Шағын бизнес: сипаты, артықшылықтары, шетел тәжрибесі және Қазақстанда қалыптасу мәселері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізі бөлім.
1.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны
1.1.Кәсіпкерліктің белгілері,түрлері
1.2.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.
2. Шағын кәсіпорындардың мәні мен мақсаты,экономикалық ісі
2.1. Шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдау жасаудың түрлері
2.2. ҚР шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау.
2.3. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстар
3. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибесі.
3.1. Қазақстандағы шағын бизнестің проблемалары және оларды шешу жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

DooM 3.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

Қазіргі уақытта Қазақстанның экономикасында ірі, орта, шағын кәсіпорындар, сонымен қатар жеке және жанұялық еңбек негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік іс қызмет көрсетуде. Кәсіпорындардың көлемінің ауқымдылығы – ол жұмыс істейтін саланың сипатына, технологиялық ерекшелігіне ісінің әсер ету қарқынына байланысты. Кейбір салалар жоғары капиталдық сыйымдылықпен және елеулі өндіріс көлемімен байланысқан. Ал кейбір салаларда үлкен кәсіпорындардың қажеті жоқ.

Қазіргі заман экономикасы  әр түрлі көлемдегі өндірістердлің күрделі үйлесуімен сипатталады. Үлкен  кәсіпорындар монополиялық құрылымдарға талпынады, ал кіші кәсіпорындар көптеген факторлардың әсерінің арқасында пайда болады.

Бір жағынан ғылыми-техникалық прогрестің тұрақты бағыты - өндірістің шоғырлануы болып табылады. Өйткені  қомақты материалдық қаржылықты, еңбек ресурстарын, білікті мамандарды жалдап игеруге ірі кәсіпорындардың  ғана мүмкіндігі бар. Олар кең көлемді ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді, маңызды өзгерістердің болуына ықпал етеді.

Екінші жағынан соңғы  жылдары елеулі капиталды жабдықтар  көлемін, жұмыскерлерді қажет ететін шағын және орта кәсіпорындардың  өсіп келе жатқандығы байқалады. Шағын және орта кәсіпорындардың өсуі, әсіресе тұтыну тауарларын өндіру және тамақ өнеркәсібі салаларында қарқынды дамып келеді.

Шағын кәсіпорындардың  үлкен өндіріспен салыстырғанда  жергілікті нарықтарға жақын болуы, тұтынушылардың сұранысын тез орындауға бейімделуі жағынан бірқатар артықшылығы бар. Үлкен фирмаға шығын болатын өнімді аз көлемде шығару, басқарудың артық тізбегін алып тастау, т.б. кіші өндіріске өндірістік және жеке тұтынудағы сұраныстың дифференциациясы мен жекеленуі ықпал етеді.

Өз кезегінде шағын  және орта бизнестің дамуы – экономиканың дамуына оң ықпал етеді; бәсекелестік орта дамиды; қосымша жұмыс орындары пайда болады; құрылымдық қайта құру жанданады; тұтыну секторы кеңейеді. Кіші кәсіпорындардың дамуы тауар  мен қызмет нарығының толығуына, экспорттық мүмкіндіктердің жоғарылауына, жергілікті шикізаттық ресурстарды пайдалануына алып келеді.

Шағын кәсіпорындардың  көп болуы еңбектің қолданылу  шегін ұлғайтуға, жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.

Шағын кәсіпорындардың түрлері

       Кәсіпорынның  нарықтағы таңдаған ісіне қарай шет мемлекеттердің экономикасында шағын кәсіпорындардың келесі түрлері ажыратылады: коммунанттар, патиенттер, эксплеренттер.

Коммунанттар – бұл топтағы шағын кәсіпорындар әдетте, жеке қосалқы бұйымдар мен бөліктерді дайындауға маманданған, кейбір уақытта аралық құрастыруға қатысып тұрады. Бұл кәсіпорындар мердігерлік, корпорациялық байланыстар жүйелері арқылы ірі кәсіпорындармен өте тығыз байланыста болады. Осы кәсіпорындардың көмегімен ірі өндіріс өкілдері көмекші тиімсіз өндірістен босанады. Бұл топтағы шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындарға тәуелді және өздерінің арасындағы бәсекелестік деңгейі өте жоғары.

Патиенттер – бұл топтағы кәсіпорындар түпкі (дайын) өнімді шығаруға маманданған және шектеулі өткізу нарықтарына, жергілікті шикізат пен материал көздеріне бағытталған. Бұлар тамақ өнімдерін, киім, аяқ киім жасап шығару, құрылыс жұмыстарын жүргізу. Олар ірі кәсіпорындарға тәуелді емес. Кейбір кездерде өнімнің сапасы жөнінде бәсекелесе алады.

Эксплеренттер – бұл топтағы кәсіпорындар қауіпке бас тігетін немесе инновациялық кәсіпорындар деп аталады. Негізінен ғылыми-конструкциялық жұмыстармен, техникалық жаңалық ашуларды коммерциялық игеруді, тауарлардың тәжірибелік партиясын өндірумен айналысады.

Шағын кәсіпорынның экономикалық ісі

        Шағын кәсіпорындар өз ісін халық шаруашылығының барлық орталарымен салаларында бір немесе бірнеше істі орындай отырып, бірақ кейбір істің жеке түрлерінің жүзеге асырылуы, мемлекеттік кәсіпорындарға ғана рұқсат етілетін, ал бірқатар тауарларды өндіру арнайы рұқсат қағазының (лицензия) негізінде жүзеге асырылатынын естер шығармауы керек. Шағын к кәсіпорындар өз шаруашылық ісін жүзеге асыруда өндірілетін өнімді, пайданы (салық және басқа төлемдерді төлегеннен кейін) өз еркімен иелік ете алады.

Кәсіпорындағы қаржы  нәтижесінің жалпылама көрсеткіш  ретінде пайданы алып қарауға  болады. Кәсіпорынның шаруашылық ісінің маңызды кезеңі – жоспарлау болып  табылады. Шағын кәсіпорын өз ісін өзі жоспарлайды және өндірілетін  өнімге сұраныстың көлеміне қарай даму мүмкіндігін анықтайды. Сонымен қатар жоспарлау барысында кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының жеке кірісінің жоғарылауының қамтамасыз етілуінің керектігі ескеріледі. Жоспар негізін өнімді жұмысты, қызметті тұтынушылармен (сатып алушылар) бекітілген келісімдер және жабдықтаушылармен бекітілген келісім шарттар құрайды.

Еркін баға жағдайында кәсіпорын  өз өнімін, жұмысын, қызметін және өндіріс  қалдығын, нарықтық немесе келісімді  баға бойынша, ал ҚР заңдарында көрсетілген  жағдайда, мемлекеттік баға бойынша сатады.

Қаржы ресурстаның көзі ретінде кәсіпорынның ұйымдастыру  – құқықтық формасына қарай пайда, амортизациялық бөлулер құнды қағаздарды сатудан түскен құралдар, үлестік  немесе басқа жарналар, несиелер және заңға қайшы келмейтін басқа түсімдерді жатқызуға болады.

Ақша құралдарын сақтау, есептік, несиелік және кассалық операцияларды  жүзеге асыру мақсатымен кәсіпорындар кез келген коммерциялық банкте есепшот  аша алады. Банк немесе оның бөлімшелері  кәсіпорынның талап еткен, тіркелген жерінде есепшот ашуға міндетті.

Кәсіпорын несиелік келісімдер мен есептеу тәртібін қатаң сақтау қажет. Есеп бойынша өз міндеттемелерін  орындай алмаған кәсіпорындар сот  негізінде банкрот деп танылып, 1995 жылғы 7 сәуірдегі ҚР «Банкроттық  туралы» заңына сәйкес жауапқа тартылуы керек.

Шағын кәсіпорындар шетел  кәсіпорындарымен жалпы негізде  келісімшарт түзіп, валюталық шот  аша алады. Қабылданған ережелерді сақтай отырып, шағын кәсіпорындар халықаралық нарыққа шығып, валюта сатуына, сатып алуына болады.

Жұмыскерлердің еңбек ақысының түрі мен мөлшерін олырдың басқа кіріс көлемін кәсіпорын өзі бекітеді. Кәсіпорын мемлекеттің кепілдік берген еңбекақысының төменгі мөлшерін, еңбек ету жағдайын, әлеуметтік қорғау шараларын естен шығармауы керек. Сонымен бірге кәсіпорын өз жұмыскерлеріне қосымша демалыс, сыйақы бере алады.

Кәсіпорынның қауіпсіздік  шараларымен қамтамасыз етілуі және жауапкершілігі заңда қарастырылған.

 

Шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдау жасаудың түрлері

        Шағын кәсіпорындардың экономиканы жандандырудағы үлесі жеткіліксіз. Бұл жағдайда өндірістің құлдырауымен, шаруашылық байланыстардың үзілуімен шағын кәсіпорындарды мемлекет тарапынан дұрыс қолдамағаннан болар деп ойлаймыз.

Сонымен бірге шағын  кәсіпорындардың кәсіпкерлік құрылымы тұрақсыз, нарықтағы ауытқуларға тәуелді болғандықтан, олар мемлекет тарапынан қолдауды керек етеді.

Нарықты экономикалы  көптеген елдерде шағын бизнесті қолдайтын ерекше қорлар ашылған. Мысалы, Жапонияда осы мақсат үшін бюджеттің  шығыс жағында 2-3 млрд. доллар қарастырылады.

Қазақстан Республикасындағы  шағын бизнестің басты проблемасы – несиелендіру болып табылады. Несиелендіруді әдетте кепілдік немесе кепілге алушының негізінде береді, ол шағын кәсіпорындардың кез  келгенінің қолынан келе бермейді. Шағын бизнеске арнайы қызмет көрсететін банктер де жоқ. Кіші кәсіпорындардың ішіндегі жеке меншік формасы ерекше қиын жағдайда. Несиені ала алмауы басқа кәсіпорындармен бәсекелесуіне мүмкіндік бермейді.

Шетелдерде арнайы құрылымдар мен қорлар арқылы мемлекет тарапынан  қатты қолдау көрсетілген. Ұсақ бизнес ісі жөніндегі Әкімшілік (АҚШ), Шағын бизнесті сақтандыру, несиелендіру корпорациясы (Жапония), шағын және орта бизнес үшін несие (Франция), т.с.с.

Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау мен қорғау үшін құрылған әр түрлі ұйымдастырушылық формалар бар. Бірақ кіші кәсіпкерлікті қолдайтын көптеген қорлар әдетте өз проблемаларымен жүріп, кіші кәсіпорындарға айтарлықтай көмек көрсетпейді. Шағын кәсіпорындар, сонымен бірге ақпараттық қызметке, кадрларды даярлауға, жеңілдетілген банкілік несиелендіруге т.б. көмектерге мұтаж.

Мемлекет өз тарапынан  тапсырыс беру арқылы қолдау көрсете  алады. Шағын кәсіпкерлік ісінің дамуы негзінен делделдық ортада және аса елеулі капиталдық салымды  талап етпейтін салаларда – саудада, тамақ беру орнында, азаматық объектілер құрылысында, техникамен машиналарды ұсақ жөндеуде, ауыл шаруашылығында жақсы қойылған деп ойлауға болады. Ал ғылыми-тахникалық жаңалықтар мен ақпараттық орта сияқты күшті нарықтар игерілмей келеді. Бір жағынан бұның себебі мемлекет тарапынан дұрыс көңіл бөлінбеуімен, кіші ғылыми-техникалық бизнестің құқықтық нормаларының жоқ болуымен, екінші жағынан мемлекеттің ғылыми-техникалық базасының жол болуымен түсіндіріледі.

ҚР-ның Жеке кәсіпкерлік  туралы заңының 19 бабына сәйкес шағын  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:

  • Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;
  • шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдаудың кешенділігі
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектітілері үшін қолжетімділігі
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау мен дамыту:

  • қаржылық қолдау көрсету;
  • шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
  • бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
  • бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;

өнеркәсіп өндірісін  ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне ҚР-ның Үкіметі белгіленген әртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң беру жолымен жүзеге асырылады.

 Осы шарттар сауда-делдалдық қызметті жүзеге асырылатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

Шағын кәсіпкерліктің рейтингін бағалау  және оны жоғарылату негіздері.

ШК-ті дамыту саласындағы  өзекті мәселелердің бірі-ШК рейтингін бағалау мен оны жоғарылату жолдарын анықтау болып табылады.

Кәсіпкерлікті рейтингтік бағалау- барлық ресурстардың,жетістіктер мен мүмкіншіліктердің жүйелі талдауы негізінде кәсіпкерлік дамуының тиімділігін салыстырмалы бағалау; рейтинг индикс түрінде анықталады, онда жоғарылау немесе төмендеу рейтингке түсетін субъектінің тиісті дамуын көрнекті бейнелейді.

Шетелдерде рейтингілік  бағалау дамыған ақпараттық инфрақұрылымның  ең тиімді құралына жатады. Соңғы жылдары  рейтингілік қызметтің серпілісі байқалады. Өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында қызмет атқарылып жатқан отыз ғана агенттік болды, ал рейтингтік қызмет тек АҚШ-та ғана дамыған болатын. Бірақ 90 жылдардың басында АҚШ-тан басқа жерлерде де рейтингтік қызмет қарқынды дами бастады.Қазіргі уақытта рейтингтік шамамен 90 агенттік әлемнің 100-ден аса елдерінде жүргізіліп жатыр.Осындай негізде, қазір қызмет етіп жатқан агенттіктердің маңызды бөлігі өз қызметтерін 90 жылдардан бастаған.

Жаңа технологиялар  рейтингтік мәдениеттің таралуына әсер етті. Бір жағынан олар математикалық-статистикалық үлгі арқылы рейтингті игеру процесін жеңілдетеді;екінші жағынан рейтингтік нысанның түрлерін ұлғайтады. Коммуникациялық технологияны дамыту рейтингтің өзектілігі мен сапасын тұрақты қолдауға әсер етеді.

Рейтингтік ақпаратқа- рейтингтік агенттердің сайтына  қол жеткізу мүмкіндігі артты, ол талдаушылар үшін бірден-бір маңызды  ақпарат көзі болып отыр.

Халықаралық бағалау  жүйесі-жалпы ұлттық экономиканы немесе оның бөлек салалары бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингін зерттейтін бірнеше беделді халықаралық және ұлттық ұйымдар мен рейтингтік агенттікьер жиынтығы.

ҚР  шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау.

Қазақстанда ШК секторының қалыптасу мен құрылу үдерісі  Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі  жағынан үнемі назарда болып тұрғанын атап өткен жөн. Жекелеп алсақ, айтарлықтай заңдылық актілер әзірленіп қабылданған, салық салу, лицензияландыру, әкімшілік құқық бұзу сұрақтары бойынша кейбір заңдылық актілерге өзгерістер енгізіліп толықтырылған.

Біздің көзқарасымызша, кәсіпкерлік субъектілерінң санының өсу қарқыны қазіргі кезеңде ШК-тің табысты дамуына объективті, принципалды негіздерінің құрылғанымен байланысты. Біріншіден, республика орынықты әлеуметтік-экономикалық дамудың тенденциясы құралуда. Екіншіден, аяқталмаған болса да кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жеткілікті нормативтік-құқықтық база әзірленген.Үшіншіден, кәсіпкерлердің қоғамдық қозғалысын дамыту үшін ұйымдастырушылық-құқықтық жағдай жасалған және шағын кәсіпкерлікті қолдау аумағындағы саясатты әзірлеу мен жүргізуге олардың қатысуы.

Ал, жалпы алғанда, ҚР-дағы ШК-тің бүгінгі жағдайын пирамида түрінде сипаттауға болады, оның негізінде  заңды тұлға құрмай-ақ-455 мың жеке кәсіпкерлер және 169 мың шаруашылық қожалықтар. Екінші деңгей-120 мың заңды тұлға-шағын кәсіпорындар, үшінші деңгей-11,8 мың орта кәсіпорындар.

ШКС саны өсуінің негізгі  факторлары-мемлекеттік және аймақтық деңгейде қолдау көрсету жүйесі, ұйымдастырушылық және экономикалық механизді жетілдіру  болып табылады. Оның  нәтижесінде  кәсіпорындардың экономикалық тұрақтануы, қызмет аясының кеңеюі байқалады. 

Сонымен қатар президентіміз Н.Ә.Назарбаев  өзінің 2006жылдың 1-наурызында Қазақстан халқына Жолдарында біздің елдің салық саясаты жеке тұлғалардың, кәсіпкерлердің салық ауырпалығын төмендетуге бағыт алғанын анық мәлімдеді. Осының айғағы ретінде алдағы уақыттамынадай салық жеңілдіктері жүзеге асырылады:

Информация о работе Шағын бизнес: сипаты, артықшылықтары, шетел тәжрибесі және Қазақстанда қалыптасу мәселері.