Саясаттану пәнінің ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 14:15, реферат

Описание работы

Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері.

Работа содержит 1 файл

jalpy bilim beru.doc

— 592.50 Кб (Скачать)

    Саяси болжамдау

    Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері. Саяси болжам аясы және негізгі принциптері. Саяси болжамдаудың мақсаты, объективті негіздері және міндеттері. Болжамдаудың кезеңдері және типтері. Ғылыми болжамның  әдістері және құралдары. Саяси болжамдаудың негізгі әдістері және олардың өлшемдері (критерийлері).

    Саяси болжамның функционалдық міндеттері. Негізгі функциялары: нормативтік, шамамен алу, алдын ала істеу (сақтық). Қазіргі Қазақстанда саяси болжамдаудың жайы және проблемалары.

    Егемен Қазақстанның саяси проблемалары

      Егемен Қазақстанның саяси нақтылық  ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.  Қазақстан Республикасы – зайырлы,  құқықтық, әлеуметтік, демократиялық  мемлекет және халықаралық қатынастың  субъектісі ретінде. 

    Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері:проблемалар және қиындықтар. Қазақстан қоғамының қазіргі кезеңдегі даму тенденциясы тұрғысынан саяси жаңарудың ерекшеліктері.

    Ұлттық  идеяны және мемлекеттік идеологияны  жасаудың проблемалары.

    Қазақстан Республикасында плюралистік демократияны қалыптастыру жолдары. Посттоталитарлық қоғамның саяси даму тәжірибесінің халықаралық маңызы.  

1.2. «Саясаттану» жалпы білім беру курсы бойынша

 

СИЛЛАБУС 

1. Ибраев Ержан Ерсайынұлы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы

Байланыс телефоны: 353738 (40-27, 40-22)

Ғылыми  қызығушылығы: саясаттану, саяси партиялар, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік

Ғылыми  мектеп: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, «Саясаттану» мамандығы

2. Оқу пәнінің   атауы, коды және  кредиттер саны: «Саясаттану», 2 кредит

3. Курсты өткізу  уақыты және орны: сабақ кестесі бойынша

4. Оқу пәнінің пререквизиттері: Бүкіләлемдік тарих, Философия, Қазақстан тарихы, Әлеуметтану. Постреквизиттер - Құқық негіздері.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы: 

Жоғары  оқу курсына саясаттанудың енуі жалпы саяси, эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-құлқын және мәдениетін жетілдіреді. Міндеттері:

  • студенттерге әлемдік саясат туралы бағыт бағдар беру;
  • Қазақстандағы саяси өмірді зерттеуге және ол туралы пікір айта білуге үйрету;
  • қоғамдық өмір заңдылықтарын шешуге және маңыздылығын түсінуге көмектесу.

Күтілетін нәтижелер:

Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алады.

Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін білетін болады.

Саясат  теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгере отырып, саяси оқиға туралы өзіндік пікір қалыптастыруға үйренеді.

Саясатқа, қоғамдық дамуға және халықаралық қатынастарға болжам жасауға байланысты көзқарас қалыптастырып, оны дәлелдеп, саяси  жүйелерге салыстырмалы сараптама  жасауға және зерттеулер мен бақылау жасауға тәжірибелік дағды қалыптастырады.

5.1. Оқу тәртібінің  бағыты: Кез-келген маманның азамат ретінде мемлекеттің саяси жүйесін, оның шешім қабылдау ерекшеліктерін, билік тармақтары мен халықтың қарым қатынасының әр түрлілігін білуі шарт, сондықтан саясат түсінігін, оның механизмдерін, ерекшеліктерін, түрлерін білу маңызды. Саясаттану пәні студенттердің азамат ретінде қоғамдық-саяси процестерге талдау жасауға, баға беруде, олардың ең бастысы, саяси мәдениетін қалыптасуына бағытталған.

5.2. Оқу пәіннің мақсаты: саяси ғылым, саясат, саяси билік, мемлекет, элита, саяи мәдениет және идеология сияқты толық түсініктерді қалыптастыру және оның механизмдерін түсіндіру

5.3. Оқу пәнінің міндеттері:

  • Категориялық аппаратты игеру;
  • Саясат, сяасат әлемі ұгымдарын, саяси ғылымды игеру;
  • Биліктің мәнін, оның саяси процесске ықпалын түсіну;
  • Саяси билікті ұйымдастыру механизмін түсіну;
  • Саяси жүйе теорияларына талдау жасау;
  • Биліктің ресурстары мен қайнар көздерін анықтау;
  • Саяси мәдениет пен идеологияның негізгі теорияларына талдау жасау.
 

5.4. Оқу пәнінің мазмұны:

Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алу, Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін түсіндіру, саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгереді. 

5.5  Пәнді оқыту жоспары 

№ апта Тақырыптар  атауы Сағаттар  саны мен оқытуды  ұйымдастырудың формалары СӨЖ үшін тапсырмалар 
1 
 
 
 
 

2 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 
 
 
 
 
 
 
 

4 
 
 
 
 

5 
 
 
 
 
 
 

6 
 
 
 
 
 

7 
 
 
 
 

8 
 
 
 
 
 
 
 

9 
 
 
 
 
 
 
 

10 
 
 
 
 
 
 
 
 

11 
 
 
 
 
 
 

12 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

14 
 
 
 
 
 
 
 

15

Саясаттану  ғылым ретінде. Саяси нақтылық-саясаттанудың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы.

Өркениет  тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері. Саяси ой тарихы саяси ғылымның құрамдас бөлігі. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы. Орта ғасырлардағы араб-исламдық және батыс-еуропалық идеялар. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар. Еуразиялық идеялар.

Қоғамдық  қатынастар жүйесіндегі  саяси билік. Билік құбылысы, генезисі, мәні. Қоғам және билік. Билік қатынастарының субъективті-объективті астарлары. Билікті персонификациялау және фетишизациялау. Билік саяси режимдерде. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны.

Билік және саяси режимдер. Биліктің заңдылығы және легитимдігі. Билік түрлерінің эволюциясы. Билікті жүзеге асыру, саяси режимдер. Тоталитаризм. Авторитаризм. Демократия. Тоталитаризмнен демократияға өту.

Демократия  теориясы: тарих және бүгін. Демократия – ең тиімді билік түрі. Оның мәні, сипаты, құндылықтары және негізгі теорияларының қалыптасуы. Демократия толқындары. Қазақстан қоғамының демократиялануы: жетістігі мен келешегі.

Қазіргі кездегі саяси  жүйелер. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен элементтері. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділік. Саяси тұрақтылыққа баға беру, тәуекелділіктің алдын алу.

Мемлекет  қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері.

Құқықтық  мемлекет пен азаматтық  қоғам. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы. Оның құндылықтары мен негізгі принциптері Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты. Тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі.

Саясаттағы  дау-жанжал және дағдарыс. Жанжалдар мен дағдарыстар әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси даулар, этносаяси жанжалдар. Өтпелі қоғамдағы саяси мәмілелікке жетудің тетіктері мен жолдары. Ұлтаралық мәселелерді шешудің халықаралық тәжірибесін талдау.

Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар  және олардың ҚР-дағы орны мен рөлі. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы және дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы. Саяси блоктар. Сайлау жүйесі

Саяси элита және көсемділік. Элита түсінігі (Парето В., Моска Г., Михельс Р.). Кеңестік номенклатура. Саяси элита қызметі мен түрлері. Саяси көсемділік тұжырымдамасы, жіктелуі. Саяси көсемге имидж жасау. Қазіргі кездегі Қазақстандағы басқарушы элита.

Саясат  субъектілері: тұлға, әлеуметтік топтар, әлеуметтік бірлестіктер. Саясат субъектілері, олардың билік жүйесіндегі орны мен рөлі. Адам құқығының тұжырымдамасы. Әлеуметтік-таптық дифференциация және қазіргі қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Қазақстандағы жастар саясаты.

Саяси мәдениет пен саяси  әлеуметтену. Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер (Парсонс Т., Истон Д., Алмонд Г., Верба С., Пай Л., Такер Р., Липсет С., Розенбаум В.). Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет мәселелері. Саяси әлеуметтенуді түбегейлі зерттеудегі тұжырымдамалар мен олардың саяси тәжірибемен байланысы. Жастардың саяси мәдениеті. Саяси психоанализ.

Әлемдік саясат және қазіргі  халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың объектісі мен пәні. Әлемдік саясат, сыртқы саясат, геосаясат ұғымдары. Қазақстан дипломатиясы, қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кезде ХХІғ.халықаралық қатынастардың даму жағдайын болжау. Жаһандастыру мәселелері.

Саяси үрдіс және саяси  модернизация. Саяси үрдіс, саяси іс-әрекет, саяси шешімдер. Модернизация теориясы. Қазақстандағы модернизация процесі. Қазақстандағы демократиялық модернизация. Қазақстан – 2030.

Кіріспе дәріс (1 сағ), Проблемалы семинар (1 сағ), СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 

Дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 
 
 

Проблемалы дәріс (1 сағ),

Семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 

Дәріс (1 сағ),

Семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 

Проблемалы дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 

Дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 

Дәріс (1 сағ),

Семинар (1 сағ),

СОӨЖ  (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 

Дәріс (1 сағ),

Семинар (1 сағ),

СОӨЖ  (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 

Проблемалы дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 

Проблемалы дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 
 

Проблемалы дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 

Дәріс (1 сағ),

Семинар (1 сағ),

СОӨЖ  (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 

Дәріс (1 сағ),

Семинар (1 сағ),

СОӨЖ  (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 
 
 
 

Проблемалы дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ), 
 
 
 
 

Проблемалы дәріс (1 сағ),

Белсенді семинар (1 сағ),

СОӨЖ (2 сағ),

СӨЖ (2 сағ),

Пән бойынша  библиографиялық ізденіс (таңдау бойынша) 
 

Коллоквиум 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кестелер мен схемалар дайындау 
 
 
 
 
 
 

Ауызша және жазбаша бақылау түріндегі карточкалар  дайындау 
 
 

Рефераттар (таңдау бойынша) 
 
 
 
 
 

Эссе 
 
 
 
 
 

Сараптамалық эсселер дайындау 
 
 
 

Рефераттар дайындау 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырып бойынша  ақпараттар дайындау, web-квест құрастыру 
 
 
 
 
 

Сараптамалық  эсселар дайындау 
 
 
 
 
 
 
 

Мәндік-категориялық ұғымдар бойынша бақылау жұмысы 
 
 
 
 

Жазбаша сараптамалық жұмыс  
 
 
 
 
 
 

Рефераттар жазу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тестілік бақылау 
 
 
 
 
 
 
 

Сараптамалық  эсселер жазу 
 
 

 
 

Барлығы: 15 дәріс, 15 семинар, 30 СОӨЖ, 30 СӨЖ 

6. Негізгі және қосымша  әдебиеттің тізімі

6.1. Негізгі әдебиеттер:

1.Жамбылов Д.  Саясаттану. А., 2003

2.Нысанбаев А.  Н. Саясаттану. А., 1997

3.Қуандық Е.  Саясаттану. А., 2001

4.Байдельдинов  Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005

5.Мағзұмов М. Т. Саясаттану негіздері. Дәріс курсы. Өскемен, 2002

6.Рахметов Қ.  Саясаттану. Оқу құралы. А., 2005

  7. Введение в политологию: словарь-справочник / Под ред. В.П. Пугачева – М.: Аспект Пресс, 1996

  8. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Козелецкая Г.В. Политология: курс лекций – А.: ИПК, 1998

  9. Казахстанская политологическая энциклопедия / Центр политических исследований. А.: 1998

10. Мухаев Р.Т. Политология: Учебник для вузов. М.: ПРИОР,1997

11. Мұхамедов М., Сатершинов Б., Сырымбетұлы Б., Саяси-құқықтық ілімдер тарихы. А.: 2002

12. Политология: Учебник. / Под ред Л.А. Байдельдинова – А.: 1997

13. Политология: Энциклопедический словарь / Под общ. ред. Ю.И. Аверьянова – М.: 1993

14. Политология: Учебник для вузов / Под общ. ред. А.Н. Нысанбаева – А.: 1998

15. Смагулов Е.М. Основы политологии. Астана, 2001

16. Абдильдина Х.С. Саясаттану. Оқу құралы. Астана, 2007 

6.2. Қосымша әдебиеттер:

  1. Аристотель. Саясат. Шығармалары. М., 1984. Т.4.
  2. Әл Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, 1972.
  3. Әл Фараби. Әлеуметтік этикалық трактаттар. Алматы. 1973.
  4. Баласағұн Ж. Құтты білік. М., 1990.
  5. Берлин И. Четыре эссе о свободе. Л., 1992.
  6. Бурбаев Т.Қ. Ұлт менталитеті. Монография. Астана., 2001
  7. Бурбаев Т.Қ. Қазақ металитетінің даму ерекшеліктері. Астана., 2005
  8. Ильин В.В., Панарин А.С., Бадовский Д.В. Политическая антропология. М., 1995.
  9. Исаев Ә. Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру // Саясат. 2004.№6
  10. История политических и правовых учений // Грацианский П.С., Зорькин В.Д., Мамут Л.С. и др. М., 1990.
  11. Каменский В.Г. Политическая наука в США. М., 1969.Марков Б.В. Философская антропология. СПб., 1997.
  12. Қаржаубаев Е.К. Елдегі сот жүйесі // Саясат. 2005. №10
  13. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995
  14. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030. Қазақстан халқының дамуы мен әл-ауқатының артуының стратегиялық бағдарламасы. А.,1997
  15. Нұрымбетова Г. Қазақстандық сайлаушылар мінез-құлқын зерттеу тәжірибесі // Саясат. 2005. №8
  16. Омарова Г. Қазақстандағы шенеулік имиджі және мемлекеттік идеология // Саясат. 2005. №9
  17. Тоқмырзин Қ. Діл діңгегі // Саясат. 2005. №9
  18. Философия политики. Кн.1. Теоретико-методологические проблемы изучения политики. М., 1994.
  19. Шмитт К. Понятие политического // Вопросы социологии. 1992. №1.
  20. Юрьев А.И. Введение в политическую психологию. СПб. 1992№
 

7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

7.1- 7.2. Бақылау түрлері  мен әдістері: Курсты игеру барысында оқытушы сіздердің білімдеріңізді жүйелі түрде әртүрлі әдістер арқылы тексереді. Ағымдық бақылау: дәрістерге міндетті түрде қатысу және дәріс сабақтарындағы белсенділік (жалпы балдың 10%); семинар сабақтарына қатысып, тақырып сұрақтарын талдауда белсенділік (жалпы балдың 15%); СӨЖ тапсырмаларын орындау - танымдық тапсырмаларды шешу, реферат жазу (жалпы балдың 15%). Аралық бақылау: екі аралық бақылау (әр қайсысы жалпы балдың  10%) жеке жазба тапсырмалардың орындалуынан және тапсырылуынан тұрады. Қорытынды бақылау: семестр соңында студенттер емтихан тапсырады (жалпы балдың 40%). Емтихан ауызша тапсырылады, емтихан сұрақтары курс барысында өтілген сұрақтарды қамтиды. Баға көтеру мақсатымен емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.  

7.3. Студенттердің білімін  бағалау: 

Бақылау түрлері

Бағалау пайыз және балл

Ағымдық бақылау:
Дәрістер

Семинар (практикалық) сабақтар

СӨЖ  (студенттің өзіндік жұмысы)

 
Әр дәріске 50% – 100% дейін

Әр семинарға 50% – 100% дейін

Әр СӨЖ-ге 50% – 100% дейін 

Барлығы:  100% немесе х 0,4 = 40 балл

Аралық  бақылау:

I аралық бақылау (7 апта)

II аралық бақылау (15 апта)

 
50% – 100% дейін

50% –  100% дейін 

Барлығы: 100% немесе х 0,2 = 20 балл

Қорытынды бақылау

Ауызша емтихан (мемлекеттік)

 
100% немесе  х 0,4 = 40 балл
Барлығы
100% немесе 100 балл
 

 7.4. Бағалау критерийлері: 

Maximum

90-100 пайыз

Студент бұл  балды жинай алады, егер сабақта:
  • Дәріс конспектісі бар болса;
  • Семинар сабақтарына берілген тақырып бойынша конспект дайындаса;
  • Негізгі аргументтерді айқындап, түсініктеме бере алса;
  • Қойылған мәселе бойынша қарама қарсы пікірге сынды сараптама жүргізе алса;
  • СӨЖ орындаса (уақытында және шығармашылық бағытта).
Middle

75-89 пайыз

Студент бұл  балды жинай алады, егер сабақта:
  • Семинар сабақтарына берілген тақырып бойынша конспект дайындаса;
  • Кіші топтарда белсенділік көрсетіп, басқалардың пікірін тыңдап және қабылдай алса;
  • СӨЖ орындаса.
Minimum

50-74 пайыз

Студент бұл  балды жинай алады, егер сабақта:
  • Семинар сабақтарына берілген тақырып бойынша конспект дайындаса;
  • Семинар сабағында жоспар бойынша бір немесе екі сұрақты талқылағанда белсенділік көрсетсе;
  • СӨЖ орындаса.

Информация о работе Саясаттану пәнінің ұғымы