Валюталык бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Валюта нарығының теориялық негіздері.....................................................4

1.1Валюта нарығың мәні.........................................................................................4
1.2 Экономикадағы валюталық курстардың енгізілуі.......................................7
1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта нарығы.........................10

2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы..15

2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы...........16
2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау................................................19

3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары.....................................22

3.1Валютаның нарығының тұрақтандыру проблемалары.................................22
3.2 Валюта нарығының жетілдіру жолдары........................................................26

Қорытынды............................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттері.................................................................................31

Работа содержит 1 файл

валюта.doc

— 1.03 Мб (Скачать)

Студенттің рефератына көмектесуге тыры­сай­ын. Сонымен, ақша айналысының жылдамдығы – бұл мәмілелерге қызмет көрсету кезіндегі ақша ай­­­налымдарының жылдық орташа саны. Ақша айна­­­лысы жылдамдығының өзгеруі көптеген фак­тор­ларға байланысты, атап айтқанда экономикалық дағда­­­рыс­қа және экономикалық құлдырау, өсу қар­қынына, инфляция деңгейіне, кредиттің даму де­ң­гейіне, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуларға, есеп айыры­­су­­­ларды автоматтандыруға, төлем айна­лы­мы құрылы­­­­мына және т.б. Оның ішінде, 2011 жылғы маусымның аяғындағы жағдай бойынша ақша айналысы жыл­дамдығы 2,53 болды, бұл ретте, 2010 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 2,57 дең­гей­інде белгіленген.

              Жалпыға ортақ пікір бойынша ақша көптік етпейді. Алайда эко­но­ми­ка үшін бұл пікір мүлде қайшы: ақша экономиканың өзіне қаншалықты қа­жет болса, соған тепе-тең болуы керек. Эконо­микадағы ақша көлемі көп­теген факторларға тәуелді және елдер арасындағы айырмасы барынша күш­ті екендігін атап айтамын. Тұтастай алғанда, елдегі экономиканың номи­нал­дық өсу қарқыны ақша массасы­ның өсу қарқынымен салыстырмалы болуы керек.               Егер ақша массасының өсу қарқыны эконо­­микалық өсу қар­қы­нынан асып кетсе, әдетте, ел эко­номикасында инфляциялық қысым­ның күшеюі байқалады. Кері құбылыс жүр­ген кезде, ол нарықта қолма-қол ақша­ның жетіспеуіне және тиісінше эко­­номикалық өсудің қарқынын тежеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Біздің баға­­лауымыз бойынша Қазақстанда ақша массасының қазіргі деңгейі эко­номи­­ка­ның қазіргі деңгейіне бара-бар болып табылады. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы қыркүйекте ақша массасы 3,2% – 9820,9 млрд. тең­геге дейін ұлғайды. Жыл басынан бері өсу 15,8% бол­ды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның көле­мі 0,5% өсті және 1260,7 млрд. теңге болды. Жыл басынан бері 9,8%-ға өсті. Осы кезеңде банк жүйесіндегі депозиттер сондай-ақ 3,6%-ға, 8560,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Жыл басынан бері – 16,7%-ға өсті. Бұл ретте, ақ­ша мас­­­са­сының құрылымындағы депозиттердің үл­есі депозиттердің өсу қарқынының айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырған­­да алда болуы салдарынан 2011 жылғы тамыздағы 86,8%-дан 2011 жылғы қыркүйекте 87,2%-ға дейін өсті.

              Біздің есептеулеріміз бойынша, қазіргі кезде экономикадағы ақшаның көлемі жеткілікті болып табылады. Елде қалыпты ақша айналымы байқа­лады. Сондықтан Ұлттық Банк экономикаға қосым­ша ақша құюдың қажеті жоқ деп санайды.

              Бұл нақты пайымдау емес: банкнот және монеталар қатарында – жаңа номиналдар жоқ! Есте қа­латын, мерейтойлық күндерге және жалпы­мем­ле­кет­тік мәні бар оқиғаларға арналған банкноттар мен монеталар ғана бар. Олар да номиналдық құны бой­ынша заңды төлем құралдары болып табылады. Қол­даныстағы дизайнның айналыста жүрген банк­нот­тары мен монеталары айналыстан алынбайды. Жаңа дизайнның ескерткіш банкноттары айналысқа шектеулі таралыммен шығады және, әдетте, оларға Ұлттық Банк ұлттық валютаға арналған жаңа қорғаныш элементтерін сынақтан өткізеді.

              Адам сияқты валютаны да сыртқы түріне қарай қарсы ала­ды да, жеке әрі кәсіби қасиеттеріне қарай бағ­а­лай­ды. Демек, ұлттық валютаны дизайны мен қор­ғаныш дәрежесіне қарай ғана емес, ақша ретіндегі негізгі қызметтерін қаншалықты жақсы атқарғанына қарай бағалайды. Бүгінгі күні теңге толыққанды ұлттық ақша бірлігі ретінде толығымен қалыптасты деп сеніммен айтуға болады. Ол ақшаның барлық функцияларын орындауда және құн шамасы; айна­лыс құралы; төлем құралы; жинақтау құралы болуда. Яғни, теңге нарықтағы түрлі тауарлар мен қы­з­меттердің құнын өлшеуге мүмкіндік береді. Ақша айналысында теңге мәмілелер жасауда сатушыдан сатып алушыға дейінгі тауар қозғалысында «делдал» рөлін атқарады. Теңге – түрлі төлемдер, оның ішінде жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, са­лық­тарды, айыппұлдарды төлеу кезінде төлем құра­лы. 18 жыл ішінде жинақтаушы, оның ішінде депозиттер түріндегі рөлі де айтарлықтай өсті. Мысалы, соңғы он жылда теңгемен депозиттер үлесі олардың жалпы көлемінде 2001 жылдың соңындағы 36%-дан 2011 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойын­ша 67,1%-ға дейін өсті.

              Ұлттық валюта банкноттары мен монетала­ры­ның дизайнына келер болсақ, Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайының ең алдыңғы қатарлы технологиялар пайдалануының және дайындау сапасының жоғары болуының арқасында теңге беделді көрме­лер мен түрлі конкурстарда лайықты бағасын алуда. Мәселен, 2007 жылы Валюталық мәселелер жөнін­дегі халықаралық қауымдастық конкурс ұйым­дас­тырды, оған ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі банкноттарымен қатысты. «Ең үздік жаңа банкнота» номинациясында I орын 10 000 теңгелік банкнотаға берілді. Ұлттық Банк 2007 жылы монета өнімінің «Халықаралық Виченза Нумизматика жүлдесі» (Италия) конкурсына қатысты, онда 16 елден 39 монета ұсынылды. Бұл маңызды нумизматикалық конкурс монета сарайлары немесе мемлекеттік әкім­ші­ліктер соққан ең әдемі монетаны марапаттайды. Бірінші жүлде монетаның эстетикалық аспектілері мен тақырыптық мәні үшін беріледі. Бұл конкурсты ҚР Ұлттық Банкі «Ғарыш» монетасымен жеңіп алды.

«Көшпенділер алтыны» сериясынан Қазақ­стан­ның «Шабандоз» монетасы «Жылдың күміс моне­тасы» номинациясында, ал «Қазақстанның өсімдік әлемі» сериясынан «Регель қызғалдағы» монетасы «Монета – ең жақсы сыйлық» номинациясында же­ңіп шықты. Сондай-ақ ол «Монета жұлдызда­ры-2007» ТМД және Балтық елдерінің ең үздік монетасы конкурсында көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды.

              2009 жылы ҚР Ұлттық Банкі «Халықаралық Виченза Нумизматика жүлдесі» (Италия) конкурсына және «Монета жұлдыздары-2009» ескерткіш моне­та­лардың халықаралық конкурсына (Ресей) қайта қатысты. Біздің «Диадема бөлігі» ескерткіш күміс монетамыз «Бірегей идеялық шешім» номина­ция­сында ІІ орын алып, «Монета жұлдыздары-2009» конкурсы қазылар алқасының шешімімен дипломмен марапатталды. «Шыңғыс хан» ескерткіш күміс монетасы 2009 жылы Италияда II орын алды. Ол «монетаның бет жағы сырт жағындағы Шыңғыс хан­ның айқын бейнесімен үйлесімді жасалған» көр­кемдігі үшін аталып өтті. Қазылар алқасының шешімімен монета «Vicenza Numismatica» жүлдесімен ма­рапатталды, ал 2010 жылы Берлинде өткен дүние­жүзілік ақша көрмесінде «Тарихи тақырып бойын­ша ең үздік монета» номинациясында «Жыл моне­тасы» наградасын алды.

 

 

 

 

 

              3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары

 

3.1Валютаның нарығының тұрақтандыру проблемалары

 

Әлемдік валюталық нарықтың қазіргі кездегі жағдайыең алдымен американдық қаржы-валюталық қиғаштықпен байланысты маңызды, көкейкесті, әрі дағдарысалды проблемаларды шешуді талап ететіндігімен сипатталады.

2007 жылдың қыркүйек айындағы АҚШ-ғы ипотекалық дағдарыс басқа да елдердің экономикасы қаншалықты американдық қарызды өтеу және қаржыландыру мәселелерін тереңірек айқындай түсінуде жатыр. Соңғы деректерге сәйкес Ақш-тың сауда тепе-теңдігінің тапшылығы ЖІӨ-нің 8%-ын құрап отыр, ал бұл көрсеткіш болжам бойынша тек 2009 жылы ғана орындалуы тиіс. Бүгінгі күні әлемге көпеген талғампаздардың көзқарастары бір жерден шығуда, атап айтқанда қазір белең алып отырған ипотекалық дағдарыс – Америка экономикасының күрт төмендеуіне алып келуі мүмкін екендігін көрсетуде. Осыдан келе доллардың валюта ретінде шығаратыны сөзсіз. Бүгінгі АҚШ-тан тыс жерлерде долларды сатып алу арқылы американдық активтерді қаржыландыру ай сайын 100 млрд.долларды құрап отыр.

Резервтік валютаның ұлтық және халықаралық мәртебесі арасында қайшылық бірнеше бағыттардан көрінеді. Біріншіден, бүкіл әлем ақшаларын тек алмастырушы ретінде шығатын резервтік валютаға да, басқа да кез-келген қағаз ақшалар сияқты қауіп төнуі мүмкін, яғни инфляция, бірақ та резервтік валютаның  халықаралық мәртебесі есебінде оның салдары тек бір ғана  эмитент-мемлекетке ғана емес, ол бүкіл әлем елдеріне де әсер етеді. Екіншіден, халықаралық тұрғыда резервтік валюта тек жекелеген мемлекеттер құзырында болады. Бұл жағдай оның тұрақсыздығын және сенімсіздігін туындатады. Эмитент елдің біржақты тәркілеу шараларын қабылдауға мүмкіндік тудырады. Үшіншіден, резервтік валютаның әлемдік ақша рөлін орындауы, айналымның халықаралық жүйесінде жеткілікті турде болуымен байланысты, бұл дегеніміз резервтік валютаның эмитент-елінің капитал экспортталуының белсендірілуімен және оның төлем балансы тапшылығының ұлғаюымен қоса жүреді. Осыған орай резервтік валюта халықаралық төлем айналымының арналарын қамтамасыз ете отырып, бір жағынан толық сенімділікт, ал екінші жағынан оған деген сенімділікке эмитент-елдің төлем балансының тапшылығына алып келеді.

Біздің көзқарас бойынша қазіргі жағдайда резервтік валютаның мәртебесінен бас тарту қажеттігі туындауда, бұл міндетті түрде дағдарысты ұстанымға алып келеді. Мүмкін, резервтік валютаның алтын-валюта стандартына қайтарылуында жатқан болу керек. Бұл баршаға белгілі, өйткені бүгінгі куні көптеген елднрде көбінесе алтынға сенім артуда, яғни осы сенімділіктің арқасында әлемдік алтын нарғы белсендірілді және алтынға деген әлемдік баға күрт өсе түсті.

Алтынға деген сұраныс соңғы он жылда 30%-ға жоғарылады. Бүгінде әлемдік сұраныс 1980 жылдардың алғашқы жылдарындағы рекордттық көрсеткіштерден жоғары, яғни сол жылдары алтынның бағасы бір троя унциясына 850 АҚШ долларын құраған. Бағалаулар бойынша сұраныс деңгейі мен алтын шығару деңгейінің арасындағы алшақтық жылына 500-1700тоннаға дейін ауытқуда. 1955жыл мен 200 жыл аралығында алтынға деген баға 388-273АҚШ доллары деңгейіне дейін жоғарылады.

Қазіргі жағдайда алтын қорланымыеың құрылымымен сипаты бағалы металдың демонетизациясы үдерісін анық көрсетеді. Барлық өсім жекекменшіктегі қордың өсуі есебінен болып отыр. Ал тиындық алтынның мемлекеттік резерві жылдан жылға азаюда. 200-2006 жылдары мемлекеттер мен халықаралық мекемелердің ресми алтын резерві тарихта болмаған ең жоғары көрсеткішті құрады, яғни әлемдік ресурстың  қорланымының 63 –ын құрады. Осыған байланысты жекеменшік запастың мөлшерінен асып түті. Бүкіл әлем бойынша алтын валюта резервінің мөлшері бойынша 54ай қатарынан алдыңғы орынды алып келуде. Яғни, 2006жылдың мамыр айындағы оның мөлшері 816,85млрд.долларды құраған.

Екінші деңгейлі металдың көзі ретінде, шығатын қорланған алтынның жалпы массасын бағалай отырып, бірінші деңгейлі металды өндірудің 55-ші ағымына сәйкес екендігін есептеуге болады, ал бірінші деңгейлі металдың нарықтық бағасы 1,3трлн.долларды құрайды, яғни әлемдік экспорттың төрттен бір бөлігі болып табылады. Бұл қорланым кем дегенде бүгінгі күнгі кеніш көзінің жиынтық мөлшерінен уш есе артық болуда. Сондықан алдағы кезеңде алтын нарығының ұсынысына физикалық тұрғыда шектеу болмайды.

Алтынның жалпы әлемдік ресурстары 120-200мың тоннаға бағаланады. Негізгі үлес Витватероранд (ОАР) кеніш көзі ауданына тиеді. Азия аймағын алатын болсақ Ресей, Қытай және Қырғызстанның үлесіне алтын ресурсының басым бөлігі келеді. Ал американдық континентте Бразилия, АҚШ, Канада, Чили, Венесуэлла арасында запастар бөлінуде. Еуропаны алсақ, Украина, Карелияның ресей бөлігіне анағұрлым жоғары үлес түсуде. Австралияда болса ол көрсеткіш 10-13мың тоннаны құайды деп бағалануда. 2005жылы алтынның жиынтық тұтынуы 3483тоннаны құрады.

Әлемдік Валюта Қорының мәліметтері бойынша 2006жылдың 1 қаңтарында алтынның запасы 33мың тоннаны құраған. Ең ірі алтын запасы -  АҚШ-тың (2006жылдың 1-ші қаңтарында – 8,1мың тонна немесе барлық елдердің жалпы запас мөлшерінің 27,5%) және Еуропа Одақтастығының (12,5мың тонна және сәйкес 42,4%) еншісінде.

Бағалы металдардың туынды құралдарының анағұрлым сапалы, әрі тиімді көрсеткіші бұл – алыс-беріс ставкасы. Бағалы металдардың қаржы құралдарындағы операциялардың жиынтық мөлшері 70%-ға жуығын жабады. Алтндағы алыс-беріс ставкасы тұрақты түрде 1,33%-ды құрайды.

Инвестициялық хеджерлеу активі ретіндегі алтынның рөлі анағұрлым тиімдірек, яғни негізгі қаржы нарығыгдағы бағаның төмендеуі, сондай-ақ алтынның тұрақты болуындағы АҚШ долларының валюта ретіндегі рөлі де ұтымды болуда.

Соңғы кездегі саяси және ғылыми ортада алтынның ақшалай қызметінің нысанын қалпына келтіру айтылып жүр. Қазақстандық ғалым К.Ж.Бертаевтың көзқарасы бойынша әлемдік және ұлттық деңгейде ақша айналысының жүйесінде алтынның рөлін нығайту, қаржы саласында әлем елдерін кереғар құбылыстардан сақтап қалады делінген. Себебі, қазіргі қағаз активтердің өзіндік құны жоқ, ал олардың нарықтық бағасы көптеген әртүрлі факторлардың әсерінен анықталады. әрбір қағаз валютасы сияқты АҚШ долларының негізгі меншігі, ол американдық қазынашылықтың борышқорлық қолхаты, әрі АҚШ-тың пайдасы есебінде басқа да елдердің ресурстарын қайтарымсыз негізде қайта бөлу құралы болып табылады. Ал, алтын ұзақ мерзімде қалыптасқан ақша, қаржы-несие институттарының қазіргі жүйесіне қатысты көптеген мамандардың айтуынша ешқандай кемшілігі жоқ өзіндік құны бар ұлттық актив болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде алтын тек  теориялық және практикалық  тұрғыда ақша, қаржы-несие институттарының қазіргі жүйесіне қатысты балама емес. Себебі, әлемдік нарық ұлттық экономикаға тәуелсіз компьютерлік валютаны талап етеді деген көптеген ғаламдық компьютердік қаржылық жүйені әзірлеуге кірісіп кетті. өзінің қызметінің түрлері арқылы бөлінбейтін – e-gold, DigiGold, GoldMoney деп аталатын сандық алтынның үш жүйесінің және басқа да капиталды қажет ететін активтердің қызмет етуі бүгінгі  күні белгілі. Интернет арқылы алтынды сату бойнша компаниялардың блжамдық зерттеулері әлемде бірінші сандық алтын жүйесін қалыптастырып жне оны әрі қарай пайдалануды қажет етеді. Қазіргі кезде комерциялық мәмілелерді қаржыландруға алтын қажетті түрде қажет екендігін көрсетті.сол компаниялар алтынды компьютерлік валютаға ауыстырды. Ол 1996жылдың қараша айынан бастап өзінің операциларын жүзеге асырды. Содан бері осы жүйе арқылы 3,2млн.комерциялық мәмілелер жасалынды. әрбір осындай компьютерлік валютаның көмегімен жасалған операциялар алтынмен жасалған операциялар сомасна пара-пар болды. Бұл капиталмен жасалған операциялар үшін өзінің улкен алтын запастарын пайдалануда компьютерлік валюта жүйесін қолана отырып Орлық банкті қызықтыру мақсатында үшінші жаққа сенімді турде сақтауға беріледі.

Дәстүрлі тұрлаулы валютаны емес, компьютерлік алтнды пайдалануда несиелік тәуекел бомайды, бұл жағдай қаржы нарығы операцияларының сипатын өзгету мүмкін. Сандық ақшалар несиелік пайыз ұғымын жоғалтады, қаржылық алып-сатарлық күрделі өзгерістерге ұшырайды, ал қаржы жүйесі тұрақты әрі сенімді болады. Алтыннң ұлттық сақтау орны болатын Орталық банктің рөлі арта түседі және валюта, алтын және басқа да  капиталды қажет ететін активтеодің лизингі маңызды болып табылады.

Информация о работе Валюталык бақылау