Саясаттану пәнінің ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:15, реферат

Описание работы

Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері.

Работа содержит 1 файл

jalpy bilim beru.doc

— 592.50 Кб (Скачать)

    Кез келген саяси тұрақсыздықты алдын ала байқап білуге болдады. Оның негізгі белгілері:

    Қоғамның  құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;

    Этносаралық және діни шиеленістер деңгейі;

    Конституциялық  құқықтың бұзылу деңгейі;

    Солшыл  радикалды идеялар деңгейі;

    Саяси плюрализм деңгейі. 

    7- т а қ ы р ы п  

    МЕМЛЕКЕТ  ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ  ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

    Ж о с п а р ы:

    Мемлекет  ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

    Мемлекет  түрлері мен қызметі 

    Мемлекет  ұғымы, пайда болуы, негізгі тұжырымдамалары

    Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».

    Мемлекет  ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыды қолында  билігі бар басшылар тобын ғана айтады.

    Мемлекеттің белгілері:

    Территория

    Тәуелсіздік немесе егемендік

    Мемлекеттік билік

    Халық

    Салық салу құқығы

    Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар:

    Қоғамдық  келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс);

    Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған.

    Дж. Локк:  Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған

    Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович);

    Маркстік  концепция (К. Маркс);

    Теологиялық тұжырымдама (А. Августин);

    Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).

    Мемлекет  түрлері мен қызметі

    Мемлекет  бірнеше түрлерге бөлінеді.

    Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

    Абсолюттік  монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

    Конституциялық  монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

    Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

    Абсолютік монархияның белгілері:

    • монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;
    • Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.

    Конституциялық  монархияның белгілері:

    • Конституция монарх билігін шектейді;
    • монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;
    • үкімет монарх алдында жауапты емес.

    Дуалистік монархия белгілері:

    • билік монарх пен парламент арасында бөлінген;
    • монарх үкіметті тағайындайды;
    • монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.

    Парламенттік  республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

    Президенттік  республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

    Президенттік  республика белгілері:

    • Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;
    • Президент үкіметті құрады;
    • Үкімет президент алдында жауапты;
    • Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.

    Парламенттік республика белгілері:

    • Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;
    • Президентті парламент сайлайды;
    • Үкімет парламент алдында жауапты;
    • Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;
    • Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.

    Аралас  республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

    Оның  белгілері:

    • Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;
    • Президент кең құзыреттерге ие;
    • Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

    Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік  болып бөлінеді.

    Унитарлық мемлекетті біріктіреді:

    • ортақ Конституция;
    • ортақ заң шығарушы орган;
    • ортақ әкімшілік-территориялық бөліну;
    • ішкі шекараның болмауы;
    • ортақ саясат.

    Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері:

    • заң шығарушы аппараттың икемсіздігі;
    • аймақтардың мәселелерін ескермеу;
    • этностық топтардың пікірімен санаспау.

    Федеративті мемлекет белгілері:

    • бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар;
    • федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді;
    • территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ;
    • саяси салада орталыққа бағынған.

    Конфедерация  белгілері:

    • ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;
    • азаматтық ортақ емес;
    • ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

    Діни  белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып  үшке бөлінеді.

    Негізгі приоритетті қызметіне байланысты құқықтық және әлеуметтік деп бөлеміз.

    Қазақстан Республикасы осылырдың ішінде қайсына  жатады?

    Мемлекет  негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы. Ішкі қызметіне жататындар:

    • экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;
    • әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;
    • заңдылықты қамтамасыз етеді;
    • мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;
    • Сыртқы қызметіне жататындар:
    • мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;
    • өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;
    • ауқымды мәселелерді шешуге араласу;
    • басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

    Сайып келгенде мемлекеттің басты міндеті  – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты  тіршілігіне жағдай жасау.

 8- т а қ ы р ы п  

    ҚҰҚЫҚТЫҚ  МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ

    Ж о с п а р ы:

    Құқықтық  мемлекет пен азаматтық қоғам  мәні

    Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі  мен өзара қатынасы 

    Құқықтық  мемлекет пен азаматтық  қоғам мәні

    Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла бастаған.

    Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

    Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен  бұрын пайда болған,\. Азаматтық  қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты. Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді. Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау, бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келеді.

    Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін  бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

    Мемлекет  өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға  тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

    Адамның өзі дүниеге келтірген саяси  күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш салды.

    Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген сөз.

    Көпшілік  арасында азаматтық қоғам мен  ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы  қойып, оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.

    Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен

рұқсат  сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан біржола

арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің  шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін  әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің қызметі.

    Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы  әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын  қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық  қоғам мен ұлттық мемлекет деген  ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы  аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.

    Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен  өзара қатынасы

    Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің  қалыптасуы бір бірімен өзара  тығыз байланысты.

Информация о работе Саясаттану пәнінің ұғымы