Шағын бизнес: сипаты, артықшылықтары, шетел тәжрибесі және Қазақстанда қалыптасу мәселері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:55, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізі бөлім.
1.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны
1.1.Кәсіпкерліктің белгілері,түрлері
1.2.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.
2. Шағын кәсіпорындардың мәні мен мақсаты,экономикалық ісі
2.1. Шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдау жасаудың түрлері
2.2. ҚР шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау.
2.3. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстар
3. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибесі.
3.1. Қазақстандағы шағын бизнестің проблемалары және оларды шешу жолдары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

DooM 3.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ С. АМАНЖОЛАВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Шағын бизнес: сипаты, артықшылықтары, шетел тәжрибесі және Қазақстанда қалыптасу мәселері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Ахмадиев О.К.

Тексерген: Нұрымова Ш.Қ.

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен 2008

Жоспар.

   Кіріспе

    Негізі бөлім.

1.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны

1.1.Кәсіпкерліктің  белгілері,түрлері

1.2.Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың  негізгі формалары, олардың жетістіктері  мен кемшіліктері.

2. Шағын кәсіпорындардың мәні мен мақсаты,экономикалық ісі

       2.1. Шағын кәсіпорынды мемлекеттік қолдау жасаудың түрлері

       2.2.  ҚР шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау.

       2.3. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі   ұсыныстар

       3. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік тәжірибесі.

3.1. Қазақстандағы шағын бизнестің проблемалары және                                                       оларды шешу жолдары.

          Қорытынды

          Қолданылған әдебиеттер

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және халықтың тұрмысын жақсартуда тәжірибе жүзінде нәтиже береді деп белгіленген.

Осыған орай, әкімшілік реформа  шеңберінде Үкімет келесі шараларды  іске асыруда: ШК-ке әкімшілік жүктемені  төмендету, рұқсат беру жүйесін әрі  қарай  жеңілдеті, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттаудың,аккредитациялауды, заң қорғаушы және басқа да тексеріс органдары жүргізетін тексерулер санын қысқартып ретке келтіру.

Экономиканың қарқынды дамуына  байланысты Қазақстандағы ШК-тің  өндірген өнімдерінің көлемі жыл  сайын артып келеді, алайда ШКС  мен ЖІӨ жалпы қоры төмендеуде және қазіргі уақытта 15,7 % деңгейінде болып отыр. Бұл көрсеткіштер дамыған елдердің ұқсас көрсеткіштерінен едәуір төмен, яғни ол ЖІӨ-нің 50%-ды және жұмыспен қамтылған халық саны 70%-ды құрайды.

Сонымен, Қазақстанда ШК-ті белсендіру нәтижесінде жағдайдың жақсаруына қарамастан, халықаралық бағалау жүйесінде еліміздің кәсіпкерлікті жүргізу рейтингі әлі де жоғары емес,әсіресе лицензия беру, халықаралық сауда, кәсіпорындарды тарату салаларында төмен көрсеткіштер байқалуда, ал осының барлығы бірінші кезекте ШК-ті қолдау жөніндегі мемлекеттік тетіктерінің тиімсізділігін білдіреді.

2007ж Дүниежүзілік экономикалық  форумның (ДЭФ) жаһандық бәсекеге  қабілеттілік рейтингісінде кәсіпкерлік  жағдайы бойынша біздің ел 85-орынға  көтерілді, бұл рейтингті ДБ-тің «Бизнесті жүргізу» бағалауы дәлелдейді.2007ж қорытындысы бойынша «Бизнесті жүргізу-2008» рейтингісінде 178 елдің ішінен Қазақстан 71-орынға ие болды.

Жалпы алғанда, экономиканың даму барысында  халықаралық бағалау жүйесінде  жоғары рейтинг алу жалғыз мақсат емес.Алайда, ұсыныстар әзірлеу стратегиясын таңдау үшін елдегі экономиканың түрлі салаларының рейтингтік дамуын бағалау,әсіресе ШК жөнініде ақпарат алу қажет, себебі рейтингтік дамуын бағалау,әсіресе ШК жөнінде ақпарат алу қажет, себебі қазіргі таңда көптеген мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік қатынастар жүйесінде  ШК өте маңызды қызмет атқарады. ШК тіршілік әрекетінің негізгі көзі ғана болып қоймай, ол сондай-ақ тұлғаның ішкі әлеуетін ашуға жәрдем етеді.

Бұның барлығы дессертациялық зерттеу тақырыбының күмәнсіз өзектілігі туралы айтады.

Зерттеу мәні - кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау үдерісінде болатын экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастардың арақатынасы.

Зерттеу объектісі-Қазақсатн Республикасындағы  шағын кәсіпкерлік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпкерлік:экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік  азаматтар мен бірлестіктердің  пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде  жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерлікте тұлға (субьект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық , кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

Қызмет мазмұнына қарай  кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік  кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлік-тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша  мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды.Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасыеае жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса,алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық кәсіпкерлік-коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша,валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік-бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру  кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

Ресурстардың әр түрлі  комбинацияларын жасау- кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы  бойынша бес бағытты қамтиды.

  1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
  2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
  3. Жаңа өткізу рыногына шығу
  4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу
  5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу

Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.

Кәсіпкерлік әр түрлі  формада болады.Оларды топтастыру негізінде 2 белгі жатыр:меншік формасы және фирма көлемі.

Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпкерлік- әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары,-себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында.Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:

  • түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауға еркін
  • бизнес көлемі шектелмеген
  • қатаң бағамен шектелмейді

Кәсіпкерліктің үш түрді  бөліп алады:

  • жеке тұлғалар
  • серіктестік
  • корпорация (акционерлік қоғам

Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес- жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.

Оның артылықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкенгдерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Серіктестік  деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестіктікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зиянындағы  үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестіктік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.

Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады.

  • Акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
  • Басқару функцияларын орынлдау үшін кәсіби мамандарды тарту;
  • Корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.

Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер жатады:

  • Корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд  түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салықсалу: бірінші рет корпоратция пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі ретінде. Кіші корпоратциялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаға S корпорациялары (small business conporation) статусын алуға рұқсат етеді. Бұндай жағдайда корпоратция табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады;
  • Экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер.Ешқандай нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
  • Меншік және бақылау фукцияларының бөлінуі. Акциялары көптеген иелер арасында орналастырылған  корпоратцияларда бақылау функциясы меншік функциясынын ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал менеджерлер  ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді азайтуға тырысады.

Корпоратцияның  басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын артықшылықтар толтырады.

Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа және ірі бизнеске бөлінеді.

Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын дара кәсіпкерлер  және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық  құны тиісті қаржылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген алпыс мың еселенген айлық есептік көрсеткіштерін аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың іоі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың  жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг және венчурлық кәсіпкерлік жүйелері болды.

Франчайзинг- ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі.

Венчурлық- Ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажетіліктеріне төменгі шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты «күйіп кетуге » тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің ортаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда құрылып қызмет ете бастады.

Орта бизнес елеулі роль атқармайды.Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының нәтежесінде ол ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтады. Бұл жерде әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруда монопалист болып табылатын, тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерге арналған техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу).

Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажарытылады. Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік береді.Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар. Соның ішінде мен Қазақстандағы шағын бизнеске тоқталдым.

             Шағын кәсіпорындардың мәні мен мақсаты

       Қазіргі уақытта Қазақстанда жекешелендіру процесі аяқталып қалды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен ұсақ, шағын және орта кәсіпорындарды құру арқылы жүзеге асырылып келді және олыр кәсіпорын мүлкін қауымдасу түрінде немесе жеке түрде иелік етуде құқық береді. Мемлекеттік экономиканың барлық салаларының орталарында шағын нарықтық құрылымдарды қалыптастыру дүниежүзілік шаруашылықтың даму бағытына сәйкес, өйткені дүниежүзінің барлық елдерінде әр алуын түрлі, әр салаға қатысты шағын бизнестің кәсіпорындары жұмыс істейді.

Информация о работе Шағын бизнес: сипаты, артықшылықтары, шетел тәжрибесі және Қазақстанда қалыптасу мәселері.