Жұмыссыздық – басты проблема

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 07:34, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасы соңғы жылдарда жылдам қарқынмен дамуда. Кедейшілік деңгейін азайту көпе-көрінеу, ол кедейшілікпен күресуге арналған ұлттық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ 2015 жылға қарай кедейшілік деңгейін екі есеге азайту жөніндегі мыңжылдық дамуының бірінші мақсатына қол жеткізуге септігін тигізеді. Осы жүргізіліп жатқан саясаттың негізінде елдегі жұмыссыздық деңгейінің азаюын қолдау, халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Жұмыссыздық.doc

— 144.00 Кб (Скачать)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                К І Р І С П Е 

          Қазақстандағы кейінгі жылдар экономикалық өсудің елеулі қарқындарымен белгіленді. Елімізде жұмыс бастының және жұмыссыздық  күрделі проблема күйінде қалып отыр. Қазақстандықтардың көпшілігі кейінгі жылдарда халықтың табыстары жалпы өсіп, жұмыспен көбірек қамтылса да, экономикалық өсудің өздерінің тұрмыс деңгейлеріне оң әсер еткенін сезе қойған жоқ. Өтпелі кезеңнің әлеуметтік салдары бұқара халықтың денсаулық сақтау және білім сапаларындағы қызмет көрсетулердің сапасы мен мүмкіндіктеріне келеңсіз әсер етті. Ол қалада да, ауылда да, елдің оңтүстік және солтүстік аймақтарында да аңғарылды.

         Әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстан да БҰҰ мыңжылдық Декларациясына қол қойды және сол арқылы мыңжылдық табалдырығындағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттарын орындауға міндеттеме алды. Осыған орай жұмысқа қабілетті халықты еңбекпен қамтып, жұмыссыздар санын азайтунегізгі мақсат болып табылады.

        Көптеген өзге елдер сияқты, Қазақстанда  да жұмыссыздық қаупі ауыл тұрғындары үшін жоғары. Ауылда жұмысқа орналасу мүмкіндігі, әсіресе жастар үшін өте шектеулі. Мемлекет ауылда негізгі жұмыс беруші міндетін атқарады.

        Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша адамды жұмысссыз деп есептегенде, ел жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады.

        Курстың жұмысымның мақсаты Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылықтың және жұмыссыздықтың негізгі себептерін анықтау. Елдің жағдайын анықтап, кедейшіліктің алдын алу болып табылады. Осыған орай мемлекетте қолданылып жатқан саясатты талдап, қолдану.

    Қазақстан экономикасы соңғы жылдарда жылдам қарқынмен дамуда. Кедейшілік деңгейін азайту көпе-көрінеу, ол кедейшілікпен күресуге арналған ұлттық бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ 2015 жылға қарай кедейшілік деңгейін екі есеге азайту жөніндегі мыңжылдық дамуының бірінші мақсатына қол жеткізуге септігін тигізеді. Осы жүргізіліп жатқан саясаттың негізінде елдегі жұмыссыздық деңгейінің азаюын қолдау, халықтың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсарту болып табылады.

    Экономикалық  және еңбек нарығының қажеттіліктеріне керекті білікті де білімді мамандар қатарын көбейте отырып, жұмысбастылықты қамтамасыз ету. Экономиканың көпшілік секторларында қызметкерлердің жалақыларын өздерінің біліктіліктері мен кәсіптік деңгейлеріне сәйкестендіру. Жұмыспен қамтылудың ұлттық бағдарламасын қабылдау осы үдерістің жеделдетілуіне оң ықпалын тигізеді.

    Жұмыспен  қамту саясаты аясындағы шағын  және орта бизнес кәсіпорындарын дамытуға бағытталған шаралардың ерекше маңызын  ескеру, кәсіпкерлікті дамытуға еңбек  нарығын  әртараптандыру  көмегін  қолдану.  

І-бөлім

Жұмысбастылықтың  экономикалық ерекшеліктері

         

          1.1 Жұмыспен қамтудағы мемлекеттік саясат

          Еңбек нарығы- бұл нарықтың ерекше  түрі, онда жұмыс күші тауарын  сату және сатып алу жүзеге  асады. Осы жерде оның құны  мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы – экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби- біліктілік, демографиялық және басқа да корсеткіштерінің құрылымын байқатады. Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады: ауыл шаруашылығымен айналысатындар тез қысқаруы және олардың қызмет көрсету саясында артуы. Себебі бұл сала барынша ұлғая түсті және ол қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналады.

           Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ.Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы көтеріледі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі, нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау әлсіздерді ешқашан аямайды.Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп іскерлік пен бастамшылдықты ынталандырады.

           Қазақстан Республикасындағы қалыптасып  отырған еңбек нарығы нақты  еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда  әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлардың болуымен шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр. Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.

            Нарықта сұраным мен ұсыным  заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді.Мұнда жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, яғни өзінің жұмысқа қабілеттігін сатушылар болып табылады. Біздің елімізде еңбек нарығын мойындау үшін жұмыс күшінің әлеуметтік- экономикалық табиғаты оның өндіріс құрал-жабдығымен қосылу әдісін түбегейлі өзгерту кетек. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдығымен қосылуы нарықтық әдіспен- сатып алу- сату жолы арқылы жүзеге асады.

            Егер жұмыс күшін тауар десек,  онда оның құны жайлы әңгіме туындайды. Қазіргі оның құны қандай және қалай анықталады. Шын мәнінде, жұмыс күші құнын өмір сүру жабдықтары қажеттіліктер құнына теңестіруге болады, яғни жұмыскер мен оның отбасының өмір сүруі қажеттіліктер құнына пара-пар болады.

            Қазіргі кезде біздің Қазақстанда  басқа көптеген елдермен салыстырғанда  адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі Швецарияда- 15,5, АҚШ-12,8, Швецияда- 12,8, Францияда- 11,5, Италияда -11,4, Канадада -10,9, Жапонияда -10,3, Англияда-7,3, Гонконгта-1,8, Ресейде-0,2 доллар құрайды. Ал Қазақстан Республикасында жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы қызметкердің бір сағат еңбегі 0,4 доллар тұрады. Нарықтық қатынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген сұраныс өседі, сондықтан оның ақысын көбейту қажеттілігі еріксіз туындайды.

           Қазақстан Республикасында тәжірибесінде  енді ғана тұрғындарды жұмыспен  қамтудың нарықтық механизмге  өтуі қарастырылуда.Қазіргі кезде жұмыспен қамту қатынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Онның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тотаритарлық орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және тұрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.

          Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

          Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз  қоғам қажеттілігін өте аз  еңбек шығынымен қанағаттандыра  білу.

          Қазіргі нарықтық экономикада  жұмыскерлердің оңтайлы резерві міндетті түрде болуы қажет, сөйтіп жұмыссыздықтың табиғи мөлшері сақталады. Оған тең дәрежеде арифметикалық  “толық еңбекпен қамту“ және тым жоғары жұмыссыздықта керіғар екендігі белгілі.

          Уақытша жұмыссыздықты түсіру  жолымен жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендету көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты болып табылады. Мемлекеттік жұмыс қызметі жұмыспен қамтылмаған еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуда тиімділікті көтеру үшін бос орындар  туралы хабарлама таратады. Мамандықты ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмысшылардың кейбір салалардан тез өсетіндерге өтуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл бағдарламалар жұмысқа орналасу   деңгейінің өсуіне қаншалықты мүмкіндік туғызса, соншалықты олар жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетеді.

         Керісінше, жұмыссыздықтан сақтандыру  жүйесі жұмыссыздардың санын  ұлғайтатын мемлекеттік бағдарлама  болып табылады. Осы бағдарлама  бойынша жұмысын жоғалтқан жұмыссыздар  белгілі уақытта шамалап жалақы  алуы мүмкін. Бірақ жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің  нақты шарты жылдан жылға өзгеріп отыратындықтан жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламасымен қамтылған жұмысшылар әртүрлі жалақы алады.

         Жұмыссыздықтан сақтандыру жұмысты  жоғалтудың экономикалық зардаптарын  жеңілдетіп, бір уақытта жұмыссыздардың санын ұлғайтады және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін көтереді. Жәрдем алатын жұмыссыздар жұмысты белсенді іздемейді және олар көбінесе жалдау қарқынының көрсеткішін түсіретін көзқарасы бойынша ұнамсыз көзқарастарды қабылдамайды. Одан кейін жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің болуы кәсіпкерлердің жұмысшыларды жұмыстан шығару шешімін тез қабылдауға әсер етеді, ал ол жұмыстан босату қарқыны көрсеткішінің өсуіне әкеледі.

          Жұмыссыздықтан сақтандыру деңгейінің  көтерілуі туралы факт, бұл саясаттың қажетсіздігін білдірмейді. Оның жағымды жағы – жұмысшыларда нақты табыс алатындығына сенім тудырады. Одан кейін жұмысшыларды ұнамсыз жұмысқа қарсы болуына жағдай жасап, бұл саясат мүмкін жұмыс күші мен жұмыс орындары құрылымының сыпаттамасы арасындағы тура сәйкестікті орнатұға жағдай тудырады. Салыстырмалы нәтижелілік пен жұмыссыздықтан сақтандырудың әртүрлі жүйелерінің құнын бағалау қиын проблема.

          Жұмыссыздықтан сақтандыру мәселесін  зерттейтін экономистер, көбінесе  жұмысшылар санын қысқарту үшін бұл жүйені реформалау жолдарын ұсынады. Сондай ұсыныстардың бірі жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмаға жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыны толық көлемде төлетуді ұсынады. Бұндай жүйе жүз пайыздық өтем жүйесі деп аталады, себебі әрбір фирманың жұмыссыздықтан сақтандырудағы жарнасы жұмыссыздықтың масштабын бейнелейді. Қолданыстағы бағдарламалардың көбі ішінара өтем жүйесіне негізделген. Осыған сәйкес жұмысшыны жұмыстан шығаратын фирмадан осы жұмысшыға жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемнің тек бір бөлігі ғана алынады. Фирмаға жұмыстан босатылган жұмысшылардың  өмір сүру деңгейін сақтау шығынының бір бөлігі түсетіндіктен, оған уақытша сұраныстың төмендеуі кезінде артық жұмысшылардан құтылу пайдалы. Өтемақының өсетіндігі көбінесе уақытша жұмыстан босатуды шектеуге мүмкіндік туғызады. 
 

1.2 Қазақстан Республикасы  бойынша еңбекпен  қамту

         

         Республика бойынша тұтас алғанда 127,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жұмыс іздеушілердің жалпы санының 35,0 пайызы. Ауылдық жерде жұмысқа орналастыру деңгейі 28,0 пайыз болды. Бағдарлама бойынша белгіленген еңбекпен қамту тапсырмасы 109,4 пайыз орындалды.

          Республика бойынша 2000 жылғы желтоқсанның  аяғында бір бос жұмыс орнынаорта  есеппен 25 адам, ауылдық жерде  -137 адам таласты.

          Жеке аймақтар бойынша алып қарағанда Қарағанды облысында бағдарлама бойынша жұмыс сұрап келген 18 мың адамды орналастыру көзделсе, іс жүзіндн 32 мың адам орналастырылды, яғни 77,7 пайыз артық, Солтүстік Қазақстан облысында – тиісінше 4,0 мың және 5,2 мың адам, яғни 30,9 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда -7,9 мың және 9,5 мың адам немесе 20,1 пайыз, Қызылордада -4,0 мың және 5,0 мың , яғни 25,0 пайыз, Ақмола облысында -5,0 мың және 6,0 мың немесе 19,6 пайыз артық орналастырылды.

           Еңбекпен қамтуға жәрдемдесудің бір пошымы – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру мен өткізудің тәжібесіні Қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті  органдары бар.

          Германияның ғылыми-техникалық қоғамымен  бірлесіп атқарып жатқан “Еңбек базарының саясаты және жұмыстылық” техникалық жоба аясында елімізде еңбек және жұмыспен қамту жүзеге асыруға 664,2 миллион теңге қалады, бұл өз кезегінде істелетін жұмыстың көлемін де, онымен қамтылатындардың санын да кемітеді. Табыс салығы ақша төленетін жерде ұсталады.

         Республиканың “Халықты жұмыспен қамту туралы” жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, қаржыландыру және төлеу тәртібі өзгертілді. Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады, ол республикалық және жергілікті бюджеттен, сондай-ақ жұмыс    берушілер қаражатымен қаржыландырылады.

         Жалпы экономикалық ақуалды ескере  отырып, (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы күшіне сұранымның төмендеуі, жаңа жұмыс орындарын құрудың төмен қарқыны, жұмыс берушілердің жергілікті жұмысқа орналастыруоргандарына бос орындар жайында ақпарат беруге ынтасының төмендеуі, кәсіптік оқытуға міндетті түрде төрт жақты келісім шарт жасау жатады) бағдарламаны әзірлеу кезінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту басым бағытқа жатқызылды. Осыған байланысты бағдарлама бойынша жұмыспен қамту шараларына қараған қаражаттан 2000 жылы қоғамдық жұмысқа 72,4 пайызы, кәсіби оқытуға 17,5 пайызы жоспарланды.

Информация о работе Жұмыссыздық – басты проблема