Саясаттану пәнінің ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:15, реферат

Описание работы

Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері.

Работа содержит 1 файл

jalpy bilim beru.doc

— 592.50 Кб (Скачать)
 

8. Оқу пәнінің саясаты. Барлық оқу уақыты дәріс, семинар сабақтарына (олардың барысында өздеріңіз оқыған және дайындаған мәліметтер талқыланады), СӨЖ-ге бөлінеді. Әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық  экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы  оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады. Емтихан, жазба тапсырмаларды орындау барысында - кітаптан көшіруге, ауызша жауап беру барысында - кітаптан оқып беруге тыйым салынады.  

1.3. СТУДЕНТ ҮШІН ПӘНДІ  ИГЕРУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 

тақырыптар  атауы дәріс Семинар СОӨЖ
1 
 

2 
 
 
 

3 
 
 

4 
 

5 
 
 

6 
 
 

7 
 

8 
 
 

9 
 
 

10 
 
 
 

11 
 
 

12 
 
 

13 
 
 
 
 

14 
 
 
 

15

Саясаттану  ғылым ретінде. Саяси нақтылық-саясаттанудың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы.

Өркениет  тарихындағы саяси  ойдың даму кезеңдері. Саяси ой тарихы саяси ғылымның құрамдас бөлігі. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы. Орта ғасырлардағы араб-исламдық және батыс-еуропалық идеялар. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар. Еуразиялық идеялар.

Қоғамдық  қатынастар жүйесіндегі  саяси билік. Билік құбылысы, генезисі, мәні. Қоғам және билік. Билік қатынастарының субъективті-объективті астарлары. Билікті персонификациялау және фетишизациялау. Билік саяси режимдерде. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны.

Билік және саяси режимдер. Биліктің заңдылығы және легитимдігі. Билік түрлерінің эволюциясы. Билікті жүзеге асыру, саяси режимдер. Тоталитаризм. Авторитаризм. Демократия. Тоталитаризмнен демократияға өту.

Демократия  теориясы: тарих және бүгін. Демократия – ең тиімді билік түрі. Оның мәні, сипаты, құндылықтары және негізгі теорияларының қалыптасуы. Демократия толқындары. Қазақстан  қоғамының демократиялануы: жетістігі мен келешегі.

Қазіргі кездегі саяси  жүйелер. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен элементтері. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділік. Саяси тұрақтылыққа баға беру, тәуекелділіктің алдын алу.

Мемлекет  қоғамның саяси жүйесінің  негізгі институты  ретінде. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері.

Құқықтық  мемлекет пен азаматтық  қоғам.Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы. Оның құндылықтары мен негізгі принциптері Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты. Тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі.

Саясаттағы  дау-жанжал және дағдарыс. Жанжалдар мен дағдарыстар әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси даулар, этносаяси жанжалдар. Өтпелі қоғамдағы саяси мәмілелікке жетудің тетіктері мен жолдары. Ұлтаралық мәселелерді шешудің халықаралық тәжірибесін талдау.

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар  және олардың ҚР-дағы орны мен рөлі. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы және дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы. Саяси блоктар. Сайлау жүйесі

Саяси элита және көсемділік. Элита түсінігі (Парето В., Моска Г., Михельс Р.). Кеңестік номенклатура. Саяси элита қызметі мен түрлері. Саяси көсемділік тұжырымдамасы, жіктелуі. Саяси көсемге имидж жасау. Қазіргі кездегі Қазақстандағы басқарушы элита.

Саясат  субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер. Саясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны мен рөлі. Адам құқығының тұжырымдамасы. Әлеуметтік-таптық дифференциация және қазіргі қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Қазақстандағы жастар саясаты.

Саяси мәдениет пен саяси  әлеуметтену. Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер (Парсонс Т., Истон Д., Алмонд Г., Верба С., Пай Л., Такер Р., Липсет С., Розенбаум В.). Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет мәселелері. Саяси әлеуметтенуді түбегейлі зерттеудегі тұжырымдамалар мен олардың саяси тәжірибемен байланысы. Жастардың саяси мәдениеті.

Әлемдік саясат және қазіргі  халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың объектісі мен пәні. Әлемдік саясат, сыртқы саясат, геосаясат ұғымдары. Қазақстан дипломатиясы, қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кезде

ХХІғ.халықаралық  қатынастардың даму жағдайын болжау. Жаһандастыру мәселелері.

Саяси үрдіс және саяси  модернизация. Саяси үрдіс, саяси іс-әрекет, саяси шешімдер. Модернизация теориясы. Қазақстандағы модернизация процесі. Қазақстандағы демократиялық модернизация. Қазақстан – 2030.

1 
 

1 
 
 
 

1 
 
 

1 
 

1 
 

1 
 

1 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 
 

1 
 
 

1 
 
 
 

1

  1 
 

1 
 
 
 

1 
 
 

1 
 

1 
 

1 
 

1 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 

1 
 
 
 

1 
 
 

1 
 
 
 

1

2 
 

2 
 
 
 

2 
 
 

2 
 

2 
 

2 
 

2 
 

2 
 
 

2 
 
 

2 
 
 

2 
 
 

2 
 
 

2 
 
 
 

2 
 
 

2 
 
 
 

2 

 

1.4. ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША  ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ 

Сабақтың тақырыбы СӨЖ тапсырмалары Бақылау түрі апта Бағалау
1 Саясаттану  пәні, саясат түсінігі. Саясат ғылым. Саясат әлемі. Саясат ұғымына 10 анықтама жазып, жаттау Ауызша жауап  және конспект 1 50/100
2 Өркениет тарихындағы  саяси ойдың даму кезеңдері. Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі саяси көзқарастар Ауызша жауап  және конспект 2 50/100
3 Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу Ауызша жауап  және конспект 3 50/100
4 Билік және саяси режимдер. Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу Ауызша жауап  және конспект 4 50/100
5 Демократия  теориясы: тарих және бүгін Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу Ауызша сұрақ-жауап  және конспект 5 50/100
6 Қазіргі кездегі саяси жүйелер. Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу Ауызша сұрақ-жауап  және конспект 6 50/100
7 Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты  ретінде. ҚР парламенті: қалыптасу тарихы, қызметі Ауызша сұрақ-жауап  және конспект 7 50/100
8 Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам. Қазақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық  қоғамның қалыптасу ерекшеліктері Ауызша сұрақ-жауап  және топпен жұмыс түрлері 9 50/100
9 Саясаттағы  дау-жанжал және дағдарыс. Қазақстандағы ұлтаралық шиеленістер және олардың алдын алу жолдары БАҚ материалдары бойынша 10 50/100
10 Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар  және олардың ҚР-дағы орны мен рөлі. Қазақстандағы саяси партиялардың бағдарламаларымен, ҚР «Саяси партиялар туралы» заңымен  танысу және өз партияларын ың бағдарламаларын жасау Партия бағдарламасын  презентациялау 11 50/100
11 Саясат субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер. Қазақстан Республикасындағы  сайлау жүйесінің ерекшеліктері Ауызша сұрақ-жауап  және конспект 12 50/100
12 Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтену. Саяси идеология  түсінігі, мәні түрлері, қызметі Ауызша сұрақ-жауап  және конспект 13 50/100
13 Саяси элита  және көсемділік. Өзіңіз ұнататын саяси жетекшінің сипаттамасын жасаңыз Ауызша сұрақ-жауап  және конспект 14 50/100
14 Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Қазақстанның  сыртқы саясатының басты бағыттары. ҚР әскери доктринасы Ауызша сұрақ-жауап  және топпен жұмыс түрлері 15 50/100
15 Саяси үрдіс  және саяси модернизация. Қазақстандағы жастар саясатына талдау жасау Мини - конференция 16 50/100
 
 

1.5. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ  КАРТАСЫ 

Авторы Әдебиеттің  атауы Қай жерден

табуға  болады

Саны
Жамбылов  Р.Ә. Саясаттану: оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2003. 288 б. Оқу залы

Оқу абонементі

 
  Казахско-русский, русско-казахский терминологический  словарь: Алматы: Рауан, 200. 288 б. Ғылыми абонемент

Оқу залы

 
Қуандық Е.К. Саясаттану  негіздері: оқу құралы. Алматы, 2004 Оқу залы

Оқу абонементі

 
Кенжебаев А.С. Саясаттану  негіздері: оқу құралы. Алматы, 1995 Оқу залы  
Жамбылов  Д.А. Саясаттану: оқу  құралы. Алматы, 1998, 2000 Оқу абонементі  
Мухаев  Р. Т. Теория политики.Уч.пособие  для ст. Вузов.М., 2005 Оқу залы

Оқу абонементі

 
Мухаев  Р. Т. Политология. Уч. М., 2005 Оқу залы

Оқу абонементі

 
Булуктаев Ю. О. Политические  партии РК. А., 2004 Оқу залы

Оқу абонементі

 
 
 
 
 

1.6. ДӘРІС КЕШЕНІ 

    1- т а қ ы р ы п

    САЯСАТТАНУ  ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

    Ж о с п а р ы:

    1. Саясаттың мәні және табиғаты
    2. Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері және парадигмалары
    3. Саясаттану ғылымының маңыздылығы
 

    Саясаттың мәні және табиғаты

    «Саясат»  термині (грекше politika – мемлекеттік  және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде  алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол  кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты зерттеген әрбір зерттеуші өзінің бағыты бойынша келесі анықтамаларды берген. Біз олардың кейбіреулеріне тоқталайық. Мысалы:

    «Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет аралық билікті үлестіруге ықпал ету  немесе билікке қатысуға ұмтылысты  білдіреді»

    (М.  Вебер)

    «Саясат – қоғам ішіндегі құндылықтарды  билік арқылы реттеу» 

    (Д.  Истон)

    «Саясат принциптер күресін жамылған мүдделер күресі. Жеке бастың пайдасы үшін қоғамдық істерді басқару»                                               (А. Бирс)

    «Саясат – жоғары мәнде өмір, ал өмір саясат»                      (О. Шпенглер)

    «Саясатты зерттеу – ықпал мен ықпал  етушіні зерттеу, басқаша айтқанда, кім не пайда табады, қашан және қалай»                          (Г. Лассуэл)

    «Саясат онымен айналысқан адамдардан ақыл шеберлігін талап етеді; ол тәртіпке мәңгі берілген өзгермейтіндерді білмейді»                      (Г. Плеханов)

    Бұл анықтамалардың әрқайсысы шындыққа негізделген және саяси өмірдің  көп қырларын ашып береді, анықтамалардың әртүрлілігі саясаттың көпқырлылығын және күрделі құбылыс екндігін білдіреді.

    Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:

    Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді  шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.

    Аймақтық  деңгей мемлекеттің араласуын талап  етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар  саясатты белсене жүргізеді.

    Ұлттық  деңгей саясат теориясында орталық  орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды  үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды.

    Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады. 

    2. Саясаттанудың пәні, қызметі, әдістері  және парадигмалары

    Саясатты  түсіну ежелден бастау алады. Оны  ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға келеді.

    Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін  ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп  шықты. Лондон университетінде ХІХ  ғ аяғында Лондонның экономика  және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал

    Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары  жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды. Олар:

    Саяси теория (оның ішінде саяси идеялар  тарихы);

    Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер);

    Саяси мәдениет және сана;

    Саяси даму және модернизация;

    Саясат  субъектілері;

    Халықаралық қатынастар.

    Қазақстандағы саяси ғылымның негізгі пәніне бұдан басқа, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам, геосаясат, ұлттық мүдде және ұлттық қауіпсіздік мәселелері кіреді.

    Саясаттану  басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді  атқарады:

    Танымдық  қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.

    Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.

    Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.

    Әлеуметтендіру  қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді  қалыптастыру және саяси мәденитетті  көтеруге байланысты қызмет.

Информация о работе Саясаттану пәнінің ұғымы