағын бизнес саласында, өнеркәсіпте 63,0 мың және шаруашылығында 30,2 мың жұмыс орын құрылды.

     Бағдарламада  қараған жоспарлы тапсырма тек үш облыста – Павлодарда(44,1 пайыз), Ақмолада (56,9 пайыз), Қызыл-ордада (61 пайыз) – ғана орындалмай қалды.

     Бағдарламадағы  жұмыс орнын құру жөніндегі жоспарлы тапсырманы орындау  көрсеткішінің  амплитудасы 110 және 515 пайыз аралығында болды. Жұмыс орнын құру мына облыстарда белсенді жүргізілді: Қарағандыда – 424,3 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда – 515,3 пайыз, Солтүстік Қазақстанда – 497,2 пайыз.

       Бұл көрсеткіштер қаржы жұмсау  мүкіндігінің және тұтас алғанда,  экономиканың жандана бастағанының  куәсі бола алады. Алайда, жұмыс  орындарын құрудың қарқыны еңбек  базарындағы жұмыссыздықтың жалпы  деңгейін толық мөлшерде қанағаттардырмайды.

       Жұмыс іздеп арыз берген 4,3 мың  оралманның тек 688-і ғана орналастырылды. Қоғамыдқ жұмыстаға 1,7 мың адам  жіберілді, кәсіптік оқытуда 117 адам өтті. Шағын несиені 23 оралман  алды және 1,6 мың оралманға материалдық  көмек көрсетілді. Алайда, талдай  оралмандарды кәсіптік даярлау  жөніндегі жұмыс жетерліктей  емес екенін көрсетеді.

       Бағдарламаны орындау мақсатында  еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министірлігі  және демография  агенттігімен бірлесе отырып 2001-2002 жылдары оралмандарды еңбекке  орналастыру шараларының жоспарын жасады. Онда оралғысы келетіндердің кәсіптік, біліктілік мінездемесін алдын ала зерттеу және оларды республика аумағына аймақтық еңбек базарындағы жұмыспен қамту мүмкіндігін ескере отырып орналастыруды көзделген.

     2001 жылдың 1 қаңтарына қоғамдық жұмыстарға 116,3 мың жұмыссыз қатысты,  бұл  жұмыспен қамту органдарына өтінішпен  келген азаматтардың жалпы санның 31,6 пайызын құрайды, яғни 200 жылдың 1 қаңтарына қарағанда екі есе  көп. Бағдарламада республика  бойынша қоғамдық жұмыстарға 71,8 мың адамды қатыстыру  көзделсе, іс жүзінде 114,1 жұмыссыз осындай жұмыспен қамтылды, яғни жоспар 158,9 пайыз орындалды. Жоспарлы  тапсырманы республиканың барлық аймақтары орындап – 6,8 есе және тапсырма Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында орта есеппен 2,5 есе орындалды.

     Орындалатын қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеуге  барлығы  987,5миллион теңге белгіленгенді, одан қаржыландырылғаны 617,9 миллион  теңге, яғни жалпы 68,8 пайызы.

     Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сеәкес қоғамдық жұмысты атқарғандардың еңбегіне ақы  төлеу мөлшері ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Республика бойынша бір жұмыссыздың қоғамдық жұмыс атқарғаны үшін орташа айлық  ақысы 2,5 теңге болды және ол 2000 жылға  ең төменгі жалақыдан асқан жоқ.

       Қазақстан Республикасының «салықтар  және бюджетке басқадай төлемдер  туралы» заңына сәйкес әлеуметтік  салық ұсталды. Сондықтан 897,5миллион  теңгеден әлеуметтік салық ұсталғаннан  кейін бағдарламаны жүзеге асыруға  664,2 миллион теіге қалады, бұл  өз кезегінде істелетін жұмыстың  көлемін де, оның қамстылатын  санын да кеиітеді. Табыс салығы  ақша төленетін жердеұсталды  және оның көлемі 125 теңгедей. Сөйтіп  жұмыссыздар қолына қоғамдық  жұмыс үшін 2375 теңге алады. Республиканың  «Халықта жұмыспен қамту туралы»  жаңа заңында қоғамдық жұмысты  ұйымдастыру, қаржыландыру және  төлеу тәртібі өзгертілді. Осы  заңға байланысты қоғамдық жұмысты  орталық және жергілікті атқарушы  органдар ұйымдастырады, ол республикалық   және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ  жұмыс берушілер қаражатынан  қаржыландырылды. 
 

2.2 ҚР – дағы  жұмыссыздықтың қазіргі жағдайы

     Экономикалық  саясат үшін шешуші сұрақ – экономика  жұмыспен қай кезде толық қамтамасыз етіледі дегенге саяды. Сонда  бұл жұмыссыздық деңгейі 5,4 немесе 6 % болғанда ма ? Және саясаткерлер жұмыссыздық  деңгейі 6 % - ке тең болған жағдайда жұмыссыздықты төмендету үшін сұранымның артуын сақтап қалуы қажет пе ? Кейде жұмыссыздықты 5 %  төмендету қауіпті деген пікір айтылады, өйткені соның нәтижесінде инфляция өсетін көрінеді. Ал енді біреулер жұмыссыздықты 7 %  төмендетсе, инфляция сөзсіз болып, еңбек нарығы енжар әрекетке көшеді дегенді айтады.

     Халықтың  тұрмыс дәрежесінің төмен не жоғары болуының  басты факторларының  немесе себептерінің бірі еңбекке жарамдылардың  қаншасы жұмыспен қамтылған, қаншасы  жұмыссыз екендігі. Бүгінгі күні республикадағы еңбек рыногында жұмыссыздық  ең ірі өткір мәселе.

     1999 жылы экономикалық белсенді халықтың  саны 12.225,8 мың адам болды немесе  ол бүкіл халықтың  34,2 % пайызы  болды. Одан басқа 4.273,2мың адам  экономикалық белсенді емес деп  саналды, Сонда еңбек ресурстары 11.479,0 мың адам. Экономикада шұғылданатын  адам саны 2004жылы 10.1245 мың деп  есептелді. Оның 3.676,1 мыңы заңды  тұлғаларда, 4.4484 мыңы шаруа қожалықтарында  жұмыс істейтіндер, 489,7 мыңы шағын  кәсіпорындарында (жұмыс саны 50-ден  аспайтын), 4.456,1мың адам өздігінше  жұмыс істейтіндер. Ал қалған  12,962 мың адам немесе экономиканың  белсенді халықтың 4,1 % пайызы жұмыссыздыр  болып саналды. Осы дерек шындыққа  сәйкес сияқты. Кейбір сарапшылар  мен мамндар жұмыссыздар саны  статагенттіктің  бұл жағынан  әжептеуір көбірек деп айтып,  жазып жүр.

Информация о работе Жұмыссыздық