Шағын бизнес: сипаты, артықшылықтары, шетел тәжрибесі және Қазақстанда қалыптасу мәселері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізі бөлім.
1.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны
1.1.Кәсіпкерліктің белгілері,түрлері
1.2.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.
2. Шағын кәсіпорындардың мәні мен мақсаты,экономикалық ісі
2.1. Шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдау жасаудың түрлері
2.2. ҚР шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау.
2.3. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстар
3. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибесі.
3.1. Қазақстандағы шағын бизнестің проблемалары және оларды шешу жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

DooM 3.doc

— 185.50 Кб (Скачать)
  • 2007ж бастап қосылған құнға салынатын салықтың ставкасы 1 пайызға төмендейді,ал 2008-2009 ж. бұл көрсеткіш тағы да 1-2 пайызға төмендейтін болады;
  • Шағын бизнес субъектілеріне азайтылған біртұтас салық ставкасын бекіту көзделген;
  • 2008ж бастап әлеуметтік салықтың мөлшері орта есеппен 10 пайызға төмендеді.Егер осы шаралар тиісті дәрежеде іске асырылса, ол әрине кәсіпкерліктің дамуына тікелей әсерін тиізеді.

Қазіргі кезде шағын  бизнес субъектілеріне арнаулы салық  режимі бекітілген.Осы режимге сәйкес шағын бизнес субъектілері, жеке кәсіпкерлер салық төлеудің мынадай әдістерін қолдана алады:

  • бір жолғы талон негізінде салық төлеу
  • патент арқылы салық төлеу
  • оңайлатылған декларация негізінде салық төлеу

Бүгін таңда шағын  кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау мәселесі маңызды болып отыр. Шағын кәсіпкерлікті  ақпараттық қолдау мәселесі маңызды  болып отыр. Шағын кәсіпкерліктің ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін  құру ақпаратты таратудың барлық тәсілдерін пайдалану арқылы жүзеге асалы. Кітапхана қызметі, анықтамалық қызметінің,әсіресе, кәсіпорынның мемлекеттік органдардың ақпараттарын, шетелдік және халықаралық компаниялар, отандық кәсіпкерлердің коммерциялық мәліметтерінің интернетке, отандық кәсіпкерліктің коммерциялық мәліметтерінің интернетке қосылуы маңызды роль атқарады. Нарықтар,тұтынушылық талғам туралы, технологиялық ноу-хау және т.б. туралы ақпараттарды оперативті пайдалану, нарық саңылаулары мен өнімді немесе өндірісті, бизнесті ұйымдастырудың жаңа ыңғайлары мен ортасын жетілдіру, жабдықтаушылардың мен тұтынушыларға өнім туралы мәлімет беру мәселелерін шешудің бірден бір жолы электронды бизнес жүйелерін дамыту болып табылады.

Қазіргі кезеңде Қазақстанда  электронды коммерция әлі ең бастапқы даму сатысында тұрғанымен беделді потенциялға ие. Қазақстанда тауар және қызмет көрсетудің нақты нарығын дамыту керек. Қазақстандық компаниялардың көбісі корпоративі ақпараттық жүйелерді енгізуге көп көңіл бөлуде, өйткені осы жүйелерсіз электронды бизнесті дамыту қиын болады. Эксперттік бағалаулар бойынша Қазақстан электронды коммерцияны дамытуға дайын.

Электронды коммерция, шағын және орта кәсіпорындардың  дамуына кедергі болып отырған мәселелердішешуде, маркетингтің дамуына көмектесе отырып,жаңа нарықтар ашу арқылы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар электронды коммерция басқа кәсіпорындардың ақпараттары мен қызметтерімен танысу жолдарын жақсартып, өз жабдықтаушылары мен тұтынушылары арасындағы қарым-қатынастарын жөнге саоу сияқты мәселерде ақпараттар беріп еліміздің шағын және орта кәсіпорындарының жылдам дамуының алғы шарты болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарлауына  кедергі келтіретін факторларды талдау.

Қазақстан Республикасы Үкімет қызметінің басымды бағыттарының бірі елімізде ШК-ті дамыту үшін қолайлы  жағдай жасау болып табылады. Ал, халықаралық бағалау жүйесіне қатысу ағымдағы жағдайды бағалауға, отандық  экономиканы басқа елдерің экономикасымен салыстыруға мүмкіндік береді және елдің рейтингінің төмендеуі ескертпе болып табылады.

ДЭФ рейтингісі бойынша 2007 жылы кәсіпкерлікті жүргізу шарты бойынша Қазақстан 85-орында тұр және елімізде кәсіпкерліктің тиімді дамуын ұстап тұрған себептерінің негізгілері: сыбайлас жемқорлық, жұмысшылардың біліктілікке сай келмеуі, салықты реттеу. Бұдан басқа, кәсіпкерліктің дамуын ұстап тұрған факторлар ретінде қаржыландыруға қол жетпеушілік, инфрақұрылымның әлсіз қамсыздандырылуы, бюрократиялық бастамалардың дамығандағы аталады.

<<Forbes>> журналында  кәсіпкерлікті жүргізу үшін ең  үздік елдердің рейтингісіндеҚазақстан 2007 жылғы 81-орынмен салыстырғанда  2008 жылы 69-орында тұр. Қазақстанның  жағдайы осы жылы сыбайлас  жемқорлық, инновация және корпоротифтік салық көрсеткіштері бойынша нашарлады.

Елдегі ШК-ті дамыту аумағында 2007 жылы GEM зерттеулеріне сәйкес, сарапшылар республикада орын алған мәдени және әлеуметтік нормалар кәсіпкерлікті  лайық кәсіп деп есептеуге  мүмкіндік береді деп санайды, елде өндірістік инфрақұрылымға (көлік, байланыс және т.б.) жету қиын емес және ШК-ті қолдаудың баағдарламалары да бар. Сарапшылардан балдың ең аз санын <<мемлекеттік саясат>> факторы алды, қолданыстағы мемлекеттік саясаттың әлсіз жақтары ретінде кәсіпкерлікті тіркеу, кәсіпкерлікке  қатысты салық саясаты мәселелерін, жекеменшікті қорғау мәселесі мен орталық және МБО жаңа фирмалардың өсуіне қолдау көрсетуін атап өтті.

2007 жылдың қорытындысы  бойынша Қазақстан кәсіпкерлікті  жүргізу жеңілдігі бойынша ДБ  рейтингісінде 178 елдің арасынан 71-орында тұрды.

2-кестеде талдау нәтижесінде  алған еліміздегі ШК-тің рейтингісінің  жоғарлауна кедергі жасап тұрған  әкімшілдік тосқауылдарын  қалыптасу,  қызмет ету және даму, жойылу  сатылары бойынша топтастырылған.

2-кесте – ШКС-нің  қызмет ету сатылары

 

Атауы

Негізгі негізгі тосқаулар 

1

Қалыптасу сатысу

Түрлі рұқсаттар алумен байланысты қиыншылықтар, айтарлықтай  шығындар

2

Қызмет ету және даму сатысы

Қаржы-шаруашылық қызметтерге  тексеру жүргізетін 50-ден астам  бақылау-қадағалау органдары, статистикалық және салықтық есеп беру күрделігі, ақпараттық жетіспеушілік, халықаралық сауда жүргізу күрделігі және т.с.

3

Жойылу сатысы

Кәсіпорынды жабу барысында  айтарлықты тосқауылдардың және үлкен  шығындардың болуы


 

Сонымен, Қазақстандағы ШК рейтингін жоғарылату мақсатында басты көңіл аударуға қажетті үдерістер арасында: халықаралық сауданы жүргізу, лицензияландыру, кәсіпкерліктің жабылуы. Осыған орай ШК-ті жүргізу үдерісін қалыптастыру кезінде анағұрлым өзекті осы позицияларды арттыру болып табылады.

Рұқсат  беру жүйесі. Қазақстанда рұқсат беру үдерісі, сонымен қатар лицензия беру, лицензиялық қызметті шартттайын қосымша рұқсат беру жүйелерінің болуы (рұқсаттар, қорытындылар және келісімдер) кәсіпкерліктің қызмет етуін және дамуын тежейді. Сонымен қатар лицензиялау туралы заңмен салалық заңнамалардың жеке қарама қайшылықтары бар. Лицензиар – мемлекеттік органдар мен бақылау органдары арасында келісілген әрекет ету механизмі болмаған себептен лицензия беру процедурасы қиындатылған, бұл лицензия беру процесінің негізсіз созылуына әкеліп соғады.

Жүргізілген талдау бойынша, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдарымен тікелей байласына мүмкіншілік  бермейтін <<бір терезе>> принціпі іске аспаған. Қоршаған ортаны қоғау, ядерлік, радиациондық,өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік, мемлекеттік энергетикалық бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет салаларындағы лицензия берушілердің төмен деңгейде үйлесуіне байланысты лицензия беру/бермеу туралы қортындыны келістіру кезінде атаулы органдардың келісулі өзара қатынасы жоқ.

Лицензия алу тәртібі  негізінен бұрынғы қалпында қалып  қойған, лицензи алу өтініші лицензи  беру мақсаттары мен принциптеріне  еш қатысы жоқ мәліметтерінен тұратын  маңызды құжаттар жйынтығынан тұрады. <<Лицензиялау туралы>> Заңымен ескертілген ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық қызметтер осы уақытқа дейін көрсетілмеген, лицензия берушілердің электрондық түрде қызмет көрсетуге қажетті ақпараттық жүйелерінің төмен деңгейі байқалады, электрондық қызмет көрсету бойынша мамандар даярланбайды, электронды лицензия беру жүйесі енгізілмеген, лицензия беру саласында әкімшілдік регламендер жоқ, қызығушылықтары бар органдарына, бизнес-қоғамдастықтары мен кәсіпкерлерге лицензия беру мәселелері бойынша қажетті ақпараттар алу өте күрделі. 3-кестеде лицензиялау аясын белсендіру және тиісінше лицензияланатын қызмет түрлерінің санын қысқарту мақсатында реттеудің деңгейі бойынша үш категорияда қызыметтің түрлерін қарастыратын әдістемелік тәсіл ұсынылады.

 

3-кесте - Әдістемелік  тәсілдің құрылымы.

КАТЕГОРИЯСЫ

ҚЫЗЫМЕТ ТҮРЛЕРІ

Толық өзін өзі реттеу

Маңызды емес қоғамдық тәуекелдермен байланысты қызмет түрлері үшін

Жартылай өзін өзі  реттеу (уәкілетті органдардың рұқсаты, декларацияның тетігі)

Маңызды қоғамдық тәуекелдермен байланысты қызмет түрлері  үшін

Мемлекеттік реттеу (лицензиялау)

Жоғары қоғамдық тәуекелдермен байланысты қызмет түрлері  үшін


 

           Компанияның жабылуы. Қазақстанда кәсіпорындардың жабылу процедурасы әлі де болса қиын және қымбат болып қалып отыр. Қазір Қазақстанда 70 мыңға жуық кәсіпорын өз жұмысын атқармайды. Doing Business «рейтингінде кәсіпорынды жабу көрсеткіші бойынша» Қазақстан 100-орында.Қазақстанда кәсіпкерлікті жабу процедурасына 3,3-1188 күн қажет. Атаулы мәселені шешу үшін 159 күнді қажет ететін 12 процедурадан тұратын кәсіпорындарды жабу тәртібін тәжірибеге енгізу қажет.

Кәсіпорынды тарату үдерісін оңайлату мақсатында келесі шаралар  ұсынылады: бюджет алдында қарызы, сот ісінде олардың жұмысы жоқ, шағым мерзімі өтіп кеткен кәсіпорындарды тарату мен рақымшылық жасауға хабарландыру; ҚР Әділет министрлігінің мәліметтер базасы пен салық төлеушілердің базасынан таратылған заңды тұлғалардың мәліметтерінің атауларын шығару және мұрағатқа жұмысты өткізу; тарту процедурасын оңайлату және компанияның жабылу құнын азайту.

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстар.

Еліміздің халықаралық  рейтингтеріндегі орнының нығаюына қарамастан, отандық ШКС-нің жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу мен қолдану деңгейі бойынша сыртқы бағалау айтарлықтай жоғары бағаға ие емес. Алайда, мемлекет тарапынан инновациялық шағын кәсіпкерлік үшін қолдау шаралары әлі де жеткіліксіз деп айтуға болады.

Елде инновациялық саясатты жүзеге асыру қомақты қаржылық қаражаты талап етеді. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті қаржыландыруда маңызды рөл- ғылымды талап ететін өнім өндірісін дамытатын шағын және  орта сектор кәсіпорындарына инвестиция тарту механизмін құруға берілуі тиіс.

Сондықтан, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлердің арасында әріптестік қатынас орнату жолымен бәсеке қабілетті нақты сектор құру үшін мемлекет мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

А) Мемлекеттік тапсырыс және гранттар жүйесі арқылы приориттетті ғылыми зерттеулер жүргізуді қаржыландыру, сонымен қатар ғылыми-техникалық өнім нарықтарын құру;

Ә) Инвестициялық несиелер ұсынумен айналысатын банктердің, сонымен қатар шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдайтын қорлардың (сақтық ұйымдар, лизингтік компаниялар, кеңестік және ақпараттық ұйымдар және т.б) қызметін ынталандыру;

Б) Барлық меншік түрі бойынша  кәсіпорындардың қызметін жаңа және жоғары технологияларды үнемі енгізу, салықтық жеңілдіктер беру жолымен ынталандыру

В) Салық салынатын  табысты аймақтық өндірістік және әлеуметтік инфраструктура объектілерін құруға және техникалық жабдықтауға жұмсалған  көлемге сәйкес қысқарту.

Г) Аймаққа приориттеті  инновациялық әзірлемелерді жүзеге асыратын жаңадан құрылған кәсіпорындарүшін, құрылған күнінен бастап 12 ай мерзімінде табысқа салынатын салықтан босатуды қарастыру;кәсіпорын 24 ай өтетін мерзімнен  ерте жабылатын болса, салықтарды толықтай көлемде төлеуді қарастыру;

Ғ) Аймаққа приорететті  қызметті ынталандыруды көрсетілген  кәсіпорындар үшін арнайы салықтардың  көлемін азайту немесе жою жолымен  ынталандыру арқылы МБО потенциалын  қолдану 3 жыл уақыт ішінде шағын  инновациялық кәсіпорындарды жер және жылжымайтын мүлік салығынан толықтай босату немесе пайыздық мөлшерлемелерін төмендету.

Елімізде кәсіпкерлік  дамуының инновациялық бағыттылығын жоғарылату мақсатында маңызды үлесті мына шаралар  қосуы тиіс:инновациялық саланың  ШКС-не ШК-ті қолдау инфрақұрылымның ұйымдарына қызметтер мен ресурстарды ұсыну; АҚШ тәжірибесі бойынша «Зейнетті жетекші қызметкерлердің кеңестік бюросын » құру; дамыған елдердің үлгісі бойынша шағын және орта кәсіпорындарға облыстық (аймақтық) ақпараттық қызмет көрсету жүйесін көрсету.

Сонымен қатар, аймақтарда қолдау институттарының негізінде  ШК-тің жоғары технологиялар және инновациялық орталығын құру ұсынылады  және оған келесі қызметтерді жүктеу қажет: инновациялық ШК-ті қолдау және дамыту саласында МБО мен ШК-ті қолдау инфрвақұрылымы ұйымдарымен шараларды жүзеге асыруды үйлестіру; ШКС-нің инновациялық өнімдерін, технологияларын және ғылыми әзірлемелерін облыстық және мемлекеттік нарыққа жылжыту бойынша қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асыру және т.б. 

Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды;басқару-нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатмен ерекшеленеді;басқару саласында, сондай-ақ өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара ауыспалығы байқалады.

Бізде шағын бизнес түсінігі дәстүрлі түрде бірінші кезекте  шағын кәсіпкерлікпен ұқсастырылады.Әлі  сонау 1990жылдың тамызында КСРО Министрлер Кеңесінің «Шағын кәсіпорындарды құру және дамыту шаралары туралы» қаулысы қабылданды. Шағын және орта бизнес,қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтер бойынша,барлық жаңа жұмыс орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар есебінен ашылуда. Мысалы 1987ж АҚШ-тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс орындарының өсу қарқынына қарағанда, 7 млн. Шағын фирмалардағы жұмыс орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болды. Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз болып табылатын салаларда шағын бизнес барлық мүмкін болатын қызметтер мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компониялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр.

Информация о работе Шағын бизнес: сипаты, артықшылықтары, шетел тәжрибесі және Қазақстанда қалыптасу мәселері.