Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:24, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның инвестициялық қарекетін, яғни шетелдік және отандық инвестицияларды біздің кәсіпорындарға тарту мәселесін ашу болып табылады.
Инвестициялық қарекетті нарықтық экономика жағдайында табыс алу мақсатында шаруашылық субъектілер жүргізеді. Ол екі өзара байланысты бөліктен тұрады:
- инвестиция қарекетінің объектілері;
- инвестиция қарекетінің субъектілері.
Кіріспе 2
I тарау. Инвестиция түсінігі 3
1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі 3
1.2 ҚР-ғы иновациялық және инвестициялық жағдай 4
1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері 6
IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы 8
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері 8
2.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі 10
2.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі 12
IІI тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау 15
3.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты 15
3.2 Қоржындық инвестиция қарекеті 19
3.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері 21
3.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері 24
IV тарау. ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары 29
4.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 29
4.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары 30
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 33
Егер
жоба бір ретті инвестицияны емес,
ал m-жыл ішіндегі қаржылық ресурстарды
қалыпты инвестициялауды
NPV
i – инфляцияның болжанған орташа деңгейі
Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV сомалауға болады. Бұл өте ерекше белгі, бұл критерийді басқалардан ерекшелейтін және оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қоятындығы.
Инвестицияның пайдалылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша алдыңғының жалғасы болып табылады. Пайдалылық индексі PI мына формула бойынша есептелінеді. PI
Егер :PI>1, жобаны қабылдау керек
PI<1, жобаны қабылдамау керек.
PI=1, жоба не пайдалы емес не зиянды емес.
Таза келтірілген эффектімен салыстырған да пайдалылық индексі қатынасты көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.
Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі. Инвестицияның пайдалылық нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр. Сонымен қатар, жобаның NPV=0:
IRR=r, бұнда NPV=f(r)=0
Жоспарланған
инвестицияның нәтижелігін
Инвестицияның нәтижелік коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгоритмін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы сомасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық құнының қолма-қолдығын жіберсе RV) онда оны бағалау шығарылып тасталу керек.
ARR= PN
½ (IC-RV)
Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза пайдасын оның қарекетіне авансталған (орта баланстың нетто қорытындысы) қаражаттың жалпы соммасына болумен анықталады, авансталған капиталдың пайдалылық коэффициентімен салыстырылыды.
Инвестицияның өтелу мерзімін анықтау әдісі. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде ең оңай және кең таралған әдістердің бірі.
Өтелу мерзімін есептеу алгоритмі (РР) инвестициялаудан түсетін болжанған табыстарды бөлудің бірқалыптылығына тәуелді. Егер пайда жылдарға бір қалыпты бөлінсе онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақтылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция кумулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынадай болады.
PP=n, бұнда Pk >IC
Инвестицияны өтелу мерзімінің көрсеткішін есептеу де оңай. Сонымен қатар талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол кумулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшелейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынадай жағдайларда:
Мұндай
жағдай тез техникалық өзгерістер болатын
қарекеттің түрлеріне немесе салаларына
сәйкес келеді.
Әлеуметтік сферадағы инвестициялық үрдіс дегеніміз әлеуметтік мақсатты объектіні құру, жөндеу модернизациялау және басқада әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыруға қажетті формаларды игеруге және кешенді эффект алу үшін қаржы ресурстарының қозғалысы, концентрациясы, бөлінуі және қайта бөлінуі. Инвестициялық қарекет инвестициялық сураныс пен инвестициялық ұсыныстың тепе-теңдігі негізінде ресурстарды салу және болашақта одан табыс алу бір үрдіс ретінде тиімді жүргізілуі және дамытылуы мүмкін. Тұрақсыз экономикалық жүйесінің қатынасы инвестициялық процестерді модельдеу және оларды талдау кезіндегі есеп арқылы инвестициялық сфераның өзін реттеу механизмі мен мемлекеттің реттеу әсерінің мақсаты инвестициялық сфераның бейімделу жолдарының анықтауын негіздеу.
Жүйелі тәсіл концепциясы негізінде құрылған инвестициялық үрдіс нақты бағытталған мақсаттың функцияларының элементтерінің және ұйымдастырылуының толық қамтылуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Инвестициялық үрдісті реттеу жүйесінің құралдары ортақ мүддеге сай қойылған мақсатқа жетуіне негізделген уақыттық және көлемдік сипаттағы үрдіске әсер етуін қамтамасыз ететін тәсілдер. Инвестициялық үрдісті реттеу жүйесінің құрылуында келе инструменталды принциптермен қамтамасыздандырылуы қажет:
Көрсетілген принциптердің іске асырылуы үшін инвестициялық үрдісті реттейтін инструменттер мүмкіндігін толық есепке алу керек, сонда ғана шаруашылық субъектінің даму міндеттерінің тандау заңдылығына сай оптималды шешімді анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай таңдауды анықтау негізінде нормативті-құқықтық, қаржылық және ұйымдастырушылық реттеу инструменттерінің топтарының құрылымын білу керек:
Сонымен, инвестициялық үрдістің әлеуметтік сферадағы даму перспективасы, онын белсенділік деңгейінің өсуі мемлекеттік реттеудін масштабты шешімдерді өңдеп, оны қолдануына қаржы жүйесін түбегейлі реформалауға, мемлекеттік кепілдік институтын құруына байланысты болу керек.
Экономиканың ашықтығына ұмтылу ұлттық өндірістік бәсекелес қабілеті, әлемдік нарықта сенімге ие болу, халықаралық қаржы айырбасқа қатысу шетел инвестициясын тартуға әрекеттестіреді.
Басқа да көріністер секілді шаруашылық өміріне шетел инвестициясы экономикаға оң және теріс әсер ете алады. Бұлардың ағымы бір жағынан бір мәселелерді шешсе, екінші жағынан басқа мәселелерді қоздырады. Кейбір басылымдарда шетел инвестициясы экономикалық дағдарыстан шығудың басты құралы ретінде бағаланады.
Шетел инвестициясы біздің экономиканы демонополизациялауына 90 жылдары әсер етті және әсер етуде.
Қалыпты нарықтық экономикаға фирмалар нарығындағы монополиялық жағдай және олардын одақтары мен бірлестіктері тән емес, өйткені еркін болып қойылмайды, өндірісті ынталандыратын және реттейтін нарықтық механизмдер іске қосыла алмайды. Осындай саясаттың негізгі құралы болып антимонополиялық заңдар табылады, олар кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар арасында бәсекелестікті құрып, оны жүзеге асыруына көмектеседі. Сол себептен көптеген елдерде монополиялар мен өте ірі корпорацияларға қолданылатын антимонополиялық заңдар бар.
Нарық монополизациясының төмендеу кезінде кәсіпорын басшыларына тауарға кез келген баға қоюына құқық беру тауардың бірнеше есе қымбаттауына әкеледі. Қарқынды инфляция басталады. Бұдан шығуына әсер еткен фактор ішкі нарықты демонополизациялау, ал бұл өз кезегінде монополист фирмаларды бөліп қана қоймай, Қазақстанның ашық экономикалық бағыт алуына байланысты шетел тауарларының енуі мен территориясында шетел кәсіпорындардың қалыптасуына әкелді. Осы жағынан шетел кәсіпорынның ағылуы ел экономикасына он әсер етті. Шетелдік тікелей инвестиция дамыған елдердің кәсіпкерлерімен алмасқан тәжірибе арқылы ұйымдастырушылық және техникамен қамтамасыздандыру деңгейіне әсер етті. Еліміздің шетелдік инвестициясының объектісіне айналуы қосымша ақша сомасын алып қана қоймайды, сонымен қатар, тікелей және портфельдік салымдардан түскен пайданың шетелдік займдар формасы қызмет көрсетіп, қайтарады. Шетелдік тікелей инвестиция бір елден инвестиция арқылы басқа елдегі кәсіпорынды басқару бақылауына алу.
Шетелдік тікелей инвестиция шетелдік жабдықтаушыларға кезеңдік барьерден 2 тәсіл арқылы айналып өтуге болады:
Бұдан шетелдік инвестиция шетелдік кәсіпкерлер үшін өз тауарлар мен қызметін ұсынатын елдегі отандық жабдықтаушылармен бәсекелес кезіндегі күшті бір сүйеніш.
Соңғы он жылда әлемде тікелей инвестицияның
өсу тенденциясы байқалады. Тікелей инвестицияны
экспорттайтын елдер үшін табыс алуға
өндірістің көлемі мен тиімділігін өсіруге,
тауарлар мен қызметті экспорттауға мүмкіндік
береді. Тікелей инвестицияны қабылдайтын
елдер үшін дамудың қосымша, тіпті кейбір
кезде негізгі көзі болып, өндірісті кеңейту
мен сыртқы экономикалық мәселелерді
шеше алады. Сондықтан болар шетел тікелей
инвестициясын әлемдік экономикада өсу
мен глобализациялау факторы ретінде
бағаланады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 19 жыл толуда. Бұл өткерген кезеңде мемлекетіміз әртүрлі асулардан өтіп, 2006 жылға келдік. Қазақстан 90- жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыстан кейін экономикалық өсу басталды. Бұның барлығы ненің арқасында десек, бұл ең бірінші саяси тұрақтылық. Өйткені елде тыныштық болмаса, қандай экономикалық мықты ел болмасын, ақыры бір келеңсіз жағдаймен бітеді.
Қазақстан ТМД елдер арасында экономикалық өсу қарқыны жағынан топ жарып, алдыңғы орындардың бірінде келеміз. Мұндай жетістікке шетелдік инвестицияны тарту елеулі әсер етті. Қазақстан 1991 жылдан кейін кең байтақ жерді, қазба байлығы мол ел болып қалғанымен, Мәскеу басшыларының әсерінен, С.Сейфуллин айтқандай «Қазақстан отарлы ел болып қалды» деген сөзіне сәйкес келді. Соның әсерінен болар, 90-жылдар ортасында Қазақстан тек шикізат экспорттаумен болды (шетелдік инвестиция арқасында). 2000 жылдан бастап қаржы жағынан еңсесін көтерген отандық кәсіпорындар да кейбір салалар бойынша қатаң бәсекеге түсіп кетті. Бұл жетістіктерге инвестицияны тартудың арқасында жетті. Жоғарыда айтқандай, Қазақстан бұрын тек шикізатты экспорттаумен болса, енді қазіргі кезде бұл қаржыны өңдеу сферасына жұмсауды жүзеге асыра бастады. Бірақ альтернативті жолдардың арқасында инвестицияны тартудағы бұрын көз жұмған жетіспеушіліктерге орын бермеу керек. Инвестициялық қарекетті қатаң бақылауға, әкімшілік ақпаратты дұрыстауға, құқықтық режимді реттеуге ықыласымызды аударуымыз керек.