Жұмыссыздық түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 15:12, дипломная работа

Описание работы

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................

Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................
Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі...................................................................................
Несиені берудің және қайтарудың құқықтық формалары.............................
Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері............................

Тарау 2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..............................................
2.1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік қызметін талдау.............................................................................................................
Альянс Банкте жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру құжаттарына құқықтық сараптама жасау........................................................
2.3 Банк клиентінің несие қабілеттігін талдау..........................................................

Тарау 3. НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................
3.1. Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру процесін
басқаруды жетілдіру................................................................................................
3.2. Несие бюросының қызметі несиелік тәуекелді басқару
факторы ретінде......................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................

Работа содержит 1 файл

Дип. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.DOC

— 4.66 Мб (Скачать)

 

Негізінен 2005 жылғы көрсеткіштер бойынша ұзақ мерзімді несиелер жалпы  несие көлемінің 63,1 пайызын құрайды, яғни 1635591 млн. тенге. Бұл көрсеткіш  алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 есеге  артқан. Сол сияқты қысқа мерзімді несиелерде аладыңғы жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге өсіп, 956470 млн. тенгені құраған.

 
 
 
 
 

 

 

 

Кесте 2

 Екінші деңгейлі  банктер несиелері (мерзімі бойынша)

 

 

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2005ж.,ес 
салмағы, %

Ұлттық валютадағы несиелер:

қысқа мерзімді

ұзақ мерзімді

шетел валютасындағы несиелер:

қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

211 862

 
113 949

97 913

460 545

 
175 065

285 479

435 437

 
192 148

243 289

542 692

 
177 627

365 065

714 071

 
309 294

404 777

769 939

 
199 302

570 637

1 254 558 
 
539 460

715 098 
1 337 503 
 
347 751 
989 752

100 
 
43 
57 
100 
 
26 
74


 

Шетел валютасында берілген несиені ұлттық валютада берілген несиелермен  салыстырғанда екеуінің арасындағы айырмашылығы 2002 жылмен салыстырғанда  төмендеген. Бұл негізінен тенгенің тұрақтануымен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

Кесте 3

 Салалар бойынша  екінші деңгейлі банктердің несиелері

 

 

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2005ж.,ес 
салмағы, %

Жалпы несиелер соның ішінде:

 
өнеркәсіп  
ауыл шаруашылығы

құрылыс  
көлік

байланыс

сауда

басқалары

672 407

 

230 786

76 417

42 700

20 263

12 777

197 847

91 318

978 128

 

273 486

117 355

75 179

31 453

7 729

276 892

196 035

 

1 484 010

 

289 614

125 204

158 799

56 201

19 670

398 624

435 898

 

2 592 061

 

437 727

163 990

313 481

96 043

21 689

638 343

920 787

100 
 
16,9 
6,3 
12,2 
3,7 
0,8 
24,6 
35,5


 

Соңғы жылы өнеркәсіп  саласын несиелендіру алдыңғы жылдармен  салыстырғанда екі есе өсіп, 437 727 млн. тенгені құрап отыр. Алдыңғы жылдардағыдай сауда саласында несиені қолдану үлесі жоғары деңгейде сақталып отыр /18, 350/.

Альянс Банктің несиелік қоржыны 2002 жылдан бастап 11,8 есеге – 7 млрд. тенгеден 103,4 млрд тенгеге дейін  өсті (кестеде – жақын бәсекелестермен  салыстырған жағдай).

Екінші деңгейлі банктердің несие қоржыны

 

 

Сурет 1

2002 жылдан бастап  жеке тұлғаларды несиелендіру  көлемі 14,6 есеге, ал банктің жалпы  несие қоржынындағы жеке тұлғаларды  несиелендіру үлесі 2005 жылғы 1 сәуірдегі ақпарат бойынша 21,5%.

 

Альянс Банктің несие қоржынының өсу серпіні

 

 

Сурет 2

 

Корпоративтік қаржыландыру аясында 2004 жылы заңды  тұлғаларды несиелендіру экономикалық өсу қарқынынан жоғары дәрежеде дамыды, төмен инфляциялық күтімдер және сыртқы несие алу нарығының коньюктурасындағы оң қатынас қазақстандық банктердің дамуына жоғары әсер етті. Коммерциялық банктермен берілген несиелердің жалпы сомасы жыл аяғында 1 484 010 млн. тенгені құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 51,7 пайызға көп. Берілген ақпарат несие бойынша пайыздың орташа деңгейін төмендету үрдісімен байланысты емес. Яғни бұл қысқа және орта мерзімді несиелердің коммерциялық және өндірістік кәсіпорындарға айтарлықтай дәрежеге жеткізді.

Осы жағдайда заңды  тұлғаларды несиелендіру банк стратегиясының маңызды элементі болған және болып қалады. Альянс Банктің корпоративтік несиелендіруді дамытудағы іргелі принципі ретінде оны абсолюттік дәрежеде жай ғана көбейту емес, керісінше банктік өнімдерді ұсынудың жаңа қызмет түрлері есебінен айтарлықтай деңгейде жалпы кірісті ұстап тұру 2004 жылғы орташа айлық көрсеткіш бойынша банктің несиелік қоржыны жалпы активтер көлемінің 60 пайызын құрады. Бұл әлемдік стандарттарға толықтай сәйкес екендігін білдіреді. өткен жылмен салыстырғанда берілген несиенің біраз бөлігі (60 пайызға жуық) негізі құралдарды сатып алуға берілген, бұл өз кезегінде клиенттердің инвестициялық белсенділігінің артқандығынына дәлел бола алады. Ұзақ мерзімді несиелердің үлесі банк пассивінің құрылымының өзгеру есебінен 31 пайыздан 38 пайызға өсті. 

Өткен жылы корпоративті клиенттерді қаржыландырудың прогресивті формасын қолдану қажеттіліні айтарлықтай өсті, яғни аса жоғары көлемде және оптималды кіріс жағдайында ұзақ мерзімге беру үрдісін сипаттайды. Бұл өз кезегінде негізгі құралдардың тозуының жоғары көрсеткішіне ие немесе жаңа нарықтарға шығуға ұмтылған үлкен кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыруды одан ары қарай жүргізу сипатымен түсіндіріледі. Осыған байланысты корпоративтік қаржыландыру бағытындағы банктердің бәсекелестігін төмендетуден қашу мақсатында іс-әрекеттерді жүзеге асырылады. Осы үрдістің негізгі тапсырмасы үлкен және ерекше үлкен құрылымдық инвестициялық жобаларды дамыту және жүзеге асыру болып табылады. Осы кезде несиелендірудің прогресивті формалар қолданылады. өькен жылғыдан банк құрылымдық және жобалық қаржыландыру нарығында үлкен халықаралық банктермен әріптестік негізінде өз орнын тапты. Көбінесе Standard Bank London-мен біріге отырып, 2003 жылдың аяғында тартылған синдицирлендірілген заем құралдарнын орналастыру бойынша келісім-шартты жүзеге асыруда.

Бизнестің барлық сегменттерінде қызмет атқаратын банктік  құрылымдар арасындағы қатаң бәсеке жағдайында Альянс Банк өзінің дәстүрлі күшті жақтарын дамытуға талпынуда. Осындай қызметтерінің бірі ретінде  шағын және орта бизнес клиеттерімен жұмысты жүзеге асыру болып табылады. есептік кезеңнің аяқ жағында осындай түрдегі несиені кәсіпорындарға ұсыну банктің несиелік қоржынының 45 пайызын құрайды, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 10 494 млн. тенгеге көп. Олардың үлесіне сонымен қатар банктердің заңды тұлғаларға қызмет көрсетуден түскен пайызсыз кірістері 52 пайызын құрады. 2004 жылғы шағын және орта бизнес кәсіпорындары бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі 19,1 пайызды құрады. Бұл орташа есеппен несиелендіру 2-3 жылда асырылған кезде шағын және орта бизнестерге берілетін орта мерзімді бәсекеқабілетті өнімді анықтайтын негізгі сәт - кәсіпорындармен жұмыс істеу ынтасы және қабілеті болып табылады. Тәуекелдерді бақылаудың айтарлықтай сенімді және дәстүрлі емес механизмдердің болуы банкке потенциалды клиенттер аудиториясын максималды түрде көбейтуге мүмкіндік береді.

Елдегі нарық  сегменттерінің даму алғы шарттары мен  жоғары потенциалын ескере отырып, Альянс Банк бөлшек бизнес нарығын  қорландыру көзқарасы бойынша, сонымен  қатар банктің кіріс базасын арттыру және несиелік қоржынды диверсификациалау тұрғысынан алғанда сенімді. 2004 жылы өнімдердің бөлшек бизнес нарығында банк бірқатар жетістіктерге жетті. Бөлшек бизнестің бір бөлігі ретінде несиелендіруді алып қарастырсақ:

  • бөлшек несиенің қоржынының абсолютті өсімі 6,5 млрд. тенгені құрады, яғни 2003 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 4 есе көп;
  • бөлшек несие қоржынының өсу қарқыны 3,2 пайызды құралы, бұл өз кезегінде республиканың банктік жүйесінің көрсеткішінен жоғары (2,5);
  • жыл ішіндегі банктің нарықтағы үлесі 2,7 пайыздан 3,4 пайызға дейін өсті;
  • бөлшек несиенің жалпы несие қоржынындағы үлесі 1 жыл ішінде 9,2 пайыздан 17 пайызға дейін өсті.

Банк активтерінің басты бөлігін несиелік оперрациялар құрайды, сондықтан олар банктің  басты табыс көзі болып табылады. Сол себепті несиелік тәуекелге жоғары маңызға ие және ерекше мән берген жөн. Банктегі несиелік тәуекелді реттеудің басты элементтеріне несиелерді бағалаудың ішкі рейтингтік жүйесі, күтілетін және күтілмейтін жоғалтуларды жабу үшін қорлар құру, несие қоржының  диверсификациялау, лимиттендіру, сонымен қатар арнайы сақтандыру ұйымдарының көмегімен тәуекелдерді сақтандыру.

Банктің несиелерді сұрыптаудың ішкі жүйесі мыналарға  қол жеткізуге көмектеседі:

  • несие алышының несиеқабілеттігін талдаудың тиімділігін арттыруға;
  • ұзақ мерзімді мерзімге капитал жеткіліктігін анықтаудың нақтылығын арттыру;
  • несие қоржынының серпінін талдау мен мониторинг жасауға ішкі рейтингтерді қолдану;
  • потенциялды мәселелі несиелер туралы алдын-ала хабарлама алып отыру;
  • несие алушының және мәміленің тәуекелдігіне байланысты несилер бойынша баға қалыптастырудың жүйесін қолдану кіреді.

Несие тәуекелінің  деңгейін қадағалау несие тәуекелінің  деңгейін нақты көрсететін күнделікті мониторингтік есептермен жүзеге асырылады. Несиелік тәуекелді басқарудың тиімді жүйесі банк үшін несие қоржынының жоспарлау деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді. Несиелік тәуекелді басқару саясатын тұрақты дамытудың арқасында 2005 жылы несие қоржынының басты бөлігін немесе 94 пайызын төмен несиелік тәуекелге ие несиелердеп қалыптасты. Олар негізінен стандартты және күмәнді несиелердің бірінші категориясына кіретін несиелер және олардың несие қоржынындағы үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда жыл басынан бері 6 пайызға өсті. Қор мөлшері 50-100 пайызды құрайтын проблемалық несиелердің үлесі несие қоржынының 3,8 пайызын құрайды.

 

 

Несие қоржыны  және мерзімі өткен қарыздың өсу  серпіні

 

Сурет 3

 

Несие қоржынының өсуіне қарамастан мерзімі өтіп кеткен несиелер үлесі жалпы несие салымдарының көлемінен 2003 жылы 4,1 пайыздан 2005 жылы 3,2 пайызға дейін төмендеді.

Несие тәуекелдерін диверсификациялауды жүргізу арқылы оларды шоғырлануы төмендеуі: несие  қоржынындағы он ірі несие алушының үлесі 2004 жылы 23,7 пайыздан 2005 жылдың соңында 18,5 пайызға төмендеді.

Берілген несиелердің  құрылымы салалық негіздед балансталған. Банктің жаңа несие алушыларының денін көтерме сауда секторы  құрайды (2005 жылдың аяғында несие  қоржынының 21 пайызы), өндіріс секторы (19 пайыз), жеке тұлғалар (17 пайыз), құрылыс (14 пайыз).

 

Экономика саласындағы  несие қоржыны (31 желтоқсан 2005 жыл)

 

Сурет 4

 

Альянс Банк банктік бөлшек бизнесті өзіінң стратегиялық бағытының бірі ретінде қарастырады. Банктің бөлшек бизнеске қызығушылығының  басты себептерінің бірі тәуекелді диверсификациялау мен несиенің үлесі ірі корпоративтік клиенттерде ғана шоғырлануын төмендетуде. Тұтынушылық несиелердіңде жалпы несие қоржынындағы үлесі жылдан жылға артып келеді. Мұндай саясат шағын және орта бизнесті несиелендіруге қатысты жүргізілуде. 

 

Шағын және орта бизнес пен тұтыну несиесінің өсу  серпіні

 

Сурет 5

 

Несиелік жоғалтулар бойынша резервтер жалпы несие  қоржынының үлесінен 2004 жылдың соңында 5,0 пайыздан 2005 жылдың соңында 4,7 пайызға  төмендегеніне қарамастан құрылған резервтер банктің несие қоржынының тәуекеліне толықтай жауап бере алады. Себебі банкте тиімді жұмыс істейтін несие сапасына мониторинг жүйесі бар /19, 33/

 

 

    1.  Альянс Банкте жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру құжаттарына құқықтық сараптама жасау

 

«Құрылыс» ЖШС-гі Альянс Банктің Алматы филиалына  “Бизнес-Гранд” бағдарламасы бойынша  жалпы сомасы 2 760 мың АҚШ долларына  тең негізгі құрал-жабдықтарды  сатып алуға банктік несие  ұсыну туралы өтінішін білдіреді. Несие  сомасы филиал үшін бекітілген сомасынан асып кеткендіктен жоба өндірістік тәжірибе өткен Альянс Банктің Бас офисында қарастырылды. Банктің корпоративтік стандарттарымен бекітілген ішкі банктік ережелері бойынша несие бөлімінің маманына несие алушы өтініш білдіргеннен кейін кеңеспен және несиені алу жөніндегі өтінішін қарастыру үшін қажетті құжаттар тізімін алады. Толық құжаттар тізімі қосымшада А-да көрсетілген.

Компания туралы мәліметтер:

- Серіктестік  алғашқы рет 2002 жылы 13 маусымда  тіркелген. 2006 жылы 20 наурызда серіктестіктің қатысушыларының құрамы өзгергеннен кейін қайта тіркеуден өткен;

- Серіктестіктің  қатысушысы болып Қазақстан Республикасының  азаматы табылады;

- Серіктестіктің  негізгі қызметі: құрылыс материалдарын,  темірбетондық өнімдерін және  басқада құрылысқа қатысты өнімдерді өндіру. 

Ұсынылған құжаттарды толықтығын және рәсімделуін толықтай зерттегеннен кейін несие бөлімінің  маманы алынған өтінішке қабылдау күні мен кіріс номерін қоя отырып, алынған құжаттарды тіркеу кітабына тіркейді. Несие бөлімінің маманы қаржылық талдауды жүргізгеннен кейін құжаттарды келесі тәртіп бойынша қызмет орындарына таратады:

  • Заң қызметі бөлімшесіне бекітілген ережеге сәйкес жоба бойынша алғашқы құқықтық қорытынды шығару үшін;
  • Бағалау қызметі бөлімшесіне кепіл мүліктерін бағалау бойынша қорытынды шығару ұшін;
  • Тәуекел қызметі бөлімшесіне тәуекелділік қорытындысын дайындау үшін.

Толық құжаттар пакетін алғаннан кейін Заң қызметі  бөлімшесі заңгері ұсынылған  құжаттар бойынша құқықтық сараптама  дайындайды.

Біріншіден, фирмалық бланкіде толтырылған қарыз алушының несиелеу туралы өтініші мен несие алушының анкетасы құрылтай құжаттарының түпнұсқасымен салыстырыла отырылып, шынайылық пен нақтылығы тексеріледі. Банк “Банктер және банктік қызмет туралы” заңның 34 бабына сәйкес несиені ұсыну туралы келісім-шартты бекітудің міндетті шарасы ретінде банктік операциялардың кейбір түрлерін жүргізуші ұйымдар мен банктердің несие ұсынысына қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы, несие алушы туралы несие бюросының ақпараттар базасына бекітілетін келісім-шарттар туралы ақпараттар, сонымен қатар екі тараптың өз міндеттерін орындау жайындағы ақпараттар болып табылады.

Несие алушының өкілетті органының шешімінде несиені  алуы туралы, кепілге ұсынылатын мүліктің түпкілікті сипаты (жылжымайтын мүліктің кадастрлық номері, инвентарлық номері және мүліктің техникалық, баланстық, қалдық құны туралы сипаттамасы және т.б.) мен оны ұсыну шешімдері туралы және несие алушы өз міндеттемелерін банк алдында дұрыс орындамаған жағдайда кепілге салынған мүліктен сот шешімінсіз несие сомасын өндіріп алу және банктік шоттарындағы барлық ақша қаражаттарын акцептсіз шешіп алу туралы шешімдер заң және банктің корпоративтік стандарттарына сәйкес жасалуы қажет. “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестік туралы” заңның 42 бабына сәйкес серіктестік мүлкін кепілге салу туралы шешімді қабылдау серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының лауазымына кіреді. Кепіл міндеттемені қамтамасыз етуші басты құрал болғандықтан бұл құжаттың дұрыстығын анықтау маңызды болып табылады.

Информация о работе Жұмыссыздық түсінігі