Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:18, курсовая работа

Описание работы

Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсету сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3


1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық маңызы ……….................................................................………………………. 4

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шет елдік тәжірибесі.....................................………………………........................7


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын бағалау..................................................................................................12

2.2 Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау..............................................………………………………16

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………...…22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................23

Работа содержит 1 файл

курсовая.doc

— 273.00 Кб (Скачать)


ЖОСПАР

                                                   

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

 

     1   ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

 

1.1             Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық маңызы ……….................................................................………………………. 4

 

1.2             Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шет елдік тәжірибесі.....................................………………………........................7

 

     

    2   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

     2.1  Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайын бағалау..................................................................................................12

 

     2.2  Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау..............................................………………………………16

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………...…22      

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        

                                        

                                              КІРІСПЕ

 

             Курстық жұмыстың тақырыбы “Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы ”.

   Тақырыптың мақсаты – қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.

   Шағын  бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет көрсету сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын бизнес үшін инфраструктура жасалды. Тақырыпты орындаудағы  негізгі міндеттер:

1.      Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық маңызын қарастыру;

2.      Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтарын көрсету;

3.      Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесімен танысу;

4.      Шетелдік тәжірибедегі кәсіпкерлік инкубаторлар мен субконтрактинг қызметін қарастыру;

5.      Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшіліктерін талдау;

6.      Республикадағы шағын және орта бизнестің ағымдағы жағдайын көрсету;

7.      Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін факторларды талдау және оны шешу жолдарын ұсыну.

          Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау мен қорытынды бөлімдерінен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарау екі бөлімнен тұрады. Тақырыбы – “Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және оны дамытудың шетелдік тәжірибесі” деп аталады. Онда шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасын дамытудағы маңыздылығы және салыстыру ретінде шетелдік тәжірибе алынды. Екінші тарау екі бөлімнен тұрады. Тақырыбы – “Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері” деп аталады. Бұл бөлімде Республикадағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайы, оның ерекшеліктері қарастырылған. Елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін факторларға талдау жүргізілген.      Шағын және орта кәсіпкерлік жағдайын сипаттайтын көптеген статистикалық мәліметтер, кестелер, диаграммалар ұсынылған, Қазақстан Республикасының заңы, оқулықтар, мақалалар, интернет желісі пайдалынылған.

 

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРІКТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

 

 

1.1   Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикалық маңызы  

 

        Нарықтық қатынастардың дамуының қазіргі жағдайында кәсіпкерлік қызмет еркіндігін сақтай отырып, шағын кәсіпкерлікті дамыту ерекше мәнге ие болады. Өйткені шағын кәсіпкерліктің  өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары экономиканы жаңарту жағдайында әртараптандыру мәселесін шешуге, инновациялық мүмкіндіктерді   пайдалану мен іске асыруға, еліміздің экономикалық  даму стратегиясын жүзеге асыруға айтарлықтай ықпал етеді. Себебі шағын кәсіпкерлік жалпы ұлттық өнімнің және жалпы ішкі өнімнің көлемін, халықты жұмыспен қамту жағдайын, экономиканың өсу қарқынын анықтауға белгілі бір деңгейде әсер етіп қана қоймай, икемді аралас экономиканы қалыптастыруға, түрлі меншік нысандарының ұтымды үйлесуі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға да мүмкіндік береді.

       Шағын бизнестің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.

        Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

       

 

 

 

     

 

                Сурет 1 – шағын бизнестің экономикалық нәтижесі

                Ескерту -  [1] әдебиет негізінде құрастырылды    

                    

       Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде  орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.

        Әлеуметтік – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету  мәселесін шешуге көмектеседі.

       Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі жағдайында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, олардың қызмет тиімділігін арттыру маңызды орынға ие болады. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бәсекелік ортаның күшеюіне, тұтыну нарығын қажетті тауарлармен (қызметтермен) толықтыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту мәселесін шешуге, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, ҒТП-ны жеделдету, жаңашылдықты енгізу және басқа да көптеген маңызды мәселелердің оң шешімін табуына септігін тигізеді.

      Елімізде экономиканы жедел жаңарту мен дамытуда, жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті қолдау экономиканы құрылымдық қайта құруды жандандыруға, таңдау еркіндігі мен қосымша жұмыс орындарын ұсынуға, шығындардың тез қайтымдылығын қамтамасыз етуге, тұтынушылық сұраныстың өзгерістеріне жедел бейімделуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар торабын құруды тездетуді талап етеді. Ел экономикасын дамытуда шағын кәсіпкерлікті маңыздылығы өте жоғары. Ал, осы шағын кәсіпкерлік қандай да бір іс бастау үшін ірі көлемде инвестицияларды талап етпейді және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына мүмкіндік береді. Осыған байланысты экономиканы қайта құрылымдау проблемаларын ұтымды шешуді, нарықта тұтыну тауарларымен толықтыруды қамтамасыз етіп қана қоймай,бәсекелік ортаны күшейту арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жұмыссыздық мәселесін шешуге қол жеткізуге болады.

        Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы маңызды орынға ие болуын және тиімді қызмет етуін оның келесі артықшылықтарымен түсіндіруге болады:

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

            Сурет 2 –  шағын және орта кәсіпкерліктің ерекшіліктері

              Ескерту - [1] әдебиет негізінде  құрастырылды     

    

 

Сурет 3 – шағын кәсіпкерліктің ел экономикасындағы рөлі

                 Ескерту – [1] әдебиет негізінде құрастырылды

 

        Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлін қарастырғанда біз олардың жоғарыда аталған артықшылықтары мен басымдылықтарын негізге ала отырып анықтауымыз қажет. Шағын кәсіпкерлік нарықтың өзгермелі қажеттіліктеріне тез бейімделетіндіктен, құрылымдық өзгерістердің салдарларын азайтатындықтан, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететіндіктен, сондай-ақ техникалық және ұйымдастырушылық жаңашылдықтарды пайдаланатындықтан, аймақтық дамуға елеулі үлес қосатындықтан маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнге ие болады.

 

 

1.2  Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шет елдік тәжірибесі 

 

Дамыған елдерде ірі кәсіпорындар шағын кәсіпорындарды стратегиялық серіктестері ретінде қарап, табысты өзара іс-әрекет етуде. Оларға өнеркәсіптік, көліктік, ғылыми техникалық, қызмет көрсету корпорациялары өзінің қызметінде франчайзингті, көліктік, ғылыми-техникалық, қызмет көрсету корпорациялары өзінің қызметінде венчурлық қаржыны, лизинг, кәсіпкерлік инкубаторларды және субконтрактингті пайдаланады. Біздің мақсатымыз өндірістік шағын кәсіпорындарды дамытудың алғы шарттарын қалыптастыру болғандықтан шағын кәсіпорындарды қолдаудың және ірі кәсіпорындармен өзара үйлесімді қызмет етуінің шетелдік тәжірибедегі кәсіпкерлік инкубаторлар мен субконтрактинг қызметін қарастырамыз.

Кәсіпкерлік-инкубаторлар шағын кәсіпорындарға жеңілдетілген жағдайлармен өндірістік алаң, байланыс құралдарын, оргтехника, қажетті құрал-жабдықтармен қызметкерлерді оқыту, кеңес беруді қамтамасыз ететін ресурстар мен қызметтер кешенін ұсына отырып, олардың бастапқы дамуына қолайлы жағдайларды жасайтын ұйым [2].

Кәсіпкерлік-инкубаторлар шағын кәсіпорындарды қолдау мақсатында құрылады. Жаңадан ісін бастаған кәсіпкерге жан-жақты өндіріс алаңын, ұйымдастырушылық, қаржылық, кеңес беру қызметтерін қамтамасыз ете отырып, бастапқы сатыда табысты қызмет етуіне көмектеседі. Бұл кәсіпорындардың қызмет етуінің алғы шартын өсіреді.

Сондықтан дамыған елдерде жергілікті биліктің белсенді қолдауымен БИ мақсатты мемлекеттік бағдарламалардың аясында құрылады. АҚШ инкубаторларының саны 1983 ж. 100 болса, соңғы жылдары 400 жуық. Еуропа, Канада, Австралияда 200 инкубатор қызмет етеді. Қызмет етуші инкубаторларда қызметкерлердің саны 4-6 адамға дейін, ал жылдық бюджеті 200 мың АҚШ долларын құрайды [3].

Субконтрактинг - бұл шарт жасасушы “бас контрактор” деп аталатын кәсіпорынды тауарлармен қызметтермен қамтамасыз ету керек. Оны өзінің коммерциялық мақсатында пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Сурет 3 - Субконтракцияның үлгілері

Ескерту – [4] әдебиет негізінде құрастырылды

 

Индустриалды дамыған елдерде өндірістік коооперация мен субконтракцияның дамуы мемлекеттік-экономикалық саясат болып табылады. Шағын кәсіпорындарға субконтракциялық тапсырыстарды беру заң негізінде бекітілген.

Испанияда субконтракторлік қатынастарды дамытудың тәжірибиесі үлкен қызығушылық тудырып отыр. ХХ ғасырдың 70 жылдарының ортасында Испания индустриалды дамыған елдердің өнеркәсібінен бәсекеге қабілеттілігі артта қалған. Осыған байланысты өндірістік кооперация мен субконтракция механизмін белсенді енгізе бастады.

Жобаны бастаушы: сауда өнеркәсіп палатасы, шағын және орта кәсіпорындардың институты, сыртқы сауда институты болып табылады. Экономикалық тоқыраудан шығу жолында ірі трансұлттық компаниялардың өндірістік тапсырыстарын испандық өнеркәсіптік кәсіпорындарына орналастыру жүзеге асырылады.

Субконтракция тәжірибесінің кеңінен таралуы аз уақыт ішінде ірі шетел компанияларының тапсырыстарын орындауға маманданған шағын және орта кәсіпорын торабтарын дамыту мүмкіндігін береді. Өндірістік кооперация процесінің тереңдеуі мен экономикалық өсім ірі өнеркәсіптің жандануына әкеліп, субконтракцияның ішкі нарығын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қуатты өнеркәсіптің дамуы Испанияның шетел компанияларына тәуелділігін төмендетіп, тұрақты экономикалық өсім мен тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауына әсер етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

      

 

 

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы