Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:48, курсовая работа
Сонымен, зерттеу нысаны жетілегн бәсеке нарығындағы кәсіпорын болып табылады, ал оның мақсаты – тауар өндіру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлінше арттыру. Менің талдауымның мақсаты, біріншіден, өндірушінің қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемі жөнінде қалай шешім қабылдайтындығын және оның ұсынысына қандай факторлар ықпал ететіндігін көрсету. Екіншіден, жеке бір кәсіпорын және жалпы сала үшін ұзақ мерзімді өзгерістердің табиғатын зерттеу.
КІРІСПЕ....................................................................................................
3
1.
БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.................................................................
4
2.
БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ...........................................................................
2.1.
Жетілген бәсеке туралы түсінік.............................................................
6
2.2.
Монополистік, жетілмеген бәсеке.........................................................
11
3.
ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯ РЫНОКТЫҢ ҚАРАМА ҚАЙШЫ ТҮРЛЕРI
16
3.1.
Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары.................................................................................................
3.2.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде екi рыноктың айырмашылығы.........................
20
4.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАҒДАЙЫ
23
4.1.
Елiмiздегi жетiлген бәсеке және монополиялық рыноктың экономикамызға тигiзер оң және терiс жақтары.................................
4.2.
«Қазақтелеком» ААҚ бәсекелес және монополист компания ретiнде экономикаға қызмет ету барысы..............................................
24
5.
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ............................................................................................
26
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................
31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................
33
Қысқа мерзiмдi кезеңде бәсекелер фирманың ұсыныс қисығы МС өсушi орташа айналымды шығындар (AVC). Осы шығындардан баға АVC-тен жоғары орналасады. Одан төмен қарай өндiрiс тиiмсiз, яғни сұраныс, ұсыныс факторлары қызмет етпейдi.
Бiз алдыңғы тақырыпта жетiлген бәсекелес және монополиялық фирмалардың қысқа мерзiмдегi iс-әрекетiн қарастырдық. Олар қысқа мерзiмде өндiрiс факторларын толық өзгерте алмайды, сондықтан олар пайдасын көбейту үшiн өндiрiстiң оңтайлы нұсқасын қарастырады.
Ал ұзақ мерзiмдi кезеңде фирма өндiрiстiң барлық факторларын өзгерте алады, ол саладан шығып кiре алады. Бәсекелес кезiнде нарыққа фирмалар еркiн кiре алады немесе шыға алады.
Қысқа мерзiмдi кезеңде фирма АВСД алаңына тең Q1 өндiрiс көлемiнде оң табысқа ие болады. Ал ұзақ мерзiмде LAC ұзақ мерзiмдi қисығы – Q2 шығару көлемiне дейiн ауқым нәтижесiн көрсетедi. Оны келесi суретте көре аламыз.
P SMC LMC LAC
SAC
D A H
MR =p
C
K
F
O Q1 Q2 Q3 Q
7-сурет. Ұзақ мерзiмдi кезенде пайданы барынша көбейту
Жетiлген бәсекелес кезiнде фирма ұзақ мерзiмде р нарық бағасы өзгерiссiз болады деп есептеп НҒКД > АВСД алаңында табыс аламыз деп болжап, Q3 дейiн өзiнiң қуатын көбейтедi. Яғни Q3 шығарғанда фирма оң экономикалық пайда алады. Бәсекелес нарығында кiрiс еркiн болғандықтан капитал иелерiнiң ресурстарын белгiленген салаға бағыттауға әрекеттенедi. Пайдаға қызыққан басқа салаларға ауысып, жаңа өндiрушiлердiң пайда болуы ұсыныс қисығын оңға жылжытып тепе-теңдiк бағасын төмендетедi.
Нәтижесiнде тепе-теңдiк нарығында басқа осы фирма саласы нолдiк экономикалық табыс алатын деңгейге төмендейдi.
Сондықтан, бәсекелес фирманың максимум пайда шарты ұзақ мерзiмде LMS=p шартына сәйкес келуi керек. Оны келесi суреттен көре аламыз.
8-сурет. Ұзақ мерзiмдегi тепе-теңдiк
Q2 – өндiрiс көлемiнде
фирма нолдiк экономикалық пайд
Ендi, ұзақ мерзiмдi кезеңде монополиялық жағдайдағы тепе-теңдiкке келетiн болсақ келесi жағдайларды ескеруiмiз керек:
1. Қандай жағдайда жалғыз өндiрушi ұзақ уақыт кезеңiнде өзiнiң монополиялық билiгiн сақтай алады.
2. Егер салада ұзақ мерзiмдi кезеңде тепе- теңдiк орнаса онда манополист бiрнеше зауыттар салу арқылы өндiрiс уқымын көбейтуге қандай күштер итермелейдi.
Ұзақ мерзiмдi монополиялық тепе- теңдiкке жетудiң негiзгi шарты жеке өндiрушiнiң оң экономикалық пайда табуға мүмкiндiгi болуы. Экономикалық пайда алу мүмкiндiгi өндiрiстiң орташа шығындары мен монополиялық бағаның ара қатынастарында орнайды. Егер тауар бағасы монополист фирманың ұзақ мерзiмдi орташа шығындарынан жоғары болған жағдайда ғана, өндiрушi оң пайда алады.
Ұзақ мерзiмдi кезеңде монополист фирма екi жағдайда қызмет етедi: бiрiншi, зауыттың өндiру қуатын кеңейту, ал екiншi бiрнеше зауытпен iстеу.
Ұзақ мерзiмде монополист өндiретiн өнiмнiң ұтымды санын ұзақ мерзiмдегi шектi шығынның шектi түсiмге тең болған жағдайында анықтайды:
Мұндағы: LRMC- ұзақ мерзiм кезiндегi шектi шығын;
MC – шектi түсiм.
Өнiм шығару көлемiн ұлғайту мен ұзақ мерзiмдi орташа шығындардың азаюы қатар жүрiп тұрған кезде монополист тек қана бiр зауытта өнiм өндiредi, оны 5-шi суреттен көре аламыз.
P
MC
LRMC
Pmn AC
LRAC
LRACmin
D
MR
Qm
9-сурет. Бiр зауытпен жұмыс iстеп тұрған монополист фирма
Суреттен көрiп отырғандай LRMC < LRAC кезiнде монополист фирма бiр зауытпен жұмыс iстейдi.Егер, одан әрi өнiм шығару орташа шығындардың өсуiне әкелiп соқса, онда монополистке бiр зауытпен жұмыс iстеу тиiмсiз болады. Бұл кезде монополист екiншi зауытты салу туралы шешiм қабылдайды / 3, 22 бет /.
Бұл кезде өнiм көлемiн ұлғайту үшiн өндiрiс қуаты Q* болатын екi зауыт салу тиiмдi болар едi. Бiрақ өндiрiстiң орташа шығындары LRAC min деңгейде болады. Монополист фирма өндiрiстi зауыттардың әр қайсысында өнiм шығару кезiнде шектi шығындары шектi түсiмге тең болатындай етiп орналастырылады,
LRAC min = LRMC = MR (14)
теңдiгi орындалады.
4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ, ЖАҒДАЙЫ
4.1. Елiмiздегi жетiлген бәсеке және монополиялық рыноктың экономикамызға тигiзер оң және терiс жақтары
Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда жетiлген бәсеке мен монополиялы нарықтың да орны ерекше.
Монополия жағдайында тұтынушылардың алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және монополия түсiнiктерi теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.
Монополисттiң өнiм шығарушы ретiнде бәсекелес фирма сияқты өндiрiс мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Жетiлген бәсекелi рынокқа қарағанда монополия жағдайында пайданы көбейтуге бiрнеше саясаттар қолдана алады, олардың нәтижесi дереу көрiнiс табады
Осы екi рыноктың елiмiз экономикасына тигiзетiн оң және терiс жақтарын атап кетсек:
Ендi монополист жағдайына келетiн болсақ:
Екiншiден, екi рынок құрылымының терiс жағына, әлсiз жақтарына келетiн болсақ :
Жалпы елiмiзде осындай рыноктық қатынастың күнен күнге күрделенiп дамуы ол салаларды зерттеудi көп қажет етпек.
3.2. «Қазақтелеком» ААҚ бәсекелес және монополист компания ретiнде экономикаға қызмет ету барысы.
«Қазақтелеком» ААҚ қазiргi таңда байланыс саласында интернет, сымсыз байланыс тораптары бойынша бәсекелестерi «Nursat», «Сatelko», «Алтел», «GSM Қазақстан», «K- Mobil», «Унинад» компаниялары болып табылады. Яғни Қазақтелеком ААҚ 1990 жылы осы тораптар бойынша телекомуникация саласындағы үлесi 85% болса, ал 2004 жылғы мәлiметтер бойынша ақпарат және интернеттегi үлесi 58%.
Қазақстанда қазiргi таңда экономикалық дамумен байланысты телекомуникация саласында компаниялар саны күннен күнге көбейiп, бәсекелi орта қалыптасуда. Бұл бiр жағынан елiмiз халқы үшiн ақпарат және интернетпен жоғары сапалы қамтамасыз етуiне әкеледi.
Мысалы «Қазақтелеком» ААҚ өзiнiң бәсекелестiк ортасын мығымдау үшiн әлемдiк интернет жүйесiн ADSL –ге қосылатындығын айтты. ADSL жүйесi жылдам әрi сапалы қызмет етедi. Сондай-ақ бұл жүйеде бiр мезгiлде интернеттi қолдануға және телефонмен сөйлесуге болады. Яғни «Қазақтелеком» ААҚ ADSL технологиясына қосылу арқылы тұтынушылардың қаржысын және уақытын үнемдеуге жағдай жасайды.
Ал екiншi жағынан «Қазақтелеком» ААҚ аймақаралық және жергiлiктi байланысында толық табиғи монополист компания болып табылады.
Ол монополист ретiнде және телекомуникация саласында ұлттық компания ретiнде негiзгi екi қызметтi атқарады: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекомуникация қызметiн халықаралық стандартқа сәйкестiру болып табылады.
Сондықтан монополист компания бүгiнгi таңда «ұлттық ақпараттық супер магистрал» қызметiн және торабын ел арасында орнатуда. «Қазақтелеком» ААҚ 2003 жылға қорытынды шығара келiп, компания иновациялық телекомуникация жүйесiн Шығыс қазақстан облысында ұзындығы 2400 км болатын торап тартумен сәттi аяқтады, сондай – ақ телекомуникация орталығына Семей және Ақтауды қосты.
2004 жылы «Қазақтелеком» ААҚ 1600 км болатын «Солтүстiк» торапты аяқтамақшы.
Осылайша компанияның таза пайдасының өсуiн келесi суреттен көре аламыз.
10-сурет. «Қазақтелеком» ААҚ стратегиялық мақсаты
5. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
Кәсіпорын теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындар айырымының көп болуы. Кәсіпорынның қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі – барынша көп пайда табу болады.
Қысқа мерзімге кәсіпорынның өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп аталады.
Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып алуға немесе жаңа жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде қысқа мерзім өзінше ұзақ болса, балмұздақ өндірісінде ол өте аз болады.
Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты, кәсіпорынның өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін уақыт мерзімі жатады.
Ұзақ мерзімде кәсіпорын барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде кәсіпорын факторларды келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылған өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен немесе керісінше алмастырып отырады.
Кәсіпорын әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді кәсіпорынның жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-қимылына назар аударайық. Кәсіпорынның мақсатын – баға мен шығындардың ара алшақтығын барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір кәсіпорын өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық кәсіпорындар ұсыныстарының бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер кәсіпорын өз өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айырылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді. Кәсіпорын бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорынның технологияларымен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда алу үшін кәсіпорын қанша өнім өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен кәсіпорынның шекті шығындарын салыстыру қажет.
Егер кәсіпорын өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өзгеріп отырса, онда келесі бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы табысқа да және жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» - шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның жалпы шығындарға қосқанынан артық болады.
Информация о работе Қысқа мерзiмдi кезеңдегi жетiлген бәсеке және монополия рыноктары