Валюталык бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 19:56, курсовая работа

Описание работы

Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі, ал екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде, мұнда олардың несие және төлем құралдары көрініс алады. Валюта жүйесі деп мемлекетаралық келісімшарттарымен жасалған валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді. Негізінен валюта жүйесі үш түрге бөлінеді:1.Ұлттық валюта жүйесі; 2.Дүниежүзілік валюта жүйесі; 3.Аймақтық немесе мемлекетаралық валюта жүйесі.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Валюта нарығының теориялық негіздері.....................................................4

1.1Валюта нарығың мәні.........................................................................................4
1.2 Экономикадағы валюталық курстардың енгізілуі.......................................7
1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта нарығы.........................10

2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы..15

2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы...........16
2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау................................................19

3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары.....................................22

3.1Валютаның нарығының тұрақтандыру проблемалары.................................22
3.2 Валюта нарығының жетілдіру жолдары........................................................26

Қорытынды............................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттері.................................................................................31

Работа содержит 1 файл

валюта.doc

— 1.03 Мб (Скачать)

        Сыртқы экономикалық қатынастарда мемлекеттің, ұлттық, валютаны (теңгені) резиденттерімен (жеке және заңды тұлғалар) пайдалануды шектеуден бас  тартушы  валютаның ішкі конверсиялануына  жағдай  жасайды. Дүниежүзілік  тәжірибе  көрсетіп отырғандай, әдетте, конверсиялану түрлерінің әр түрлі үйлесуі  орындалады. Қазіргі таңда ұлттық валютамыз - теңгенің конверсиялануы экономикалық реформаның  міндеттерін  шешудің өзіндік ерекшелігі бар «кілті» болып табылады. Енді, шетел валюта  курсының биржалық котировкасын қаралық[7].

        Валютаның айырбас курстары әрдайым өзгеріп отырады, оның өзі валютаның сұраным  мен ұсыным жағдайларына  сезімталдығын көрсетеді. Мысалы, 1994 жылы 19 мамырда Қазақстан Валюта делдалханадағы кезекті сауда – саттықта шетел валютасының курстары төмендегідей болып белгіленеді (Қосымша 1  көрсетілген).

             Қазақстанда  өндірістің  құлдырауы, өсіп бара жатқан бюджет тапшылығы және  инфрақұрылымның  өсуі жағдайында теңгені конверсияландырудың қажетті шарттары мыналар болуы мүмкін:

a)     импортты  алмастыратын өндірісті дамыту мақсатында, оның технологиялық профилін өзгерту, қайта құру;

b)    мемлекеттің төлем балансын жақсарту;

c)     инфляция қарқынын бәсеңдету.

        Осы көрсетілген факторларды ескермей, қандай да  болмасын қатаң ақша – несие саясатын жүргізу  арқылы конверсиялануға жету мүмкін емес. Қазіргі таңда  валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде  ұстап отыру, басты міндеттерінің бірі болып табылады.

        Қазақстан валютасын қорлау туралы халықаралық валютамен, бүкілдүниежүзілік Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің   бірқатар  дамыған  елдерінің   үкіметтерімен келісімге  қол қойылды, жеткізілді. Дегенмен,  ұлттық валютаның тұрақтылығын,  оның халықаралық  деңгейде  сатып алу  қабілетін орнықтыру, біздің  ішкі  потенциялымызды пайдалануымыздан, экономикалық реформаларды Қазақстаннның ерекшелігін ескере отырып, байыпты  түрде жүзеге асырудан тәуелді болмақ [5].

        Валютаны  тұрақтандырудың  нулликафикация, девольвация және револьвация сияқты әдістері бар.

        Ақшаны  нулликафикация – мемлекеттің аса ауыр  инфляция жағдайында, құны түскен қағаз ақшаларды жарамсыз деп жариялауы.

      Девольвация – ұлттық валюта  курсын шетел курсына  немесе халықаралық  есептік  ақша бірліктеріне қатысты ресми түрде төмендету.

        Револьвация – бұл, егер инфляция деңгейі басқа елдерге қарағанда жай қарқынмен өсетін,  төлем балансы белсенді, ал несие  берушілермен импорттардың мүддесі қарыздар  мен экспорттардың мүддесіне басым түскен жағдайда  жүзеге асырылатын ұлттық валюта курсын шетел валюталарына қатысты түрде көтеру.

        Екі валютаның айырбас кезіндегі  құндық арасалмағы, бір елдің ақша өлшеміне шаққандағы бағасы, валюталарды айырбастау баламасы, кейбір бухгалтерлік есеп айырысуларда  шетелдік  екі валютаның теңгемен салыстырғандағы баламдарымен (курстармен) белгіленетін осы валютаның ара салмағы  кросс – курс дейтінді қолдану керек. Мысалы, АҚШ доллары 1,7 дм – ге пара - пар болады. Ол ұлттық  эмиссиялық банк немес қандай да болсын  құзырлы  мемлекеттік валюталық орган белгілеген ресми курс болуы және банктер арасындағы операцияларда,  валюта рыноктарында сұраным мен ұсынымның өзгеруіне орай  өзінің  құндық негізінен ауытқып отырады. Төлем балансының жай – күйін айқындаушы  болып табылады. Сайып келгенде,  нарық тетігі туындаған үйлесімдіктерді икемдеу бағытында  әрекет еткенімен, олар халықаралық экономикалық айырбастың серпініне, бағамы мен құрылымына, әсіресе  қаржы  биржасы байланысы саласында елеулі әсер етеді, сөйтіп ең алдымен жекелеген салалар мен өндірістің дамуына, экономикалық өсу қарқынына ықпал жасайды. Шетелдік ақшаға сұраным мен ұсыныстың айқындалатын  және еркін көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін валюта курсы  икемді, құбылмалы валюта курсы деп атайды. Валюталық нарық практикасында еркін құбылмалы валюта курсы  жүйесінде неғұрлым жоғары бағам – сатушы бағамы мен неғұрлым төмен бағам сатып – алушы бағамы болады (Қосымша 2 көрсетілген).

        Екі валюта бағамы арасындағы айырма – кәсіпкерлер  валюталық операцияларды жүзеге асыратын банктердің табысын құрайды.

        Ұлттық валюталар (түрлі елдердің ақша өлшемдері) арасындағы (заңдық тәртіппен айқындалған  валюталық тепе – теңдік негізінде ресми белгіленген  ара салмақ тіркелген валюталық курс болып келеді). Оның қолданылуы, әдетте, халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және басқа  халықаралық институттың қызметімен байланысты, олардың шеңберінде  мүше елдердің валюталық тепе – теңдікті, қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланылатын арнаулы өзара қарыз құқықтары негізінде  келісу көзделеді. Валютасы  айырбасталатын елдердегі инфляцияның деңгейі немесе ескерілмейтін айырбасталатын валютаның  ағымдағы бағасына, шағын  есептелген валюталық бағам атаулы – валюталық бағам деп аталды, ал валютасы айырбасталатын елдерде базарлық жылмен салыстырғанда бағаның деңгейіндегі өзгерістер ескерілетін валюталық бағам – нақты валюталық бағам деп аталады.

        Сөйтіп, валюталық курс экспортпен импорттың ауқымына ықпал жасайды. Олар, өз кезегінде қаражат  құралдары арқылы экспорт пен импортқа салынатын  салықтар, кеден жарналары алынған, бөлінетін  қаражат ресурстарының көлеміне  мемлекеттің  және сондай – ақ экспорттық немесе импорттық  тауарлардың және  қызметті  жағдайында  ықпал жасайды.

  

1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта жүйесі

 

Әлемдік шаруашылық – бұл халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономикалық қатынастар қалыптастырады. Олар келесі нысанада болады:

-   халықаралық сауда

-         капитал шығару және халықаралық несие

-         халықаралық валюта қатынастары

-         халықаралық жұмыскер көшуінің миграциясы

-         ғылым және техника аумағында халықаралық айырбас

Халықаралық сауда (ХС) – бұл тауар мен қызмет көрсету экспорты арқылы жүретін халықаралық экономикалық қатынастардың түрі.

ХС болдыратын себептер:

-         бөлу теңсіздігі және әр түрлі елді экономикалық қатынастың ресурспен қамту

-         әр елде әр деңгейдегі технологияның болуы.

ХС маңызы:

- ұлттық ресурс негізінің шектігінен өту

- ішкі рынокты кеңейту және ұлттық нарықты әлемдік рынокпен байланысын орнату

- ұлт және халықаралық өндіріс артықшылығы айырмасының арқасында қосымша табыс табу

- шетел ресурсын тарту арқылы өндіріс ауқымын кеңейту.

              ХС көлемі мынадан көрінеді: экспорт, импорт, таза экспорт. Осы көрсеткіштердің ЖҰӨ қатынасы олардың экономикада орнын және өсуін көрсетеді.

              ХС – ның пайдасы әр экономикалық мектепте әрқалай бағаланады:

-         Меркантилистер импорт экспорттан асу керек деді

-         А. Смит ойынша, басқа ел арзан бағамен өндіретін тауарды сатып алу керек. Әдебиетте оның теориясы «абсолютті артықшылық теория» деп атады.

-         Д.Рикардо «салыстырмалы артықшылық теориясын» жасаған

ХС пайдасын бағалағанда абсолютті емес, қатысты әсерді салыстыру керек, оның ойынша, егер әр тауарды шығыны аз елдер өндіру керек, сонда өндірілетін тауар көлемі максималды болады, - деп көрсетті.

Келе – келе Д.Рикардо теориясын А.Маршалл мен Д.Милль дамытқан.

Мемлекет протекционизм және еркін сауда саясатын жүргізу арқылы экспорт пен импорт қатынасын реттейді.

Протекционизм – бұл импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шетел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат.

Фритредер – еркін сауда саясаты.

Протекционистік саясаттың келесі бағыттары бар:

-         импорт кезінде жоғары кеден алымы бар және экспорт кезінде төмен мөлшердегі кеден салымдары;

-         тарифтік барьерлер: контингентирлеу, лицензиялау, мемлекеттік монополия.

Контингент – жеке тауар импорты мен экспортына квота қою.

Лицензиялау – бұл сыртқы экономика қызметін жүргізуге бір ұйымның рұқсат алуы.

              Мемлекеттік монополия – бұл мемлекеттік органдардың сыртқы экономика қызметін жүргізуге берілетін ерекше құқық.

              Фритредер ХҮІІІ ғасыр соңында процекциондық әрекетке қарсы пайда болды, ХІХ ғасырда Англияда ресми экономикалық саясат ретінде қабылданды. Фритердің негізі Д.Рикардоның «салыстырмалы артықшылық теориясы» жүзінде тіркелді. Қазіргі кезде фритредер жеңіске жетіп, «ашық» экономика теориясына енгізілді.

Елдің ағымды сыртқы экономикалық жағдайын төлем балансы көрсетеді. Төлем балансы – бұл шетелге төлем мен белгілі бір уақыттағы шетелден түскен кірістің қатынасы. Төлем балансының ірге тасы – сауда балансы. Сауда балансы – бұл тауар экспорты мен импортының қатынасы. Оның негізінде шекарадан өткен тауар жайлы кеден статистикасының берілгені жатыр.

Капитал шығару – бұл ұлттық айналымнан капитал бөлігін алып тастап, басқа елдегі өндіріске әр түрлі нысанада енгізу.

Капитал шығарудың  мақсаты- артықшылық арқасында басқа елде жоғары көлемде табыс табу, бұл ұлттық шаруашылық шартымен

Экономикалық – төменгі квалификацияланған жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі және ұсыныстың өсуі, дамушы елдерде жоғары білімді мамандарға сұраныстың өсуі, халықаралық жалақы айырмашылығында айқындалады.

              Экономикадан тыс – демографикалық, саяси, діни, ұлттық, мәдени, жанұялық т.б. факторларға байланысты дамиды.

Валюта (баға, құн) – мемлекеттікақша бірлігі. әрелдің өзінің халықаралық құқық нормасын ескере отырып, ұлттық заң негізінде қалыптасқан ұлттық валюта жүйесі болады.

Ұлттық валюта негізінде әлемдік валюта жүйесі болады.

Халықаралық валюта жүйесі – сыртқы рынокта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелері жинағы.

              Халықаралық валюта жүйесі стихиялы қалыптасқан немесе заңдармен және халықаралық келісімдермен бекітілген, халықаралық есеп жүргізу құралдары, ережелері және әдістерінің жүйесі болып табылады. Ол бірнеше элементтерден тұрады:

1.      Негізгі халықаралық төлем және есеп құралдарын белгілеу.

2.      Валюталық паритеттер мен валюталық курстардың тәртіптері.

3.      Валютаның конвертациялану шарттары.

4.      Мемлекетаралық валюта нарықтары.

5.      Халықаралық валюта қатынастарын реттейтін мемлекетаралық институттар.

Халықаралық валюта жүйелерін зерттеуді алтын стандартынан бастаған жөн. Алтын стандарты Англияда ХІХ ғасырдың басында пайда болған, ал 70-жылдары ол халықаралық ақша жүйесіне айналды. Алтын стандарт жүйесі төменде аталған шарттарға негізделеді:

-         Ақшаның басты формасы болып табылатын алтын монеталар айналымда болады, ақшаның барлық басқа формалары номиналына сәйкес алтынға айырбасталады. Әр ел өзі ақша бірлігінің белгілі алтын «мазмұнын» белгілейді;

-         Елдегі ақша ұсынысы әлемдік ақшаның және халықаралық төлем құралдарының бас резерві болып табылатын ресми алтын запасының объектісімен тікелей байланысты болады;

-         Алтынның экспорты мен импорты еркін жүріп отырады. Алтын стандарты болғанда валюта курсы валютаның алтын салмақ мөлшері алтын паритеті негізінде белгіленеді. Мысалы, фунт стрелингтің алтын салмақ мөлшері 0,25 унцияға тең, ал доллардікі -0,05 унцияға. Сонда валюта курсының дәрежесі былай белгіленеді: 1ф.с.т. = 5 долл.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін алтын стандартының шектелген формалары – құйма алтын стандарты және алтын девизді стандарты қолданыла бастады. Біріншіден алтын монетарар айналымы болмайды және орталық банктер банкноттарды тек стандартты салмағы бар (12,5кг) құйма алтынға айырбастайды. Екінші жағдайда, орталық банктер өздерінің банкноттарын алтынға емес, алтынға айырбасталатын шетел валютасына айырбастайды.

Алтын стандартының осы екі түрінің мәні мынада: ішкі айналыстан алтын толық алынып, ол әлемдік ақша ретінде мемлекеттің қолында жинақталды.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары алтын стандарты, көп себептердің нәтижесінде, дамып келе жатқан халықаралық экономикалық қатынастардың қажеттігін қанағаттандыра алмайтынын айқындады.

Халықаралық жаңа валюта жүйесінің негізгі принциптері 1944 жылы Бреттон – Вуд қаласында (АҚШ, Нью-Гэмпшир штаты) 44 мемлекеттің конференциясында айқындалады.

Осы конференцияның шешімдері бойынша мына жағдайлар қарастырылады:

1.      Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Халықаралық реконструкция жүргізу және дамыту банкі (ХРДБ) құрылды.

2.      алтынға ақша бірлігінің халықаралық құнының өлшеуші рөлі қайтарылды. Алтынның ресми бағасы белгіленді – алтыншы 1 трой унциясы 35 долларға теңдестірілді. Аталмыш жүйенің мүшесі - әрбір ел өз ақша бірлігінің алтындық немесе долларлық мазмұнын белгілеуге тиісті.

3.      барлық елдер өз валютасының курсын доллармен салыстыру арқылы белгілейтін міндеттеме алды.

Информация о работе Валюталык бақылау