Валюталык бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Валюта нарығының теориялық негіздері.....................................................4

1.1Валюта нарығың мәні.........................................................................................4
1.2 Экономикадағы валюталық курстардың енгізілуі.......................................7
1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта нарығы.........................10

2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы..15

2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы...........16
2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау................................................19

3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары.....................................22

3.1Валютаның нарығының тұрақтандыру проблемалары.................................22
3.2 Валюта нарығының жетілдіру жолдары........................................................26

Қорытынды............................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттері.................................................................................31

Работа содержит 1 файл

валюта.doc

— 1.03 Мб (Скачать)

Әлемдік экономиканың актив функциясын алтынға қайтару нұсқасы ұсынылып отыр. ҚР-ның алтын нарығы мен валюта нарығының әрі қарай дамуына осы үдерістің әсері бар екендігін атап өту керек.

Соңғы жылдары алтынды өнеркәсіптік мақсатта пайдалану үрдісі етек жайған. Шартты түрде металдың 85%-ын зергерлік сала қажет етеді 5-6% -ы медициналық сала пайдаланады. Бірақ та Қазақстандық зергерлер Ассоциациясының мәліметтері бойынша бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар нарығының 95 %-ы «көлеңкеде» қалып отыр. Мемлекеттік бюджет жыл сайын салықтар түрінде шамамен 200млн.АҚШ долларын ала алмауда. Алтын нарығының 99%-ы шетел компанияларына тиесілі, атап айтқанда – Индия, Италия; Ресей. Мемлекеттік мекемелердің есептеулері бойынша Қазақстан аталмыш соманы зергерлік саудадан жоғалтып отыр. Ал, бюджеттік түсімдер әр түрлі алым-салықтар түрінде шамамен 180-200млн.долларды құрауы керек. Бірақ есептеулер бойынша бүгінгі күні шамамен тек 10млн.доллардай ғана ақша қаражаттары бюджетке түсіп отыр. Барлық жоспарланған түсімнің 5%-ға жуығы. Зергелік бұйымдардың ішкі нарығы шамамен 340млн.доллар мөлшерінде есептелініп отыр, ал көрсетілген қызмет нарығы 60млн.долларды құрауда.

Бүгінгі Қазақстан өзінің ресурстық әлеуетін оңтайлы пайдалана алмауда. Бұл жалпы мемлекеттік саясаттың ғылыми тұрғыда қажетті зерттелмегендіктен, осы уақытқа дейін геологиялық барлау жүйесі және жобаларды қаржыландыру мүлдем тоқтатылып отыр. Ал, ҚР-ның Үкіметі алтынды стратегиялық материал ретінде қарастыруды тоқтатты.

Алтын запасын құруға келетін болсақ, онда барлық елдер оны қалыптастыру үдерісін аяқтаған, ал Қазақстанда бұл толығымен аяталған жоқ. Біздің ұсыныстар тікелей осыған байланысты қалыптасады, өзіміздің алтын валюта резервімізді тікелей алтын арқылы ұлғайту және алтын өндіруші өнеркәсіптердің ұстанымын нығайту. Бұл жерде К.Ж.Бердяеваның көзқарасы біздің көзқарасымызбен ұштасуда. Бірақ та ел экономикасының резервтік монетарлық активі ретінде алтынның сапалық сипаттамасын талдай келе мынаған келеміз.

Біріншіден, әлемдік қаржы нарығында айналыста жүретін басқа да құралдарменсипаттамасы жағынана анағұрлым жақыны болып алтын шығады. Алтынға жақындастырылған басқа да қажетті құралдардың өтемпаздығы бар және осы құралдармен операцияларға күрделі шығын жұмсалынады, жоғары тәуекелділікке ие болады. Қаржы нарығының басқа да құралдарының серпінімен кері байланысқан тұрақтылығы бар басқа да бағалы металдардан айырмашылығы бар алтынға жақындастырылған активтердің енуі металдң курстық құнының өсуінен анағұрлым жоғары пайда табуды сақтай отырып, инвесторлардың инвестициялық портфелінің тұрақтылығын елеулі деңгейде жоғарылатады. өнеркәсіптік шикізаты жоғары, бірақ та инвестициялық дәрежесі анағұрлым төмен басқа да бағалы металдар осы құралдармен күрделі операциялар жүргізудің қосымша тәуекелдерін туындатады. Бұл металдар қаржы нарығының негізгі операторларының институтционалдық міндеттеріне жауап бермейді.

Екіншіден, алтын Орталық банктің ресми резервтерін әртараптандыруға көмектеседі.

Үшіншіден, алтын елдердің саяси қауіпсіздігін амтамасыз етеді. Ол валюталық бақылау мен активтерге тыйым салуға байланысты емес және қажет болған жағдайда  ол өтемпаздыққа ауыстырылуы мүмкін.

Төртіншіден, алтын актив ретінде халықаралық несие қатынастарына ауыртпалық салмай, ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бесіншіден, алтын дағдарыс немесе несие-валюта жүйесінің құлдырауы сияқты қолайсыз оқиғаларға байланысты «инвестициялық сақтандыру полисі» ретінде ел экономикасының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бүгінде алтын өзінің  бірегей құрылысы мен ұзақ мерзімді тарихы арқылы инвестициялық және резервтік актив ретінде  берік босалқы қоры бар және өзінің табиғаты бойынша ұзақ мерзімді салым болып келген және келешекте дәл солай болып қалуда. Сондай-ақ алтын бүгінде алдыңғы қатарлы әлем елдерінің құзырындағы маңызды саяси құрал болып қала бермек, оның құны тек обьективті нарықтық факторлармен ғана анықталмайды. Сонымен қатар, осыған байланысты Қазақстанға біздің көзқарасымыз бойынша алтынды анықтағанда өзінің ұстанымын ең алдымен, оны стратегиялық материал ретінде қайта қарастыру қажеттігінде жатыр.

 

 

3.2 Валюта нарығының жетілдіру жолдары

 

Валюта – бұл ақша бірлігі және оны тауар құны мөлшерін өлшеу үшін қолданылады. «Валюта» ұғымы үш мағынада қолданылады: а) сол елдің ақша бірлігі (Қазақстан теңгесі, АҚШ доллары, Ресей рублі, Жапония иені,Ағылшын фунт стерлингі және т.б. ) және оның әртүрлі типтері – алтын, күміс, қағаз; ә) шетел мемлекетінің ақша белгісі, шетел ақша бірлігі және төлемқұралдары және халықаралық есептеуде қолданылатын - шетел валютасы; б) халықаралық ақша есептеу бірлігі және төлем құралы.

      Валюта қолдану саласы мен тәртібіне қарай былай бөлінеді:

       а) еркін консерсияланатын және ол кез келген шетел валютасына белгілі баламамен шексіз айырбасталады;

        ә) барлық валюталық операция бойынша ішінара конверсияланатын; конверсияланбайтын – тек бір елдің шеңберінде айналымда болатын;

        б) басқа шетел валютасын айырбасталмайды. Еркін конверсияланатын валютаға: АҚШ доллары, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі және Жапон иені жатады.

          Көптеген дамушы елдердің ұлттық валютасы тұйықталған болып келеді. Біздің ұлттық валютамыз теңгеге келетін болсақ, ол әлемдегі бірден-бір конверсияланбайтын, тұйық валютаға жатады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ғалым-экономистері «теңгенің» конверсиялануына қол жеткізуін қарастырады. Олар мамандарының ойынша, қазір теңгенің конверсияланбауы төмендегідей себептермен түсіндіріледі:

     а) валюталық курстың жоғарылығы;

     ә) ішкі бағаның рационалды болмауы;

     б) тауардың конверсияланбауы.

Соңғысының тек қана тұтыну нарығын баланстандыру жолымен жоюға болады.

        Нарықтық экономика жағдайында ұлттық валюта теңге нарықтың қалыптасуына және онда бәсекенің болуына көмектеседі, ішкі бағаны нақтылайды, отандық өндірісті әлемдік деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді, дәйекті сыртқы экономикалық мамандануды жүзеге асырады. Осы кезде капиталдың халықаралық ынтымақтасуының жаңа түрі пайда болып, елдің халықаралық инвесторға айналуы басталады.

Ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан Республикасы – егеменді мемлекетінің барлық атрибуттарының толық безендіруілуінің соңғы қадамы болады. Қазақстанның көп ғасырлық тарихында алғашқы рет өзінің ұлттық ақша бірлігі – теңгеге ие болады. Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім ең дұрыс шешім болып табылады.

       Барлық елдерде валютаны конверсиялау жетістік ретінде қарастырылады, прогрессивті өзгерістер нәтижесін жүзеге асырушы және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталады. Ашық экономикалы қоғамда валютаны конверсиялау ұлттық экономиканы әлемдік шаруашылықпен байланыстыруда интеграциялық факторларды құрудың басты тетіктеріне айналады.Өзінің тауарлы массасын балама емес айырбастан және экономикалық егемендікті құрудың басты белгісі бола алады.

       Валютаны конверсияландыру дегеніміз алдыменен – экономиканың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін жасау, ал валюта - қаржы жүйесін сыртқы  сауда мен валюта-несие қатынастарын халықаралық стандартқа сай қайта құру. Қазақстан Республикасында өндірістің тұрақтың құлдырырауы кезінде бюджет тапшылығының барынша аса ұлғаюында және үздіксіз инфляцияда теңгенің қажетті конверсиялау шарты мыналар болмақ:

     а) өнімнің технологиялық профилінің импортты ауыстыратын өндірісінің міндетті дамуын қалыптастыру;

     ә) мемлекеттің төлем балансын жетілдіру;

     б) инфляцияның қарқынын төмендету.

Мемлекет қандайда бір қатаң ақша саясатын жүргізуге тырысады, осы факторларды ескермей теңгенің конверсиялануына қол жеткізу мүмкін емес. Экономиканы көтеру керек, себебі ол сыртқы сауданың технологиялық профилінің негізі болып табылады. Бұл ұлттық валютаның конверсиялау  мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды.

       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы тұрақсыздануда және оның тезірек жөнделуі үшін жылдар керек, себебі оның ар жағында нақты тауар массасы жоқ. Тіпті кез келген әлем елдеріндегі алтын қорының болуы ұлттық валютаға абсолюттік кепілдік бере алмайды. Халықаралық Валюталық  Қор (ХВҚ), Бүкіләлемдік банк, Азиялық банк, Европалық даму және қайта құру банктері біздің валютаны қолдайды. Алайда шетелден келген көмек ұлттық жетістігімізге оң салдар жасауы екіталай. Жаңа технологиялы ірі инвестиция бұл басқа шаруа, себебі ол өндірістің құлдырауын жоюға көмектеседі. Тауар өндірушілер үшін жұмсак валютаның курстық арақатынасын анықтауды қалыптастыру әкімшілдік емес нұсқауды ұлғайту немесе өнім өндіруді қарастыру керек. Кейінірек төлем одағының дамуымен толық қанды валютаны құру сауалы тууы әбден мүмкін, себебі соның негізінде елдер біріктіріледі. Нәтижесінде қандайда болмасын бір килирингтік валюта болуы мүмкін, сонда біркелкі ұлттық банк құрылады. Бір жағынан – экономикалық саясаттың жалпы бағытталуы мемлекеттің қатаң әрі ақша-несие саясатын шектен жүргізіген болса, екінші жағынан – барлық шаруашылық субъектілері өзінің қаржы нәтижесі  қызметіне жауапкершілікті күшейтеді.

       Валюта қаржылық және тауарлық конверсиялану жағдайында жүзеге асады.

       Қаржылық – бұл шетел мемлекеті валютасына конверсиялануы.

       Тауарлық – бұл кез келген тауарды шығу тегіне қарамай-ақ алу мүмкіндігі.

     Сондай-ақ валютаны конверсиялануы бойынша – сыртқы және ішкі деп жіктейміз. Сыртқы конверсиялану – бұл елдің ішінде ұлттық валютаны қолдануға шектеудің болмауы және оның шетел азаматтарынада солау болуы. Әрине, бұл жағдайда ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаның кез келген валютаға тауар, массасына, әртүрлі бағалы қағаздарға конверсиялану кепілдігін береді.

     Сыртқы экономикалық байланыстар бойынша резиденттердің валютаны қолдануына шектеу болған жағдайда, онда ішкі конверсиялану орын алады. Алайда практикада, көптеген конверсиялану түрлері аралас түрінде өткеріледі.

     Әрбір ұлттық валютаның басқа елдің ақша бірлігінде бағасы болады. Бұл валюталық немесе айырбастау курсы болып табылады. Басқаша айтсақ, валюталық курс – бұл ұлттық валюта бірлігінің саны және ол шетел валютасы бірлігіне айырбастау мүмкіндігі.Айырбастау курсының төмендегідей түрлері бар.

     Номиналды айырбас курсы – бұл ұлттық валютамен шетел валютасы бірлігінің саны, оның арақатынасы, ол тіркелген ретте және қалқымалы негізде жүзеге асады.

   Нақты айырбас курсы – бұл екі елдегі баға деңгейінің арақатынасын ескеретін айырбас курсы. Наминалды айырбас курсының салыстырмалы елдегі баға индексі арақатынасына бөлгендегі жекелеген ретте есептелініп шығарылады.

    Тіркелген айырбас курсы – бұл жүйе, онда ұлттық валютаның шетел валютасының қатынасы арнайы бекітіледі және өзгертілмеген болып табылады. Валюта курсысұраным мен ұсынымның оған деген арақатынасын анықталады. Сұраным мен ұсынымның әсерінен валюталық курсының едәуір ауытқуы, оның күшті және әлсіз валютасы үшінде тән.

   Оның қысқаша белгілі график көмегімен бейнелуге болады, онда ол сұраным мен ұсынымның өзара іс-әрекетін бейнелейді.

    Шетел валютасына деген сұранымның көлемі төмендегідей факторларымен байланысты: а) тауар мен қызмет көрсету импортына елдің тұтынысы; ә)туристтердің шығындары; б) әртүрлі төлем түрлеріне және т.б.

Валютаның ұсыным мөлшері елдің экспорт көлемімен, сыртқы займмен және т.б. анықталады. Одан басқада, валюта курсының динамикасына әсер ететін факторларға мыналарды жатқызамыз:

- ұлттық табыстың көлемі және өндіріс шығындарының деңгейі;

        - ақшаны нақты сатып алу қабілеттілігі және елдегі инфляция деңгейі;

        - валюта сұранымы мен ұсынысына әсер ететін төлем балансының   жағдай

-елдегі пайыз мөлшерінің деңгейі.

              Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты- инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолыңда сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

Ақша-кредит саясатының келесі міндеті- қаржы нарығының  тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру.

Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаржатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.

              Салық және кеден саясатын реформалау күллі экономиканың жаңару саясатының маңызды құралы болу керек.  Экономикамыздың жаңа салаларын әртараптындандыру мен дамытуды ынталандыру,  бұл салаларға шетел капиталы мен соны ілімді тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды. Өндірісті дамыту мен кеңейту мақсатында қосымша құн салығының мөлшерлемесін төмендету қажет деп санайды біздің елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ірі салық төлеушілерден түскен салық түсімдерін жинауды тексеру үшін Қаржы министрлігінің Салық комитетінде арнаулы бөлім құруды ойластыру қажет. Ол бөлім тексеру ісіне мүдделер қайшылығынан да халықаралық аудиторлық фирмалапрды тартуға тиіс. Қатаң бюджет және салық тәртібі сақталуға тиіс.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Қорытынды

 

Қорыта келгенде,1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Туралы» жаңа заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған мәнет сарайы іске қосылды, ол металл тиындары.

       Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзімде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

      Дайындық жұмыстары бітер кезеңде сол кездегі Премьер-министр С.А. Трещенконың төрағаларымен мемлекеттік комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы» әзірленді.

Информация о работе Валюталык бақылау