Салалар дамуының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 12:32, реферат

Описание работы

Жоспардың ұзақ мерзімді сипатын түсіну өте маңызды. Республикада соңғы 20 жылдағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың кетуі, ғылыми-зерттеу және тәжирибелі конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі -ҒЗТКЖ) қаржыландыруыдың жеткіліксіздігі өнеркәсіптің бұрынғы бәсекелігі жоғары көптеген бағыттары бойынша республиканың зияткерлік әлеуетін төмендетуге алып келді. Бұл әлеуетті қалпына келтіру, оны әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге шығару тіпті өте ұзақ уақыт кезеңін талап етеді.

Работа содержит 1 файл

Салалар дамуының жоспары жібердім.doc

— 142.50 Кб (Скачать)

Кіріспе 

   Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамыуының салааралық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатына барынша қол жеткізу мақсатында, сондай-ақ әлемде туындап жатқан жаңа ғылыми білімдер мен технологиялардың негізінде экономикадағы жаңа салаларды дамытуға арналған іргетас қалау үшін экономиканың дәстүрлі салаларын пайдалану үшін бірінші дәрежелі мәнге ие.

   Жоспардың ұзақ мерзімді сипатын түсіну өте маңызды. Республикада соңғы 20 жылдағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың кетуі, ғылыми-зерттеу және тәжирибелі конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі -ҒЗТКЖ) қаржыландыруыдың жеткіліксіздігі өнеркәсіптің бұрынғы бәсекелігі жоғары көптеген бағыттары бойынша республиканың зияткерлік әлеуетін төмендетуге алып келді. Бұл әлеуетті қалпына келтіру, оны әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге шығару тіпті өте ұзақ уақыт кезеңін талап етеді.

   Жоспарды іске асыру еліміздің ішкі мүмкіндіктерін, ұлттық экономиканың даму перспективаларын әлемдегі технологиялық үрдістерді ескере отырып, айқындалған Қазақстан Республикасының негізгі ғылыми және технологиялық басымдықтарын дамытуға мемлекеттің күш жігерін бағыттауға және еліміздің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның негізгі салаларында технологиялық көшбасшылық іргетасын қалауды жеделдетуге мүмкіндік береді. 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ғылыми ресурстар 

   Қазіргі кезде ҒЗТКЖ-нің барынша көп саны аграрлық-өнеркәсіп кешенінде - 3040, металлургияда - 790 және мұнай-газ саласында - 79. Ал патенттердің абсолюттік саны бойынша басым бағыттарды саралау кезінде мынадай көріністерді байқауға болады: ең үздік нәтижелер агроөнеркәсіп кешенінде (бұдан әрі - АӨК) - 221, металлургияда - 77 және ең аз деңгей мұнай-газ өнеркәсібінде - 7.

   Әзірлемелер ғылыми-техникалық жұмыстардың тікелей нәтижесі және олардың нәтижелілігінің индикаторы болып табылады. Талдау салалық құрылымда 2004-2009 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығының - 64(18%), металлургияның — 35 (6°/о) басым болғандығын көрсетті. Енгізуге толықтай дайын, яғни барлық кезеңдерден өткен (бизнес-жоспардың, техникалық құжаттаманың және технологиялық регламенттің, тәжірибелік және тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгінің бар болуы) әзірлемелердің үлесі төмен болып отыр. Енгізу үшін ұсынылған, мынадай бағыттар бойынша құрылымданған 165 әзірлеме бар, олар: мұнай-газ өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, көмір өнеркәсібі, фармацевтика өнеркәсібі, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика кешені, агро-өнеркәсіп кешені, биотехнология және медицина.

   Жалпы алғанда Қазақстан ғылымының ұйымдастырушылық құрылымында «зерттеу-әзірлеу-жобалау-дайындау» бірыңғай тізбегінің буыны арасында сәйкессіздік сақталған. Ол, барлық ғылыми ұйымдардың 45,1%-ын ғылыми зерттеу институттары (бұдан әрі - ҒЗИ) және тек 6,4%-ын - жобалық және жобалық-конструкторлық ұйымдар құрайтынымен көрінеді.

   Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы ғылыми-зерттеу және конструкторлық құрылымдар жобалық-конструкторлық құжаттама, тәжірибелік үлгілер және сериялық өндіріске игеру бойынша жұмыстар кешені түріндегі зерттеулерді іске асыруды қамтамасыз ететін елдің ғылыми-зерттеулік және жобалық жүйесінің негізгі буынының бірі болып табылады.

   Қазақстанда олардың саны ғылыми-техникалық ұйымдардың жалпы санының небары 1,8%-ын құрады. Қолда бар мәліметтер бойынша ғалымдар және ҒЗТКЖ мен ТКЖ-ні жүзеге асыратын маманда, тәжірибелік өндірістердің қызметкерлері арасындағы арақатынасы Қазақстанда бүгінгі күні 25:4:1, салыстыру үшін: шет елдерде 1:2:4 құрайды. Ғылыми-зерттеу институттарының көпшілігі өз құрамында ғылыми идеяларды, әзірлемелер мен технологияларды іске асырумен айналысуға бағытталған қажетті инженерлік-техникалық инфрақұрылымы (конструкторлық және тәжірибелік өндірістердің технологиялық қызметі) жоқ. ҒЗИ-лердің көпшілігі шаруашылық айналымға қатысудың төменгі деңгейімен сипатталады.

   2009 жылы зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдар саны 414 бірлікті құрады. 
 
 
 
 
 
 

Кадрлық ресурстар 

   Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ғылым саласын кадрлармен қамтамасыз етумен байланысты бірқатар проблемалар бар. Ғылыми-технологиялық зерттеу саласында жұмыс істейтіндер санының төмендеу үрдісі байқалады. Бұл аталған саланың ұзақ мерзімді қызметтік өсу үшін тартымды болып табылмайтындығымен байланысты. Сондай-ақ, ғылым докторы, ғылым кандидаты РҺD-докторы және магистр сияқты берілген ғылыми дәрежелер санының жөнсіз өсу қарқыны бар. Кадр әлеуетінің біліктілік құрылымы ғылым кандидаттары мен докторларының арақатынасымен айқындалады. Жалпы қабылданған тәртіп бойынша ғылым кандидаттары мен докторларынын орынды арақатынасы 10:1 тең. Соңғы жылдары аталған көрсеткіштің төмендеуі байқалуда. 2005 жылы бұл арақатынас 4:9-ды құрады. Орташа 1992 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы көрсеткіш 5:1 тең болды.

   Ғылыми-техникалық әлеуеті қайта жаңғыртудың маңызды индикаторы оның жас тобы болып табылады. 2009 жылы техникалық мамандық бойынша ғылым кандидаттығын қорғағандардың орташа жасы 37,0 жасты, докторлар -49 жасты құрады. Ғылыми кадрларды «жасарту» проблемасы біліктілігі жоғары кадрларды даярлау жүйесінде әлі де өзекті және барынша маңызды болып отыр.

   Қазіргі проблемалардың бірі белгілі бір салалардағы ғылыми зерттеулер шоғырлануының жоғарылығы болып табылады. Мынадай мамандықтар тобы бойынша қандай да бір ғылыми қорғаулар болған жоқ: энергетикалык, металлургиялық және химиялық машина жасау, авиациялық және зымыран-ғарыштық техника, кеме жасау, аспап жасау, метрология және ақпараттық-өлшеу құралдары мен жүйелері, радиотехника және байланыс, энергетика, электроника, құжаттамалық ақпарат және басқалар, алайда осы топтардый ішінен көптеген мамандықтар бойынша республикада кадрлар тапшылығы байқалады және олардың бірқатары жоғары технологиялық салаларға жатады. 

Қаржы ресурстары 

   Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы ішкі өнімге пайызбен санағанда зерттеулер мен әзірлемелерге кететін ішкі шығындардын салыстырмалы көрсеткіштері әлемдегі ғылыми-техникалық және технологиялық дамуды бағалау үшін маңызды көрсеткіштердің бірі деп санау қабылданған. Бұл көрсеткіш 2009 жылы АҚШ-та 4,71%-ды, Ресейде 1,07%-ды құраса, Қазақстанда 0,24%-ды құрады.

   Бұл ретте ғылымды қаржыландырудың маңызды көзі барлық экономикалық дамыған елдерде бюджет қаражаты болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттен бөлінетін қаржыландыру көлемінің ЖІӨ-нің 0,10 %-ы деңгейінде сақталуы (2009 жылғы деректер бойынша) жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуге мүмкіндік бермейді. 
 

Жоспардың міндеттері 

   Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

   1. Қазақстан экономикасының бірқатар негізгі салаларын айқындау (ұзақ мерзімді кезеңде).

   2. Ұзақ мерзімді кезеңде технологиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті, ғылыми-техникалық әлеуетпен қамтамасыз етілген ғылым бағыттарын айқындау.

   3. Олар бойынша ұзақ мерзімді кезеңде технологиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті әлеуеті бар Қазақстан экономикасының негізгі салаларында ғылымды дамыту үшін қажетті шаралар кешенін айқындау.

      Негізгі нысаналы индикаторлар мыналар болып табылады:

   1) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялык дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі - ҮИИДМБ) белгіленген нысаналы индикаторлардың экономиканың басым салаларында орындалуын қамтамасыз ету;

   2) 2020 жылға қарай ҮИИДМБ-де белгіленген нысаналы индикаторлардың экономиканың басым салаларында орта есеппен 30%-ға өсуін қамтамасыз ету;

   3) ғылыми-техникалық және технологиялық дамуға арналған шығыстар құрылымдарын мынаған тепе-тең ету: іргелік зерттеулер - 20%, қолданбалы зерттеулер - 30% және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - 50% болып табылады.

      Жоспарды іске асыру 2-кезеңнен тұрады:

   1-кезең (2010-2014 жылдар): негізгі салаларды айқындау және ондағы елдің ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуетін бағалау, ғылыми-техникалық және технологиялық болжау мен жоспарлау жүйесін құру және іске қосу;

   2-кезең (2015-2020 жылдар): ғылыми-техникалық және технологиялық болжау саласындағы жүйелі зерттеу нәтижелері бойынша ондағы негізгі салалардың, ғылыми-техникалық және технологиялық басымдықтардың тұрақты жаңару тетігін қалыптастыру.

      Негізгі салаларды таңдау Қазақстан экономикасының ішкі мүмкіндіктеріне және қажеттіліктеріне негізделуі тиіс. Басқаша айтқанда Қазақстан экономикасының жүйе құраушы салалары қазақстандық материалдық және материалдық емес ғылыми-техникалық және технологиялық өніміне тұрақты сұранысын жасау есебінен республиканың технологиялық құзыреттігі өсімінің негізгі ұйтқысы болуы тиіс.

   Ғылыми-технологиялық саясат, өз кезегінде перспективалық технологиялық әдіске арналған қажетті ғылыми-технологиялық негіз құруды қоса алғанда, ұлттық экономика үшін жеткілікті түрде технологиялық тәуелсіздікке және бәсекеге қабілеттілікке негізделуі тиіс. Бұдан өзге, ғылым мен технологиялардағы әлемдік үрдістерді, әсіресе соңғы жылдары күшейіп келе жатқан конвергенция мен жаңа технологиялық көріністерді (био, нано, ІТ) және оларды дәстүрлі салаларда ауқымды пайдалануды назардан тыс қалдырмау қажет.

   ҮИИДМБ-да бекітілген салалық басымдықтар тізбесі жеткілікті түрде ауқымды болып табылады. Өнеркәсіптің нақты салаларынан басқа, онда биотехнология, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар сияқты дамудың кейбір технологиялық бағыттары да бар. Жоспарды іс жүзінде іске асыру көзқарасы бойынша салалық бағдарламалардың ауқымын тарылтып, өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті салаларының өсімі мен экспортты ұлғайтуға қабілетті ғылыми-технологиялық сипаттағы нақты бағыттарды айқындау қажет.

   Жоспар шеңберінде салалық басымдықтарды ашық және негізді айқындау үшін мынадай экономикалық өлшемдерді пайдалану ұсынылады:

   саланың ЖІӨ-дегі үлесі мен оның өзгеру серпіні;

   ұлттық экспорттағы үлесі;

   саланың ЖІӨ-дегі үлесі мен оның өзгеру серпіні;

   сала дамуының ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуеті.

   ҮИИДМБ-ның салалық басымдықтары тізімінде жазылған өлшемдер негізінде Қазақстан Республикасының экономикасына қолданылатын Жоспардың мынадай салалық басымдықтары анықталды: 

   1 -кесте. 

Сала атауы ЖІӨ-дегі ұлесі мен өзгеру серпіні Экспорттағы үлесі мен өзгеру серпіні Әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі мен өзгеру серпіні
Көмірсутегін өндіру мен оларды қайта өңдеу 2000 ж.- 10%

2009 ж.-15%

2000 ж. - 47%

009 ж. - 60,7%

2000 ж. - 8%

2009 ж. - 9%

Тау-кен металлургия саласы мен қайта өңдеу 2000 ж.- 9,8%

2009 ж. - 2%

2000 ж. - 29%

2009 ж.-13,3%

2000ж.-1,5%

2009 ж. - 2%

Агроөнеркәсіп кешені 2000 ж. - 8,2%

2009 ж.-6,2%

2000 ж. - 7%

2009 ж. - 3,8%

2000 ж. - 8%

2009 ж.-10%

 

   Жаһандық технологиялық үрдістер көзқарасы бойынша бұл салалар барынша перспективалы болып табылады. Жоспардың негізгі идеясы Қазақстан экономикасын жаңа технологиялық негізде оңалтудың және жаңғыртудың локомотиві ретінде бұл салалардың басымдығын, басым рөлін ескеру болып табылады.

   Басым салаларды таңдау кезінде ғылыми әлеуетті айқындау өте маңызды. Мәселен, талдау көрсеткеніндей, тандап алынған салалар бойынша ғылыми базаның айтарлықтай деңгейі бар. 

Мұнай-газ саласындағы ғылыми база 

   Қазіргі уақытта, мұнай-газ саласындағы ғылыми-техникалық әзірлемелердің негізгі көлемін мынадай шамамен 16 ұйым жүзеге асырады:

Информация о работе Салалар дамуының жоспары