Жұмыссыздық түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 15:12, дипломная работа

Описание работы

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................

Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................
Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі...................................................................................
Несиені берудің және қайтарудың құқықтық формалары.............................
Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері............................

Тарау 2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..............................................
2.1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік қызметін талдау.............................................................................................................
Альянс Банкте жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру құжаттарына құқықтық сараптама жасау........................................................
2.3 Банк клиентінің несие қабілеттігін талдау..........................................................

Тарау 3. НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................
3.1. Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру процесін
басқаруды жетілдіру................................................................................................
3.2. Несие бюросының қызметі несиелік тәуекелді басқару
факторы ретінде......................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................

Работа содержит 1 файл

Дип. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.DOC

— 4.66 Мб (Скачать)

 

    1. Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері

Банктік несиелендіруді кәсіби іс-әрекет ретінде жүзеге асыру кезінде несиені ұсыну жайлы маңызды және шешілетін сұрақтардың болуын қалайды. Бұл айтарлықтай түсінікті, егер ұйым ерекше жағдайларда несие берген кезде ол несие алушының төлем қабілеттілігі жайлы жақсы ақпараттандырылған. Кері жағдай болғанның өзінде пайда болған шығынды өзге қызметтерден түскен шығындармен жабуға болады. Егер банк өзінің сәтті қызметтері үшін тұрақты түрде несие беріп тұрған кезде сол немесе өзге себептерге байланысты берілген несиенің қайтарылмау мүмкіндіктерін қарастыру керек. Сондықтан банктің және оның салымшыларының несие ала-алмаған кездегі мүдделері қалай қорғалатындығын алдын ала анықтап алуы  қажет. Тәжірибе көрсеткендей мемлекетіміздегі несиелердің қайтарылмауы көп кездесіп, бұлар қарапайым жағдай болып барады, яғни бұл міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін әдістерді қосымша қарастырудың қажеттігін айқындайды.

Іс жүзінде банк міндеттемелерді  орындатуға Қазақстан Республикасындағы  кез келген азаматтық құқығын  қолдануға және келісім-шартта заңға  қайшы емес міндеттемелерді көрсете алады.

ҚР АК 292-бабы бекіткендей, міндеттемелерді  орындау заңдарда немесе шартта көзделген  айып төлету, кепіл, борышқор мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етіледі. Теориялық көзқарас бойынша банк мүдделерін қорғайтын құралдардың және құқықтық қатынасқа қатысатын қатысушылардың міндеттемелері мен құқықтарының жиынтығының құқықтық табиғатын айыра білу керек. Осыған байланысты несие қайтарылмаған жағдайда қолданылатын құқықтық институттарды үш топқа болуге болады. Бірінші топқа ҚР АК 18-тарауында қарастырылған міндеттемелерді орындатуды қамтамасыз ететін дәстүрлі әдістер кірген. Осылардың ішіндегі ең жиі қолданылатын әдістері айып төлету, кепіл, кепіл болушылық және кепілдік. Екінші топқа несиені қайтармаған кезде банктің мүдделерін қанағаттандыруға құқықтық кепіл қалыптастыратын сақтандырудың әртүрлі келісім-шарттары кіреді. Ал үшінші топқа банк пен оның салымшыларының мүдделерін қорғайтын стандартты емес әдістері кіреді. Бұл жерде сөз міндеттемені тоқтатудың және қарызды өтеудің мүлікпен төлетудің екі тарапқада тиімді жолы арқылы жағдай жасайды.

ҚР АК 293-бабына сәйкес айып төлеу  дегеніміз – борышқор міндеттемесін  орындамаған немесе тиісінше орындамаған  ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес.   

Банктік несиелендіруде айып төлетуді қолданудың басты сәттерінің бірі болып оның қамтамасыз етушілік қызметі және шығындарға сәйкестігі табылады.

Банктік несиелендіруде кепілді қолдану  бірқатар ерекшеліктерге ие, яғни банктік  заем келісім-шартын бекіту кезінде  банк пен несие алушы осы артықшылықтарды ескеру керек. Осы ерекшеліктер қазіргі уақытта заңнамалық күші бар және банктік іс-әрекеттің спецификасымен анықталады. Қазіргі уақытта кепіл туралы заңнама көп деңгейлі және күрделі сипатқа ие. Дегенмен ҚР АК (299-328 баптары) сәйкес кепілді тіркеу ережелерін, мемлекеттік мүліктің кепілдік мәмілені келістіру, мүліктердің кейбір жеке түрлерін (айналымдағы тауарлар, жылжымайтын мүліктер және т.б.) кепілге қалдыру ерекшеліктерін реттейтін бірқатар нормативтік актілер өз күшін сақтайды. Одан басқа 1995 жылдың 25 желтоқсанында “Жылжымайтан мүлікке құқығын және олармен мәмілелерді жүргізуді мемлекеттік тіркеу туралы” заң қабылданды.

Қазіргі уақытта кепіл ретінде  пәтерлер, үйлер, жер учаскелері, құнды  қағаздар, қоғамдық және шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы үлестері мен пайлары, шетел валютасы, асыл тастар мен металлдар, көлік құралдары қолданылады. Осы заттардың әрқайсысы өз ерекшеліктеріне ие.

Банктік кепілдегі басты сұрақ  міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілге қойылған мүлікті төлету ережелері болып табылады. Осы сұрақтағы басты мәселе несие берушінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында рұқсат етілген құқықтық нысандарда несие алушының құқықтарына қысым жасамай қолдану мүмкіндігі.

Бактік тәжірибеде несиені қамтамасыз ету мақсатында көбінесе кепіл болушылық қолданылады, яғни жеке тұлғаларды несиелендіру кезінде. Бұл кезде Азаматтық Кодекстің реттеуші нормаларын ескеру қажет.

Кепілдік пен кепіл  болушылықтың мазмұны келесідей, яғни белгілі бір тұлға несие берушінің  алдында келісім-шартты бұзғаны үшін негізгі борышкер үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Кепілдік дегеніміз – кепілдік беруші борышқордың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесін орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді /16, 20/.

Әлемдік тәжірибеде банктер  келісілген кепілдік бойынша бірыңғайланған ережелерге және талап бойынша кепілдік үшін  бірыңғайланған ережелерге сүйенеді /17, 234/. Осыған сәйкес кепілдік беруші бойынша  келіспеушіліктерді білдіру жазбаша  нысанда және кепілдік берушіге бекітілген ереже бойынша бағытталады. Кепіл болушылық келісім-шарты – несие беруші мен үшінші жақтың атынан іс-әрекетке араласатын  кепіл болушы арасындағы келісімі ретінде  пайда болады. Осылайша борышкер мен кепіл болушы арасындағы байланыс борышкердің міндеттемесі үшін  толықтай немесе жартылай жауап беруге міндеттеме алып, байланыс әр түрлі болуы мүмкін. Бұл дербес, мысалға сақтандыру немесе басқа да құқықтық байланыс болып табылатын, яғни қайтарымсыз негізде құрылған келісім-шарт. Мұндай байланыс құқықтық сипатқа ие болмауы мүмкін. Кез келген жағдайда кепіл болушылық несие беруші мен борышкердің арасындағы келісім-шарт үшін қоздырушы себеп болады. Кепіл болушылық келісім-шарты бір жақты міндеттеуші, консесуалды және қайтарымсыз болып табылады. Бұл кепіл болушының борышкерден қарызын өтемегені кезіндегі шығынын өтеуді талап ете алмайтындығын білдіреді. Қайтарымсыздылық кепіл болушы мен несие беруші арасындағы қатынаста қолданылады.  Кепіл болушылық келісім-шартының мазмұны ретінде кепіл болушының, борышкердің өз міндеттемесін толықтай немесе жартылай орындауына жауап беру міндеттемесі ретінде қарастырылады. Бұл кепіл болушы борышкердің міндеттемесін орындау керек дегенін білдірмейді. Борышкер өз міндеттемесін орындамаған жағдайдағы жауапкершілігін кепіл болушыға міндеттеу керектігі туралы сөз болуда. Мұндай жауапкершілік ақшалай соманы төлеу түрінде білдірілуі мүмкін. Сондықтан келісім-шартта қандай сомада, қалай төлеу керектігі және қандай міндеттемелер туындаған жағдайда төлеу керектігі анықталуы тиіс. Кепіл болушы несие беруші алдында кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапкершілікке ие, егер өзге жағдайлар кепіл болушылықта қарастырылмаса. Субсидиярлық жауапкершілікке ие кепіл болушыға талаптар қоймас бұрын несие беруші борышкер жағынан қанағаттандыруға ие бола алатын орынды шараларды қолдануы тиіс. Кепіл болушылық келісім-шарты және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін қалған әдістер негізгі міндеттемелермен тығыз байланысты. Бірақ басқа әдістерге қарағанда кепіл болушылық болашақта пайда болатын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша кепіл болушылық болашақ міндеттемелердің пайда болуының алғы шарты ретінде қалыптасады және өзге келісім-шартты бекітудің қажетті шарты болып табылады. Бұл әрине несиелік, заемдық міндеттемелерге қатысты. Кепіл болушылықтың әртүрлі құқықтық емес нысандардан ажырата білу керек. Мысалы, банктің несие алушы туралы төлем қабілеттілігі туралы анықтаманы беруі және т.б. мұндай іс-әрекеттер кепіл болушылық бойынша қатынастарды туындатпайды және кепіл болушылықта бекітілген құқықтық салдарға апармайды.

Кепілдік және кепіл болушылық  кепілдік немесе кепіл болушылықтың келісім-шарты негізінде пайда  болады және жазбаша нысанда толрырылуы міндетті. Яғни бұл сипаттар ҚР АК 331-бабында көрсетілген. Бұл шараларды орындамау келісім-шарттың жарамсыздығын және кепіл болушылықтың жауапкершілігінің сәйкесінше жоқтығын білдіреді. Осылайша заңды реттеуге ҚР АК 152-162 баптары қолданылады.

Кепіл болушының несие беруші алдындағы  жауапкершілігі келісім-шарт мазмұнына байланысты, себебі көрсетілген норма келісім-шарт арқылы субсидиярлы жауапкержілікті бекітуге құқық береді. Егер келісім-шартта немесе арнайы құқықтық нормаларында борышкер және кепіл болушы ортақтасып төлейтін борышкерлер екендігі туралы нұсқаулар болмаса,  ҚР АК 287-бабының күші бойынше несие беруші борышкерге және кепіл болушыға олардың жауапкершілігі туралы талаптар қоюға құқылы. Егер кепіл болушылық келісім-шартында субсидиярлық жауапкершілік көрсетілсе, онда ҚР АК 332-бабына сәйкес несие беруші кепіл болушыға талап қоймас бұрын негізгі борышкерге талап қоюға міндетті. Өз кезегінде несие беруші борышкер жағынан жауапкершіліктің орындалмағаны жөнінде ақпарат алса, сонымен қатар орындаудан бас тартса, онда ол кепіл болушыға талап қоюға құқылы.

Кепіл болушының жауапкершілігінің  көлемі негізгі борышкердің жауапкершілігімен  бірдей. Ол тікелей нақты шығындардан, сонымен қатар сот шығындарынан тұрады. Бірақ келісім-шартта кепіл  болушының шектелген жауапкершілігі немесе нақты сома немесе шығындардың нақты бөлігін көрсетуі арқылы шектелуі мүмкін.

Егер кепіл болушы ретінде екі  немесе оданда көп тұлғалар қатысатын  болса, онда олар ортақтасып төлейтін борышкерлер деп аталады, яғни олар несие беруші алдында ортақ жауапкершілікке  ие. Бұл жерде кепіл болушылық келісім-шарты күші негізінде басты борышкерге қатысты субсидиярлы борышкерлер болып табылады. Бірақ көп жағдайда осы тұлғалардың ортақ жауапкершілігі қалыптасады. Осы құқықтық қатынастарды ортақ міндеттемелерді реттейтін заңды күші бар барлық құқықтық нормалар реттей алады. Несие берушінің талаптарына қарсы кепіл болушының ниет білдіру құқығы кезінде осы қатынастарды құқықтық негізде реттеуді қажет етеді.

ҚР  АК 335-бабына сәйкес кепілдіктен  немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттемені орындаған борышқор кепілдік берушіге немесе кепіл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға міндетті. Олай болмаған жағдайда өз кезегінде міндеттемені орындаған кепілдік беруші немесе кепіл болушы несие берушіден негізсіз алынған өндіріп алуға, не борышқорға кері талап қоюға құқылы. Соңғы жағдайда борышқор несие берушіден тек негізсіз алынған соманы ғана өндіріп алуға құқылы.

Кепілдік және кепіл болушылық  өзінің заңды күшін міндеттеме орындалғаннан  кейін жоғалтады. Сонымен қатар  кепілдік және кепіл болушылық өзге тұлғаға осы келісім-шартта көрсетілген жауапкершілікті ауыстырған кезде, егер кепілдік беруші немесе кепіл болушы несие берушіге жаңа несие алушы үшін келісімін бермеген жағдайда өз күшін жоғалтады. Сонымен қатар кепілдік пен кепіл болушылық келісім-шартта көрсетілген мерзімінен асып кетсе, өз күшін жоғалтады.

Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайлары қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толы немесе ішінара ортақтасып жауап беруге міндеттенеді. Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін (ҚР АҚ-329).

Кепілдік беруші несие беруші алдында, егер кепілдік шартына өзгеше белгіленбесе, борышқор сияқты айыппұл, сыйақы төлеуді қоса алғанда, борышты өндіріп алу жөніндегі сот шығындарын және борышқордың міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған несие берушінің басқа да зияндарын төлеуде сондай көлемде жауап береді. Кепілдік беруші, несие берушінің талаптарын қанағаттандыруға дейін бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепілдік берушіге қуыным жасалса, борышқорды іске қатыстыруға міндетті. Олай болмаған жағдайда борышқор өзінің несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын кепілдік берушінің қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы.

Кепілдік берушіге, егер кепілдік шартымен өзгеше туындамаса, нсие берушінің  талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюға құқылы. Кепілдік беруші бұл қарсылықтарға құқығын  тіпті егер борышқор олардан бас тартқан немесе өзінің қарызын мойындаған жағдайдада жоғалтпайды.

Заң азаматтық қатынастарды тұрақтандыру үшін кепілдік пен кепіл болушылықты  мерзімін және кепіл болушыға несие  берушінің талаптарын қою мерзімдерін  бекітеді. Егер келісім-шарттың өзінде мерзімі көрсетілсе, онда мерзімі біткен жағдайда кепіл болушылық өз күшін жоғалтады. Бірақ бұл мерзім негізгі міндеттемені орындау мерзіміне қарағанда аз болса, онда кепіл болушылық өз мазмұнын жоғалтады.

Қорыта келгенде банктік несие дегеніміз –  несиелік мәміленің субъектілері ретінде міндетті түрде екі тұлға қатысатын, яғни несие беруші мен алушы бар несиенің арнайы түрі.

Банктер қаржы ресурстарын несие  алушылардың осы құралдарға қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында шоғырландырады. Мұндай операциялар экономикалық көзқарас тұрғысынан несиелік операциялар болып табылады.

Несие капиталы нарығында банктер  ерекше орынға ие, бірақта өздерінің  жеке және тартылған қаржылық құралдарды несие алушыларға әртүрлі формада  ұсына отырып, несиелік операцияларды  жүзеге асырушы арнайы ұйым болып табылады.

Банктер несиелендеру кезінде бірнеше  принциптерге сүйенеді:

  • мерзімдік: несие белгілі бір уақыт аралығына беріледі;
  • төлемік: несиені қолданғаны үшін несие алушы сыйақы төлейді;
  • қайтарымдық: несие алушы белгілі бір мерзім өткеннен кейін алынған несие сомасын қайтарады.

Несие алушы мен банктің қарым-қатынасын  реттеуде банктік заем келісім-шарты  қолданылады. Келісім-шарты міндетті түрде жазбаша нысанда болады.

ҚР АК 292-бабы бекіткендей, міндеттемелерді  орындау заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқор мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарау 2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

 

Бұл тарауда екінші деңгейлі банктермен республика бойынша берілген несиелерге талдау жаса отырып, ол көрсеткіштер Альянс Банктің көрсеткіштерімен салыстырылады, банктің заңды тұлғаны несиелендіруі бойынша құжаттарына құқықтық сараптама жасалу және оның несие қабілеттігін анықтау мәселелері қарастырылады.

 

 

 

2.1 Қазақстан  Республикасының екінші деңгейлі  банктерінің несиелік  
            қызметін талдау

 

Екінші деңгейлі банктердің дәстүрлі-базалық қызметтерінің  бірі – экономиканы несиелендіру болып табылады. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңызды қызметіне және бакнтің активті операциясына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.

Қазақстан Республикасының  екінші деңгейлі банктерінің несиелік операцияларының даму сипатын және олардың нарықтағы үлесін төмендегі көрсетілген статистикалық мәліметтерден көруге болады. Бұл көрсеткіштерге сүйене отырып, мемлекетіміздің экономикасының тұрақты түрде дамып келе жатқанын айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1

Екінші деңгейлі банктердің экономикаға салған  
              несиелік салымдары, (млн. тенге)

 

2002 ж.

 2003 ж.

   2004ж.

  2005ж.

2005ж.,үлес салмағы, %

Екінші деңгейлі банктер несилері

соның ішінде:

қысқа мерзімді

ұзақ мерзімді

672 407 

 

  
 
289 014

383 393

978128 
 
 

369 775

608353

1 484 010  
 
 
 
508 596

975 414

2 592 061 
 
 

956 470 
1 635 591

100 
 
 
 
36,9 
63,1

Информация о работе Жұмыссыздық түсінігі