Жұмыссыздық – басты проблема

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 07:34, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы соңғы жылдарда жылдам қарқынмен дамуда. Кедейшілік деңгейін азайту көпе-көрінеу, ол кедейшілікпен күресуге арналған ұлттық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ 2015 жылға қарай кедейшілік деңгейін екі есеге азайту жөніндегі мыңжылдық дамуының бірінші мақсатына қол жеткізуге септігін тигізеді. Осы жүргізіліп жатқан саясаттың негізінде елдегі жұмыссыздық деңгейінің азаюын қолдау, халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.doc

— 144.00 Кб (Скачать)

    Отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдардан басталды.Шағын бизнес саласында қазіргі таңда бір миллионға  жуық адам еңбек етеді. Олар өз  асырап отыр, сондай-ақ сенімді салық төлеушілер болып табылады. Қазіргі кезде шағын бизнес қана ел бюджетінің 11 пайызын қалыптастырады, ал ішкі жалпы өнімдегі үлесі 17 пайызын құрайды. Өсу сапасы бірнеше жылдан бері шағын және орта бизнесті, шикізатты емес салаларды дамыту қажеттілігіне, импорт алмастыру керектігіне, қосымша құнды арттыру қажеттігіне көз жетті.

    Жер байлығы мен жер қыртысы Қазақстан азық-түлік өнімдерін және өнеркәсіпке шикізат беретін, ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал өсіруге негізделген аграрлы мемлекет балып табылады. Қазіргі  таңда елеулі өзгерістерге екпін беруші күш экономикадағы серпіліс балып табылады. Оның өсіп-өркендеуі әлеуметтік саланың көтерілуінде, халықтың әл-ауқатының жақсаруындағы мықты тірекке айналып келеді.

    Ауылдық жердегі экономикалық белсенділіктің деңгейі сонғы 3 жыл ішінде елеулі өзгерістерге ұшырады, ол демографиялық  және көші-қон үдерістермен байланысты. Ауылдағы жұмыссыздық ауылдық жердегі тұрмыстың деңгейі мен сапасына едәуір ықпал етеді, ауыл тұрғындары үшін білім және денсаулық сақтау қызмет  көрсетулерінің мүмкіндігін азайтады, сондай-ақ олардың өсімпаздық тәсілдерін өзгертеді. Әлеуметтік сауалнама деректері мынаны көрсетеді, зерттеу жүргізілген аймақтардареспонденттердің тең жартысына жуығы (46%) өздерін жұмыссыздар қатарына жатқызған. Олардың небары үштен бір бөлігі (31%) жұмыс іздеп, тек 6% ғана өзінің меншікті жеке ісін бастағысы келген. Осындай жағдайдың негізгі себебі ауылда жұмыс табуға сенімнің жоғалғаны болып табылады. Ауылдағы негіз жұмыс беруші – мемлекет, ол 33%  шамасындағы жұмыс орындарымен қамтамасыздандырады.

    Шағын қалалардағы жұмыспен қамтылу жұмыссыздық  бүгінгі таңда шағын қалалардағы көпшілік тұрғындарға істейтін жұмыс табылмайды. Өнеркәсәптік кәсіпорындар  не жабылған немесе тоқтап тұр, бюджет саласындағы кәсіпорындар саны қысқарған.

    Жеке  кәсіпкерліктің дамуы халықтың  қаражат тапшылығынан және әлеуетті кәсіпкерлердің қажетті білімдерінің болмауынан тежеліп отыр. Соның нәтижесінде шағын қалалардағы экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігінен астамының тұрақты жұмысы жоқ.

    Тоқыраудағы шағын қалаладағы жалпы жұмыссыздың  деңгейі 47%-ға жетеді. Солардың көбінде жұмыссыздық созылыңқы сипат алды. Тіпті білікті қызметкерлерге жұмыс табу қиын. Жұмыссыздардың көпшілігі орта білімді адамдар (59%); үштен біріне жуығы –арнайы орта білімді адамдар (27%).

    Жұмыссыздар қосалқы шаруашылықтың  (26%), ұсақ сауда-саттықтың (24%), бір жолғы жалдама жұмысты орындаудың (22%), туған-туыстардың көмегінің (16%), үй мүлкін сатудың (6%), тұрғын үйді жалға берудің (3%-дан астам), сұраншылықтың, шарасыз заң бұзудың (2%) есебінен күн көреді.

    Қазақстанның  дәстүрлі саласы- мал шаруашылығында серпіліс байқалады. Екінші жарты жылдықта ауыл-селоға бөлінетін қаржының көлемі артты. Осы бөлінген қаржы қатаң бақылауға алынып және ықпалы өте үлкен мәселелер шешімін тапты. Яғни аудандық әкімшіліктерде астық және мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сатуда ұйымдастыратын балуы керек. Себебі, қазіргі кезде жеке шаруашылықтар өндірілген өнімдерін ешқайда өткізе алмай, алыпсатарға жем болуда. Тағы бір назар аударарлық жәйт, ауыл  шаруашылығында өндірілген өнімнің барлық түрлері мемлекеттік стандартқа сәйкес сертификатталғаны жөн. Осының негізінде өнімді шетелге экспортқа шығаруға болады. Әртүрлі билік деңгейіндегі міндеттер мен өкілдіктерді шектеу, бюджетті қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмыс орындалуы тиіс. Үкімет «Қазақстан-2030» даму стратегиясы мен өзінің он жылдық бағдарламасына нық сүйене отырып, үлкен жетістіктерге жетері анық. Қазақстанның Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына өтуі экономиканың әртүрлі салаларына әсерін тигізуде. Алайда бұл өндірілетін өнім сапасына деген талапты күшейтті, яғни сапаның халықаралық стандартқа сәйкес келуі. Көптеген елдер БСҰ-ға өтуге бірнеше жылдар дайындалады. Ал Еуропалық экономикалық қауымдастық елдеріне біртұтас экономикалық кеңістік құру үшін 35 жыл қажет болды.  Мұнай, бидайды экспортқа шығару үлкен қиыншылықтар әкелуде. Мұның өзі шетел инвесторларын тартуға үлкен ықпал етуде.

    Республикамызда инфляцияның төмендеуі және жалақының  уақытында берілуі ішкі экономикалық жағдайларды жақсартуға мүмкіндік  жасады. Үкімет тоқтап тұрған кәсіпорындарды шағын бизнес нысандарына беру үшін сегменттеу мен құрылымдық жағынан қайта құру жұмыстарын жалғастыруда. Қазіргі таңда ауылдық  жерде тоқтап қалған кәсіпорындардың сау жері жоқ, оларды жергілікті тұрғындар өз қажеттілігіне жұмсап, бұзып алған. Тек жартылай істеп тұрған заводтар мен фабрикалар, заман талабына сай болмаса да ескі қондырғыларда жұмыс істеуде. Ал қаржы әлемінде банк заңнамаларының нормаларын жетілдіру мен жаңа қаржы тілектерін енгізу несие мәселесін шешуге жағдай жасайтын болады. Қазақстанда банк жүйесі  нарық талабына сай дамығандықтан шағын кәсіпкерліктің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 30 пайызға ұлғайтып, оларда жұмыс істейтіндер санын 2 миллион адамға дейін аоттыруға тиіс.

    Әлеуметтік  міндеттерді шешуде айтарлықтай  ілгерілеушілік бар. Ауылдық жерде  бюджеттік салада жұмыс істейтіндердің жалақысына коэффиценттер қосылып, мұғалім, тағы басқа сала мамандықтарының жалақылары өсуде. Ауылда бюджеттік ұйымда жұмыс істейтіндер жалпы тұрғындардың үштен бірін құрайды.

    Аймақтар  тұрғысынан алғанда, шағын бизнестің  өнеркәсібі неғұрлым дамыған және халық тығыз орналасқан аудандарда көбірек шоғырланатыны байқалады. Мәселен, Алматы қаласында шағын кәсіпорындардың жалпы санының-29,8, Оңтүстік Қазақстан облысында-9,9, Қарағанды облысында -7,5, Шығыс Қазақстан облысында 7 пайызы қызмет көрсетеді.Осы мекендерде шағын өнеркәсіптің халық сұранысы көп қызмет түрлері жайқсы дамыған. Бұл аймақтарда еңбек биржасы үлкен сұранысқа ие.

    Ауыл  мәселесінің арқауында қазақ  халқының тағдыры, оның өсіп-өркендеуі, ел ретінде тәуелсіздікті сақтап қалудағы асыл мұраттар жатыр.

    Еркектер  мен әйелдердің экономикалық теңсіздігі ең алдымен еңбек нарығынан көрінеді. 2002 жылғы статистика деректері бойынша  экономикалық белсенді еркектер әйелдерден шамамен 4%-ға артық болған. Бұған керісінше, халықтың экономикалық белсенді емес санатында әйелдер 

    

Информация о работе Жұмыссыздық – басты проблема