Валюталык бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Валюта нарығының теориялық негіздері.....................................................4

1.1Валюта нарығың мәні.........................................................................................4
1.2 Экономикадағы валюталық курстардың енгізілуі.......................................7
1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта нарығы.........................10

2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы..15

2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы...........16
2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау................................................19

3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары.....................................22

3.1Валютаның нарығының тұрақтандыру проблемалары.................................22
3.2 Валюта нарығының жетілдіру жолдары........................................................26

Қорытынды............................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттері.................................................................................31

Работа содержит 1 файл

валюта.doc

— 1.03 Мб (Скачать)
le="text-align:justify">4.      курсты қолдау үшін өзіндік алтын қорын, шетел валютасының тұрақтандыру қорын немесе ХВҚ-ның қарызын пайдалануға болады.

Егер валюта курсы төмендеп, оны сақтау мүмкін болмаса, онда девальвация – валютаның белгіленген құнын азайтуды жүргізу қажет. Ал, керісінше, валюта курсы өскен болса (төлем балансының сальдосы активтік болғандықтан), онда мемлекет валютаға ревальвация – белгіленген валютаның құнын өсіру керек. Міне осылай, валюта курсына реттеу механизмі әрекет етіп отырды.

АҚШ долларының алтынның халықаралық валюта резерві қызметін атқаруы, АҚШ экономикасының соғыстан кейін өте күшті болғандығын айқындайды. 1949 жылы АҚШ-тың алтын қоры 22 мың тоннаны құрған болатын. Бұл бүкіл әлем резервінің 70% құрады.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдары басында АҚШ-тың әлем экономикасындағы жетекші рөлі, доллардың тұрақтылығы төмендейді (өйткені батыс елдері, Япония өздерінің өндіріс потенциялын орнына келтірген болатын). Аталаған елдерде доллар қоры өте мол жинақталған. 1968жылы алтынның ресми бағасы тек халықаралық есепте саудада қалдырылды, ал жеке нарықтарда оған бақылау жойылды.

Жаңа валюта жүйесі – Ямайка жүйесі пайда болады. Бұл жүйе бір емес бірнеше валютаға негізделеді.

Капиталдар нарығының интернациялану процестері дамуының нәтижесінде ұлттық экономикалардың өзара байланыстары күшейеді. Осымен байланысты евровалюта нарығы немесе евронарықтар екпінді дамып отыр.

Еуронарықтар – бпнктердің несиесімен және қарыздарымен операциялар жүргізілетін нарықтар. Осы қарыздар мен несиелер, оларды берген банк тұрған елдің валютасы емес, басқа валюта түрінде болады. «Еуро» деген тек еуропалық аумақпен шектеледі леген түсінік бермейді. Ол – еуропалықтар ақиқат халықаралық нарықтар болып табылады деген ұғым.

Еуро нарықтар барлық ірі халықаралық банктерді, бүкіл әлемнің қаржы орталықтарын және барлық негізгі конфертацияланатын валюталарды қамтиды, олар қаржылық иновациялардың тұрақты көзі болып табылады және жетілген бәсекелікке жуық жағдайда қызмет етеді.

Осындай нарықтармен қатар, құнды қағаздардың еуронарықтары, әсіресе олардың ең ірісі – еурооблигация нарығы дамыған.

Осы нарықты еуро валюта түрін алған облигациялар шығарылады және айырбасталады. Сөйтіп еуронарықта қарыз алушылар қажеттіліктерінің барлық түрін қанағаттандыра алады және инвесторларға қаржы салымдарынның барлық түрін ұсына алады.

Әлемдік валюта жүйесінің даму преспиктивасына байланысты, екі маңызды тенденцияға назар аудару қажет:

- бірінші, өндіріс пен капиталдың интернациялану процестерінің негізі болып табылатын, еуропалық экономикалық интеграцияның тереңдеуімен байланысты тенденция;

- екінші, тенденция – олардың экономикасының нарықтық реформалануымен және экономикалық, ғылыми – техникалық потенциялаудың күшеюімен байланысты, Қазақстанның, КСРО-ның бұрынғы республикаларының және шығысеуропалық елдердің халықаралық қаржы – валюта сферасына бет бұруы. ТМД мемлекеттерінде интеграциялық процестердің дамуы түсуі де күмәнсіз ақиқат деуге болады.

              2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы

 

              2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері

 

              Ұлттық ақшаның тарихы – бұл әрқашан да ел тарихының маңызды бөлігі. Қазақстан үшін де, бұрынғы кеңестік кеңістік мемлекеттері үшін де өз төл валютасын енгізу республикаға өзінің толыққанды экономикалық саясатын қалыптастыруға мүмкіндік берген егемендікті құрудағы ақырғы және фор­мальды емес қадам болып табылды. 18 жыл бұрын көптеген елдер үшін рубль аймағынан шығу барлығына ортақ елден байланысты үзілді-кесілді кесетін қауіпті қадам болып көрінгенімен, теңгенің енгізілуі оң көзқараспен қабыл­дан­ды. Қарапайым тілмен айтқанда, өз валютамыз шаруашылық субъектілерінің де, халықтың да ақшалай қатынастарын ретке келтіруге, дос болғанымен, басқа елдің эмиссиялық орталығына тәуелсіз болуға мүмкіндік берді. Сон­дықтан болар, халық арасында 15 қараша – Теңге күні болып аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде «қызыл» күн болмағанымен, қаржыгерлердің кәсіби мерекесі деп аталып өтеді, егер қалтаңызда, әмияныңызда, шотыңызда немесе карточкаңызда ұлттық валюта болса, атап өткен айрықша жақсы.

              Әр кезеңде түрлі міндеттер шешілді. Соған бай­­ланысты қазір қайсысының күрделі болғаны ту­ралы емес, барлық қиындықтарды теңгенің еңсере алғандығы маңызды. Мәселен, теңгенің қалыптас­қан алғашқы жылдарында ақша-кредит және эко­но­микалық саясатта Үкімет пен Ұлттық Банк үшін: инфляцияны біртіндеп төмендету және өндірістің құл­дырауын тоқтату бірінші кезектегі міндеттер болды. Бұл міндеттерді шешу үшін құрылымдық қай­та құруға және қатаң макроэкономикалық сая­сатқа бағыт алынды. Бұл саясат инфляция деңгейін 1992 жылғы 250%-дан 1994 жылы 126%-ға дейін және 1995 жылы 6,3%-ға дейін төмендетуге мүм­кін­дік бергенін естеріңізге сала кетейін. ҚР ҰБ қайта қаржыландыру ставкасы 1994 жылғы ең жоғарғы 300%-дан 2000 жылы жылдық 14%-ға дейін тө­мендеді. Соңғы жылдары ол 10%-дық көрсеткіштен аспай, қазіргі кезде 7,5% құрап отыр.

              Теңге және ұлттық қаржы жүйесі дамуының мынадай негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.

• 1-кезең. Екі деңгейлі банк жүйесін құру және банктік қадағалауды дамыту (1993-1998).

• 2-кезең. Инфляцияны төмендету және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу (1996-1999).

• 3-кезең. Қаржы жүйесінің дамуын жылдамдату (2000-2007).

• 4-кезең. Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарыстан кейінгі даму (2007-қазіргі уақыт).

              Теңге қолданылған он сегіз жыл ұлттық валюта­ны енгізудің тарихи қажеттігін растағанына ешкім күмән туғызбайды деп ойлаймын. Жас валюта уа­қыт сынағынан сәтті өтті. Ол әлемдік екі қаржы дағ­дарысына, мұнайдың әлемдік бағасының айтар­лық­тай құлдыраған, сол сияқты көтерілген кезеңдеріне де төтеп берді. Ол халықтың сеніміне ие болды. Теңгенің енгізілуі нарықтық экономиканың қа­лып­тасуын жылдамдатқаны сөзсіз. Республикамыз мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және саяси саласының дамуында едәуір жетістіктерге жетті.

 


Сурет 1.Валюта теңгенің дамуы

 

 

 

       2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы

 

              Қазіргі кезде әлемдік экономикадағы ахуал тұрақсыз күйінде қалып отыр. АҚШ-тың және Еуропалық одақтың кейбір елдерінің макро­эко­но­микалық дамуындағы проблемалар осының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Соған қара­мас­тан қазіргі уақытта әлемдік экономикада қалыптас­қан ахуал – 2008-2009 жылдары басталған дағда­рыс­тық құбылыстардың жалғасы. Жаһандық қар­жы-экономикалық дағдарыс жалпы әлемдік ау­қым­да, сол сияқты ұлттық деңгейде де қаржылық қаты­настардың қолданыстағы үлгілерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтар мемлекеттік реттеу құры­лы­мында да, қаржы институттарының өздерінің қыз­ме­тінде де анықталды.

              Қазақстан, жалпы алғанда, дағдарыс кезінде туындаған проблемаларды табысты еңсере алды. Қаржы секторының тұрақты дамуын сақтай алдық, нақты экономикаға қолдау көрсеттік, жұмыссыз­­­дық­ты төмендете алдық. Қазіргі уақытта Қазақстанның алдында шешімі Ұлттық Банк тарапынан да, Үкімет тарапынан да ерекше күш салуды талап ететін бірқатар міндеттер тұр.

Қазіргі дағдарыстың сабақтарын ескере отырып, әлемдік экономикадағы тәуекелдер іске асырылған жағдайда Қазақстанға ықтимал теріс әсерлерді ба­рынша азайту жөніндегі шаралар қабылданған бо­­ла­тын және олар қазір де қабылдануда. Ұлттық Банк­­тің құзыреті шеңберіндегі орта мерзімді ке­зеңге ар­налған шаралар жыл сайын әзір­ле­­­­­не­­­тін ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарында көр­­сетілген. Ұзақ мерзімді сипат­тағы ша­ралар ҚР Пре­зи­дентінің 2010 жыл­­­ғы 1 ақ­пан­­дағы № 923 Жарлы­ғымен бекітілген Қазақ­­­­­­­стан­ Респуб­ликасының қаржы секто­­­рын дағ­да­рыс­тан кейінгі кезең­­­­де да­­­­­мыту тұ­жырымдамасында көзделген.

 

 

 

              Сурет-2.Ұлттық валюта теңгесі

 

              Ұлттық Банк ақша-кредит сая­са­тын әзірлеу және жүргізу кезінде ішкі және сыртқы экономикалардағы аху­­ал­ға үнемі мониторинг және талдау жүр­­­­гізеді, Қазақстандағы макро­эконо­ми­­­­калық ахуалға теріс әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдерді баға­лай­ды. Бұл ретте экономиканың іш­інде, сол сияқ­ты одан тыс орын алып отырған және әлеуетті тәуекелдерге қарамастан баға тұрақтылығын қам­тамасыз ету ақша-кредит саяса­ты­ның негізгі мақсаты болып табы­ла­ды. Қаржы секторының тұрақтылы­ғын және ұлттық валю­та­ның орнық­тылығын қамтамасыз ету мәселелері де Ұлттық Банк үшін стра­­­­­тегиялық міндеттер болып табылады. Тиісінше, бұл бағыттағы шаралар тұ­рақты түрде қабылданады.

              2011 жылғы қыркүйекте теңгенің АҚШ дол­ла­рына қатысты әлсіреуі байқалды. Қазанда теңге тұ­рақ­ты болды, бұл ретте бағамның аздап нығаюы бай­қалады. Сондай-ақ Ұлттық Банк теңге бағамын қа­лыптастыруға барынша аз қатысады. Алайда теңге­нің айырбастау бағамының күрт тұрақсыз­дан­дырғыш дүмпулерінің алдын алу үшін және тұ­рақ­тылықты сақтау мақсатындағы шараларды Ұлттық Банк қа­былдауда және алдағы уақытта да қабылдай бермек.

              Тұтастай алғанда, экономиканы долларсыз­да­н­дыру – орталық банк тарапынан үнемі назарды талап ететін айтарлықтай ұзақ үдеріс. Көп нәрсе істелді, алайда бұл бағытта алда талай жұмыс бар. Мә­селен, 2011 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойын­ша рези­­денттердің шетел валютасында номинирленген екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері депо­зит­­тердің бү­­­­­­кіл сомасының шамамен 33%-ын құрайды. Бұл ретте шетел валютасындағы депо­зит­тердің үлесі біртіндеп төмендеп жатқанын атап өт­кен жөн, бұл халықтың тең­геге және банк жүйесіне деген сен­і­мінің артқанын білдіреді. 2009 жылдың соңында шетел ва­лю­тасындағы депозиттер шамамен 44%-ды құ­ра­ғанын ес­теріңізге сала кетейін. Демек, төмендегені айтпаса да белгілі.                            

             
 

 

Сурет 2. Теңге әртүрлі номиналда

 

Ең алдымен, айырмашылықты атап өту қажет. Қазақстанда Ресейдегідей валюталық дәліз емес, ұлт­тық валютаның өзгермелі айырбастау баға­мы­ның режімі қолданылатынын естеріңізге сала кетейін. Осы­­­ған қарамастан, теңге мен рубль іс жүзінде әрқашан бір бағытта қозғалуда. Осылайша, олар бір-бірімен айтарлықтай өзара байланысқан. Бұл Ре­сейдің де, Қа­­­­зақ­станның да валюталарының белгілі бір дәрежеде мұ­найдың әлемдегі нарықтардағы бағаларының жай-күйіне байланысты. Мұнайдың әлемдік бағасының өсуі­мен екі валюта да нығаяды, мұнай бағасының түсуімен – әлсірейді.

              Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдің саяси және өзара сауда қарым-қатынастары айтарлықтай тығыз. Бұл елдерімізде экономикалық саясат жүргізу кезінде белгілі бір із қалдыратыны сөзсіз. Соған қара­мас­тан, өз жолымызды таңдауда біз тәуелсізбіз, ал Кеден одағының құрылуы айтарлықтай тығыз ықпал­дасуға, оның ішінде ақша-кредит және валюта саясаттарын жүргізу мәселелерінде ықпалдасуға жәрдемдесетін болады.

Ақша-кредит саясатын жүргізу мәселесі бойын­ша Кеден одағына мүше мемлекеттер орталық банк­те­рінің ақша-кредит саясаттарын қатаң өзара бай­ланыстыру мәселесінің қойылмағанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта мемлекеттердің макро­эко­но­ми­калық саясаттарын келісу жөнінде жұмыс жүргі­зілуде. Бұл макроэкономикалық тұрақты­лық­ты және елдердің экономикаларын дамытуды қам­тамасыз ету­ге, экономикалардың жұмыс істеуінің бірыңғай қа­­­­ғи­­даттарын қалыптастыруға бағыт­тал­ған іс-ша­­ра­ларды жүргізуді, сондай-ақ негізгі мак­роэконо­ми­ка­­­лық көрсеткіштердің өлшемдерін келісуді болжайды.

             

              2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау

 

              2011 жылы Қазақстанда халықаралық резерв­тердің өзгеру динамикасы өсудің оң қарқынын көр­се­туде. Мәселен, 2011 жылғы 10 айда тұтастай ал­ғанда елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қор­дың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (42,4 млрд. доллар) 26,6%-ға өсті және 2011 жылғы қазанның аяғындағы жағдай бойынша 75 млрд. дол­лар болды. Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның аяғында Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің жалпы көлемі 32 миллиард долларға жуық болды және портфельдік бөлу мынадай болды: инвес­ти­ция­лық портфель (70%), өтімділік портфелі (17%), алтын портфелі (12%), стратегиялық портфель (1%).

Ең ірісі инвестициялық портфель болып табыла­ды, оның қосалқы портфельдері еурода (35%), АҚШ долларында (30%), жапон йенасында (30%), британ фунттарында (10%), австралия долларында (5%), канада долларында (5%) және корея вонасында (5%) номинирленді. АВА-нің сақталуын және жоғары өтімділігін қамтамасыз ету үшін олар көп дәрежеде дамыған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияланды. Сонымен бірге, ҚР ҰБ қаржы нарықтарын талдау бойынша және алтын-валюта активтерін әртараптандыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс жүргізетінін атап айту қажет.

              Экономикадағы ақша айналысының жыл­дам­дығы – экономика жағдайының маңызды си­пат­тарының бірі. Теңге қандай жылдамдықпен айналады және «тоқырау» пайда болмас үшін, «қаныаздыққа» ұшырамас үшін, немесе керісінше «ақша» қысымы өсіп кетпеуі үшін Қазақс­тан­ның экономикасына қанша ақша қажеттігін қа­лай анықтауға болады. Бұл сұрақты студент Әлия қойды, ол осы тақырып бойынша реферат дай­ын­дау үстінде және сіздің жауабыңызды пайдалан­ғысы келеді.

Информация о работе Валюталык бақылау