Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:48, курсовая работа

Описание работы

Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................
3
1.
БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.................................................................
4
2.
БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ...........................................................................

2.1.
Жетілген бәсеке туралы түсінік.............................................................
6
2.2.
Монополистік, жетілмеген бәсеке.........................................................
11
3.
ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ РЫНОКТЫҢ ҚАРАМА ҚАЙШЫ ТҮРЛЕРI




16
3.1.
Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары.................................................................................................
3.2.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде екi рыноктың айырмашылығы.........................
20
4.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАҒДАЙЫ



23
4.1.
Елiмiздегi жетiлген бәсеке және монополиялық рыноктың экономикамызға тигiзер оң және терiс жақтары.................................
4.2.
«Қазақтелеком» ААҚ бәсекелес және монополист компания ретiнде экономикаға қызмет ету барысы..............................................
24
5.
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................
26

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................
33

Работа содержит 1 файл

басеке курс.DOC

— 271.50 Кб (Скачать)

Өнеркәсіптік-өндірістік сайыстың көрінісі: өндірістік мүмкіндіктің күшеюі, өнімнің жаңа түрлерінің шығарылуы, өндіріс шығындарының төмендеуі. Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар нарыққа еркін кіріп, еркін шыға алатын болғанда, фирмалар өндірудің оптималдық нормасын көздеп әрекеттенеді - өндіріс тиімді болу үшін, үлес шығындарының барынша төмен болуы үшін, өнімдердің бағасы төменгі  дәрежеде белгіленіп, орташа жалпы шығындармен үйлесімді түрде болады. Таза монополия жағдайында фирма өнім шығару көлемін азайтып, бағаны жоғарылатып, осының нәтижесінде ресурстар шығынын төмендетіп, пайдасын барынша жоғарылата алады. Бірақ бәсекелестік кезінде шығындар біресе өсіп, біресе кеміп ауытқып тұрғанда, жағдай шиелінесе түседі.

Бұнда екі жағдай қолданылады –  ауқым нәтижесі және «х - тиімсіздік» түсінігі.

Ауқым нәтижесі. Көп фирмалардың өндіріс көлемі, олардың әрқайсысына масштабтың өсуінен болып тұрған нәтижені жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал технология және өндіріс шығындары берілген болғанда көп бәсекелес фирмаларды қолдауға тұтынушылық сұраныс жетімсіз болуы мүмкін. Бұндай жағдайда нарыққа қатынасы жағынан фирма ірі монополистік болуға тиісті, шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін өндіріс шығындары төмен болғанда өнімді тиімді өндіруге қабілетті болуы керек.

«Х -тиімсізідік» Әдетте, өндіріс шығындарын зерттегенде, мына жағдай болады деп есептеледі: барлық технологиялардан фирма ең тиімдісін, шығарылымның әр дәрежесінде оған орташа шығындардың барынша төмен шамасын жұмсауын қамтамасыз ететінін таңдап алады деп. Ал нақты өмірде, фирманың қандайы болмасын, шығындарды төмендетудің бар мүмкіндігін толық қолданбайды. Шығындарды орташа шығындардың ең төмен дәрежесіне жеткізудің потенциалдық мүмкіндігін бағалау үшін «Х-тиімсіздігі» түсінігі енгізілген. Бұл мына жағдайда орын алады - өндірістің көлемі қандай болмасын, фирманың нақты шығындары минималдық мүмкін шығындардан артық болғанда. Осындай артықшылық фирма кәсіпкерлік тәуекелдіктен бас тартқанда, қабілетті төмен жолдас-жораларды, туыстарды жұмыспен қамтамасыз еткенде, фирма жұмыскерлерін орынсыз қолдап ынталандырғанда орын алады.

Сауда-саттық сайысы. Бұл сайыс бағаны қолдану арқылы жүреді. Ал бағаның өзі үш жақты сайыстың нәтижесінде белгіленеді: біріншіден, жоғары бағамен сату үшін сатушылар арасындағы; екіншіден, тауарларды төмен бағамен алу үшін сатып алушылар арасында; үшіншіден, тауарларды қымбат бағамен сату үшін сатушылар және оларды арзан бағамен сатып алу туралы сатып алушылар арасындағы сайысу нәтижесінде.

Осыған байланысты бәсеке бағаға қатысты және бағаға қатыссыз болып бөлінеді. Әдетте, бағаға қатысты бәсеке белгілі өнімнің бағасын әдейі, жасанда түрде төмендетуді көздейді: мұнда бағалық алалаушылық кең қолданылады – шығындардың дәрежесінің әр түрлі болуымен дәлелденбесе де, тауарлар әр түрлі бағамен сатылады. Бағалық алалаушылық үш шарт болуын тілейді:

    • сатушының монополист болуын;
    • сатушының сатып алушыларды төлем қабілеттерін топтарға бөле алатын мүмкіндігінің болуын;
    • алғашқы сатып алушы осы тауарды немесе қызметтерді сата алмауы керек.

Бағалық алалаушылық мынадай жағдайларда  кең қолданылады: қызмет көрсетуде (дәрігерлердің, адвокаттардың, қонақ үйлерін басқарушылардың), өнімді көлікпен тасу қызметін көрсетуде; тауарды сатуда, егер оны нарықтың біреуінен екіншісіне жеткізу мүмкіндігі болмағанда (тез бүлінетін өнімдерді бір нарықтан екіншіге көлікпен жеткізуде).

Бағаға қатыссыз бәсеке көбінесе өнім сапасын көтеру, сату жағдайларын жақсарту, сервистік қызметтерді көбейту арқылы жүреді. Сапаны екі бағытта көтеруге болады: бірінші – тауардың техникалық сипаттамаларын жетілдіру; екінші – тұтынушылар қажеттігіне қолайлы қызмет көрсету. Өнімнің сапасын жоғарылату арқылы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке өнім бәсекесі деп аталады. Бәсекенің бұл түрі немесе ескі үлгіден елеулі айырмашылығы бар немесе соның модернизацияланған баламасы болып табылатын жаңа тауар шығару арқылы, салалық нарықтың бір бөлігіне ие болуды көздейді. Сапаны жақсартуға негізделген бәсекенің қайшылықтары аз емес. Бір жақтан, сапаның жоғарылауы бағаны бүркемелі түрде төмендетудің және өткізуді көбейтудің әдісі; екіншіден – сапа деген субъективтік бағалау, сондықтан жарнама және көз тартатын буып-оралуы арқылы оны бұрмалауға және көзбояушылыққа мүмкіндік тудырады.

Өнімді өткізуді жетілдіру туралы жүретін бағаға қатыссыз бәсеке         сату шарттары туралы бәсеке деп аталады. Бұл бәсекенің негізінде сатып алушыға жақсарған сервистік қызметтерді көрсету жатады: жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету, сауданы жетілдіру, сатып алушыларға тауарды олар алғаннан кейін сол тауарды қолдануына, яғни пайдалану процесінде қызмет көрсету.

    1. ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ  РЫНОКТЫҢ ҚАРАМА ҚАЙШЫ ТҮРЛЕРI

3.1.  Қысқа мерзiмдi  кезеңдегi жетiлген  бәсеке және монополия  рыноктары

 

Жетiлген бәсекелi жағдайда фирманың көлемi  шамалы болғандықтан ол бағаға әсерiн тигiзе алмайды, ал монополиялық рынок бағаға өз үстемдiлiгiн жүргiзедi.

Сондықтан қысқа және ұзақ мерзiмде  фирма оңтайлы  жағдай қалыптастыру үшiн өнiм көлемiн немесе шығындарды өзгерту арқылы  қол жеткiзедi. Ал монополиялық рынок жетiлген бәсекелi рынокқа қарағанда күрделi. Монополист фирма шығындарын есептеп қана қоймай,  бағаның ұтымды деңгейiн қалыптастыру керек, нарықта өзi жалғыз болғандықтан басқа бәсекелестер кiргiзбеу үшiн немесе өнiм көлемiн арттыру үшiн  көптеген iс- шаралар жүргiзедi.

Жалпы TR табыстан барлық  экономикалық жұмсаған шығынды  алғанда экономикалық пайда болады:

                                         П =  ТR – ТС                                                                (3)

Мұндағы,   П – пайда;

                   ТR - жалпы табыс;

                   ТС – жалпы шығындар.

Қысқа мерзiмдi кезеңде бәсекелес  фирманың құрал- жабдығы тұрақты  болады да, ал өнiм шығару көлемi өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар  ғана өзгередi, осыған сәйкес айнымалы шығындар өседi.

Орташа табыс – бұл шығаратын  өнiм бiрлiгiне келетiн табыс.

                                            AR = TR /Q                                                              (4)

Шектiк табыс – ол шығаратын өнiмдi бiр бiрлiкке көбейткенде түсетiн қосымша табыс, яғни:

                                            MR= ΔTR/ΔQ                                                          (5)

Бұл екi формуладағы:   AR - орташа табыс;

                                         TR  - жалпы табыс;

                                          Q   - өнiм көлемi;

                                         MR – шектiк табыс.

          Бәсекелес фирма үшiн р бағасы Q өндiрiс көлемiне байланысты емес. Сондықтан шектi табыс MR= р, сондай -ақ  орташа табыс AR = р.

Бәсекелес фирманың бiрiншi әрекетi – пайданы мейлiнше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгi деңгейiнен жоғары делiк, яғни:

                                            Р>АСmin                                                                 (6)

Пайданы мейлiнше арттыру  үшiн келесi жағдай орындалғанша:

MR ≥ МС  немесе жетiлген  бәсеке жағдайында  Р ≥   МС, өйткенi  MR=р.

Мейлiнше көп пайда  мынадай теңдiк орындалған жағдайда шығарылатын өнiм көлемiне Q * сәйкес келедi.

                                                           Р = МС                                                           (7)

Бұл шарт жетiлген бәсекелес  фирма үшiн пайдасын ең жоғары деңгейге жеткiзетiн  шарт болып табылады. Оны келесi  3- суреттен көре аламыз.

                         Баға                                                                  МС


                       Р,АС 

                       

                                  А                                                   В  Р= MR

           Р


 АС



   D 


С

 

  min

 

 

                               О                                                       Q *  Q

3- сурет. Жетiлген  бәсекелес фирманың пайдасын  мейлiнше  арттыру.

 

Суреттен көрiп отырғанымыздай фирманың жалпы пайдасы  АВСД тiк төртбұрышының ауданына тең болады.

Ал монополиялық қысқа  мерзiмдi жағдайда  пайданы барынша  көбейту шарты MR=MC.

МR = Р (1/Е +1) = МС                           (8)

Бұдан пайданы мейлiнше  көбейту шартын келесi түрде көрсетуге  болады:

                                            Р (1/Е +1) = МС                                                     (9)

     Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi  Е< 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң  шектi шығынына қарағанда  жоғары болады,  яғни Р  >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 4- сурттен көре аламыз.   

 

        Баға (Р)   MC


                  Р1       

Рm В

                   

P2 А

 

                          MR                         AR

                             Q1   Q max Q2        Q

 

 

 

4-сурет. Монополистiң пайдасын барынша көбейту

Суреттен көрiп отырғанымыздай, монополиялық нарық бағасы  өндiрiс  көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық  баға Pm болып табылады. Ол келесi формуламен анықталады.

Р =  МС/ 1+1/Ер                                               (10)

 

Мұндағы, Р - монополиялық баға;

                  МС – шектi шығындар;

                  Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi.

Ендi қысқа мерзiмдi кезеңде жетiлген бәсекелi фирманың шығындарын мейлiнше  азайтуды қарастырайық. Егер өнiм бағасы  мүмкiн болатын жалпы орташа Шығындардың ең төменгi мөлшерiнен төмен, ал орташа айнымалы  шығындардың ең төменгi шамасынан  жоғары деп алсақ, онда келесiдей.

                                                FVC min < P < AC min                                           (11)

Бұл жағдайда фирма зиян шегедi  және оның алдында өндiрiстi тоқтату немесе қысқа мерзiмдi кезеңде  қызметiн жалғастыру сияқты екi таңдау тұрады.

             Өндiрiстi тоқтатқан кезде, фирма тұрақты шығындарға  тең зиян шегедi, яғни У= ТҒС.  Өз қызметiн жалғастыра отырып, фирма жалпы айнымалы шығындарды толық өтеп, ал тұрақты шығындардың белгiлi бiр бөлiгiн ғана жабады, жалпы түсiм ала алады. Бұл жағдайда өндiрiстi жалғастыра отырып, фирма өз өндiрiсiн тоқтатқаннан гөрi көп зиян шегедi.

Оны 5-суреттен көре аламыз. 

 

    Р


               AVC

Д С МС

АС

 

 

Р А В

 AVC


 

                      Ғ                                                  Е

 

 

 

                            Q*               Q

4-сурет. Жетiлген бәсекелес фирманың зиянын мейлiнше азайту

 

5-шi суретте өндiрiс көлемi Q*- ге  тең болғанда, Р = МС, зиян мөлшерi өте аз немесе АВСД тiк бұрышының ауданына тең болады. Бұл жағдайда егер фирма өндiрiстi тоқтатса, онда фирма көп зиян көредi, яғни оның көлемi ДСЕҒ тiк бұрышына тең болады.

Егер фирмада орташа айнымалы шығындардан  баға төмен  болса, онда зиян барлық шығындар шамасына  тең болады, яғни

Р ≤ AVCmin                                                                (12)

Мұндай жағдайда фирма  қызметiн тоқтатады. Оны 6- шы суретте көре аламыз.

Монополиялық бәсекеде  жетiлген бәсеке сияқты  монополиялық өндiрушi  әрдайым экономикалық пайда ала бермейдi. Экономикалық пайда алу мүмкiндiгi сұраныс қисығы  орташа жалпы шығын қисығының байланысына қарай  анықталады.

Қысқа мерзiмдi ұсыныс қисығын  талдау үшiн жоғарыдағы нәтижелердi  қолданамыз. Егер р< min AVC үшiн ұсыныс 0- ге тең. Фирманың шектiк шығындары Q өсуiмен көбейгендiктен ұсыныс қисығы  жоғары оңға бағытталған. Оны келесi суреттен көруге болады.


 P MC


               AVC AC

                 AC


 

AVC

 

P P=MR

 

 

         Q


5-сурет. Фирма қызметiн тоқтату

 

Монополиялық бәсекеде  жетiлген бәсеке сияқты  монополиялық өндiрушi  әрдайым экономикалық пайда ала бермейдi. Экономикалық пайда алу мүмкiндiгi сұраныс қисығы  орташа жалпы шығын қисығының байланысына қарай  анықталады.

Қысқа мерзiмдi ұсыныс қисығын  талдау үшiн жоғарыдағы нәтижелердi  қолданамыз. Егер р< min AVC үшiн ұсыныс 0- ге тең. Фирманың шектiк шығындары Q өсуiмен көбейгендiктен ұсыныс қисығы  жоғары оңға бағытталған. Оны келесi суреттен көруге болады.

 


                                                           Ұсыныс,   MC


  P2


С

АС

 

 P1


В  АVС

 

                           P0

                                                  А

 


                                                      Q1     Q 2               Q

6-сурет. Қысқа мерзiмдi  фирманың ұсыныс қисығы

Информация о работе Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары