Қаржыландырудың жеткіліксіздігі
жұмыссыздарды кәсіптік оқуға
жіберуді қиындатты, соның салдарынан
оқумен қамту ойдағыдай емес.
Бизнес-инкубаторлар 9 облыста және
2 қалада құрылған. Республика бойынша
бүгінде 31 бизнес-инкубатор ашылған, олардың
офистері мен өндірістік ғимараттары
алып жатқан жер 28.907 шаршы метр. Бизнес-инкубаторлар
аумағында өндірістің әртүрлі салалары
бойынша 202 кәсіпорын салынған.
Бизнес-инкубаторларды ұйымдастырумен
олардың қызмет істеуі үшін жауапкершілік
қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық
және қалалық Еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау департаменттері
мен басқармаларына, кәсіпкерліктің, шағын
және орта бизнестің облыстық басқармалары
мен комитеттеріне жүктелген.
Құрылған бизнес-инкубаторлар ұйымдастыру-құқықтық
пошымы бойынша мемлекеттік мекемелер,
ААҚ, ЖШС, ЖК, менеджмент орталықтары,
бизнес орталықтары, шағын бизнестің,
қоғамдық қорлардың сервис орталықтары
ретінде тіркеуден өткен. Бизнес-инкубаторларға
қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктардың
филиалдары, облыстық басқармалары тартылған.
Жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметке
тарту арқылы кедейлікпен және
жұмыссыздықпен күрестің белсенді
түрлерін жүргізу мақсатында
бизнес-инкубаторлар Қазақстан кәсіпкерлері
ассоциациясымен, облыстық және қалалық
еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік
қорғаудың департаменттерімен басқармаларымен
өзара қарым-қатынас жасайды. Кәсіпкерліктің,
шағын және орта бизнестің, қоғамдық қорлардың
басқармалармен, комитеттерімен байланыс
жолға қойылған, жасалған жобаларды қаржыландыру
мәселелері, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру
және жұмыссыздарды оқыту, өндірістік
ғимараттарға қосымша жер бөлу мәселелері
солармен шешіледі.
Алматы қаласында жұмыс жасап тұрған
қалалық бизнес-инкубатор кәсіпкерлерге
бос тұрған, игерілмеген өндірістік ғимараттарды
өндірістік зона аумағында пайдалану
мүмкіндігін туғызып отырБұл инкубатор
жанынан «Өз ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлер
мектебі» ашылған. Ақпараттық –түсіндірмелік
және әдістемелік көмек көрсету мақсатында
қаланың салық комитеті мүлік салығын
есептеудің және мерзімінде төлеудің
дұрыстығы жайлы семинар өткізді.
Кәсіпкерлікті қолдаудың Батыс
Қазақстан қоғамдық қоры негізінде
жалпы көлемі 2220 шаршы метрлік бизнес-инкубатор
ұйымдастырылған, онда өндіріспен, өңдеумен
және қызмет көрсетумен шұғылданатын
шағын кәсіпкерліктің 15 субьектісін орналастыру
жоспарланып отыр.
Шағын несие беру адамдардың
өзін өзі жұмыспен қамтуына
көмек көрсететін экономикалық шара
ретінде кедейлікпен және жұмыссыздықпен
күрес жөніндегі бағдарламаның құрамдас
бөлігі болып табылады. Халыққа щағын
несие беру бағдарламасының жаңа жобасы
жасалды және қазіргі кезде ол бұған мүдделі
министрліктерге жіберілді.
Ішкі еңбек базарын қорғау мақсатында
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі шетелдік жұмысшы күшін Қазақстан
Республикасы шегінен сыртқа шығаруға
байланысты қызметке лицензия, сондай-ақ
жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін
алып келуге рұқсат береді.
Бұл жұмысты одан әрі жетілдіру үшін Қазақстан
Республикасы Премьер-министрінің орынбасарының
хаттамалық шешімімен 2000 жылғы 16 қазанда
мүдделі министрліктер мен ведомстволардың
өкілдерінен ведомствоаралық жұмыс тобы
құрылды.
«Халықтыы жұмыспен қамту туралы» заңға
сәйкес жыл сайын шетелдік жұмыс күшін
тартуға еңбек базарындағы ахуалды ескере
отырып, республиканың белсенді халқына
пайыздық арақатынаста квота белгіленеді.
Бұл шара Қазақстан азаматтарын жұмыспен
қамтамасыз етуге жағдай тудырады.Жұмыспен
қамтудың басқа бір шарты жұмыс берушілердің
министрлікпен келісілген кадрлар даярлау
бағдарламасы бойынша қызметкерлерді
оқыту және олардың кәсіптік біліктілігін
арттыру болып табылады.
Еңбек базарында жеткіліктң кейбір
мамандықтар бойынша шетел азаматтарын
және біліктілігі төмен мамандарды тартуға
шектеу енгізу, республика аумағында тұратын
шетел жұмысшы күшінің санын күнделікті
есептеп отыру үшін шетелдік жұмыс күшін
тартудың бағдарламалық мониторингін
енгізуде.
1.3
Қазақстан Республикасындағы
жұмысшы күшінің миграциясы
Елдердің әлеуметтік және экономикалық
дамуына тәуелсіз түрде қалыптасқан жұмысшы
күшінің миграциясы барлық елдерге
тән сипат алған. Бірақ та әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, бұл процесс индустриясы
дамыған елдерде өте айқын және белсенді
түрде байқалады, өйткені бұл елдерде
болып өткен ауыр кезеңдерде жұмысшы күшінің
экспорты валюталық түсімнің қайнар
көзі болып табылады.
Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық
өмір жағдайының көтерілуі мен
саяси тұрақтылықты сақтау жағдайында
жұмысшы күшінің тұрақты түрде жылжуына
мүмкіндік бар екенін дәлелдейді
Еңбек миграциясы сипатындағы
көп қырлы процестің масштабын,
интенсивтілігін және даму ерекшелігін
анықтау үшін өте маңызды үш
бағытты талдау қажет.
Ол бағыттарға мыналар жатады:
- эмиграция
(жұмысшы күшінің кетуі);
- иммиграция
(жұмысшы күшінің келуі)
- халықтың
ішкі қозғалысы
Қазақстандағы еңбек миграциясы процесі
бұрынғы КСРО кезінде де, қазіргі кезде
де, яғни тәуелсіз құқықты мемлекет статусын
алу жағдайында да әрекет етуде.
70 - 80-жылдарда Қазақстан пайда
болған халықтың эмиграция құбылысы
республикааралық халықтық миграция
шеңберінде халықтың тұрақты
және интенсивті түрде қысқаруы
нәтижесінде қалыптасты.
«Ақыл-ойдың» кетуі миграциясының төмендегідей
себептері бар:
- Демографиялық
және экономикалық дамудың сәйкессіздігі
нәтижесінде жұмысшы күшінің басқа
елдерге кетуі ұлғаяды және жұмыссыздық
дәрежесі өз ретінде төмендейді,
яғни еңбек балансы реттеледі.
- Тұрақты емес
халықтың интенсивті түрде республикадан
ағылып келуі.
Бұл процесс
өздеріне етене жақын әлеуметтік-психологиялық
ұлттық ортаны іздеу мақсатында жүреді.
Ресейлік мамандардың зерттеулері
бойынша, халықтың республикадан
Ресейге миграциялануы бойынша,
Қазақстан 10-шы орында болды. Қазіргі кезде
халықтық эмиграция таяу және алыс шет
елдерге бағытталған.
Еңбекке жарамды жастағы адамдар
саны 147,5 мың адамға жуық немесе
кеткендердің жалпы санының 64
пайызын құрайды.Сонғы жылдардағы
миграция саласындағы тенденция миграциялық
қозғалыстардың азаюымен сипатталады.
Эмигранттардың негізгі бөлігін
таяу шетелдегі елдер құрайды:
Ресей (72%), Украина (2%), Белорусь
пен Қырғыстан (1%-тен). Кетушілердің
ішінде елеулі үлесті орыстар, немістер,
украиндықтар алады.
Қалған басқа елдер бойынша
келушілер саны кетушілер санынан
артық, атап айтқанда, Грузия, Латвия,
Тәжікстан, Армения және Түркіменстан.Қазақстан
мен Германия арасында біржақтылық миграциялық
ағымдар қалыптасты.
Негізінен, отбасына жағдайларына байланысты
адамдардың кетуі байқалады. Мигранттардың
жалпы санындағы некеге тұрғандар-24%, жесірлер
-5%, ажырасқандар-4% және 16 жастан төмен
адамдар -26%-тік үлесті алады. Республикадан
салыстырмалы түрде алғанда, білім деңгейі
жоғары адамдар кетуде. Қазақстандағы
миграциялық ағымдардың бірден-бір себебі
өмір сүру деңгейінің төмен дәрежеде
болуы.
Иммиграция интенсивтілігінің төмендеуіне
мыналар себепші болды:
- сыртқы саясат
жағдайының күрделенуі;
- республикадағы
экономика және әлеуметтік сферадағы
жағдайдың қиындауы.
Басқа
мемлекеттермен миграциялық алмасу
нәтижесінде елімізде жыл сайын
халық саны азайды. Елдің экономикасын
тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы
келешекте иммиграцияның ұлғаюына
әкеліп соғуы тиіс. Сонымен бірге, ауыл
тұрғындарының қалаға көшуі орын алуда.Осыған
байланысты соңғы жылдары Қазақстанның
ішкі миграциясына тән ерекшеліктерді
атасақ:
- біріншіден,
республика ішінде халықтың жалпы көшуінің
елеулі тұрде төмендеуі;
- екіншіден,
экологиялық тұрғыда қолайсыз жерлерден
халықтың көшуінің жоғары дәрежеде болуы;
- әлеуметтік
және экономикалық артта қалған облыстардан
халықтың көшуі.
Өтпелі
кезеңнің салдары еркектердің де,
әйелдердің де жағдайларына бірдей әсерін
тигізді. Әйтсе де, әйелдер жұмыссыздық
қаупіне көбірек душар болады, өйткені
олар халықтың жалпы есебінде сан жағынан
басым, екіншіден, әлеуметтік және экономикалық
теңсіздік обьектілеріне жиірек ұшырайды.
Жұмыспен
қамту бағдарламаларында созылыңқы
жұмыссыздыққа және жастар жұмыссыздығына
ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бұл орайда
жұмыссыздықты азайту бағытталған дәстүрлі
шаралар ( жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар,
кәсіптік даярлау және қайта даярлау бағдарламалары,
шағын несиелер беру ) ұзақ мерзімді жұмыссыздық
проблемасын шешу үшін жеткіліксіз болады.
Өзге елдердің тәжірибелеріне сүйене
отырып, консультативтік, психологиялық
қызметтер көрсететін , сондай-ақ ұзақ
уақыт жұмыссыз жүргендерді әлеуметтік
қатарға қосу жөніндегі қызметпен айналысатын
институттар желісін құру арқылы барынша
оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Бұдан бөлек, жұмысты тиімді іздеуге қажет
білімге тарту және мамандықтарға үйрету
үшін ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендердің
қатарынан ынталы топтар құру, оларға
кәсіптік оқу мен қайта даярлау бойынша
сапалы қызметтер корсету де, сондай-ақ
пәрменді шараларға ұласуы мүмкін. Жастар
жұмыссыздығының проблемасын шешу қажет,
өйткені ол болашақтағы кедейшілікті
жаңғыртуы ықтимал.
ІІ-бөлім
Жұмыссыздық
– басты проблема
2.1
Жұмыссыздықтың түсінігі,
себептері
Жұмыссыздық – еңбекке қабілетті адамдардың
белгілі бір уақыт кезеңінде жұмыссыз
отыруы. Жұмыссыздықтың себептеріне біріне
жұмыс күші құрылымы мен бос жұмыс орындары
арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі
уақыт кезеңінің қажеттілігі жатады.Еңбек
нарығының тепе-теңдік үлгісі жұмысшылар
деңгейінің ос жұмыс орындарына сәйкестігін
болжайды, жұмысшы кез келген жұмыс орнына
лайықты. Егер ол шынында солай болса,
еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болып,
онда жұмыс орнын жоғалту жоғалту жұмыссыздықты
тудырмайтын еді: еңбек нарығына шығарылғандартез
арада нарықта белгіленген жалақысы
бар жаңа жұмыс табар еді.
Уақытша жұмыссыздықтың белгілі
бір деңгейі әрқашан ауысып тұратын
нарықтық экономиканың жағдайында шарасыз.
Әр түрлі тауарларға деген сұраныс ұдайы
тербелісте, ал ол осы тауарды өндіретін
жұмысшылар еңбегіне деген сұраныстың
тұрақсыздыған білдіреді. Мысалы, дербес
компьютерді енгізу жазу машиналарына
сұранысты қысқартты, ал ол жазу машинкаларын
шығаратын одірістегі еңбекке сұранысты
төмендетті.Сол уақытта электронды өнеркәсіптегі
еңбекке сұраныс өсті.Онон кейін, әр аймақ
әртүрлі тауар өндіретіндіктен,
еңбекке сұраныс бір уақытта елдің бір
бөлігінде өсіп, ал екіншісінде қысқаруы
мүмкін.Мысалы, мұнай бағасының өсуі
Атырау сияқты мұнай өндіретін жерлерде
жұмыс күшіне сұранысты арттырады.Экономистер
осындай аймақтар мен салалар бойынша
еңбекке сұраныс құрылымындағы өзгерістерді
құрылымдық ығысу деп атайды.
Құрылымдық ығысу ұдайы болғандықтан
және жұмысшыларға жұмыс ауыстыру
үшін белгілі уақыт қажеттілігінен
уақытша жұмыссыздық тұрақты сипатта
болады.
Құрылымдық ығыстырулар жұмысшылардың
ұдайы босатылуы мен уақытша жұмыссыздықтың
жалғыз себебі емес. Одан басқа егер фирма
банкротқа түссе, егер олардың жұмысының
сапасы қанағаттандырмаған жағдайда немесе
олардың нақты мамандығы қажет етілмесе
жұмысшылар аяқ астынан жұмыстан шығарылады.
Жұмысшылар өздерінің мамандық
қызығушылығын өзгерткен жағдайда
немесе елдің басқа ауданына көшкен кезде
өз тілегімен жұмыстан шығады. Еңбек
нарығында фирмалар арасындағы сұраныс
пен ұсыныстың тұрақсыздығынан уақытша
жұмыссыздық әрқашан болады.
Жұмыссыздық себептері:
- кәсіпорынның
таратылуына байланысты жұмыстан босау;
- штат қысқартуға
байланысты жұмыстан босау;
- өз ықтиярымен
жұмыстан босау;
- келісім-шарт
мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан
босау;
- кәсіпкерлік
қызметтің аяқталуы;
- үй шаруашылығын
жүргізу;
- оқу орнын
бітіргеннен кейін жұмыс табылмауы;
- кез келген
жұмыстың болмауы, өзге де себептер.