Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:52, курсовая работа
Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға алғашқы қадам жасай бастаған мезгілден бастап ел экономикасының сас маңызды жүйелерінің бірі болып саналатын салық қызметі органдарында да заңдар бекітілді. Экономиканы қайта құруда, оны реттеуде, ел бюджетінің кірісін құрастыруда «Жалпы мемлекеттік салықтардың» алатын орны ерекше.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі-өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ТАРАУ.РЕСПУБЛИКАНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары ...............5
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық реформасының негізгі кезеңдері .. 7
1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформалардың мәні мен негізгі мақсаттары ................................................................................................12
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Мемлекеттің салық саясатын жүргізудегі салықтық реформаның ролін талдау......................................................................................................................16
2.2 Республика бюджетін қалыптастырудағы салықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау......................................................................20
2.3. Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері ........................................................................................................23
3 ТАРАУ.САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАРДЫ ДАМЫТУ ЖЕТІСТІГІНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Салық жүйесі реформаларын жүргізуді нарық талаптарына сай дамыту мәселесі .................................................................................................................26
3.2 Салық жүйесіндегі салық саясатының экономиканы реттеудегі ролі .......27
3.3.Қазақстанның салық жүйесіндегі реформаларды жетілдіру жолдары..................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ ......................................................33
Лизинг алушының негізгі қаражаты ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері. Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде өзгертіледі. Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:
ауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
мәміленің шарттары өзгерген;
өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;
өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;
осы Кодекстің 211-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес өткізу жөніндегі айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларды жүргізеді.
Егер Қазақстан Республикасының қосылған құн салығын төлеуші
17
болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуы тиіс. Егер берілген жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы кодекстің 226-бабына аталған жұмыстар,көрсетілген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелері қолданбайды.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының келен аумағынан тауарлар экспорты болып табылады. Осы кодекстің 223-баының сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға осы Кодекстің 245-бабының 1-тармағында көрсетілен ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.
Халықтық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
халықаралық қатынаста жолушылармен жүретін тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желісінің жүйесі бойнша тасымалдау-экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген едендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын
18
құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасмалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасмалдаудың басталуы деп тасмалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды тасмалдауы басталатын жер танылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз іске асыратын операциялар.Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген мүлік импорты.
Осы тармақшада көрсетілген мүлік тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерін жаппайтын тараулар енгізеді.
Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу
Егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, тауарларды алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде,негізгі құралдарды қоса алғанда, алынған құралдар, жұмыстар мен қызмет көрсетулур салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
тауарды алушы осы Кодекстің 207-баының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
тауар беруші Қазақстан Републикасының аумағында өткізілген тауарлардың шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін басқа да құжат табыс еткен болса егер тауар беруші осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеуші болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа құжат «ҚҚС» белгісімен жазылады;
19
тауарлар импорты жағдайында- қосылған құн салығы бюджетке төленген болса.
Салық есептеу және төлеу тәртібі. Салық салатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 235-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын осы Кодекстің 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендік төлем құрамында төлей алады, оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.
Егер алдынғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының орташа айлық кезеңі тоқсан болып табылады.
Егер күнтізбелік ай ішіндегі есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, салық кезеңі болып табылады.
2.2. Республика бюджетін қалыптастырудағы салықтардың қаржы-экономикалық шараларын бағалау
Республикалық бюджеттің 70% салықтар құрайтыны белгілі. Бүгінде Қазақстанда салық жүйесінде,бюджеттің атқарылуында біраз табыстар бар,негізгі макроэканомикалық көрсеткіштердің тұрақтануына қол жеткізілді. Тиімді бюджет жүйесін құру жөнінде едәуір қадамдар жасалды.Қазақстан ТМД мемлекеттерінің алғашқыларының бірі болып салық туралы заң қабылдады. Оны 1995 жылы қабылдау республиканың қаржы жүйесін қалыптастыруда, барлық міндетті төлемдер бюджетке
20
құрылымдандыруда,салықтарды есептеу мен алудың тәсілдерін белгілеуде едәір роль атқарды.
Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі реформалау, мемекеттік бюджет қаражатының келіп түсуін бақылау мәселелеріне байланысты барлық фискалдық органдарды бір ведомство шегінде шоғырландыру процестері табысты жүргізілді.
Салық заңдарын жетілдіру жөнінде жұмыс жүріп жатыр.Эканомиканың даму переспиктивасын ескеретін және мемлекет пен салық төлеушілердің мүдделерін оңтайлы үйлестіруіне қолайлы орта жасауға барлық нормативтік құқықтық актілерді бір заң актісінің шеңберінде біріктіруге бағытталған жаңа Салық кодексі қабылданды.
Шығыстардың тиімді жүйесін жасау жөнінде шаралар қоданылды.Қазынашылық жұмыс тиісті деңгейде жолға қойылды. ТМД елдерінің алғашқылары болып Қазақстан қазынашылық жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламаларды уақтылы және мақсатты қаржыландыруға қол жеткізді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және Қазақстанның Даму Банкі құрылды.
Әлемдік стандарттьң талаптарына жауап беретін кірістер мен шығыстарды жаңа бюджеттік жіктеу енгізілді.
Шығыстар жүйесін жетілдіру жөнінде маңызы іс-шаралар орындалды.
Ал,егер әлсіз жақтарына келетін болсақ, Қазақстанда жұмыс істейтін ірі шетел компаниялары салық заңдарынжиі бұза отырып,салық төлеуден жалтарады,мұны тіпті халықаралық ұйымдар да атап көрсетеді.
Бюджетке түсімді көбейту үшін едәуір резерв нақ осында бола тұрса да, бюджетке берешекті өтеу жөніндегі жұмыс нашар жүргізіледі.
Бюджетке төлем жасау жөніндегісалық мерзімін кейінге қалдырудың тәртібіне өзгерістер енгізу талп етіледі,өйткені қазіргі кезде салық органның басшысы тиісті қаржы органның басшысымен келісім бойынша салық төлеу жөніндегі мерзімді ұзартға құқылы.
21
Бюджет жүйесін орталықсыздандыруың аяқталмауы бюджет- аралық қатынастың өзекті проблемасы болып отыр.
Бюджеттің теңдестірлмеуі бюджеттер өкілеттігінің айқын ажыратылуының жеткілікті болмауына байланысты тереңдей түсуде.
Бюджет ресурстарын орталықсыздандыру мен бюджет өкілеттіктерін орталықтандыру арасында үйлесімсіздік бар.
Қазіргі кзде қалыптасқан жағдай бюджет жүйесін орталықсыздандыруды күрделендіреді.Бұл ең алдымен бюджеттің тігінен түсірілуі туралы түсініктің сақталуына байланысты.
Аймақаралық күрт айырмашылық бюджет жүйесін орталықсыздандырудың артықшылықтарын пайдалануға кедергі келтіреді.
Бюджет жоспарлаудың уақыт аяасы орталықта да,сондай-ақ аймақтық деңгейлерде де қысқа мерзімді болып отыр.
Бюджеттің аудандық және облыстық деңгейлерінде өзіндік кіріс көздері бектілмеген.
Республикалық бюджетке ішінара аударылатын кірістер есебінен жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігін асыры орындауы көбіне мемлекеттік бюджеттің еркін қаражатын түзеді.
Жергілікті атқрушы және өкілді органдар осы көздер бойынша кіріс жоспарын ұлғайту және қаражатты қосымша шығыстарға бағыттау мүмкін болмайтын проблемалара тап болады.
Облыс бюджетінің жыл сайын өсуі – экономиканың жақсаруынан сондай-ақ салық саясатын халықтың тұрмыс тіршілігіне қарай тиімді жүргізуден.Бұл-салыққа қатысты ақпараттық жүйені енгізуден, салық инспекторларының кәсіби шеберліктерінің өсуінен. Осының барлығы салық түсімін жіті қадағалауға,кейбірулердің салық төлеуден жалтаруына жол бермеуге сеп. Әрине облыс бюджетінің толығуы ең әуелі осы өңірде жұмыс жасапжатқан табиғи байлықты игерушілерге тікелей қатысты. Олардың үлесі басым. Мұнай бағасы өсіп тұр. Дегенмен салықтың түсімі-әуелі біздің жұмысымыздың нәтижесі. Салық – кейбір фирмалар мен компаниялар үшін орасан зор қаржы.
Мұндай қаржы жүрген әр түрлі қулықтар болатыны аян. Оларды әшкерлеудің жолы көп. Салық салу жүйесінде, ең әуелі салық алынатын мүмкіндіктер шегіесептеліп, жыл бойы қанша салық жиналатыны
2.3. Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас XVII-XIX ғасырда пайда болды. Оған дәлелді теориялық эканомия классиакалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) “Салықпен пен жиынтық трактаты” (1662ж); Д.Рикардо “Cалық салу және саяси эканомиканың басталуы” (1817ж); А.Смит “Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж). А.Смит салық салудың төрт пинципін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.
1. Өзіне бейнелі мемлекет мүмкіндігіне қарай қабілетті және өз күшіне сай үкіметті ұстауға тырысады. Мемлекеттің қорғауы мен қамқорлығын пайдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады. Бұл ережені сақтау және сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңсіздігіне ұрындырады.
2. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтың төлеу мерзімі төлем түсімі, соммсы - барлығы дерлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы және кез-келген адамға солай.
23
3. Әрбір алынатын салық белгілі бір уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде төленеді.
4. Әрбір салық тұрғындардың талқысынан өткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасынан құйылуы, салық төлеушілерден алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болуы да мүмкін.
А. Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қоданудың әлуметтік-эканомикалық салдарын барынша терең талдады.
Салық дегеніміз немене? Эканомикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз - заңды және жеке тұлғалардан, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделініп алынатвн міндетті төлем жүйесі. Ол мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлеекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асыратын, қаржы қатынастарын сипаттайтын эканомикалық категория.
Салық саясаты мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен,жанаруымен бірге қалыптасады.
Әр бір мемлекетке ішкі және сыртқы саясатын бұзу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды эканомиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты эканомикалық тетік ретінде пайдаланады.
Қазіргі заманғы салық саясаты бірнеше қағиданы қолданды: жалпылай, яғни табыс табатын барлық эканомикалық тұлғаларды қамту.