Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 12:43, курсовая работа
Салық – кез келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.
Салықтар – бұл, белгіленген мөлшерде және көрсетілген мерзімдерде мемлекеттің өзінің қызметтері мен міндеттерін жүзеге асыруының көзі болып табылатын ұлттық табыстың бір бөлігі.
Салықтар қаржының алғашқы санаты (категориясы), ол мемлекеттің құрылуымен қатар қалыптасады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
І. Кіріспе .............................................................................................................3-6
ІІ. Негізгі бөлім ..................................................................................................7-
1. Салық салудың құрылу негіздері .................................................................7-13
1.1. Салықтың негізгі элементтері ...........................................................7-9
1.2. Салық мөлшерлемелерінің түрлері .............................................10-11
1.3. Салық салу қағидалары ................................................................12-13
2. Салық жүйесі және салық міндеттемесі .................................................14-24
2.1. Салық жүйесі ұғымы .....................................................................14-15
2.2. Қазіргі салық жүйесінің сипаттамасы ......................................... 16-20
2.3. Салық міндеттемесі туралы түсінік ..............................................21-22
2.4. Салық төлеушінің, салық агентінің құқықтары, міндеттері .......23-24
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер ............................25-
3.1. Жер салығы,мүлік салығы ........................................................... 25-27
3.2. Әлеуметтік салық ......................................................................... 28-30
3.3. Шетел мемлекеттерінің салықтары ............................................31-
ІІІ. Қорытынды бөлім ....................................................................................
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................
9
Салық төлеу тәртібі үш негізгі элементті қамтиды: салықтық төлем затының салық төлеушіден мемлекетке көшу әдістері, мерзімдері және түрлері.
Салықтық міндеттердің орындалуына жауапты тұлғаға байланысты салықты төлеудің екі әдісі бар:
жолы.
Қазіргі кезде салықты өз бетінше төлеудің төмендегідей әдістері бар:
а) декларация негізінде;
б) салықтық ескерту негізінде;
в) өз бетінше есептеу мен салықты төлемді енгізу жолымен;
г) біржолғы талон немесе патент сатып алу жолымен.
Салықты мәжбүрлеп төлеудің негізгі әдістері (салық төлеушінің күшіне қарамастан):
Салық элементінің екінші тобын міндетті емес, жеңілдіктер құрайды. Жеңілдік – бұл салық заңымен қарастырылатын, салық төлеушілердің жекелеген санаттарына берілетін құқық, онда салықты төлемеуге немесе оларды азайтылған көлемде төлеуге құқық беріледі. Салықтық жеңілдіктер әлеуметтік мақсаттарда немесе салықты экономикалық реттеу әдісі ретінде пайдалану кезінде берілуі мүмкін.
Салықтық жеңілдіктер жүйесі:
тәртібін оңайлату.
10
Салық мөлшерлемесі бұл салық базасының өлшем бірлігіне салықтық есептеулер шамасын білдіреді; ол салық төлеушінің табысына пайыздық көрсеткішпен салық салу нормасын сипаттайды, ол салық квотасы деп аталады.
Салық мөлшерлемелері құрылу әдісі бойынша тұрақты және пайыздық болып бөлінеді.
Тұрақты мөлшерлеме табыс мөлшеріне байланыссыз салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Мұндай мөлшерлемелер төмендегі салықтарды есептеу кезінде қолданылады.
Акциздер – 1 литрден (теңгеде немесе еурода), темекінің 1000 данасынан мөлшерлеме белгіленеді.
Жер салығы – 1 га немесе 1 м2 жер көлемінен мөлшерлеме белгіленеді.
Көлік құралдары салығы – көлік құралдарының түріне байланысты айлық есептік көрсеткіште мөлшерлеме белгіленеді.
Пайыздық – салық салу объектісіне немесе салықтық базаға пайыздық көрсеткішпен белгіленеді:
ҚҚС бойынша – салық салынатын айналымға %-те белгіленеді.
Корпорациялық табыс салығы бойынша – салық салынатын табыстан %-пен белгіленеді.
Мүлік салығы бойынша салық салу объектісі негізгі құралдар мен материалдық емес активтер болып табылады. Салық мөлшерлемелер бойынша есептеледі. Салықтық база – салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны болып табылады.
Пайыздық мөлшерлемелер үш түрлі болады: пропорционалдық, прогрессивтік (үдемелік) және регрессивтік.
Пропорционалдық мөлшерлеме салық салу объектісінің көлеміне байланыссыз бірыңғай ............... белгіленеді.
11
Прогрессивтік – шкалалар түрінде, ол бойынша алым пайызы табыстың немесе мүліктің көбею мөлшері бойынша өсіп отырады.
Прогрессияның (үдеменің) екі түрі бар – жай және күрделі; жай прогрессия кезінде салық мөлшерлемесі табыстың немесе мүлік құнының көбею мөлшері бойынша өсіп отырады; күрделіде – табыс, әр біреуіне көтерме салық мөлшерлемесі белгіленетін бөліктерге бөлінеді.
Күрделі сатылы шкалада мөлшерлемелер әрбір жаңа саты үшін белгіленеді:
Табыс |
Салық мөлшерлемесі |
10000-ға дейін |
2% |
15000-нан 20000-ға дейін |
3% |
20000-нан 30000-ға дейін |
4% |
30000-нан 40000-ға дейін |
5% |
Бұл жағдайда салық табысқа қарағанда көп мөлшерде артады. Күрделі ауытқымалы шкалада мөлшерлемелер табыстың ұлғайту шамасы бойынша жылжымалы өсуге ие болады: табыстың әрбір бөлігінде мөлшерлемелер пайызбен және абсолюттік сомада белгіленеді.
Регрессивтік мөлшерлемелер салық салу объектісінің ұлғаю шамасы бойынша төмендейді немесе керісінше, объектінің азаю барысында ұлғаяды.
Нарықтық экономика жағдайында бұл немесе басқа да мөлшерлемелер салық төлеушілердің төлем төлеуге қабілеттілігін есепке ала отырып қолданылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамсыздандыруда мөлшерлемелер заңды жолмен белгіленеді және мемлекеттік бюджеттің әрбір жылғы бекітуінде реттеледі.
12
Салық жүйесінде тарихи түрде салықтық жүктемені бөлудің екі қағидасы қалыптасқан (салық ауыртпалығы).
Бірінші қағидада әр түрлі
субъектілер пропорционалдық
салықтануы керек, үкімет ұсынған қоғамдық тауарлар мен қызмет көрсетулерге көп мөлшерде ие болғандар осы тауарлар мен қызметтерді қаржыландыру үшін қажетті салықтарды төлеулері керек. Мысалы, автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымы, жол салығы және басқа да төлемдер, бұрынғы Жол қорын қалыптастырғандар, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруі үшін алым. Бұл қағиданы пайдалану қорғаныс, қоғамдық қауіпсіздік, білім беру жүйесі және басқа да мемлекеттік қызметтер түрлері үшін қиынға соғады. Сондай-ақ, бұл қағиданы кедейлер, жұмыссыздар үшін қайырымдылық жәрдемақыларды қаржыландыру жағдайларында пайдалану мүмкін емес.
Екінші қағидаға сәйкес, субъектілерге мынадай түрде салық салынуы керек: нақты табысқа байланысты салық ауыртпалығы қойылуы керек. Яғни, жеке тұлғалар, кәсіпкерлер және ең жоғары табысты кәсіпорындар аз табысты ұйымдарға қарағанда ең жоғары салықтарды төлейді. Бұл қағиданың мәні, ұсыныстан шығады, яғни табыстың әрбір қосымша бөлігі қанағаттандырудың барлық аз үстелуіне әкеледі. Себебі, шаруашылықтандыру субъектілерінің ақша қаражатын жұмсауы бірдей емес: алынған табыстың бірінші бөліктері уақыттың кез келген кезеңінде бірінші кезектегі қажеттіліктің тауарлары мен қызмет көрсетулеріне болады, яғни аз ғана мөлшердегі пайда немесе қанағаттандырушылық әкелетін тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолданылады. Бұл, кедейлерге салық салу жолымен алынған ақшалар байлардан алынғанға қарағанда үлкен құрбандықты құрайды дегенді білдіреді.
13
Салықтарды зерделі түрде ұйымдастырудың классикалық қағидаларын А. Смит ұсынды:
а) салық әрбір салық төлеушінің табысымен сәйкестікте алынуы керек;
(әділеттілік қағидасы)
б) салық көлемі және төлеу мерзімдері алдын ала және анықталуы керек;
(айқындылық қағидасы)
в) әрбір салық, салық төлеуші үшін неғұрлым ыңғайлы уақытта және
әдіспен алынуы керек; (ыңғайлылық қағидасы)
г) салықтарды алу шығындары минималды болуы керек; (үнем қағидасы)
Салық жүйесінің дамуына орай қағидалар нақтыланды, толықтырылды
және төмендегідей болып жүйеленді:
міндеттерді толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті дегенді білдіреді.
а) «көлденең тепе-теңдікке жету», салық төлеушілердің барлық шығындарының, олар қалай табылатындығына және жұмсалатындығына байланыссыз, біркелкі тең жағдайларда салықтануын талап етеді;
б) заң алдында табыстарының әр түрлі деңгейі бар салық төлеушілердің міндеттері бойынша «тура тепе-теңдікті» сақтау.
негіздерді және салық төлеушінің салықтық міндеттерінің туындауын, орындалуын және тоқтатылуын белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
төлеушілерге қатысты ҚР-ның барлық аумағына бірдей болып табылады.
құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жарық көруі тиіс.
14
Салық жүйесі – бұл, мөлшерлемелері (ставкалары), төлеушілер және салық салу объектілері, төлеу тәртібі, жағдайы және мерзімдері, есептеу мен тіркеу әдістері көрсетілген, заңдарға сәйкес белгіленген, көрсетілген уақыт аралығында әрекет ететін (жұмыс істейтін) барлық салықтар тізімі.
1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған ҚР-ның «ҚР-дағы салық жүйесі» туралы Заңында салық жүйесін құрудың жалпы принциптері, салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі, әр деңгейде бюджетке есепке жатқызылуы, сондай-ақ салық төлеушілердің құқығы мен міндеттері, олардың осы төлемдерді толық және уақытылы бюджетке аударылуына жауапкершілігі анықталған. Осы Заңға сәйкес салықтар үлкен үш топқа бөлінді:
Жалпы мемлекеттік салықтарға:
1) Қосылған құн салығы
2) Табыс салығы
3) Акциздер
4) Экспорт және импорт салығы
5) Бағалы қағаздармен
жасалатын операцияларға
6) Кедендік тариф пен төлем
7) Жер қойнауын
8) Бекітілген (ренталық) төлемдер
9) Көлік құралдары салығы
10) Автокөлік құралын иемдену салығы
11) Автокөлік құралдарының ҚР-ның аумағына кіру салығы
12) Заңды тұлғалардың мүлік салығы
15
13) ҚР-ның азаматтарынан, шетел және азаматтығы жоқ азаматтардан алынатын табыс салығы
14) Мемлекеттік баж салығы
15) Табиғи ресурстарды пайдаланушылардың салығы
16) Колхозшылар еңбегін
төлеу қорына салынатын
Міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдарға:
1) Жер салығы
2) Жеке тұлғаның мүлік салығы
3) Орман табысы
4) Суға төленетін төлем
5) Табыстарға салынатын салық
6) Кәсіпкерлік әрекетті тіркеу үшін алынатын алым
7)Кәсіпкерлік әрекеттің
субъектісі ретінде
8) Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге қою үшін алынатын алым
9) Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен аударылатын мүлік салығы жатады.
Аталған салықтар мен алымдардан басқа жергілікті алымдар мен салықтардың 17-түрі белгіленген.
1995 жылы 24-сәуірде ҚР Президентінің заңдық күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер» туралы Жарлығы шықты. Осы жарлыққа сәйкес сол уақытқа дейін қызмет еткен салық жүйесі бірыңғайланып, төлемдердің көпшілігі алынып тасталды. Салықтың 11 түрі тағайындалды. Осы заң 2002 жылдың 1-қаңтарына дейін қызмет етті.
2002 жылдың 1-қаңтарында ҚР-ның жаңа Салық Кодексі енгізілді. Ол жаңа салық заңдылықтарымен ерекшеленеді.
Салық Кодексі – кең көлемді және жүйелі құжат. Мұнда бюджет пен салық төлеушінің арақатынасы толық реттелген және көптеген салық түрлері бойынша халықаралық стандарттарға мейлінше сәйкестендірілген.
16
2002 жылдың 1-қаңтарында қабылданған ҚР-ның Салық Кодексіне сәйкес төмендегідей салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қарастырылған:
І. Салықтар: