Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсету сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық маңызы ……….................................................................………………………. 4

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шет елдік тәжірибесі.....................................………………………........................7


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын бағалау..................................................................................................12

2.2 Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау..............................................………………………………16

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………...…22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................23

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 273.00 Кб (Скачать)
t-align:justify"> 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Еуроодақ әрекеттері

Ескерту – [5] әдебиет негізінде құрастырылды

 

Олардың қарым-қатынастары акционерлік емес, келісім шартты негізде қалады. ЕО заң жүзінде ірі кәсіпорындары мемлекеттік қолдауға ие болатын шағын және орта кәсіпорын капиталының 25% артығын иеленуге құқығы жоқтығы бекітілген. Бұл ірі кәсіпкерліктің шағын кәсіпкерлікке бекітілген жеңілдіктерді иеленбеуі үшін жасалған шара.

Еуроодақ елдерінде субконтракция процесіне 293 мың кәсіпорын тартылып, 4 миллионнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Субконтракторлардың өндірген өнім көлемі 350 млрд еуро болып, ЕО елдерінің жалпы өнім көлемінің 15% құрады. ЕО елдерінде ірі және шағын кәсіпорындардың әсерлесуінің жаңа сапалы деңгейі шағын кәсіпорындарды қолдаудың аймақтық орталықтары болып табылады. Билік органдары орталықтарды шағын кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі қорлары арқылы қатысып, қаржыландырады. Ірі кәсіпорындар орталығы шығындарының бір бөлігін өз мойындарына алып, ұйымдастыру жұмыстарына көмектеседі [5].

Ресейде субконтракциялық орталықтардың ең алғашқысы Москва қаласында “Аймақаралық өнеркәсіптік субконтракциялық және серіктестік орталығы” 1998 ж. ашылды. Бүгінгі таңда субконтракциялық орталықтардың тораптарын қалыптастыру мен Ресей субконтрактілік орталықтың Ассоцияциясын құрудың жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

 

   Сурет 3 – Ресей субконтрактинг орталықтарының қызметі

   Ескерту – [6] әдебиет негізінде құрастырылды

 

Санкт-Петербургтағы орталық өндірістік кооперациялар бойынша ақпараттық алмасу мен серіктестерді іздеу жүйесі орындаушылармен тапсырыс берушілерді тез және тиімді табуға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларды осы жүйе арқылы табу бастапқы бағаны 10-30 % үнемдеуге мүмкіндік береді. Орталықтың қызметін ең алдымен механикалық өндеу, электротехника мен электроника, резинатехникалық бұйым өндірушілер пайдалануда. Субкантрактының артықшылықтарын пайдалана отырып, шағын кәсіпорындар қымбат құрал-жабдықтар мен артық алаң төлемінен сақтандырылған. Субконтракцияның аймақтық орталығы маңызды мәнге ие болып отыр. Себебі ақпараттық алмасудың біріңғай жүйесі, жұмыс істеудің, келісілген бағалардың біріңғай әдістемесі қамтамасыз етіледі. Ең бастысы бәсекелі орта қалыптастырылып, аймақтық байланыстар пайдаланылады. Көптеген Мәскеу кәсіпорындары өзінің тапсырыстарын Туладағы литей өндірісі мен механикалық өңдеуге орналастырады. Мәскеу кәсіпорындарының соңғы өнімі әлдеқайда бәсекеге қабілетті болып табылады [6].

Шетелдік тәжірибені дәл сол қалпында ендіре алмаймыз. Экономикамыздың қолда бар әлеуеті мен даму үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып, дамыған елдердегі тәжірибенің озық үлгілерін ең тиімдісін таңдауымыз қажет. Шағын және ірі кәсіпорындардың үйлесімді дамуының испандық тәжрибиесі еліміздегі шағын және жүйені құраушы ұлттық кәсіпорындары арасында өзара байланысты дамытуды қажет етеді. Субконтракциялық қатынастың Жапондық үлгісі үлкен қызықтырушылық тудырып отыр. Азия елдірінің жолбарысына айналған бұл ел үлгісінде экономикалық тиімділік пен қатар ұлттық құндылықтарымызға тән өзара көмек пен қолдау, әлеуметтік даму бағыты басымдылықты иеленіп отыр.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесіндегі кейбір елдердің тәжірибесін қарай отырып, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың тиімді мемлекеттік саясатын қажетті ресурстық мүмкіндіктерімен уәкілеттері бар арнайы үкіметтік орган арқылы жүзеге асыратыны анықталды (1-кесте).

 

Кесте 1 – Кейбір елдердегі шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдайтын мемлекеттік органдар

 

Мемлекет

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын

Арнайы мемлекеттік орган

АҚШ

АҚШ Президенті қарамағындағы Шағын Кәсіпкерлік Әкімшілігі (SBA)

Ұлыбритания

«Сауда және өнеркәсіп министрлігінің» (DTI) «Шағын кәсіпкерлікке қызмет көрсету жөніндегі Ұлттық агенттігі» (SBS)

Германия

«Федералдық «Экономика және технология министрлігі» (BMWA) құрамында «Шағын және орта кәсіпкерлік, қызмет көрсету және еркін мамандықтар Бас директораты» (DG VIII)

Жапония

Қайта ұйымдастырылған «Экономика, сауда, және өнеркәсіп министрлігі» (METI), оның құрамындағы жаңадан құрылған «Шағын және орта кәсіпкерлік агенттігі» (SMEA)

Венгрия

«Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық Кеңес» және «Экономика министрлігі»

Қытай

Реформалау және дамыту жөніндегі Ұлттық комиссия (National Development and Reform Commission, NDRC)

Ескерту – [7] әдебиет негізінде құрастырылды

 

22

 



2   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1   Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын бағалау

 

Соңғы онжылдықта Қазақстанда жүргізілген экономикалық өзгерістер республикамыздың барлық аймақтарында кәсіпкерліктің дамуына кең мүмкіндіктер бергені мәлім.

Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау принципіне негізделетін мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып келеді.

      Сондай-ақ, мемлекет тарапынан бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Соңғы қабылданған бағдарлама  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты: экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.

 

    

 

     Сурет 4 - Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу бағыттары

   Ескерту – [7] әдебиет негізінде құрастырылды

  

Қаржылық институттарының үлестік қатысумен 70 МНҰ құрылды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 199 қолданыстағы ұйымдар несиеленген.

2006 жылдын 1 маусымынан бастап шағын кәсіпкерлікке тиісті кезкелген НҚА кәсіпкерлердің қатысуысыз қабылданбайды. Бұл тәжірибие ТМД елдердің арасында тек Қазақстанда еңгізілген [8-53].

Шағын бизнестің кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы үлесі бойынша Қазақстан дамыған елдермен теңесті, алайда шағын кәсіпкерліктің тиімділігі көрсеткіштері бойынша әлі де болса артта қалып отыр. Бұл, өз кезегінде, тарихи, геосаяси, макроэкономикалық сипаттағы объективті практикасы, жергілікті басқару факторларына да негізделген [9].

Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың ішінде шағын кәсіпкерлікте қызмет ететіндер саны 22% құрайды[10].

Қазақстандағы кәсіпкерлік бүгінде жаппай деңгейге көтеріліп отыр. Мұны 2001 - 2009 жж. аралығында заңды тұлғалардың шағын және орта бизнестің ұйымдық-құқықтық құрылымындағы үлесінің 1,8 есеге дейін қысқарғаны, ал жеке кәсіпкерлер үлесінің 1,4 есеге өскені жөніндегі мәліметтер растайды. Ал шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 4 есе дерлік өскен [11].

      Шағын кәсіпкерліктің экономикалық тиімділігі өндірілген өнім көлемінің ЖІӨ-гі үлесі арқылы бағаланады. Шағын және орта бизнес саласында істейтін адамдардың саны қазір 1 млн. 800 мыңннан астамды құрайды. Бұлар еліміздің еңбекке қабілеттілерінің төрттен бірі. Олар еліміздің ішкі жалпы өнімінің үштен бір бөлігін өндіреді [12].

 

Кесте 2 – ШОК субъектілері қызметінің көрсеткіштері

 

 

Белсенді ШОК субъектілерінің саны, бірлік

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

Өнім (тауарлар, қызмет көрсетулер) шығарылымы, млн.теңге

Қазақстан Республикасы

663374

2296600

5366936

Ақмола

26755

112908

189845

Ақтөбе

22848

85551

165634

Алматы

107788

249674

383996

Атырау

18220

81135

360407

Батыс Қазақстан

18986

86939

397786

Жамбыл

36688

129076

113735

Қарағанды

43688

169280

222607

Қостанай

36187

137499

219809

Қызылорда

14557

58903

130445

Маңғыстау

16480

59645

184850

Оңтүстік Қазақстан

122898

271867

251380

Павлодар

24150

107522

157865

Солтүсті Қазақстан

20911

94250

158543

Шығыс Қазақстан

68879

217587

247731

Ескерту: [13] негізінде құрастырылған

        

      Ал, жалпы алғанда, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің бүгінгі жағдайын пирамида түрінде сипаттауға болады, оның негізінде заңды тұлға құрмай-ақ – 829 мың жеке кәсіпкерлер және 462 мың шаруашылық қожалықтары. Екінші деңгей – 465 мың заңды тұлға – шағын кәсіпорындар, үшінші деңгей – 239 мың орта кәсіпорындар [9].

Шағын кәсіпкерліктің ең басты сапалық сипаттамасы - салалық құрылымы болып табылады, мұндағы экономикалық қызметтің негізгі түрлері – сауда және қызмет көрсету сферасы. Осы орайда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ауыл шаруашылығында тек 8%-ы, ал өнеркәсіп саласында 4%  қызмет етуіне қарамастан еңбек өнімділіктері артып келеді - 1191 және 2700 млн.тг. (кесте 3)

Кеңінен тараған құрылыс және сауда салаларымен салыстыратын болсақ, олардың еңбек өнімділігі әлде қайда төмен екен – 545 және 941 мың тг. Яғни елімізде қалыптасқан салалық құрылым экономикалық тиімді таратылмаған деуге болады.

 

Кесте 3 – Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің салалық таратылу ерекшеліктері және ықпалы (01.01.2009ж. жағдайында)

 

Экономикалық қызмет түрі

ШКС санының құрылымы (%)

Әлеумет-тік әсері (%)

Экономи-калық әсері (%)

Еңбек өнімділігі  (жұмысбастыға мың тг.)

Сауда

41

34

29

941

Қызмет көрсету

22

20

22

1 187

Құрылыс

21

26

13

545

Ауыл шаруашылығы

8

6

7

1 191

Өнеркәсіп

4

8

19

2 700

Көлік және байланыс

3

6

10

1 847

Ескерту - ҚР Статистика бойынша агенттілігі  мәліметтерінің негізінде құрастырылған [10]

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы