Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 15:12, дипломная работа
Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................
Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................
Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі...................................................................................
Несиені берудің және қайтарудың құқықтық формалары.............................
Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері............................
Тарау 2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..............................................
2.1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік қызметін талдау.............................................................................................................
Альянс Банкте жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру құжаттарына құқықтық сараптама жасау........................................................
2.3 Банк клиентінің несие қабілеттігін талдау..........................................................
Тарау 3. НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................
3.1. Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру процесін
басқаруды жетілдіру................................................................................................
3.2. Несие бюросының қызметі несиелік тәуекелді басқару
факторы ретінде......................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................
Банктер мен оның салымшыларының өз тәуекелдері болады (салымшының – меншік иесінің тәуекелі,банктің тәуекелі – кәсіпкерлік), бұл тәуекелдер өзара тепе-тең жағдайда болу керек. Басқаша айтқанда, банк өзінің қаржылық мәселелерін салымшылардың есебінен шешуге құқықылы емес.
Мемлекетке және қоғамға толықтай қатысты әлеуметтік маңызы бар қызметтердің немесе жеке әлеуметтік топтар құқығын қамтамасыз етуге бөлінген нақты бір қаржы қаражаттарының сомасы несие алушыларға мақсатты жұмсалуы керек. Мақсатты несиелендіру кезінде құқықтар мен мүдделер иесі, несиені нақты жүзеге асырушы мемлекеттік орган болуға тиіс.
Сонымен бірге, банктердің несие саясатын жүзеге асыру кезінде немесе несиелендіру барысында нақты жеке мүдделеріне ие, бірақ нақты бір құқықтық мәртебеге ие емес және де банктік тәжірибеде айтарлықтай әсер ете алатын тағы бір күрделі субъект жайында атап өту қажет. Бұл жерде дәстүрлі емес субъект жайлы, яғни Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ол барлық банктер мен олардың бірлестіктері арқылы құрылады және несиелендіруді жүзеге асырудың тұрақтылық мүдделеріне иелік етуші болып табылады. Сонымен қатар, осы іс-әрекеттің тепе-теңділігі мен стандартталуына өз үлестерін қосады. Осыған қарамастан, әрбір банк өзге банктерге бәсекелестік принципін ұстанады, барлық банктер бірлестіктері осы жүйенің бұзылмауын қалайды. Себебі, бұл банк жүйесінсіз олардың қызмет атқаруы мүмкін емес. Бұл қызығушылық резервтік талаптардың іске асуын қалайды. Бұл өз кезегінде салымшылырдың мүдделерінің алдында банк жүйесінің сенімділігін арттырады.
Жоғарыда аталған субъектілердің құқықтары мен міндеттерін ескеру банктік несиелендірудің құқықтық реттеу негізін қалыптастыруы тиіс. Оның қазіргі жағдайы қалай? Қандай нормативтік актілерден құралады? Бұл нормативтік актілерді білу аз дегенде екі себепке байланысты: біріншіден, несиелік құқықтық қатынасқа қатыса отырып, өзіне жүктелеген құқықтар мен міндеттердің жүйесін және олардың кері салдарын білу қажет; екіншіден, көптеген келеңсіздіктерді ескере отырып, заңдық күші бар нормативтік актілерді сәйкестендіру мен иерархиясын, құқықтық реттеу кемшіліктерін болдырмау жолдары мен әдістерін субъект өз құқықтарын қорғау мақсатында білуі қажет. Банктік несиелендіру туралы негізгі заң актісі және барлық құқықтық реттеуді жүйелеуші басты заң Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (бұдан әрі ҚР АК) болып табылады. Бұл жерде банктік заемға 715-728 баптар арналған.
Банктік несиелендіру аталған азаматтық құқықтық нормалармен, сонымен қатар, арнайы банк заңнамаларының нормаларымен, соның ішінде “Банктер және банктік қызмет туралы” заңның 34-37 баптарымен реттеледі. Бұл нормаларда несиелендіруді жете құқықтық реттеудің шаралары толық көрсетілмеген, тек қана бағыт беруші рөл атқарады.
Заңнамалық қосымша реттеу Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, Ұлттық банкінің, қаржылық қадағалау агенттігінің, қаржы министрлігінің, салық комитетінің және өзге де органдардың нормативтік актілері қалыптастырады. Барлық нормативтік актілер басқа да заңдарға қарама-қайшы болмауы тиіс.
Әрбір банктегі нақты несиелендіру процесі негізінен жергілікті құқықтық актілермен реттеледі. Олардың құрамына банктің несиелендіру ережесі, несиелік комитет туралы ережесі, коммерциялық банктің несиені ұсыну жөнінде шешім қабылдайтын жеке қызметкерлердің нұсқауы кіреді. Бұл актілердің құқықтық маңызы несие алушыға келісім-шартқа қол қойғанға дейін кепілдеме болады, қол қойылғаннан кейін ерікті түрде қабылдаған міндеттеме болады. Сондықтан барлық потенциалды несие алушылар несиелендіру ережесін алдын-ала жан-жақты зерттеп алуы қажет. Яғни, құқықтар мен міндеттер және несие беруші банктің бақылау, жауапкершілік шаралары туралы білуі қажет.
Толықтай айтар болсақ, банктік тәжірибе несие берудің және несиені қайтарудың өзіндік дәстүрі мен ережелерін қалыптастырды, кейбір кезде заңға және нормативтік актілерге сәйкес келмейтін жағдайлар туындаған кездерде де құқықтық реттеуге шешуші әсер ететін кездер болады. Себебі бұл экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастырылған. Бұл құқықтық қамтамасыз ету банктің несиелендірудің қатысушыларының қызығушылығын айқындайды және банктік несиелендірудің құқықтық табиғатын ашады.
Банктік несиелендіру тәжірибесі және осы процестерді құқықтық реттеу қарқыны бірқатар құқықтық мәселелерді қалыптастырады. Банктік несиелендіруді құқықтық реттеу арнайы заңдарды қабылдауы тиіс. Мысалы, шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы, банктік тұтыну несиесі туралы, ипотекалық несиелер туралы заңдар сияқты. Мұндай заңдар банктік несиелендіру кәсіби қарекеті ретінде қарастырылатын әлемнің көптеген мемлекеттерінде қабылданған және жүзеге асырылуда. Бұл заңнамалар қаржылық нарықта кәсіби қарекетті жүзеге асыруға арналған банктік заем келісім-шарттар және заңды тұлғалар мен азаматтар арасындағы заемдық құқықтық қатынастарға қызмет көрсету сапасын арттыруы қажет.
Несиелендірудің құқықтық табиғатын анықтау осы процестегі жинақталған құқықтық қатынастардың сипаты мен ауқымын орнатуға және олардың экономикалық қажеттілігін анықтауға қажет. ҚР АК банктік заем келісім-шартын банк пен клиент арасындағы қарым-қатынастың негізгі ережесі ретінде бекітті. Яғни, осы бойынша құқықтар мен міндеттер маңызды сұрақтарды екі жақты шешкен кезде басталады. Мұндай қалыптастыру айтарлықтай экономикалық дәлелденген. Дегенмен, несиеленетін кәсіпкерлік қызмет нақты басқару негізі барысында жүзеге асырылады. Кәсіпкер немесе өзге несие алушы банкпен несие келісім-шартын бекіткеннен кейін осы щарт бойынша ақша талап етуге және сәйкесінше өзінің іс-әрекетін жоспарлауға құқылы, ал банк несие беруге меіндетті. Шындығына келсек, банктер несие алушыға қарастырылған несиені беруден бас тартуға құқылы, яғни несие алушыға берілген несие өз уақытында толықтай немесе бөлшектеніп қайтара алмайтын сипаты туындағанда. Әлбетте, мұндай негіздемелердің бірі несие алушының төлем қабілетсіздігі болып табылады.
Банктік несиелендірудің негізгі көзі тартылған қаржы қаражаттары болып табылады. Бұл жағдайда банк өзінің жеке қаржы құралдарымен қоса, салымшылардың салған ақшалары есебінен тәуекелге барады. Осы процесс салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдарды бекіту керектігін айқындайды. Және де бұл жеке құқықтық реттеу деңгейінде емес, керісінше жалпы қоғамдық құқықтық реттеу ережелерін бекіту жолымен жүзеге асырылуы тиісті. Банктік заемның бірқатар элементтерінің қоғамдық-құқықтық сипаты және салымшылардың мұдделерін қорғау қажеттілігі несиелендірудің бұл түрін, банктік жүйенің тұрақтылығы мен банк салымшыларының мүдделерін қорғай алатын арнайы талаптармен жүктеу.
Банктер және банктік қызмет заңының 30-бабына сәйкес несиелендіру уәкілетті органның берген лицензиясы негізінде банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асырушы ұйымның да банктік операциясы ретінде қарастырылған. Берілген баптың мазмұнына сүйенетін болсақ, несиелік ұйым болып табылмайтын заңды тұлғалар тартылған ақша қаражаттары есебінен несие беруге құқылы емес. Осылайша банктік несиелендіру несиелік ұйымдардың кәсіби кәсіпкерлік іс-ірекеттерінің бір түрі және олардың пайдаларын қалыптастыратын негізгі көздердің бірі болып табылады. Бұл сипатында банктік несиелендіру банктің кәсіби табиғаты ретінде қарастырылады және өкілетті органмен лицинзиялануды талап етеді. Несиелендірудің өзі банк үшін күнделікті жүзеге асырылатын іс-әрекет ретінде қарастырылуы қажет.
Банктік заем келісім-шарты бойынша банктік несиелендіру кезінде несие беруші несие алушыға несиеге ақша беруге міндетті (ҚР АК 727-бап). Әрине, бұл жерде сөз қомақты сома жайында, яғни банктік несиелендіру көбінесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады. Есеп айырысу операцияларының нормативтерін сақтау кезінде несие қолма-қол түрде ұсынылуы мүмкін.
Қазіргі заңнамаға сәйкес банктік несиені ұсынудың басты нысаны жазбаша түрде нақты бір шаралар мен ережелерді ұстана отырып толтырылған банк заемының келісім-шарты болып табылады (ҚР АК 727,728 баптар). Бұл келісім шарт консесуалды, қайтарымды және өзара міндеттеуші болып табылады.
Осылайша банктік несиелендіруді несиелік ұйымдардың лизензиялануға жататын кәсіпкерлік іс-әрекет ретінде қарастырылады. Енді банктік несиелендірудің ерекшеліктерін оның принциптеріне қалай айналатындығын қарастырайық.
Енді банктік несиені ұсынудың, яғни осы іс-әрекетті жүзеге асырудың біркелкі ережелері мен принциптерін болуын қалайды. Осылайша, осы принциптер несиелендіру операциясына қатысушылардың барлық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін, екінші жағынан, әртүрлі банктермен жүзеге асырылатын несиелендірудің тиімділігін арттыратын жалпы принциптерге сәйкес болуы тиіс. Біркелкілік және салыстыру функциялары банктік несиенің жалпы принциптерінің орындалуы қажет. Жалпы принциптері ретінде бұл жерде тәжірибе негізінде пайда болған және құқықтық талаптарда көрсетілген несиелік қарекетті жүзеге асыру кезіндегі ережелерді айтуға болады. Несие принциптері қарыз бен несие арасындағы нақты шекараны анықтауға мүмкіндік береді. Несие кезіндегі зат ретінде жекешелендірілген затты қарастыруға болады, бұл өз кезегінде принциптерге сүйенетін болсақ, затты тікелей қайтару керектігі қажеттігін қарайды. Мұндай міндетті шарт келсісім-шарт пәнін нивелирлеуге және оған толықтай иелік етуге мүмкіндік бермейді, сонымен қатар, үшінші тарапқа бұл пәнді қайтарымсыз түрде иелік етуді қаламайды. Осы себепке байланысты қарыз несиемен салыстырғанда қайтарымсыз түрді қалайды /8, 423/.
“Банктер және банктік қызмет туралы” заңының 34-бабына сәйкес заемдық операция – банктік операциялардың жеке бір түрін жүзеге асырушы банктермен немесе ұйымдармен өзге тұлғаларға мерзімдік, қайтарымдық және төлемділік негізінде ақша ұсынуы болып табылады. Банктік заемдық операциялары осы ұйымның директорлар кеңесімен бекітілген ішкі несие саясаты туралы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі несие саясатын жүзеге асырушы орган банктің несие комитеті болып табылады.
Ішкі несие саясаты туралы ережесі заемдық операцияларды жүзеге асыру кезінде тәуекелділік деңгейін төмендету мақсатында жасалып дамытылады және келесілерді анықтайды:
Сонымен қатар банктік
несиелендірудің ережелері
Пайыздық көрсеткіш көлемін анықтау кезінде екі жағдайды ескеру қажет: Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және осымен байланысты келісім-шартта көрсетілген банк несиелендірушісінің пайыздық көрсеткішті, несиелендіру мерзімін өзгерте алу құқығы. Теориялық тұрғыда, банктің заңды күші бар ережелеріне сәйкес қайта қаржыландыру мөлшерлемесі халықаралық мөлшерлемелерге (LIBOR, FIBOR және тағы басқалар) мөлшерлемелерге сәйкес қалыптасуы керек. Бұл қаржылық көрсеткіштер әлемнің алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарында (Лондон, Франкфурт-на-Майне, Париж, Мадрид, Токио, Сингапур, Нью-Йорк) бекітіледі.
Қазіргі уақытта LIBOR мөлшерлемесі 6 пайыз
шамасында ауытқып тұрады. Ал Қазақстанда
Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың
ресми мөлшерлемесін қаржы
Банктегі пайыз мөлшерлемесі банкпен және оның несие алушысымен келісіліп бекітіледі. Салым, несие бойынша пайыздық көрсеткіштер және операциялар бойынша комиссиондық сыйақылар клиентпен келісім негізінде несие ұйымымен бекітіледі, егер заңда басқаша көрсетілмесе. Несие ұйымы біржақты тәртіппен комиссиондық сыйақылар, несие, депозит бойынша пайыздық көрсеткіштер мен клиенттермен келісім-шарт мерзімін өзгертуге құқығы жоқ.
Келісім-шарттағы нақты
пайыздық көрсеткіш Қазақстан
Банк несиелендіруші пайыздық көрсеткіштің нақты сомасын келісім-шартта осы ереже арнайы көрсетілген жағдайда өзгерте алады. Егер банктің мұндай құқығы келісім-шартта көрсетілмеген жағдайда, яғни несие алушының келісімінсіз заңда көрсетілмесе, пайызды өзгертуге құқығы жоқ. Бұдан басқа келісім-шартта өзге жағдайларға байланысты, мысалы, несиені өз уақытында қайтару сипаттары айқындалған жағдайда пайыздық көрсеткішті өзгерту құқығы мен міндетін көрсетуге болады. Пайыздық көрсеткішті төлеу несие мерзімі банктік несиелендірудің мерзімділік талабына айналады. Бұл несие белгілі уақытқа берілетіндігін және уақыт мерзімі біткен жағдайда қайтарылуы керектігін білдіреді. Ең қызықтысы және қиыны несие мерзімінің басталу және аяқталу мәселесі. Барлық қарапайымдылыққа қарамастан, ол бірқатар нақтылауларды қажет етеді. Ескере кететіндігі, бұл мәселелер банкте есеп шоты бар несие алушыға несие беру кезінде болмайды. Бұл мәселе банкаралық несиелендіру немесе есеп шоты өзге банкте орналасқан несие алушыны несиелеу кезінде пайда болады. Себебі, несие қолма-қолсыз түрде банктің есебінен несие алушының өзге банктегі шотына аудару кезінде актуалды сипатқа ие болады. Несиені қайтару осы жолмен керісінше жүзеге асырылады. Осы кезде мынадай сұрақ пайда болады: төлем құжаттарының айналым мерзімі несие мерзіміне кіреді ме? Несиенің мерзімі несие алушының шотына ақшаны аударғаннан кейін және осы ақша құралдарын қолдану құқығы берілген күннен басталады.