Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсету сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық маңызы ……….................................................................………………………. 4

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шет елдік тәжірибесі.....................................………………………........................7


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын бағалау..................................................................................................12

2.2 Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау..............................................………………………………16

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………...…22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................23

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 273.00 Кб (Скачать)

 

      Орын алған жағдайдың негізгі себептерінің бірі – негізгі несиелік ресурстарды берілген сфераларға бағыттау (кесте 4).

2008 жылдың 1-қаңтарына өнім өндіру қурылымы мен осы мерзімге банктік несиелік портфельдің құрылымын салыстырсақ, сауда операцияларын тым көп қаржыландырудан өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік және байланыс сфераларының аз қаржыландырылғанын байқаймыз. Берілген салаларда қалыптасқан қаржылық дефицит шағын кәсіпкерлікті әртараптандыруға және оның мемлекеттің экономикасында алатын ролін нығайтуға мүмкіндік бермейеді. сонымен қатар, несиелендіру деңгейі бойынша екінші деңгейлі банктердің ссудалық портфельдеріндегі ең көп үлес айналым қаражаттарын толықтыруға жұмсалғанын атап айтқан жөн. Ол негізгі құралдарды сатып алуға алынатын несиелердің үлесінен 3 есе артады.

 

Кесте 4 – Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім шығару және несиелендіру құрылымдарын сәйкестендіру (01.01.2009ж. жағдайында)

 

Экономикалық қызмет түрі

Несие құрылымы

Өнім шығарудың салалық құрылымы

Салдары (тапшылық/ артықшылық)

Көлемі (млрд.тнг.)

% мөлшері

Көлемі (млрд.тнг.)

% мөлшері

Сауда

621

41

588

29

артықшылық

Қызмет көрсету

311

21

446

22

тапшылық

Құрылыс

305

20

374

19

артықшылық

Ауыл шаруашылығы

109

7

259

13

тапшылық

Өнеркәсіп

112

7

200

10

тапшылық

Көлік және байланыс

50

3

134

7

тапшылық

Ескерту - ҚР Статистика бойынша агенттілігі  мәліметтерінің негізінде құрастырылған [10]

                     

       Салалар бойынша өндірілген өнім көлемінің өсу қарқыны мен екінші деңгейлі банктердің несие портфельдерінің өсімі қарқындарын талдау нәтижесінде, қызмет көрсету және құрылыс салаларын несиелендіру өсімінің қарқыны 2000%, ал сауда саласында 3000% шамасына өсті (сурет 5).

 

 

Сурет 5 – Қазақстан Республикасында ШКС салалар бойынша несиелендіру мен онім шығару қарқындары (01.01.2008ж. жағдайында)

Ескерту - [10] әдебиеттен алынған

 

Осы орайда өнеркәсіптегі несиелік портфельдің өсімі 188% деңгейін құрады. Берілген салаларға қаржылық ресурстарды жылдам жұмылдыру - өндірілетін өнімнің көлемін осындай қарқынмен өсуіне әкеледі деп болжамдауға болады. Бірақ статистика мұны дәлелдемейді.

5 суреттен көрініп тұрғандай, сауда, қызмет көрсету және құрылыс салаларында өнім көлемінің өсім қарқындары 605% жетеді, ал өнеркәсіп саласында тек қана 187%, яғни несиелендіру қарқындарына сәйкес келеді. Сондықтан, ең алдымен, несиелендіру кезінде салалық ұйғарымдарды өзгерту керек, ал ол мемлекеттік ресурстар арқылы ғана жүзеге асады.

Ағымдағы жылдың 1-шілдесіне тіркелген заңды тұлғалар саны 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға артты және 276,8 мың бірлікті құрады.

      Нарықта белсенді қызмет ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 8,6%-ға өсті, ал өнім (тауарлар мен қызметтер) шығаруы 3,4% артты.

      Республика аймақтарының біразында тұрғынға шаққандағы белсенді шағын кәсіпкерлік санының өсімі анықталды. Жекелей алғанда, Алматы облысында 6,9 бірлікке, в Шығыс Қазақстанда - 5,4 бірлікке, Батыс Қазақстанда  -  4,9 бірлікке, Астана қаласында - 4,9 бірлікке өсім орын алды [14]. 

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік дамуының артуы, оның оңтайлы дамуы және бәсекеқабілеттілігінің өсуі ғылыми негізділік пен объективтілікті жоғарылатуға арналған экономикалық-математикалық үлгі жасау әдістерін қолдану арқылы мүмкін болады.              

 

 

2.2.  Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау

 

       Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ел экономикасын дамытуда шешуші орынға ие, өйткені экономикалық, әлеуметтік және саяси сипаттағы көптеген мәселелердің шешілуіне жол береді.

       Жеткен табыстарға қарамастан, еліміздің экономикасындағы шағын кәсіпкерлік рөлінің маңыздылығы төмен. Бұл туралы елбасымен қойылған стратегиялық маңызды мәселелер мәлімдейді: шағын және орта кәсіпкерлік ЖІӨ-нің  50%-ын құрайтын жағдайға жеткізу, оның құрылымын жетілдіру, оның әлеуметтік жауапкершілігін жетілдіру, және шағын кәсіпкерлік секторы құрылуының және кеңеюінің сатысына, жаңа идеологиясына көшуді талап ететін басқа да бір қатар мәселелерді шешу.

 

             

 

Сурет 6 – шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептер

Ескерту – [9] әдебиет негізінде құрастырылған

       

       Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
        Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.
      Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген.

Оның сыртында, 2009 жылы жалпы ішкі өнімдегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 18%-ға тең болды, ал дамыған елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ел экономикасындағы үлесі 50% құрайды (сурет 5).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cурет 7 - Қазақстан Республикасы ШКС макроэкономикалық көрсеткіштерін дамыған елдер мәліметтерімен салыстыру

Ескерту - [10] әдебиет негізінде құрастырылған

 

Үш сапалық көрсеткішті (ШОК-тің ЖІӨ-гі, жалпы жұмысбастылықтағы, елдегі барлық кәсіпорындар санындағы үлесі) алдыңғы қатардағы елдердің сәйкес көрсеткіштерімен салыстыра отырып, жоғарыда айтылған институционалдық эффектіге жету үшін, шағын кәсіпкерлікті дамыту кезінде сапалық тұрғыда жылжу қажет. Себебі шағын кәсіпкерлік саны көп болған жағдайда экономиканың даму деңгейіндегі олардың үлесі төмендейді, өйткені микрокәсіпкерліктің шағынға, әрі қарай ортаға өсу тенденциясы жоқ, соның нәтижесінде – шағын кәсіпкерліктің салалық диверсификацияға ынтасы болмайды. Соңғы 10 жылда шағын кәсіпкерліктің 60% сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады.

Кәсіпкерлік дамуы мәселелерін жіктеу нәтижесінде мәселелердің ішкі және сыртқы тобы бөлініп шығады:

- қазақстандық кәсіпкерлік бәсекеқабілеттілігінің өсімі мүмкіндіктерін тежейтін сыртқы мәселелер қатарына қаржы ресурстарына, жаңа технологияларға шектеулі қолжетімділік, сонымен қатар әкімшілік кедергілер, рұқсат алу процедуралары, салықтық жүктемелер жатады.    

- отандық кәсіпкерліктің ішкі мәселелері қатарына кәсіпкерлік процестер, басқару және өндірістік персоналдың кәсіби қабілеттері өнімділігінің және тиімділігінің қажетті деңгейде болмауы.

Бүгінгі күнгі сатысында шағын кәсіпкерлік мәселелері кешенділігімен және көріну нысандарының көптүрлілігімен ерекшеленеді, осыған орай жекелей қарастыруды талап етеді (кесте 4).

 

Кесте 5 – Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту проблемаларының жіктелімі

 

Экономикалық

 

Өнеркәсіп салаларында (9,9 %), оның ішінде агрошикізатты өңдейтін салада шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы

Елдің өңірлері мен облыстарын дамытудағы маңызды ассиметрия

Қаржылық

 

Көптеген субъектілерде өздерінің инвестициялық және айналмалы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы

Несиелеудің жоғары пайыздық мөлшерлемесі, қайтарым мерзімінің аздығы

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  кредит беруге қабілетсіздігі

Әкімшілік

 

Бақылау-қадағалау органдары тарапынан тексерістің көптігі

Лицензиялау, мүлікті тіркеу мәселелерінде мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін жоғары деңгейде реттеу

Заңнамалық

 

Тікелей емес қызметтегі актілер санының, көптеген заңасты  актілердің бар болуы

Кәсіпкерлікті, экспорт пен импортты жабудың қымбат әрі қиын процедурасы

Заңнама актілер жүйесінің кеңдігінен кәсіпкерлікті жүргізу бойынша жоғары шығындар

Инфра-құрылымдық

 

Оқыту орталықтарының жетіспеушілігі және кәсіпкерлерді дайындау сапасының төмендігі

Франчайзингті кеңінен тарату жеткіліксіз

Ақпараттық қолдау, оның ішінде электронды байланыс құралының жетіспеушілігі

Лизингтік қызметтерге қол жеткізудің шектеулігі

Кадрлық

 

Кәсіпкерлік негіздерін оқытуды қолдаудың әлсіз мемлекеттік жүйесі

Кәсіпкерлікті жүргізу негіздері бойынша мамандарды даярлаудың жоғары сапасы жеткіліксіз

Венчурлі кәсіпкерлік, менеджмент және инновация аумағында мамандар жетіспейді

 

Ескерту - Автор зерттеулер нәтижесінде  құрастырған

 

Қазақстан дамуының басқа аспектілері сияқты кәсіпкерлік ортаға да сыртқы салыстырмалы бағалау жүргізіледі.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру» халқына жолдауында міндеттердің бірі ретінде кәсіпкерлікті кең көлемде мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын кәсіпкерліктің позициясын кеңейту және нығайту болып белгіленген.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметтерінің басымды бағыттарының бірі елімізде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Жетекші халықаралық рейтингтерге қатысу ағымдағы жағдайды бағалауға, отандық экономиканы басқа елдердің экономикасымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Демек, рейтингтің жеке позициялары бойынша Қазақстан көрсеткіштерінің нашарлауы көптеген сұрақтарды тудырады, қанша дегенмен соңғы жылдары барлық реформалар инвестициялық ахуады жандандыруға және кәсіпкерлікке әкімшілік қысымды азайтуға бағытталған. Әрине, бұндай едәуір кемшіліктердің болуы елдің рейтингісін есептейтін әдістеменің болуынан деуге болады. Қалай болса да, рейтингтердің жеке позияциялары бойынша Қазақстан көрсеткіштерінің төмендеуі ескертпе болып табылады.

     7 суреттен көрініп тұрғандай, ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы шығын индикаторы қызметкерлерді жұмыстан шығаруда аз болып табылады, бар болғаны  9  апталық жалақы (Ресейде бұл көрсеткіш 17-ге тең, Тәжікстанда 22-ге).

      Сурет 8 – жұмысшылар мен қызметшілерді жалдау көрсеткіші бойынша ТМД елдерімен Қазақстанның позициясын салыстыру

Ескерту - [10] әдебиеттен алынған

Төменде келтірілген көрсеткіштер инвестор мүдделерінің қорғалған дәрежесінің 3 аспектісін камтиды: келісімнің мөлдірлігі (ашық индекс аясы), пайдалық мақсаттарға ережені пайдалану бейімділігі (директордың жауапкершілік индексінің аясы), какционерлер үшін шенуніктер мен директорлардың лауазымдық қылмысын соттық тәртіпте қудалау мүмкіншілігі (акционерлердің шағым беру жеңілдік индексі) және инвестордың мүдделерінің қорғалған дәрежесінің индексі. Индекстер 0 ден 10-ға дейін шкала бойынша өлшенеді, сонымен қатар жоғарғы мәндер ашықтықтың үлкен дәрежесін, директорлардың зор жауапкершілігін, жасалып жатқан келісімдерге акционерлер тарапынан үлкен ықпалды және инвестор мүдделерінің жақсы қорғанышын білдіреді. Атаулы көрсеткіштен де еліміздің рейтингісі төмендегені бақыланады және инвесторлардын мүдделерін қорғау индексі орташа бағаланған (кесте 6).

 

Кесте 7 – «Doing Business» сәйкес инвесторлардың мүдделерін қоғау үрдісі бойынша Қазақстан Республикасының рейтингісі

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы