Жұмыссыздық түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 15:12, дипломная работа

Описание работы

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: «20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................

Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................
Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі...................................................................................
Несиені берудің және қайтарудың құқықтық формалары.............................
Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері............................

Тарау 2. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ..............................................
2.1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік қызметін талдау.............................................................................................................
Альянс Банкте жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру құжаттарына құқықтық сараптама жасау........................................................
2.3 Банк клиентінің несие қабілеттігін талдау..........................................................

Тарау 3. НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ....................
3.1. Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру процесін
басқаруды жетілдіру................................................................................................
3.2. Несие бюросының қызметі несиелік тәуекелді басқару
факторы ретінде......................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі................

Работа содержит 1 файл

Дип. «АЛЬЯНС БАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ.DOC

— 4.66 Мб (Скачать)

Сонымен қатар несиенің қайтарымдылығы қарапайым ережеден тұрады – несие қайтарылуы қажет. Несиелік ұйым Қазақстан Республикасының  заңнамаларында көрсетілген шараларға  сүйене отырып, несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуі қажет. Несие ұйымы борышкерге қатысты төлемқабілетсіздігін (банкроттылығы) туралы белгілі болған жағдайда және заң бекітілген талаптарға сәйкес қарызын өтеу міндетін орындамаған жағдайда сотқа шағымдануға құқылы. Бұл жерде несиені қайтару ережесі және әдісі туралы сұрақ туындайды. Дегенмен, несие екі әдіспен қайтарылуы мүмкін:

 а) несиенің барлық  сомасы мерзімі біткеннен кейін  бір реттік төлеммен қайтарылады;

 б) банктің келісімімен  несие келісім-шартта көрсетілгендей  бөлшектеніп қайтарылады.

Әрине екінші әдіс банк және несие алушы үшін де қолайлы. Осы  процесте басты көңіл бөлетін  жайт – несиені пайдаланғаны үшін төленетін несие сомасы. Бөлшектеніп  қайтару кезінде пайыз қалған бөлігіне есептелуі керек. Берілген қарыздың жіктелуі және несие тәукелдігін бағалау кәсіпкерлік іс-әрекетке тәуелді түрде жүзеге асырылады. Берілетін барлық қарыздар қамтамасыз етілу деңгейі бойынша 3 топқа бөлінеді:

  • қамтамасыз етілген несие өтімді кепіл түрге ие, яғни оның нақты сомасы берілген несиеге тең немесе одан асып кететін немесе бекітілген ереже бойынша сақтандырылған несие түрі;
  • жеткіліксіз қамтамасыз етілген несие – бөлшектеніп қамтамасыз етілген несие. Оның нақты құны немесе жүзеге асыру қабілеті күмән келтірерліктей;
  • қамтамасыз етілмеген несие – қамтамасыз ету үрдісі байқалмаған несие түрі немесе қамтамасыз етуге нарықтық құны несие көлемінің 60 пайызынан төмен.

ҚР ҰБ-мен несиені  жіктеу оның қамтамасыз ету сапасына, несие алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихы несинің жіктелу  категориясына байланысты жүзеге асырады /9, 3/. Берілген критерийлер бойынша және несиелік міндеттемені орындауды ұзарту мерзімі негізінде одан ары қарай несиені 3 топқа бөлеміз: стандартты, күмәнді және сенімсіз несие. Әрбір осы топтар тәуекелдің анықталған категориясы бойынша танылады. Тәуекелдің бірінші тобына – “стандартты несиеге” - өз уақытында және толық көлемде, сонымен қоса 30 күн мерзімге дейін қамтамасыз етілген несиелер кіреді. Екінші деңгейлі банктер стандартты несие бойынша шығындалған жағдайға резервтік қор құруға міндетті емес және берілген несие көлеміне байланысты 0 пайызды құрайды. Тәуекелдің екінші тобына – “күмәнді несиелерге” – 30 күнге дейін создырылған, қамтамасыз етілмеген несиелер, 30 күннен 60 күнге дейін создырылған, жеткіліксіз қамтамасыз етілген несилер, сонымен қатар 60 күннен 80 күнге дейін создырылған қамтамсыз етілген несиелер кіреді. Коммерциялық банктер күмәнді несиелер бойынша шығындалу жағдайларына берілген сомасының көлемінің мөлшеріне байланысты 5 пайыздан 50 пайызға дейін көлемде резервтік қор құрайды. Тәуекелдің үшінші тобына – “сенімсіз несилерге” – 60 күннен 180 күнге дейін создырылған, қамтамасыз етілмеген және 180 күннен жоғары мерзімге дейін барлық несиелер кіреді. Екінші деңгейлі банктер берілген сома шамасында 100 пайыз шамасында резервтік қор құруға міндетті.

Банктік несиелендірудің  қосымша принципі оның мақсатты сипаты болып табылады. Бір тараптың талабы бойынша, әрине, бұл банк, несие келісім-шартпен  анықталған мақсатқа беріледі. Жеңілдікті несиелендіру кезінде бұл мақсаттар  заңмен анықталады және берілген несиені мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады және ол 50 айлық көрсеткіш шамасында айыппұл салынады /10, 17-6ап/. Несиені мақсатты пайдалану кезінде оны мақсатты қолданылуын қамтамасыз ететін бақылау шаралары келісім-шартта көрсетілген, егер талаптардан ауытқыған кезде оған әсер ету құралдары қолданылады. Банк ай сайын немесе тоқсан сайын кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қарекеті туралы құжаттар алып тұруға құқылы, егер несиелендіру есептік шотына ақшаны аудару жолымен жүзеге асырылса. Егер несие алушы айналым құралдарын жоғалтқан жағдайда, қамтамасыз ету шамасы төмендесе, қолайсыз өзгерістер анықталған кезде немесе ақшаның мақсатсыз пайдаланғаны туралы ақпараттар болған жағдайда банк берілген несиені мерзімінен бұрын қайтарып алуға құқылы. Және де банк несие алушыны төлем қабілетсіз жариялауға және осы негізде банкроттық туралы іс қозғау құқығына ие.

Шындығында да мақсатты несиелер көбінесе несие немесе арнайы несие шоттарын ашу жолы арқылы ұсынылады, бұл өз кезегінде ақшаның қолданылуын бақылауды жеңілдетеді.

Банкпен берілген несиелер жылжитын және жылжымайтын мүліктердің, соның ішінде заңмен немесе келісім-шартпен  қарастырылған мемлекетте және өзге де құнды қағаздардың, банктік кепілдемелердің, кепілзаты ретінде қамтамасыз етіледі. Несие алушы келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерді бұзған жағдайда банк несиені және осы несие бойынша төленген пайыздарды жетел қайтарып алуға құқылы, егер бұл келісім-шартта қарастырылса. Сонымен қатар, салынған мүліктіде заңда бекітілген жағдайда қайтарып ала алады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы  банктік несие банктік заем ретінде  өзінің формасы мен мазмұны бойынша  өркениетті түрге жетіп қалды. Заемды беру кезінде банк үшін ең маңызды  шарт клиенттің жақсы беделі мен  оның қаржы жағдайы /11, 489/. Осыған байланысты банктер өзінің клиенттеріне қосымша қаржыландыруды іздеуге кеңес беруді ұсынуға, бизнес жоспар құруға көмек береді /12, 3/. Мысалы, синдицирлендірілген несиелендіру экономиканың алтын өндіру секторын дамытуды жүзеге асыруға және Қазақстанның отандық өндірушілерін қолдау мақсатында құрылған банк-резиденттері үшін жүзеге асырылады.

 

    1.  Несиені берудің және қайтарудың құқықтық формалары

Банктік несиені алу  операциясы несиені беру жөніндегі  шешімді қабылдауды қамтитын бірқатар шараларды іске асырылуын қалайды. Нақты айтар болсақ, осы шаралар жергілікті нормативтік актілермен реттеледі және олар әр банкте бір-біріне сәйкес келмейді. Бәріне жалпы ортақ ережесі клиенттің төлем қабілеттігін алдын-ала тексеру болып табылады.  Осы шара арқылы бірқатар ұйымдық, қаржылық және құқықтық мәселелер шешіледі. Әлемнің көптеген елдерінде, сонымен қатар Еуропалық Одақ құрамына кіруші елдері арасында кеңінен тараған әдіс несие берушілер несие бюросы арқылы несие алушының төлем қабілеттігі туралы ақпараттармен алмасуды тұрақты негізде жүзеге асырып отырады.

Қазіргі кезде республикамызда  несие бюролар жүйесі дамытылуда. Несие бюролары жүйесін құру банктік  қызмет көрсету деңгейін көтеру, халықтың банкке және өзге де қаржылық ұйымдарға  сенімін арттыру, банктер мен несие алушылардың мүдделерін қорғау бойынша кепілдемелер жүйесін құру, несие қызметі нарығындағы тәуекелдерді төмендету мақсаттарында құрылуда.

Осы сипатқа байланысты 2004 жылдың шілде айының 29 жұлдызында “Несиелік  бюро және несие тарихын қалыптастыру туралы” заңына сәйкес Қазақстанда алғашқы несиелік бюро құрылды. “Алғашқы несиелік бюро” ЖШС-нің құрылтайшылары ретінде 7 банк қатысты: “Альянс Банк” АҚ, “АТФ Банк”, “ТұранӘлемБанкі” АҚ, “ЦентрКредит Банкі” АҚ, “Казкоммерцбанк” АҚ, “Қазақстан Халық банкі” АҚ және “Цеснабанк” АҚ.

Несилік бюроны құру банктермен есепті кезеңде берілген несие, сонымен  қатар осы кезеңде есептен  шығарылған барлық несие беру бойынша  ақпараттар алмасу жолымен қол жеткізілді. Екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие ұсынуға қызығушылық танытпайды, себебі олардың біршама бөлігі несиелік тарихқа ие емес. Көптеген кәсіпорындардың алдағы кезеңдегі алған несиелері бойынша ресми ақпараттың және олардың іс-әрекетіндегі ашықтылықтың жоқтығы банктерге несиені өз уақытында қайтаруы туралы ол кәсіпорын бойынша күмән туғызады. Мемлекетте несиелік бюроның қызметін реттейтін қажетті нормативтік база құрылған және дамытылуда. Банктер және банктік қызмет туралы заңның 34-бабына сәйкес несие алушы несие алу үшін банктің немесе банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымның несие ұсынуына жазбаша келісім беруге міндетті, яғни банк несие алушы және бекітілген шарт туралы ақпараттарды несиелік бюроның ақпараттар базасына ұсынуға тиісті. Сонымен қатар екі жақтың өз міндеттерін орындаумен байланысты ақпараттарды қоса ұсынуы қажет. “Несиелік бюро және Қазақстан Республикасындағы несиелік тарихты қалыптастыру туралы” туралы 2004 жылдың 6 шілдесіндегі № 573-II заңы ҚР-ғы несиелік тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негізін, осы процеске қатысушылардың құқықтық жағдайын және оны қолданудың ережелерін анықтайды, сонымен қатар несиелік бюроны құрумен, жүзеге асырумен және оның іс-әрекетін тоқтатумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Несиелік бюроның негізгі  іс-әрекеттері несие тарихын қалыптастыру және несие жөніндегі есептерді  тапсыру, сонымен қатар несиелік бюро жүйесіне қатысушылардың іс-әрекетін және арнайы әдебиеттерді, несиелік бюро іс-әрекеті бойынша сұрақтарға кеңестік қызмет ұсынуды автоматтандыруда қолданылатын арнайы компьютерлік бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.

Несиелік тарихты қалыптастыру және ақпараттарды қолдану келесі принциптерге сүйене отырып жүзеге асырылады:

  1. несиелік тарих субъектісінің келісімінің болуы;
  2. несиелік тарих субъектілерінің тең дәрежелі болуы;
  3. несиелік тарихтың ақпараттар базасын және ақпараттар жүйесін,  
         ақпараттарды мақсатты қолданылуы;
  4. ақпараттардың құпиялылығы;
  5. несиелік тарихтың ақпараттар базасының және осы базаға тиісті  
         ақпараттар жүйесінің қорғанысын қамтамасыз ету;
  6. ұйымның және азаматтардың заңды мүдделерімен, құқықтарын, еркіндігін  
         қорғау;
  7. азаматтардың жеке өміріне қол тигізбеу /13, 3-бап/.

Несиелік бюроға ақпараттарды міндетті тасымалдаушылары болып банк, банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асырушы ұйым, сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асырушы сақтандыру ұйымдары мен мемлекеттік органдар табылады. Өзге ұйымдар ақпараттық донор мәртебесіне иелік етуге несиелік бюроға, ақпараттарды ұсыну туралы келісім-шартын ерікті түрде бекіту жолы арқылы құқылы /14/.

Несиені ұсынудың және қайтарудың құқықтық формаларына осы процесті жүзеге асыру кезіндегі ережелер және құқықтық шаралар кіреді. Банк ісі саласындағы мамандар қазіргі  уақытта екінші деңгейлі банктер несие алушыға несие ресурстарын берудің үш нұсқасын қолданатына жайында көп айтады:

-несие сомасын банк  шотынан несие алушының есептік  шотына аударуы, осы кезде банк  ақшаның қолданылуын бақылау  функциясын толықтай жоғалтады;

-банктің шотынан несие  сомасын несие алушының арнайы банк осы операцияны толықтай бақылай алады;

-банктің шотынан несие  сомасын несие алушының ашылған  несиелік шотына аударған кезде,  банк банктің арнайы қызметінің  акцептісі бойынша шығындалатын  ақша қаражаттарын толықтай бақылай  алады.

Бұл принциптер негізінен бірқатар заңдық күші бар құқықтық актілерге  сәйкес құқықтық талқылауларды қажет  етеді. Егер банктік заем тұтыну қажеттілігіне, шикізат немесе құрал-жабдықтарды  сатып алуды қаржыландыру мақсатында берілген кезде, яғни есептік шотқа түскеннен бастап шот бойынша операциялардың кезектілігіне бағынады, ал өз кезегінде несие алушының бюджет алдындағы қарыздарын жабуға бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда мақсатты несиелендірудің мазмұны жоғалады, яғни клиенттің өзінің және банктің мүдделеріне сәйкес келмейді.

Банктік несиелендіру банктік  заем келісім-шартында көрсетілген  арнайы заңды күші бар ережелермен  жүзеге асырылады. Бұл сипат Қазақстан  Республикасының Азазматтық Кодексінің 726-728 баптарымен реттеледі. Келісім-шарт міндетті түрде жазбаша нысанда жасалуы қажет. Жазбаша нысанды сақтамау банктік заем келісім-шартының заңды күшін жоғалтады. (ҚР АК 728-бап). Заң шығарушы банктік заем келісім-шартын банк немесе несие ұйымы мен несие алушы арасындағы ақша құралдарын беру жөніндегі, яғни келісім-шартта көрсетілген көлемде және алынған сомамен және осы соманы пайдаланғаны үшін төленетін пайызды қайтару міндеттемесін жазбаша түрде сипатын жүзеге асыруды түсінеді.   

Қазақстанның заңнамасы  Ресейлік заңнамаға қарағанда “Несиелік  келісім-шарт” түсінігін қарастырмайды. Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында жоғарыдағы түсінік консесуалдық келісім-шарт негізіндегі банктік заем түсінігі ретінде анықталады: банктің заемды беру міндеттемесі осындай келісім-шартты бекіткен кезден туындайды /15, 360/.

Банктік заем келісім-шарты банк клиенттерін  несиелендірудің түрлеріне қарамастан жасалуы қажет. Ол ұйымдастырушылық сипатқа ие болуы мүмкін және вексельдік несие, онкольдық несие немесе несиелік шек түріндегі несиелендіруді қарастырады. Іс жүзінде бұл нысандар бір-бірінен құқықтық табиғаты бойынша емес, керісінше несиелендіруші мен несие алушының өзара әсерлесу әдістерімен ерекшеленеді. Кез келген жағдайда осы сипатты жүзеге асыру үшін банктік заем келісім-шартын бекітіп алу керек және осыдан кейін сол немесе өзге нысандағы несиені ұсынуға болады. Бұндай келісім-шарт ұйымдастырушылық сипатқа ие. Себебі осы келісім-шарт екі жақтың міндеттерін, мерзімін және қандай жағдайда несиені қайтару немесе беру керектігін бекітеді. Сол немесе өзге шараларды орындау келісім-шартты бекіту емес, керісінше шарттың кейбір талаптарын жүзеге асыру болып табылады.

Несиелік шек дегеніміз –  банктің клиентке оның жазбаша өтінішінде көрсетілген максималды сома шегінде  ақша сомасын сөзсіз беру міндеттемесі. Несие алушы бұл кезде несиелік шектің мерзімі ішінде әртүрлі несие сомасын қолдануға және алғашқы нақты пайыз бойынша соманы төлеу міндеттемесіне ие. Несиелік шек әдетте бір жылға ашылады. Ол маусымдық айналым капиталының жеткіліксіздігінен – маусымдық, ақша құралдана ұзақ мерзімді қажеттілік туындаған кезде – қайта жаңартылатын болып бөлінеді. Онколдық немесе вексельдік несие (on call ағылшын сөзінен – талап бойынша) дегеніміз – қазыналық, коммерциялық немесе өзгеде вексельдердің қамтамасыз етілуімен берілетін және бірінші талап бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие. Әдетте несие арнайы несиелік шот бойынша беріледі, яғни осы түрі бойынша несиені толықтай қайтару және пайыздарды төлеу жүзеге асырылады.

Банктік заем келісім-шартын бекітетін  кезде шартты бекітетін өкілетті тараптарды дұрыс анықтап алу қажет. Сот тәжірибесіне сүйенетін болсақ, бірқатар формальды талаптарды сақтамаудың салдарынан бірнеше несие келісім-шарттары жарамсыз болып табылды. Банктік заем келісім-шартының жарамдылығы келісім-шартты бекітетін өкілетті тұлғаның құзырлығына, заңдар мен жарғылардың талаптарына байланысты болады. Бұл банкке де, несие алушыға да қатысты. Банктік заем келісім-шартын бекіту кезінде өкілетті тұлғаның құқықтық негіздемесін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар негіздеменің өзімен танысу керек. Дегенмен соттық жанжалды шешу кезінде тараптар шектеу сипаты туралы білу керектігі немесе білетіндігі жайлы келісім-шартта сілтеме болуы керек.

Информация о работе Жұмыссыздық түсінігі