Салалар дамуының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 12:32, реферат

Описание работы

Жоспардың ұзақ мерзімді сипатын түсіну өте маңызды. Республикада соңғы 20 жылдағы ғылыми-технологиялық саланың құлдырауы, көптеген тәжірибелік өндірістерді, жобалау институттарын жоғалту, кадрлардың кетуі, ғылыми-зерттеу және тәжирибелі конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі -ҒЗТКЖ) қаржыландыруыдың жеткіліксіздігі өнеркәсіптің бұрынғы бәсекелігі жоғары көптеген бағыттары бойынша республиканың зияткерлік әлеуетін төмендетуге алып келді. Бұл әлеуетті қалпына келтіру, оны әлемдік бәсекеге қабілетті деңгейге шығару тіпті өте ұзақ уақыт кезеңін талап етеді.

Работа содержит 1 файл

Салалар дамуының жоспары жібердім.doc

— 142.50 Кб (Скачать)

   «Қазақ мұнай және газ институты» акционерлік қоғамы;

   «Мұнай» ғылыми-инженерлік орталығы;

   «Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлік қоғамы;

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Ғылыми-технологиялық паркі;

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Жану проблемалары институты;

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Механика және математика ғылыми-зерттеу институты (қиын салалардағы гидродинамикалық және экологиялық міндеттерді сандық модельдеу);

   «Гидроприбор» (робот техникасы) ғылыми-зерттеу институты;

   «ҚазИнж Электроникс» ационерлік қоғамы (жергілікті есептеу желілерін жобалау, модельдеу және күйге келтіру);

   Экономика институты (жекелеген салалар бойынша эконометриялық болжамдар жасау);

   «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қоршаған ортаға арналған биотехнологиялар);

   «Физика-техникалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (түрлі функционалдық мақсаттағы аспаптар өндірісінің технологиясын әзірлеу);

   «Жүйелік технологиялар зертханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (робот техникасы);

   Әл-Фараби атындағы Қазак ұлттық университеті жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және үйлестіру);

   «Қазмеханобр» акционерлік қоғамы (мұнай өңдеудің қоршаған ортаға ықпалын төмендету);

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Физика-химиялық зерттеу және талдау орталығы (химиялық заттар мен материалдарды талдау әдісін әзірлеу);

   Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті жанындағы Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты. 

Тау-кен металлургия кешеніндегі ғылыми база 

   Деректерді талдау қазіргі уақытта металлургиядағы ҒЗТКЖ-ның жалпы санынан 65 %-ды 10 ұйымға жатқызуға болатынын анықтауға мүмкіндік берді.

   Бұл топты мыналар бастайды:

   олардың жалпы санынан жұмыстардың шамамен 20,7 % орындаған «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы»;

   «Әбішев атындағы химия-металлургия институты» - жұмыстардың 12,1%;

   «Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті» -ҒЗТКЖ-нің 6,25%;

   металлургиядағы ҒЗТКЖ-нің тиісінше 4,7 % және 4,2 %-ын орындаған «Шығыс түсті металдарды ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия институты» және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты». 

Агроөнеркәсіптік кешендегі ғылыми база 

   Жаңа білім алу, технологияларды әзірлеу және трансферттеу, кадрларды даярлау аясында аграрлық ғылымның қазіргі заманғы жүйесін құру ел экономикасының аграрлық секторын жедел дамытуға және оның бәсекелестік қабілетін арттыруға жәрдем көрсетудің негізі болып табылады.

   2007 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми ұйымдарын біріктіру жолымен АӨК-нің дамуының тиімді бәсекеге қабілетті ғылыми және инновациялық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру мақсатында жарғылық капиталықда мемлекеттің 100% қатысуымен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы құрылды. ҒЗТКЖ нарығындағы және Қазақстанның АӨК-гі «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның ғылыми-техникалық сипаттағы қызметтер үлесі 90% құрайды.

   Қазіргі уақытта «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы жүйесінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында 26 филиалы бар 23 ҒЗИ және 14 тәжірибелік-өндірістік шаруашылықгар, Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы, Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы, АӨК экономикалық саясатты талдау орталығы, сондай-ақ «Асыл-түлік» асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша республикалық орталығы» АҚ жұмыс жүргізуде.

   Жаңа агротехнологияларды және инновацияларды енгізуге ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін оқыту үшін Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында АӨК-де білім тарату 5 орталық жұмыс істеуде; 2015 жылға дейін осы сияқты 9 орталықтар республиканың басқада өңірлерінде құрылады.

   Сонымен қатар, АӨК-нің ғылыми қамтамасыз етуге:

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнологиялар орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемалырының ғылыми-зерттеу институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны ықпал етеді.

   Басқа бағыттар бойынша салыстыратын ғылыми база Қазақстанда жоқ.

   Жоспар шеңберінде барлық экономикалық өлшемдерді, салалық басымдықтарды қолдана отырып, ұсынған салаларды талдау негізінде мұнай-газ, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп салалары таңдалған болатын. 

Негізгі салалардағы басым бағыттарды айқындау

Мұнай-газ саласы 

   Бұл саладағы Жоспардың мақсаты ҒЗТКЖ саласындағы ішкі қажетгілігін кемінде 50%-ға қанағаттандыруға қабілетті Қазақстандық мұнай-газ ғылымының қалыптасуы болып табылады.

   Бұл мақсатқа жету үшін мұнай-газ саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің басымдықтары ғылыми-технологиялық әзірлемелердегі өндірістің ағымдағы қажеттіліктеріне, сондай-ақ жаһандық үрдістерге сәйкес жаңа прогресстивті дамытуға шоғырлануы тиіс.

   Қазіргі уақытта Қазақстанның мұнай-газ саласының алдында бірқатар технологиялық сипаттағы міндеттер тұр. Қазақстандық мұнайдың физика-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері технологияларды таңдау қажеттілігін алдын ала анықтайды, оның көмегімен шикізатты кешенді тиімді пайдалануға қол жеткізуге болады.

   Қазіргі кезде қабаттардың мұнай беруінің, қойма мұнайын түзуінің және ілеспе газды жағудың төменгі деңгейі өзекті мәселе болып қалуда. Мұнайлы нысандарды барлау кезінде теңіз ортасының қарқынды ластануы, флораның және теңіз фаунасының құрып кетуі мүмкін.

   Өткізілген зерттеулердің тақырыбын талдау өндіріс кезінде технологиялық үдерістерді басқару жүйесін ұйымдастыру, мұнай-газ өнеркәсібін кешенді дамытуды экономикалық бағалау, жаңа көмір сутегі шикізатының кен орындарын барлау және бар қорларын нақтылау салаларына тиесілі екендігін көрсетеді.

   Бұл ретте іс жүзінде зерттеулермен мұнай және газ іздеу әдістерін жетілдіру проблемалары, қабаттардың мұнай беруін арттыру проблемалары, кен орындарын дайындау және пайдалануға беруге байланысты мәселелер, мұнайды жинау мен дайындаудың технологиялары, сондай-ақ экология проблемалары сияқты бағыттар қамтылмаған.

   Ғылыми ізденістердің болмауы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың төменгі деңгейдегі проблемасымен толығады. Жобалық және конструкторлық бюролардың (институтгардың) болмауы технологияларды өндіріске беру процесін тежейді.

   Саланы дамытудың көрсетілген проблемалары мен жаһандық үрдістерінің негізінде мұнай-газ саласындағы ғылыми-технологиялық басым бағыттары ретінде мыналар айқындалған болатын.

   1. Қабаттардың мұнай беруін арттырудың физика-химиялық әдісі:

   сығып шығару коэффициентін арттыратын әдістер;

   қабаттарды суландырумен қамту коэффициентін арттыратын әдістер;

   сығып шығару коэффициенті есебінен және қамту коэффициенті есебінен мұнай беруді арттыратын әдістер;

   өндіруші ұңғымаларды гидрофобты құраммен түншықтыру технологиясын әзірлеу;

   қабаттардың газ беруін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу мақсатында инертті газ-су жүйесімен өтпеген газдың ықпал ету технологиясы.

   2. Кен орындарын дайындау және пайдалануға берудің жаңа технологиялары:

   көлік және бұрғылау тиімділігін арттыру үшін неньютон көмір сутегі сұйықтығының термореологиялық қасиеттерін талдау;

   бағытталған ұңгымаларды бұрғылаумен қайраңда мұнай және газ кен орындарын ашудың жаңа тәсілдері;

   атом өнеркәсібінің қалдықтарын бір уақытта кәдеге жарата отырып, мұнай және газ қабаттарына ықпал етудің жаңа тәсілдері;

   циклонды сепараторларды қолдана отырып, тасымалдау үшін кен орындарында мұнайды алдын ала дайындау;

   қабаттарға құрамалы ықпал етудің жаңа тәсілдері;

   газ ұңғымаларының кенжарынан сұйықтықты айдап шығару тәсілі (САШ);

   теңіз және қоршаған ортаға ықпал етуінсіз қайраңды кен орындарынан мұнай өндірудің жаңа тәсілдері.

   3. Мұнай және газды жинау мен дайындаудың жаңа технологиялары:

   қоңыр көмірден синтетикалық мұнай алу;

   Қазақстанның жоғары парафинді мұнай үшін полимерлі және полимерлі емес депрессорлық қоспаларды алу тәсілдерін меңгеру;

   берік бүлінуі қиын эмульсиялардың пайда болу тетігін зерделеу жәңе оларды бұзу әдістерін меңгеру;

   су-мұнай эмульсияға болу үшін жаңа тәсілдер;

   ауыр және парафинді мұнайды құрғату және тұзсыздандырудың жаңа әдістері;

   мұнай және мұнай өнімдерінен дисперсиялық фазаны электрлік-химиялық бөлудің жаңа әдістері;

   қоңыр көмірден натрий гуамата физиологиялық белсенді препаратты алу технологиясын жасау;

   қоңыр көмірден синтетикалық мұнай алу;

   мұнай және мұнай өнімдерінен ванадийді анықтау және бөліну тәсілдерін меңгеру.

   4. Құрлықта және теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жаңа технологиялар:

   Мұнай-газ кен орындарын игеру кезінде ілеспе газды кәдеге жаратудың жаңа тәсілдері (өтінім берілді);

   қойма мұнайы мен мазут төгіліп бүлінген топырақты кәдеге жарату тәсілі;

   Мұнай-газ кәсіпорындарында күкірт сақтау және кәдеге жаратудың қауіпсіз тәсілдері (сақтау тәсілі бойынша өнертабысқа өтінім берілді);

   бұрғылау қожын кәдеге жарату тәсілдері. 

Тау-кен металлургия саласы 

   Бұл саладағы Жоспардың мақсаты ҒЗТКЖ-да саланың ішкі қажеттілктерін 100%-ға қанағаттандыруға қабілетті, қазақстандық тау-кен металлургия ғылымын қалыптастыру балып табылады.

   Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі металдар мен қорытпалардың сол немесе өзге де қасиеттерін зерделеуге арналған дәстүрлі тақырыптар бойынша жүзеге асырылады.

   Бұл ретте, тау-кен металлургия саласында ресурс-энергия үнемдейтін технологиялар әзірлеу, қалдықтарды игеру және қайта өңдеу, тау-кен металлургия кешенінің шикізаттық материалдарын дайындау, металлургияда электрлік химиялық үрдістері сияқты негізгі бағыттар бойынша зерттеулер іс жүзінде жүргізілмейді.

   газ ұңғымаларының кенжарынан сұйықтықты айдап шығару тәсілі (САШ);

   теңіз және қоршаған ортаға ықпал етуінсіз қайраңды кен орындарынан мұнай өндірудің жаңа тәсілдері.

   3. Мұнай және газды жинау мен дайындаудың жаңа технологиялары:

   қоңыр көмірден синтетикалық мұнай алу;

   Қазақстанның жоғары парафинді мұнай үшін полимерлі және полимерлі емес депрессорлық қоспаларды алу тәсілдерін меңгеру;

Информация о работе Салалар дамуының жоспары