Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсету сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық маңызы ……….................................................................………………………. 4

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шет елдік тәжірибесі.....................................………………………........................7


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын бағалау..................................................................................................12

2.2 Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау..............................................………………………………16

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………...…22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................23

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 273.00 Кб (Скачать)

 

Индикатор

Елдердің рейтингі

2008

2009

2010

Рейтинг

54

57

44

Инвесторлардың мүдделерін қорғау индексі

5,7

5,7

6

(Ескерту – [15] әдебиет негізінде құрастырылды)

Кесте 8 – «Doing Business» сәйкес компанияның жабылуы үрдісі бойынша Қазақстан Республикасының рейтингісі

 

Индикатор

Елдердің рейтингі

2008

2009

2010

Рейтинг

81

54

48

Мерзім (жыл) 

3,3

1,5

1,5

Құны (% орта жанға шаққандағы табыс көлемінен)

18

15

15

Төлем коэффициенті (центтен долларға )

23,4

40,6

43,3

Ескерту – [15] әдебиет негізінде құрастырылды

 

Әлем елдерінде мемлекеттік басқару сапасы туралы ДБ есеп берулерінде Қазақстан барлық көрсеткіштер бойынша, соның ішінде заң шығару сапасы бойынша төмен рейтингке ие болды. Бұдан біздің елде жеке сектордың дамуына қолдау жасайтын Үкіметтің рационалдық саясатты және құқықтық актілерді қалыптастыру және жүзеге асыру мүмкіндігі өте төмен деуге болады.

Осылайша, GEM 2009 зерттеулерінің шеңберінде экспортқа бағытталған қазақстандық орта және шағын кәсіпкерліктегі кәсіпкерлердің төмен үлесі байқалады,  бұл кәсіпкерлік дамуының жаңа мүмкіндіктерін шектейтін сауда және инвестициялар үшін кедергілер әлі де сақталып қалуын мәлімдейді [16]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 9 - Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар

 

Бағыттар

Шаралар

1

2

Экономикалық саясат

- Мемлекеттік ресурстардың басты бөлігін өңдеуші өнеркәсіптер мен ауыл шаруашылығына бағыттай отырып, өнеркәсіптің басымды салаларын қаржыландыру арқылы экономиканы әртараптандыру.

- Қазіргі және ғылыми сыйымды технологиялардың, басқарудың үдемелі әдістері негізінде экономиканың шынайы секторында шағын және орта кәсіпкерлікті кәсіпорындарды құру және дамыту.

 

 

 

Кәсіпкерлікті қаржыландыру

- Жарғы капиталы бойынша пайыздық мөлшерлемелер мен кредиттерді беруді азайту.

- Қаржыландырудың альтернативті негіздерін дамыту (тікелей шетелдік инвестицияларды қоса алғанда ірі ұлттық компаниялардың қаражаттарын тарту).

- Шағын кәсіпкерлікті қолдауда жергілікті  атқарушы органдармен шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға қаражаттандыру үлесін арттыру.

- Несиелеуді тездету бойынша қаржылық-кредиттік институттарды құрылымға келтіру (микрокредитті ұйымдар - қысқа мерзімді кредиттер, екінші деңгейлі банктер – орта мерзімді қарыздар, даму институттары – ұзақ мерзімді қарыздар беру)

 

Әкімшілік тосқауылдар

- Ранжылау негізінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалауды жүргізу және кәсіпкерлік-ортаны жақсарту бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеу және орындарында әкімшілік тосқауылдарды жою.

- Ұқсас бақылау-қадағалау функциялары бар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері арқылы консультативті кеңес құру.

- Өнімдердің сертификатталатын түрлерінің көлемін азайту.

- Кепілді тіркеу мерзімін азайту.

 

 

 

 

 

Инфрақұрылымдық саясат

 

- Жеке кәсіпкерлікті құру мен жүргізу үшін кәсіпкерлерді дайындау және қайта даярлау орталықтарының желілерін дамыту. 

- Елдің барлық аймақтарында, оның ішінде ауылдық жерде әлеуметтік-экономикалық және өндірістік инфрақұрылымды дамыту.

- Ауылшаруашылық шикізатын өндіру мен өңдеу, көлік коммуникациясын дамыту бойынша технологиялық қолдау көрсету.

- Ірі және шағын кәсіпкерліктің өзара әрекетін жетілдіру.

- Инновациялық және технологиялық көмек беру орталықтарын құру: кәсіпкерлік-орталықтың жұмыстарын, білім беру орталықтарын, зерттеу және технологиялық бақтарды жетілдіру.

- Лизингтік қызметтерге кәсіпкерлердің кеңінен қолы жете алуын қамтамасыз ету (жаңа технологиялық құрылғы, өндірістік ғимараттар, ұйымдастырушылық техника және т.б.

 

Кадрлық саясат

- Кәсіпкерлік үшін кадрларды, сондай-ақ кәсіпорынды реттейтін барлық деңгейдегі атқарушы билік органдары үшін мамандарды даярлау жүйесін жетілдіру.

- Кәсіпорындағы менеджмент деңгейін жоғарылату.

Ескерту: Автор  құрастырған

 

                                       

 

                                              ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Экономиканың қарқынды дамуына байланысты Қазақстандағы ШК-тің өндірген өнімдерінің көлемі жыл сайын артып келеді, алайда жалпы ішкі өніміндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі төмендеуде және қазіргі уақытта 15,7% деңгейін, ал шағын кәсіпкерлік саласында қызмет етушілердің саны экономикалық белсенді халықтың 22% құрайды. Бұл көрсеткіштер дамыған елдердің ұқсас көрсеткіштерінен едәуір төмен, яғни ол ЖІӨ-нің 50%-ды және  жұмыспен қамтылған халық саны 70%-ды құрайды.

Сонымен, Қазақстанда ШК-ті белсендіру нәтижесінде жағдайдың жақсаруына қарамастан, халықаралық бағалау жүйесінде еліміздің кәсіпкерлікті жүргізу рейтингі әлі де жоғары емес, әсіресе лицензия беру, халықаралық сауда, кәсіпорындарды тарату салаларында төмен көрсеткіштер байқалуда, ал осының барлығы бірінші кезекте ШК-ті қолдау жөніндегі мемлекеттік тетіктерінің тиімсізділігін білдіреді.

ШК-тің экономикалық маңызы анықталып, оның дамуы экономиканың тиімді өсуіне және өз кезегінде қоғам өркениетінің дамуына әкелетіндігі, бірақ оған қарамастан, елімізде ШК-ті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігі байқалады. Алайда, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ШК-ті мемлекеттік қолдау ерекшеліктері белгіленген.

Ең бастысы рейтинг, кәсіпкерлікті рейтингтік бағалау, кәсіпкерліктің ұлттық рейтингі және халықаралық бағалау жүйесі анықтамалары ұсынылған, рейтингтік бағалау қажеттілігі мен жүйесі көрсетілген.

Халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру саласында шет елдерінде жүзеге асырылатын ең маңызды реформалар анықталған. Сондай-ақ,  лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің  әлемде қалыптасқан теориялық және тәжірибелік негіздері, оның ішінде қолданыстағы үлгілері, тәсілдері, қызметтері және лицензиялау теңгерімінің бұзылу нәтижесінің салдарлары келтірілген.

Қазақстандағы ШК-тің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингіне кері әсер ететін  мәселелерге сыныптама жүргізу нәтижесінде факторлар экономикалық, қаржылық, әкімшілік, заңнамалық, инфрақұрылымдық, кадрлық критерийлер бойынша жіктелген. Сондай-ақ ең күрделі тұрған мәселелер ретінде лицензиялау, халықаралық сауда жүргізу және кәсіпорындарды тарату (жабу) анықталған. 

Қазақстанда ШК-тің дамуын арттыратын оңтайлы тетіктерді жасау үшін ұсыныстар әзірленген. Экономикалық саясат, ШК-ті қаржыландыру, әкімшілік тосқауылдарды азайту, заңнаманы, инфрақұрылымдық және кадрлық саясатты жетілдіру негізгі бағыттар ретінде анықталған және оларға сәйкес механизмдер белгіленген.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

     1 Елшібаев /Кәсіпкерлікті қызметті ұйымдастыру негіздері/: Оқу құралы.-           Алматы: 2002. - 464 б

     2 Грибов В.Д. Менеджмент в малом бизнесе: Учебное пособие. - М.: Финансы и статистика, 1999. – 128 б

     3 “Шағын кәсіпкерлікті жан – жақты қолдау қажет” Ізденіс 2004

     4 Хоскинг Г. Курс предпринимательства: Практическое пособие: Пер. С англ- М.: Международные отношения, 1993.-352 б

    5 Друкер П. Задачи менеджмента в XXI веке. Учебное пособие: Пер. С англ. –М.: Международные отношение, 1993. -  352 б

     6  Официальный портал аналитической поддержки малого предпринимательства г. Москвы (НП "Московский центр развития предпринимательства) www.giac.ru

     7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2010 жылғы  «13»  сәуір  №  301 қаулысымен   бекітілген  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы http://kz.government.kz/docs/proekt.htm

     8 Нұрақым Р. Шағын кәсіпкерлік: кеше мен бүгін//Ақиқат. - 2005.- 47-53б.

     9 Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жай-күйін анықтау жөніндегі кешенді зерттеудің нәтижелері, 15 Ақпан 2010, Дерек көзі: http://www.damu-komek.kz/105

    10 Қазақстан Республикасының статистика агенттігі, Дерек көзі: http://www.stat.kz

     11 http://www.damu.kz/307

    12 Қазақстандағы шағын және орта бизнес еліміздің ішкі жалпы өнімінің үштен бір бөлігін өндіреді. АСТАНА. Ақпанның  26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ http://thenews.kz/2010/02/26/269252.html

    13 «Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік» 2005-2009 Статистикалық жинақ  /Редакциясын басқарған Ә.А Смайылов/ Астана, 2010-96б

    14 Статистические сборники Агентства Республики Казахстан по статистике за 2004-2008 гг.

    15 Дүниежүзілік Банктін «Doing business» рейтингісінің ресми сайты: www.doingbusiness.org. 

   16  «Transparency International» ресми сайты: www.transparency.org

 

 

 

 

22

 



Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы