Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................
3
1.
БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.................................................................
4
2.
БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ...........................................................................

2.1.
Жетілген бәсеке туралы түсінік.............................................................
6
2.2.
Монополистік, жетілмеген бәсеке.........................................................
11
3.
ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ РЫНОКТЫҢ ҚАРАМА ҚАЙШЫ ТҮРЛЕРI




16
3.1.
Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары.................................................................................................
3.2.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде екi рыноктың айырмашылығы.........................
20
4.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАҒДАЙЫ



23
4.1.
Елiмiздегi жетiлген бәсеке және монополиялық рыноктың экономикамызға тигiзер оң және терiс жақтары.................................
4.2.
«Қазақтелеком» ААҚ бәсекелес және монополист компания ретiнде экономикаға қызмет ету барысы..............................................
24
5.
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................
26

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................
33

Работа содержит 1 файл

басеке курс.DOC

— 271.50 Кб (Скачать)

Осыған байланысты шекті табыстармен (MR-marginal revenue) шекті шығындардың (MC-marginal costs) айырымы, яғни пайда, (P2-provit) өседі:

                            P2 = MR – MC                                             (15)

Шекті шығындар шекті табыстардан  жоғары болғанда, керісінше болады.

Қорытынды: баға (P) және шекті шығындар (MC) тең болғанда, жалпы пайда барынша  көп болады:

                                            P = MC                                                  (16)

Егер P>MC болса, өндірісті кеңейту  қажет. Егер P<MC болса, өндірісті азайту қажет.

Нәтижесінде жетілген бәсеке нарығында, кәсіпорын өзінің өндірісін, шекті  шығындары бағамен теңескен нүктеге дейін кеңейтеді. Осы нүктеде кәсіпорын өндірістің оптималдық дәрежесіне жетеді және тепе-теңдік жағдайға ие болады.

Өндіріс көлемі оптималдықтан жоғары немесе төмен болса, пайда барынша  көп болудан төмен болады.

Сөйтіп, кәсіпорынға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемінің жалғыз ғана мағынасы бар. Осы ереженің – пайданың барынша көп болуының – тек кәсіпорын үшін ғана емес, барлық экономика үшін ақиқаттығы күмәнсіз.

Қорытынды: тауар өндірудегі шекті  шығындар мен солардың бағалары теңескенде, ресурстарды пайдалануда экономика барынша жоғары тиімділікке жетеді.

Ұзақ мерзімдегі кәсіпорынның және саланың тепе-теңдік мәселелері, қысқа  мерзімдегіден өзгеше болады. Егер кәсіпорын өнімнің белгілі көлемін  ұзақ мерзімде барынша төмен  орташа шығындар жұмсап өндірсе, онда осындай болмыста (нүктеде) баға шекті шығындарға тең болғандықтан, тепе-теңдік пайда болады.

Мәселе мынада: кәсіпорынның барынша  төмен орта шығындары, нарықта қалыптасқан  бағалардан жоғары болса, кейбір кәсіпорындар нарықтан шығады, саладағы ұсыныс азаяды. Бұл жағдай бағаны көтереді.

Егер кәсіпорынның орташа шығындарының барынша азы нарықтық бағадан  төмен болса, онда саладағы барлық кәсіпорындар үстеме пайда алады. Бұл басқа  кәсіпорындардың осы салаға келуіне  стимул болады. нәтижесінде салалық ұсыныс көбейеді, ал баға төмендейді.

Жетілмеген бәсеке жағдайындағы кәсіпорынның рационалдық іс-қимылында кейбір ерекшеліктер болады.

Жетілмеген бәсеке нарығындағы  өндіруші (кәсіпорын) өзінің өнімдерінің  бағасына ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке нарығында өнімнің бірінен кейін бірі сатылған бірліктерден түсетін қосымша табыс тұрақты болып өзгермей, нарықтық бағаға тең болса, жетілмеген бәсеке нарығында сатудың көбеюі бағаны төмендетеді, ал бұл қосымша немесе шекті табыстың төмендегені болады (MR).

Кәсіпорынға барынша көп пайда  әкелетін өндіріс көлемін анықтайтын екі әдіс болады.

Бірінші әдісте өндірістің әр көлеміндегі  жалпы табыстар мен жалпы шығындар салыстырады.

Екінші әдісте өндірістің оптималдық көлемін табу үшін шекті табыстар мен шекті шығындарды салыстыру керек.

Қорытынды: жетілмеген бәсеке жағдайында барынша көп пайда алу үшін өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге байланысты шекті шығындар осы өнім бірлігін сатудан түскен шекті табыстан төмен болғанша, MR>MC өндірісті кеңейте беру керек, егер MR<MC болса, өндірісті қысқарту керек, егер  MR=MC болса, кәсіпорын барынша көп пайда табады.

Батыс экономикалық әдебиетіндегі  кәсіпорын теориясы пайданы барынша  көбейту принципіне негізделген. Бірақ  кәсіпорын әрекеттеріне басқа да мотивация беру аз кездеспейді:

  • кейбіреулер кәсіпорынның мақсаты пайданы барынша көбейту   емес, сату көлемін көбейту дейді;
  • басқа концепция бойынша американдық профессор Г.Саймонның «қанағаттандыру» теориясы бойынша, кәсіпорын тек пайданың белгілі дәрежесін көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан әрі қарай барынша жоғарылату үшін әрекет етпейді.

С.Винтердің «эволюциялық теориясының» дәлелдеуі бойынша, кәсіпорындар барынша  көп пайда табуға тек талаптанады, бірақ оны таба алмайды, тапқан болуы  тек кездейсоқ жағдайда мүмкін болады.

Уақытқа (қысқа немесе ұзақ мерзімге сәйкес) және бәсеке жағдайларына байланысты кәсіпорын өзінің стратегиясын тұжырымдайды.

Стратегия – бұл кәсіпорынның негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін таңдау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.

Стратегия екі типке бөлінеді:

    • қорғаныстық;
    • шабуылдық.

Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:

  1. Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп-қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Кәсіпорын нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім немесе оның прототипін (түп тұлға) өндіруге жұмылдырады.
  2. Күту стратегиясы..Кәсіпорындар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша осы нарықтан кетуді жоспарлағанда немесе басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.

Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:

Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ жүргізуге пайдаланатын бағалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау көрсетіледі.

  1. Квотаны (шығаратын өнімнің санын) дифференциациялау стратегиясы. Бұның мақсаты – жоғары пайданы сақтап, кәсіпорын үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен кәсіпорын өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынушылық сұранысты өсіруді көздейді.
  2. Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын және инновацияларды жаңа өнімдер және технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және технологиялық болып бөлінеді.

Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын  көтеру арқылы кәсіпорынға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді.

Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету  арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне жол бермей, пайданы барынша көбейтуге  көмектеседі.

  1. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік – болжаумен және жоспармен қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы. Тәуекелдіктің маңызды түрлері:
  • өндірістік;
  • коммерциялық;
  • қаржылық;
  • несиелік;
  • проценттік.

Коммерциялық  қатер – кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізумен байланысты процестерде туады.

Қаржылық қауіп-қатер – қарызға алынған қаражаттар мен кәсіпорынның барлық қаржыларының арасындағы өзара  байланыстан пайда болады.

Несиелік қауіп  – қарыз алушының қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуымен байланысты.

Проценттік  қауіп-қатер –процент нормасының өсуіне байланысты құнды қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты болады.

Әдетте, мынадай пікір қалыптасқан: қауіп-қатер болу мүмкіндігінің  дәрежесі, осы әрекетке қатынасатын  адамдар санына керісінше пропорционалды болады.

Қауіп-қатерден сақтандыру келісімін  жасағанда, сақтандыру компаниясы кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сондықтан осындай тәуекелдіктің жөні бар деуге болады. Сақтандырылмаған қауіп-қатер (тәуекелдік) – фьючерстік келісім жасау арқылы, хеджирлендірумен (жеткізуші немесе сатып алушы бағалардың ұнамсыз өзгерістерге ұшырау мүмкіндігінен сақтандырылады) және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.

Фьючерстік контракт деп тауарды  кейін (болашақта) жеткізу туралы келісімді  айтады. Келісімді жасаған мерзімде екі жақ жеткізілетін тауар бағасы туралы келіседі. Фьючерстік келісімдер көбінесе хеджирленуді мақсат етеді – жеткізуші немесе сатып алушы, бағаның ұнамсыз өзгеруі мүмкін болуынан сақтандырылады.

Кәсіпорынның қаржылары мен  ресурстарын үнемдеуде қауіп-қатер факторының болуы өте зор стимул болып табылады.

Қауіп-қатерді өлшеуге болады. Оны  өлшеу үлгілерінің статистикалық, эксперттік, есептеу-аналитикалық түрлері  болады.

Статистикалық әдісте кәсіпкерліктің осы түрінде бұрын болған шығындар статистикасы зерттеледі, шығындардың болып тұруының жиілігі есепке алынады, сөйтіп осы деректерге сүйене отырып, қауіп-қатердің  ықтималдығы жорамалданады. Статистикалық әдіс мәліметтердің көп болуын талап етеді.

Эксперттік  әдіс мамандар мен тәжірибелі бизнесмендердің ой-пікірлерін талдап есепке алуды тілейді.

Есептеу-аналитикалық әдіс математикалық тетіктер мен тәсілдерді кең пайдалануға негізделеді.

Кәсіпорындардың көбіне қауіп-қатерлік мәселелерімен айналасатын менеджер болады. Ол кәсіпорын қызметкерлерінің барысында қауіп-қатерлердің болып қалу мүмкіндігін зерттеп анықтайды, осы жағдайдағы оның салдарын бағалап, сақтандырудың және өзін-өзі сақтандырудың түрін таңдайды.

Өзін-өзі сақтандыру   ерекше резервтік қордың құрылуын талап етеді. Сақтандырылатын барлық заттың құны кәсіпорынның барлық заттық және қаржылық көлемімен салыстырғанда, оның көлемі шағын болса, онда сақтандыру келісімін жасасудың жөні бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі нарықтық экономика негізінде  шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсеке жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсеке жарамдылық екі көрсеткішке байланысты –  баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.

Біздің республикада өткізіліп  жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің  бәсекеге жарамдылығы жөніндегі  мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең  бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің  сапалық даму серпін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

Кәсіпорын қызметін жүйелі және жан-жақты  талдау мынадай мүмкіндік береді:

  • жалпы кәсіпорынның және оның мбөлімше құрылымдарының шаруашылық қызметіндегі нәтижелігін тез, сапалы және кәсіптік бағалау;
  • тауарлардың және қызмет көрсетудің нақтылы түрлерінен алынатын пайдаға әсер ететін факторларды нақтылы және дер кезінде табу және есепке алу;
  • баға саясатын әзірлеуге қажетті өндіріс шығындарын және олардың өзгерулерінің бет алысын анықтау;
  • жақын және алыс келешегіндегі кәсіпорын және пайда табудың оңтайлы жолдарын шешу проблемасын табу.

Әр уақытта мынаны естен шығармау керек, шаруашылық өызметінің мұндай көрсеткіші болған емес және өмірдің барлық жағын  қамту да мүмкін емес. шиеленіскен  бәсеке жағдайында өркендеу үшін басшы, кәсіпкер өзінің іс-әрекетінің барлық түрлерінің нәтижелілігін білуі, сезінуі тиіс, ал бұл мақсатқа жету деңгейін, мерзімін және ұйым тұрпайын бейнелейтін өзара байланысты жүйені қалыптастыруды қажет ететіндігін көрсетеді.

ұлттық экономикамыздағы рыноктық  қатынастардың күрделенуi көптеген мәселелердi талқылауға қажет етiп отыр.  Елiмiзде рыноктың қарама-қайшы түрi жетiлген бәсеке мен монополиялы рыноктың қызмет етудiң ерекшелiктерi көрiнуде.

Мен курстық жұмысымның бiрiншi бөлiмiнде  рынок құрылымының түрлерi жетiлген бәсеке, монополия және олигополия туралы жалпы теориялық түсiнiк берiп, оларды салыстырмалы түрде  айырмашылықтарын қарастырдым. Мұнда жетiлген бәсекеде көп сатушы немесе сатып алушы бар болып, олар бағаға әсер ете алмайтынын, ал монополист  рынокта бiр өзi ғана болып, бағаға еркiн әсер етуiн, сондай-ақ олигополия кезеңiндегi көлемдi сату үлесi бар және  бiр-бiрiмен бәсекелес фирма болып, баға көлемiнiң өзгеруiне ықпал етедi  /4, 370 бет /.

Ал екiншi бөлiмде жетiлген бәсеке мен  монополия рыноктың қарама-қайшы түрлерi ретiнде оларды  аналитикалық зерттеп салыстыру арқылы  қысқа және ұзақ мерзiмдегi әрекеттерiн қарастырдым.

Мұнда бәсекелес  фирма бағаға әсер ете алмағандықтан, жоғары пайдаға  жету үшiн өнiм көлемiн тиiмдi орналастыру  арқылы жетедi. Ал монополист компания рынокта бағаны өзгерту және  өнiм көлемiн көбейту арқылы максималды пайдаға жетедi.

Жұмыстың үшiншi бөлiмiнде елiмiздегi рынок жағдайын «Қазақтелеком» ААҚ  мысалға ала отырып қарастырдым. Яғни «Қазақтелеком» ААҚ ұлттық телекомуникация  саласында жалғыз компания ретiнде  аймақаралық және жергiлiктi телефон байланысында  табиғи монополист болып табылса, ал ақпарат, интернет және сымсыз телефон  байланысы қызметтерi бойынша бәсекелес компания болып табылады.

Сонымен компанияның қоғам алдында атқаратын келесiдей iс- шаралары бар:

1. Өз қызметiнiң сапасын арттыру  және халықаралық стандартқа  өту;

2. Қазiргi заманғы технологиямен  техниканы пайдалану ақпараттың              жеткiлiктiгi;

3. Iске асып жатқан «Ұлттық  ақпараттық супер магистраль» жүйесiн аяқтау;

4. Интернет қызметiнде әлемдiк  «ADSL» интернет жүйесiне қосылу;

5. Бәсекелестермен тиiмдi ортаны  орнату.

Осылайша, елiмiзде телекомуникация  жүйесi толық дамыса, алдағы уақытта  елiмiздiң телекоммуникациясы бәсеке қабiлеттiлiгi артуына көзiмiз жетедi.

Информация о работе Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары