Салалар дамуының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 12:32, реферат

Описание работы

Жоспардың ұзақ мерзімді сипатын түсіну өте маңызды. Республикада соңғы 20 жылдағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың кетуі, ғылыми-зерттеу және тәжирибелі конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі -ҒЗТКЖ) қаржыландыруыдың жеткіліксіздігі өнеркәсіптің бұрынғы бәсекелігі жоғары көптеген бағыттары бойынша республиканың зияткерлік әлеуетін төмендетуге алып келді. Бұл әлеуетті қалпына келтіру, оны әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге шығару тіпті өте ұзақ уақыт кезеңін талап етеді.

Работа содержит 1 файл

Салалар дамуының жоспары жібердім.doc

— 142.50 Кб (Скачать)

   Бұл саладағы Жоспардың мақсаты экономиканың мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркэсіп секторының ҒЗТКЖ-ға ішкі қажеттілігін 75%-ға қанағаттандыруға қабілетті ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қазақстандық секторын кұру болып табылады.

   АКТ жалпы экономиканы кешенді дамытудың катализаторы бола отырып, кез келген саланың ажырамас ілеспе бөлігі болып табылады. Тандалған басым бағыттармен АКТ-нің өзара іс-қимылы есептеу ғылымы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті есептеу технологиясын қамтамасыз ете отырып, бірыңғай пәнаралық жұмыс орталығын қалыптастыруды білдіреді.

   Мұнай-газ саласында АКТ жұмысты моделдеу, геофизика білімін алу және осы үдерістерді басқару үшін қажетті әзірлемелерді дамыту үшін зор маңызы бар.

   Тау-кен металлургия кешенінде АКТ геофизиканы моделдеу, жетілдіру үшін қажет, сондай-ақ олар елдің тау-кен металлургия кешенінің дамуын бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды. Бұдан өзге, ақпараттық технологиялар жер қойнауы туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын бірыңғай дерекқор құруға ықпал етеді.

   Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы зерттеулері өзіне жоғары технологиялық процестерді енгізу жолымен пайдалылықты ұлғайту және қоршаған ортаны қорғау үшін жаңа стандарттарды белгілейтін ауыл шаруашылығын жүргізудің инновациялық жүйелерін әзірлеуді қамтиды. Ауыл шаруашылығындағы жаңашылдық тұрақты даму мен талдауды моделдеу үшін пайдаланылатын АКТ, селекция және генетика үшін биология, денсаулықтың жай-күйін жақсарту және талдау үшін химия, агроөнеркәсіп кешенінің жұмысы үшін экономика және менеджмент теориясы сияқты пәндердің салааралық өзара іс-қимылын талап етеді. Барлық жоғары дамыған елдер бұл буындардың өте берік тізбегін жасады.

   Айтылғандарға байланысты телекоммуникация мен байланыстың қазіргі заманғы жүйесін құру қажет. Бұл мынадай басым ғылыми-технологиялық бағыттарды атап көрсетуге мүмкіндік береді:

   телекоммуникация және байланыстың қазіргі заманғы желілерін құру үшін ғылыми-зертгеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

   жергілікті және жаһандық деңгейдегі пайдаланушылардың ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы байланыс кұралдарынын барлық түрлерін енгізу;

   ақпаратты манипуляциялау және оны мәтіндік, графикалык, аудиовизуальдық тарату құралдары мен құрылғыларын жасау;

   аудиовизуальдық ақпаратты беру және пайдалану жүйесін кұру;

   графикалық немесе дыбыстық нысандағы деректерді, цифрлық және кері деректерді беруге өзгерту үшін құрылғыларды енгізу;

   мультимедиа, гипермәтін, гипермедиа, телекоммуникация, виртуалды нақтылық технологияларының, сондай-ақ геоақпараттық технологиясының әлеуетін іске асыратын құралдық және қолданбалы құралдар мен жүйелерді пайдалану;

   тұманды есептеуді әзірлеу және қолдану. 
 

5. Жоспардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесі 

   Жоспардың нәтижелілігін бағалаудың ұсынылатын өлшемдері:

   1. Зерттеулер рейтингі

   Ғалымдар мен институттардың зерттеу қызметін бағалаудың барынша жиі пайдаланылатын үш факторды пайдалану қажет, атап айтқанда:

   1) белгілі бір уақыт ішінде орындалған зерттеу жұмыстарының саны;

   2) дәйексөзділік деңгейі. Аталған фактор өзіндік дэйексөзділікті қоспағанда, мерзімді басылымдардағы отандық ғалымдардың шетелдік ғалымдармен дәйексөзділік деңгейін айқындауды тұспалдайды;

   3) дәйексөзділік коэффиценті: бар жұмыстардағы дәйексөз санының арақатынасы.

   2. Патенттер

   Отандық ғылымның жетістігін бағалаудың екінші факторы тіркелген халықаралық патенттер саны болуы тиіс.

   Дәйексөзділік деңгейін бағалау мен жарияланымдар санымен қатар ғылыми әзірлемелер патенттерінің санын бағалау әлемдік тәжірибеде ғылыми-технологиялық даму деңгейін айқындаудың маңызды өлшемі болып есептеледі.

   3. Жасалған және енгізілген әзірлемелер мен технологиялар саны.

   Отандық ғылымның жетістіктерін бағалаудың үшінші факторы өнеркәсіптік кәсіпорындар енгізген әзірлемелер мен технологиялардың жалпы әзірленген технологиялар санындағы үлесі болып табылады. Өйткені, қазіргі кезде мұндай факторды статистика органдары жүргізбейді және 2011 жылы оны бірінші бағалау болады, 2015 және 2020 жылдар үшін болжамды индикаторлар түзетілуге жатады.

   Осылайша, Даму жоспарын бағалау нақты сандық және сапалық көрсеткіштердің көмегімен аралық мониторингпен жүзеге асырылуы тиіс.

   Мынадай сандық көрсеткіштер пайдалануға ұсынылады: 

Параметрлері Санаттар   Болжам
2009 2015 2030
Инвестициялар ҒЗТКЖ/ЖІӨ,% 0,29 1,0 1,025
Экономикада жұмыс істейтін 10 мың адамға ғылым саласында жұмыс істейтіндердің саны 26 36 60
оның ішінде экономикада жұмыс істейтін 10 мың адамға зерттеушілердің саны, адам. 16,4 26,4 36,4
Нәтижелері Қазақстандағы патенттер 580 1000 2000
Америкалық патент бюросы тіркеген патенттер 4 7 12
Әлемде тіркелген патенттер 5 30 33
2004 жылдан бастап халықаралық жарияланымдар 1139 2960 4784
Жарияланымдар бойынша әлемдік рейтинг 92 80 50
Ғалымдардың дәйексезділік индексі (импакт-фактор) 1,91 2,64 3,84
Әзірленген технологиялардың жалпы санындағы енгізілген технологиялардың үлесі - 20% 50%
 
 
 
 
 

Жоспарға өзекті сипат беру 

   Технологиялық жаңғыртудың аралық нәтижелері және өткізілетін форсайттық зерттеулер бойынша, Жоспарға өзекті сипат берілетін болады.

   Бағалы форсайттық зерттеулер жүргізу 2-3 жыл ауқымды жұмысты қажет етеді. «Форсайт» деп үзақ мерзімді перспективада елдің экономикалық және элеуметтік дамуына елеулі ықпалын тигізе алатын жаңа стратегиялық ғылыми және технологиялық бағыттар мен жетістіктерді жүйелі анықтау процесі түсініледі.

   Бұл тетік 4 негізгі элементтен тұрады:

   «Форсайт» жүйелі және тұрақты процесс болып табылады;

   бүл процесте орталық орынды елдің экономика салаларын ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негізгі басымдықтарын анықтау алады;

   уақытша мүмкіншілік орташа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға белгіленуге тиіс;

   салалық басымдықтар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы тұрғысынан қарастырылады.

   Жаңа көзқарастың мәні мынада мемлекет компанияның көмегімен:

   таяудағы 10-20 жылда перспективалық технологиялар мен нарықтарды;

   бәсекеге қабілетті инновация жасау ісінде бизнес-мемлекет ынтымақтастығының бағыттарын;

   тіршілік сапасын жақсарту, экономикалық өсімді жеделдету және елдің халықаралық бәскеге қабілеттілігін сақтау мақсатында жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік беретін іс-шараларды анықтайды.

   Ұзақ мерзімді перспективада таңдап алынған және өнеркәсіптің жаңа салаларында ғылыми-технологиялық даму жетістігіне форсайттық зерттеулер жүргізудің (дельфийлік сауалдамалар және т.б.) көмегімен қол жеткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша елдің ғылыми-техникалық және айқын технологиялық міндеттері бар экономика салаларын дамытудың 10-20 жылға арналған экономиканы дамытудың басымдықтары анықталатын болып табылады.

   Форсайттық зертеулердің нәтижелерін талдау Жоспарға өзекті сипат беру үшін негіз болады. 
 

Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары 

Р/с

Іс-шара атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушылар Орындалу мерзімі Болжанатын шыгындар (мың тенге) Қаржыландыру көздері
1 2 3 4 5 6 7
1. Инновацияны қолдау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс ИЖТМ, БҒМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша) 2011 жылғы IV тоқсан Талап етілмейді  
2. «Ақылды қала» принципі бойынша «Алатау»АТП» АЭА-ны дамыту Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп ИЖТМ, БҒМ, БАМ, Қаржымині, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша), «Зерде» ҰИКХ» АҚ (келісім бойынша) Жыл сайын 15 желтоқсанға ТЭН-ге сәйкес РБ
3. «ҚМГИ» АҚ базасында мұнай-газ озық технологиялар салалық орталығын құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МГМ, БҒМ, ИЖТМ, «ҚМГ» АҚ (келісім бойынша) 2011 жылғы IV тоқсан Талап етілмейді  
4. «ҚМГИ» АҚ базасында мұнай-газ озық технологиялар салалық орталығының функцияоналын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс МГМ, БҒМ, ИЖТМ, «ҚМГ» АҚ (келісім бойынша) 2011 жылғы IV тоқсан Талап етілмейді  
Ь. Ақмола облысы, Шортанды ауданындағы Научный кентіндегі салалық АӨК ғылыми-білім беру кешенінің ТЭН-ін әзірлеу Қазақстан Республикасының

Үкіметіне есеп

АШМ, «ҚАИ» АҚ (келісім бойынша) 2010жылғы IV тоқсан 134451 РБ
6. Ақмола облысы, Шортанды ауданындағы Научный кентіндегі салалық АӨК ғылыми-білім беру кешенінің ТЭН-ін ЭДСМ-ге экономикалық сараптамаға енгізу Экономикалық сараптаманың

қорытындысы

АШМ, ЭДСМ, «ҚАИ» АҚ (келісім бойынша) 2011 жылғы І-ІІ тоқсан Талап етілмейді  
7. «Металлургия орталығы» базасында ТКМК-де озық технологиялар Металлургия орталығы ИЖТМ, БҒМ, «ИТТО» АҚ (келісім бойынша), 2011 жылғы

II тоқсан

Талап етпейді  
  салаарлық орталығын құру мәселелерін пысықтау жарғысына өзгерістер енгізу «МШКҚҰО» РМК (келісім бойынша)      
 
7.1
Тау-кен металлургия өндірісі КБ КҰРУ және дамыту және «ШТүстМетҒЗИ» ЕМК зевтханасын жабдықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп ИЖТМ,«ИТТО»АҚ (келісім бойынша), «МШКҚҰО» РМК (келІсім бойынша) 2010жылғы қараша-желтоқсан 2009-1 100 000 2010-1 200 000 РБ
 
7.2
«Металлургия орталығын» дамыту бойынша ҚЭН-ді ЭДСМ-ге Экономикалық сараптама жұргізуге енгізу Экономикалық сараптаманың қорытындысы ИЖТМ, «ИТТО» АҚ (келісім бойынша), «МШКҚҰО»РМК (келісім бойынша) 2010 жылғы қараша -желтоқсан Талап етілмейді  
8. Мұнай-газ саласындағы технологиялық міндеттерді іске асыру Жол картасын әзірлеу Бұйрық МГМ, ИЖТМ, БҒМ, «ҚМГИ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГ» АҚ (келісім бойынша) 2011 жылғы IV тоқсан Талап етілмейді  
9. АӨК технологиялық міндеттерін іске асыру Жол картасын әзірлеу Бұйрық АШМ, ИЖТМ, БҒМ, «ҚАИ» АҚ (келісім бойынша) 2011 жылғы IV тоқсан Талап етілмейді  
10. ТКМК технологиялық міндеттерін іске асыру Жол картасын әзірлеу Бұйрық ИЖТМ, БҒМ, «КазАтомПром» АҚ (келісім бойынша), «ШТүстМетҒЗИ» ЕМК (келісім бойынша), «Тау-Кен Самұрық» АҚ (келісім бойынша) 2011 жылғы IV тоқсан Талап етілмейді  
11. Ғылыми-технологиялық қызметті жабдықтау бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс ИЖТМ, БҒМ, АШМ, МГМ, «ҚАИ» АҚ (келісім бойынша), «ҚМГИ» АҚ (келісім бойынша), «МШКҚҰО» РМК (келісім бойынша) 2011 жылғы IV тоқсан Талап етілмейді  
12. Инновациялык үрдістерді талдау, технологиялык болжамдау жүйесін құру (Қазақстан Республикасының ғылыми-технологиялық даму басымдықтарын «Форсайт» әдісі көмегімен 10 жылға анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ИЖТМ, БҒМ, «ҰИҚ» АҚ (келісім бойынша) 2015 жылғы IV тоқсан 2011-234 519 2012-234 519 2013-234 519 РБ*
 
 
 
 
 
 
 
 

     

   аббревиатуралардың толық жазылуы:

   ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

   Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

   БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

   БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

   АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

   МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

   «Зерде» ҰИХ» АҚ - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы

   «ҚМГ» АҚ - «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы

   «ҚАИ» АҚ - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы

   «ҰИҚ» АҚ - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы

   «ҚМГИ» АҚ - «Қазақстандық мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы

   «ИТТО» АҚ - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы

   «Тау-Кен Самұрық» АҚ - «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы

   «МШКҚҰО» РМК - «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны

   «ШТүстМетҒЗИ» ЕМК - «Шығыс түсті металдар тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   РБ - республикалық бюджет

   КБ - конструкторлық бюро

   «Алатау» АТП АЭА - «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы

   АОК — агроөнеркәсіптік кешен

   ТКМК - тау-кен металлургия кешені

   АКК - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

   ТЭН - техника-экономикалық негіздеме

   ҚЭН - қаржы-экономикалық негіздеме

Информация о работе Салалар дамуының жоспары