Салық

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Салық – кез келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Салықтар – бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.
Салықтар қаржының алғашқы санаты (категориясы), ол мемлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Содержание

І. Кіріспе .............................................................................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім ..................................................................................................7-
1. Салық салудың құрылу негіздері .................................................................7-13
1.1. Салықтың негізгі элементтері ...........................................................7-9
1.2. Салық мөлшерлемелерінің түрлері .............................................10-11
1.3. Салық салу қағидалары ................................................................12-13

2. Салық жүйесі және салық міндеттемесі .................................................14-24
2.1. Салық жүйесі ұғымы .....................................................................14-15
2.2. Қазіргі салық жүйесінің сипаттамасы ......................................... 16-20
2.3. Салық міндеттемесі туралы түсінік ..............................................21-22
2.4. Салық төлеушінің, салық агентінің құқықтары, міндеттері .......23-24

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер ............................25-
3.1. Жер салығы,мүлік салығы ........................................................... 25-27
3.2. Әлеуметтік салық ......................................................................... 28-30
3.3. Шетел мемлекеттерінің салықтары ............................................31-

ІІІ. Қорытынды бөлім ....................................................................................
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................

Работа содержит 1 файл

Салық.doc

— 190.50 Кб (Скачать)

      төлемдер

  1. Жер салығы
  2. Көлік құралдары салығы
  3. Мүлік салығы

ІІ. Алымдар:

  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым
  2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым
  3. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілерге құқықтарды

мемлекеттік тіркегені  үшін алым

  1. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені

үшін алым

  1. Радиоэлектрондық құралдар және жоғарғы жиіліктегі құрылғыларды

мемлекеттік тіркегені  үшін алым

  1. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік

тіркегені үшін алым

  1. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым
  2. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым
  3. Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағы бойынша жүргені үшін алым
  4. Аукциондардан алынатын алым

17

  1. Елтаңбалық алым
  2. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
  3. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік

спектрін пайдалануға  рұқсат бергені үшін алым

ІІІ. Төлемақы:

  1. Жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы
  2. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
  4. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
  5. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
  7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
  8. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
  9. Сыртқы жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы

ІV. Мемлекеттік баж:

  1. Мемлекеттік баж

V. Кеден төлемдері

  1. Кедендік баж
  2. Кедендік алымдар
  3. Төлемақы
  4. Алымдар

Сонымен, қазір қызмет ететін салық жүйесі төлемдердің 5 тобынан  тұрады.

Бірінші топ  – салықтар.

Барлық аталған салықтарды төмендегідей топтастыруға болады:

  1. Тікелей және жанама салықтар.

Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Жанама салықтар бағаға немесе тарифке үстеме ретінде тағайындалады және тікелей салық төлеушінің мүлкі мен табысына байланысты болмайды.

18

Тікелей салықтар – бұл салық төлеушінің тікелей табысы мен мүлкіне байланысты салықтар. Тікелей салық салынған кезде субъект салық ауыртпалығын нақты көтеруші болып табылады және бұл субъект қашан және қанша төлеу керек екенін біледі. Тікелей салық ашық алынады және әрбір салық төлеуші қандай соманы төлеу керек екенін біледі.

  1. Іс жүзіндегі және жеке салықтар.

Іс жүзіндегі салықтарға нақты табыс, мүлік жағдайына  және субъект жағдайына байланысты салықтар жатады. Іс жүзіндегі салықтарға, мысалы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы жатады.

Жеке салықтар – бұл  салық төлеуішінің табысына салынатын салықтар. Бұған корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдасына салынатын салық, әлеуметтік салық жатады.

  1. Заттай және ақшалай салықтар.

Заттай салықтар заттай (өнімнің бір бөлігі және т.б.) төленеді. Заттай

салықтарға ҚР-ның  арнаулы төлемдері мен жер  қойнауын пайдаланушылар салығына жататын  өнімдерді бөлудегі үлесін жатқызуға  болады. Басқа салықтар ақшалай түрде  төленеді.

  1. Заңды тұлғалардан және азаматтардан алынатын салық.

Бұл бөлініс салық салу субъектісіне байланысты болады. Заңды

тұлғалардан алынатын салықтарға корпорациялық табыс салығын, заңды тұлғалардың мүлік салығын жатқызуға болады.

  1. Жалпы мемлекеттік және жеке салықтар.

Бұл бөлініс аумақтық деңгейге байланысты болады. Яғни, кейбір

салықтар республикалық бюджетке, ал басқалары жергілікті бюджетке түседі. Салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінуі  ҚР-ның «Бюджеттік жүйе туралы» Заңында қарастырылған.

19

  1. Жалпы және арнаулы салықтар.

Арнаулы салықтар нақты  шараларды қаржыландыру үшін тағайындалады. Мысалы, әлеуметтік салықтан түсетін қаржылар әлеуметтік мұқтаждықтарға қолданылуы керек.  

Көлік құралдары салығы жолдары тиісті (қалыпты) жағдайда ұстап тұруға жұмсалады. Жалпы салықтар қазыналық рөл атқарады, яғни бюджетке түсіп, жалпы белгіленген тәртіппен қолданылады.

  1. Айлық табыс және айлық табыс емес салықтар.

Айлық табыс салығы сомасын салық органы әрбір салық төлеушіге бөлек

тағайындайды және салық төлеу міндеті төлеушінің аталған органнан есептелген салық сомасы, салық базасы және төлеу мерзімдері көрсетілген тиісті өкім (салық хабарламасын) алғаннан кейін туындайды. Бұған жеке түлғаның жер салығы мен мүлік салығы жатады.

Айлық табыс емес салықтарды салық төлеушілер өздігінен есептеп және салық заңына сәйкес белгіленген тәртіпте, мерзімдерде төлейді.

  1. Актив және пассив салықтары.

Салық төлеушінің шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесі объекті,

заты, салық базасы және төлем көзі қалыптасатын актив салығы болып табылады. Бұған корпорациялық табыс салығы жатады.

Алынған табыс есебінен салық сомасы төленеді. Актив салықтарға жанама салықтарды енгізуге болады, себебі олар өткізгеннен түскен түсім есебінен төленеді. Салық төлеу көзі салық салу объектісімен байланысты емес. Мысалы, егер жеке тұлғаның жекешелендірілген пәтері болса, онда ол тіпті оның табыс көзі болмаса да салық төлеуі тиіс.

 

 

 

 

20

Екінші топ  – алымдар.

Алым – бұл заңдық мәні бар әрекеттерді жүргізу үшін мемлекетке төленетін төлем.

Салық пен алымның  негізгі айырмашылықтары:

  1. Алымдар бір-ақ рет алынады. Мысалы, заңды тұлға тіркеу кезінде

мемлекеттік тіркегені  үшін алым төлейді. Екінші қайтара бұл  алым заңды тұлға қанша жыл  жасаса да төленбейді. Салықтарға тұрақтылық пен қатынастардың ұзақтығы тән.

  1. Ақысыздық және эквивалентсіздік салық белгісі болып табылады. Алым

эквиваленттік төлем  болып табылады, себебі алымды төлей  отырып, субъект мемлекеттен оның орнына бір нәрсе алады: белгіленген  құқық, мәртебе немесе рұқсат.

  1. Алым өтемдік (компенсациялық) сипатта болады және оның мөлшері

арыз берушіге көрсетілетін қызметті атқаратын мемлекеттік  органның шығынын өтеуі тиіс.

Үшінші тобы – төлемақы.

Төлемақы – бұл мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланғаны үшін мемлекетке төленетін төлем. Төлемақының мәні оның атауынан туындайды: орманды пайдаланғаны үшін төлемақы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы және т.б.

Төртінші топ  – мемлекеттік баж.

Мемлекеттік баж  – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті алым.

Бесінші топ  – кеден төлемдері.

Кеден төлемдері  – ҚР аумағына тауарларды әкелгенде және ҚР-сы аумағынан тауарларды шығарғанда алынатын міндетті алым.

 

21

Салық төлеуішінің салық  заңдарына сәйкес мемлекет алдында  туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Салық төлеуші салық  міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

  1. Салық органына тіркеу есебіне тұрады
  2. Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің

есебін жүргізеді.

  1. Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық

базалары мен салық  мөлшерлемелерін негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді.

  1. Салық есептілігін жасайды және оны белгіленген тәртіппен және

мерзімдерде салық қызметі  органдарына табыс етеді.

  1. Салық заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық және

бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің есептеп  шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық міндеттемесі орындалмаған жағдайларда, салық өсімпұлдары  мен айыппұлдарын төлейді.

Салық төлеуші салық  міндеттемесін орындауды белгіленген мерзімде дербес жүзеге асырады және мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

Салық берешегі туған жағдайда оны өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  1. Бересі сомасы
  2. Есептелген өсімпұлдар
  3. Есептелген айыппұлдар

22

Таратылатын заңды тұлға салық берешегін өтеуі тиіс. Бұл ретте заңды

тұлғаның филиалдары  мен құрылымдық бөлімшелерінің салық  берешегі де өтеледі. Егер заңды тұлғаның мүлкі салық берешегін өтеуге жеткіліксіз болса, қалған бөлігін заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейді.

Салық  міндеттемесі бойынша  талап қою мерзімі бес жыл, яғни салық 

қызметі органы салықтардың  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде есептей алады немесе қайта қарай алады. Осыған байланысты салық төлеушілер салық декларациясын құруға негіз болған құжаттарды салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл бойы сақтауға міндетті.

Салық төлеуші бюджетке төленетін төлемдердің артық  төленген сомасын салық кезеңі аяқталғаннан кейін бес жыл ішінде есепке жатқызуды немесе қайтаруды талап етуге құқылы.

Бюджетке артық  төленген салық сомасы:

  1. Салықтың басқа түрлері бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу

есебіне;

  1. Салықтың басқа түрлері бойынша бересіні өтеу есебіне;
  2. Салықтың осы және басқа да түрлері бойына алдағы төлемдер есебіне

жатқызылуы тиіс.

Егер аталған берешектер болмаған жағдайда, тұлғаға артық  төленген соманы қайтару өтініш берілген күннен бастап, 15 жұмыс күні  ішінде жүргізіледі.

Бюджетке төленетін төлемдерді орындау мерзімдерін өзгерту құқығын:

  • республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық органдары

Информация о работе Салық