Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 12:32, реферат
Жоспардың ұзақ мерзімді сипатын түсіну өте маңызды. Республикада соңғы 20 жылдағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың кетуі, ғылыми-зерттеу және тәжирибелі конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі -ҒЗТКЖ) қаржыландыруыдың жеткіліксіздігі өнеркәсіптің бұрынғы бәсекелігі жоғары көптеген бағыттары бойынша республиканың зияткерлік әлеуетін төмендетуге алып келді. Бұл әлеуетті қалпына келтіру, оны әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге шығару тіпті өте ұзақ уақыт кезеңін талап етеді.
берік бүлінуі қиын эмульсиялардың пайда болу тетігін зерделеу жәңе оларды бұзу әдістерін меңгеру;
су-мұнай эмульсияға болу үшін жаңа тәсілдер;
ауыр және парафинді мұнайды құрғату және тұзсыздандырудың жаңа әдістері;
мұнай және мұнай өнімдерінен дисперсиялық фазаны электрлік-химиялық бөлудің жаңа әдістері;
қоңыр көмірден натрий гуамата физиологиялық белсенді препаратты алу технологиясын жасау;
қоңыр көмірден синтетикалық мұнай алу;
мұнай және мұнай өнімдерінен ванадийді анықтау және бөліну тәсілдерін меңгеру.
4. Құрлықта және теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа технологиялар:
Мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде ілеспе газды кәдеге жаратудың жаңа тәсілдері (өтінім берілді);
қойма мұнайы мен мазут төгіліп бүлінген топырақты кәдеге жарату тәсілі;
Мұнай-газ кәсіпорындарында күкірт сақтау және кәдеге жаратудың қауіпсіз тәсілдері (сақтау тәсілі бойынша өнертабысқа өтінім берілді);
бұрғылау
қожын кәдеге жарату тәсілдері.
Тау-кен
металлургия саласы
Бұл саладағы Жоспардың мақсаты ҒЗТКЖ-да саланың ішкі қажеттілктерін 100%-ға қанағаттандыруға қабілетті, қазақстандық тау-кен металлургия ғылымын қалыптастыру балып табылады.
Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі металдар мен қорытпалардың сол немесе өзге де қасиеттерін зерделеуге арналған дәстүрлі тақырыптар бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, тау-кен металлургия саласында ресурс-энергия үнемдейтін технологиялар әзірлеу, қалдықтарды игеру және қайта өңдеу, тау-кен металлургия кешенінің шикізаттық материалдарын дайындау, металлургияда электрлік химиялық үрдістері сияқты негізгі бағыттар бойынша зерттеулер іс жүзінде жүргізілмейді.
Бұдан басқа, тау-кен металлургия саласында ҒЗТКЖ-ны енгізудің төмен пайызы байқалады. Мәселен, 2008 жылы металлургиядағы (790) ҒЗТКЖ-нын жалпы санынан тек 9%-ының патенттері болды.
Өндіріске ҒЗТКЖ енгізудің төмен деңгейінің ең ықтимал негізгі себептерінің бірі ҒЗТКЖ-ның негізгі тапсырыс берушісі мемлекет болып табылады. Бұл ретте ғылыми-зерттеу жұмыстарын жеке капитал есебінен қаржыландыру көлемі төменгі деңгейде қалып отыр.
Нәтижесінде, тау-кен металлургия саласындағы көптеген зерттеулер «қағаз» деңгейіндегі зерттеулер болып қалып отыр және өндірісте өзінің қолданылуын таба алмады.
Осыған сәйкес ғылыми-зерттеу қызметінің мынадай басым бағыттары таңдап алынды.
1. Пайдалы қазбалар мен техногендік шикізатты байыту:
сульфитті, тотыққан және аралас түсті металл кендерін тиімді байыту тәсілдерінің негіздемесі;
жаңа флотациялық реагенттерді әзірлеу;
түсті, сирек кездесетін және бағалы металдарды алуды арттыруға мүмкіндік беретін энергетикалық ықпалын пайдалана отырып, қорғасын-мырыш кендерін байытудың жаңа технологияларын меңгеру;
қиын байытылатын, теңгерімді кендер мен техногендік шикізатты қайта өңдеудің жаңа технологияларын жасау және игеру.
2. Түсті, сирек кездесетін және асыл металдар металлургиясы:
республиканың түсті металлургиясында ресурс-энергия үнемдейтін экологиялық таза технологиялар бойынша ғылыми-техникалық және технологиялық шешімдер кешенін құру;
қолда бар технологиялық үдерістерді жетілдіру және жаңғырту, қалдықтарды қайта өңдеу технологиясын игеру;
құрамында сирек кездесетін және асыл металдары бар кондициялық емес және дәстүрлі емес шикізатты пайдаланудың жаңа технологиялық үдерістерін әзірлеу, өндірісті ұлғайта және экспорттық және импортты алмастыратын өнімдердің кең сұрыпталымын шығара отырып, оларды енгізу және игеру;
3. Қара металл металлургиясы:
өнеркәсіпте күрделі құрамды темір кенді шикізатты кесектендіру, күрделі құрамды темір кенді шикізатын домналық және оттегі конвертациялық балқыту технологияларын әзірлеу және игеру;
металлургия және машина жасау қажеттілі үшін республикада арнайы кокс алудың сапалы ферроқорытпа өндірісін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін марганец және хром шикізатын дайындаудың өнеркәсіптік технологияларын жасату;
республиканың толық қажеттілігін қамтамасыз ететін марганец және хромит ферроқорытпаларын кең сұрыпталымын, кремний мен алюминий негізінде қорытпаларды алу технологиясын игеру және экспорттық өнімнің жеткізілімін кеңейту.
4. Уран өндіруші және сирек кездесетін металлдар кіші саласы;
жұмыс істеп тұрған кеніштерде қазіргі заманғы өнімділігі жоғары технологияларды енгізу есебінен уран өндіруді үлғайту;
уран өндіру және өңдеу, жаңа экологиялық таза технологияларын пайдалану есебінен уран өндіретін және уран өңдейтін кәсіпорындардың ең төмен деңгейдегі ықпалын қамтамасыз ету;
отын таблеткаларының өндірілетін типтерінің номенклатурасын кеңейту;
таяу уақытта экономикалық тұрғыдан анағұрлым оңтайлы ресейлік өндірушілер мен бірге кооперацияда АЭС отын өндіру схемасын сақтау.
өнеркәсіп (уран, торий, литий, бериллий) және атом энергетикасы, оның ішінде конструкциялық материалдар (цирконий, гафний, тантал, ниобий) үшін бастапқы химиялық қосылыстарды ала отырып, радиоактивті және сирек кездесетін металл кендерін өңдеу технологиясын жасау;
уранды және ілеспе элементтерді алудың тиімді технологияларын әзірлеу;
аз қалдықты экологиялық қауіпсіз өндірістер құру, реагенттерді, материалдар мен энергия ресурстарын үнемді жұмсау;
қосылыстар мен жаса таза металдарды алғанға дейін кен мен концентраттарды қайта өндеудің үнемділігі жоғары технологиялық схема жасау.
5. Конструкциялық материалдар өндіру:
өзіндік ерекшелігі бар өнімдерді қол жетпейтін басым қазіргі заманғы технологиялармен алу;
көп
компонентті өнімдер және қалып жасау
үдерістері және металл өнімін өңдеу.
Агроөнеркәсіптік
кешен
Жоспар мақсаты саланың ҒЗТКЖ-ға ішкі қажеттілігін 75%-ға қанағаттандыруға қабілетті қазақстандық ғылымды осы салада дамытуды білдіреді.
Жүргізілген зерттеулер тақырыбын талдау жұмыстардың негізгі көлемі ауыл шаруашылығы дақылдарының бәсекеге қабілетті жаңа сорттары мен будандарын жасап шығару, ауыл шаруашылығы малдар, құстар, балықтар мен аралардың тұқымдарын, типтері мен іздерін жасап шығару, оларды азықтандыру және ұстап бағу; негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, оларды сақтау және өңдеу; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын әзірлеу; вакциналар мен емдік препараттарды әзірлеу саласындағы зерттеулерге тиесілі екендігін көрсетеді.
ауыл шаруашылығы өнімдерін әзірлеу, қайта өңдеу және сақтау, және тамақтандыру технологиясын әзірлеу,
Сонымен бірге, осы салада инновациялық технологияларды енгізудің жеткіліксіздігі, ауыл шаруашылығы тауарендірушілерінің әлсіз техникалық жарақтануы, кәсіптік секторындағы инновациялық талабының төмен деңгейі сияқты келеңсіз құбылыстар байқалады.
Сонымен қатар, Қазақстанда сыналған шетелдік технологияларды оқшаулаудың бірнеше тәжірибесі бар.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының мынадай бағыттары ұсынылады:
1. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласында:
ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарын қалыптастыру, интродукциялау, қорғау және сақтау;
дәстүрлі селекция, клеткалық инженерия, молекулярлық генетика мен биоинженерия әдісін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары және орташа стрестік факторларына төзімді сорттары мен будадарын жасап шығару және жетілдіру;
Қазақстанның өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруды ескере отырып, жерпайдалану бейімді жүйесін және ылғал ресурстарын үнемдеу технологияларын әзірлеу және қолдану;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау және карантин жүйесін, оның ішінде тиімділігі жоғары биопрепараттарды әзірлеу жолымен жетілдіру.
Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи және топырақты жағдайларында ауыл шаруашылғы дақылдарының шетелдік селекцияның жоғары өнімді сорттарының экологиялық сортсынағын жүргізу.
2. Мал шаруашылығы және ветеринария саласында:
ауыл шаруашылығы малдарының, құстар мен аралардың тұқымдарын, типтерін, көздері мен желілерін жасап шығару және жетілдіру;
ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық ресурстарын қалыптастыру, зерделеу, құжаттау;
ауыл шаруашылығы малдарын, қүстар мен араларды ұстап бағу мен азықтандыру жаңа технологиялары мен биотехнологияларын әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру;
Қазақстанның әртүрлі аймақтары үшін шетелдік селекцияның ауыл шаруашылық малдарын бейімдеу технологияларын әзірлеу;
ветеринарлық диагностикумдар, емдік препараттар мен вакциналарды жасап шығару;
қауіпті заттарды анықтау тәсілдерін әзірлеу және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау.
3. Ауыл шаруашылығы шикізатын сақтау және қайта өңдеу саласында:
микроорганизмдер генқорын қалыптастыру, зерделеу, қолдау мен құжаттау және оларды ауыл шаруашылығы және тамақ биотехнологияларында қолдану;
мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдірінің терең және кешенді өңдеуін қамтамасыз ететін жаңа технологияларды әзірлеу арқылы ауыл шаруашылығы шикізатының бастапқы өңдеуін жетілдіру мен терең өңдеу өнімдерінің ассортиментін кеңейту;
сақталу мерзімі ұзақ тамақ және биологиялық құндылығы жоғары, оның ішінде ұлттық өнімдерін жасап шығару;
сақтау кезінде жеміс және көкөністердің сапасын максималды сақтауға және жоғалуының азаюына әсер ететін жаңа үнемді технологияларды әзірлеу;
ұсақ кәсіпорындар үшін ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша технологиялық жабдықты әзірлеу.
4. Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласында:
ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және азықты дайындау ресурс үнемдейтін технологиялар үшін машиналар кешенін әзірлеу;
энергия қамтамасыз ету және сумен жабдықтаудың балама техникалық құралдарын әзірлеу.
5. Табиғи ресурстарды басқару саласында:
су шаруашылығын дамыту технологиялық және техникалық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру (мелиорациялау, суландыру, суару техникасы және технологиясы);
топырақ және орман ресурстарын сақтау және қайта өндіру технологиялық әдістерін жетілдіру.
Қазақстан суқоймалары биоресурстарының экологиялық-эпидемиялық жағдайын кешенді бағалау және аквакультураларды өсіру технологияларын әзірлеу;
Қазақстанның толық жүйелі балық шаруашылығы жағдайларында балықтардың шаруашылық-бағалы түрлері және олардың будандарының тауарлы өсіру технологиясын әзірлеу.
6. Қазақстан Республикасының АӨК экономикасы саласында.
агроөнеркәсіптік әндірісін және ауылдық аймақтарды инновациялық дамытудың ұйымдық-экономикалық және элеуметтік негізі;
АӨК
ғылыми-техникалық дамуының технологиялық
болжауы.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар экономиканың мұнай-газ,
тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп
секторындағы технологиялық құзыреттілікті
қамтамасыз етудің ажырамас құрамдасы
ретінде