ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 18:24, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның инвестициялық қарекетін, яғни шетелдік және отандық инвестицияларды біздің кәсіпорындарға тарту мәселесін ашу болып табылады.
Инвестициялық қарекетті нарықтық экономика жағдайында табыс алу мақсатында шаруашылық субъектілер жүргізеді. Ол екі өзара байланысты бөліктен тұрады:
- инвестиция қарекетінің объектілері;
- инвестиция қарекетінің субъектілері.

Содержание

Кіріспе 2
I тарау. Инвестиция түсінігі 3
1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі 3
1.2 ҚР-ғы иновациялық және инвестициялық жағдай 4
1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері 6
IІ тарау. Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың негізі, мәні және құрылымы 8
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері 8
2.2. Инвестицияландырудың әлемдік тәжірибесі 10
2.3. Инвестициялық қызметті реттеудің теориялық негізі 12
IІI тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау 15
3.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты 15
3.2 Қоржындық инвестиция қарекеті 19
3.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері 21
3.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері 24
IV тарау. ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары 29
4.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 29
4.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі тенденциялары 30
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 33

Работа содержит 1 файл

Инвестиция Курстық жұмыс Акнур.DOC

— 272.00 Кб (Скачать)

    Жобаның алғашқы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес-жоспарын құру. Бірақ, уақытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.

      Екінші инвестициялық кезеңде жоба мыналарды енгізеді:

  • жобалық кәсіпорынды таңдау;
  • жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
  • жобалық және құрылыстық жұмыстың алдын-ала жоспары;
  • детальдық жоспарлау және спецификация;
  • құрылыстық орындардың сызбасы.

      Осы кезеңде бас мердігер және  субмердігер тағайындалады. Мердігерлермен, жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қысқа мерзімді займдар анықталады.

      Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрылымын құрылыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді.

      Жобалау процесін 2 кезеңге бөлуге  болады:

  • жоба алдындағы;
  • нақты жобалау.

Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді: бастапқы және соңғы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы анықталады.

      Проектілеу процесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатын пайдалануда. 

      Отандық тәжірибеде кәсіпорынның  жобасын жасау, өңдеу кезінде мынадай бөлімдерді өзіне енгізеді:

  • түсіндірмелі хат;
  • техника-экономикалық бөлім;
  • бас жоспар;
  • еңбек күші;
  • құрылыстық бөлім;
  • өндірісті басқару жүйесі;
  • сметалық құжаттар.

      Инвестициялық жобаның әр жұмысының  кезеңінде оның құндық бағасы анықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және олардың нақты деңгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық мүмкіншілікті зерттеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның мөлшері 25-40% аралығында болу керек.

      Инвестициялық процестің әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі, табыстылығы анықталады. Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық анализ жоспарланады.

       Инвестицияны өндіріс орнында  басқаруды жақсарту үшін мынадай шараларды қолдану керек:

  • инвестиция қызметінің қажеттілігін табу;
  • инвестициялық пайданың программасын жасау;
  • осы программаның тиімділігін тексеру;
  • инвестициялық жұмыстарды жақсарту;
  • инвестицияны қаржылай қамтамасыз ету;
  • әрбір объект үшін жоба жасау;
  • мониторинг жасау;
  • инвестициялық нәтиже жүргізу.

      Кәсіпорында инвестициялық саясатты  жүргізген кезде көптеген факторлар  маңызды роль ойнайды. Соның  ішінде ерекше орын алатын  – инвестицияны мемлекеттік қолдау.

      Мемлекеттік қолдау дегеніміз  – инвестициялық преференциялау болып табылады, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер. Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:

  • инвестициялық салықтық преференциялар;
  • кеден баждарын салудан босату;
  • мемлекеттік заттай гранттар.

      Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:

  • көзделген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
  • осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.

      Инвестициялық салықтық преференциялар тікелей активтерге салынатын инветициялардың көлеміне қарай 5 жылдан аспайтын уақытта беріледі.

      Преференция алу үшін келісім  шарт жасау керек. 

      Мемлекеттік заттай гранттар  ретінде мыналар болады:

  • жер учаскелері;
  • ғимараттар мен құрылыстар;
  • есептеу техникасы;
  • машиналар мен жабдықтар;
  • көлік беру мүмкінділігі.

Мемлекеттік заттай гранттың ең жоғарғы мөлшері заңды тұлғаның тіркелген активтерінен салатын инвестиция 30% аспау керек.

3.2 Қоржындық инвестиция қарекеті

 

      Қоржындық инвестиция дегеніміз – объектісі инвестициялық қағаздар болып табылатын инвестиция. Бағалы қағаздардың бір текті болмауынан, өтімділіктің, табыстылықтың және тәуекелдің деңгейінің әр түрлі болу себебінен, кәсіпорын инвестицияны бағалы қағаздар нарығының әр түрлі сегментінде жүзеге асырады. Кәсіпорынның инвестициялық жиынтығын бағалы қағаздарға салу - бағалы қағаздар қоржының құрайды.

      Әртараптандырылған бағалы қағаздар қоржынының болуы кәсіпорынға қаржылық операцияларды әр түрлі табыс және тәуекел деңгейімен жүргізуге мүмкіндік береді.

      Егер кәсіпорынның иемденушілері  бірігіп өндірістік қуатты, ғылыми  зерттеулерді, авторлық құқықты жүргізетін болса, онда қоржын синергетті болады.

      Қоржындық стратегия – кәсіпорынның  қаржы стратегиясының ажырамас  бөлігі. Ол мыналарды енгізеді:

  • капиталды орналастыру;
  • кәсіпкерлік құрылымды;
  • кәсіпорынды сату немесе сатып алу;
  • синергизм тиімділігін пайдалану.

      Қоржындық стратегия ішкі фактордың  негізі кәсіпорынның факторына  әсер етеді. Ол ішкі көздер арқылы өсуді қамтамасыз етеді.

      Ішкі қаржыландырудың және ішкі  қаржыландыру стратегиясының мақсаты  – қойылған мақсатқа жету үшін  ресурстарды бөліп беру және  олардың координациясы.

      Қоржындық стратегияның мақсаты  тиімді құрылымды құру. Кәсіпорынның бөлімдерін ескере отырып, ішкі қаражаттарға функционалды стратегия маңызды.

      Қоржынды қалыптастыру стратегиясына  жататындар:

кәсіпорынға қандай нақты бағдарламалар керектігі;

қандай  мөлшерде күрделі қаржыны жоспарлау  керек;

қандай  қорлардан инвестицияның қоржындарын  қаржыландырамыз.

      Сондықтан, осы инвестициялық  қоржынды басқару үшін күрделі мәселелерді ескеру керек:

- біршама ақшалай және материалдық қаражаттар;

- салынған күрделі қаржыны салуда оның келешегінде көптеген тәуекелдіктер бар, оны ескеру керек;

- өндіріс мүмкіншілігінің ұлғаюы.

      Кәсіпорынның қоржындық стратегиясы  ішкі қаржыландыру стратегиясына  тәуелді. Ол заңды тұлғалардың акцияны пайдалануы қиылысты түрде болуына әкеледі. Бұл құбылыс көптеген шетелдік корпорацияларда қолданылады. Қиылысты түрде акцияны пайдалану кезінде ең алдына инвестициялық шешімді жүргізуге біріккен бақылау шығады. Акцияны былай пайдалану олардың тұрақты бағамын ұстайды. Мұндай жүйе акционерлердің позициясын күшейтеді.

      Инвестициялық өтімділіктің бір  түрі – пайдық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай – атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық пай иемденушісіне бірдей құқық береді. Инвестициялық пайды шығару тәртібін, оларды орналастыруды, айналымға жіберуін бағалы қағаздар нарығындағы федералды комиссия шешеді.

      Инвестициялық пай – құжатты және құжатсыз нысанда шығарылады. Инвестициялық пайдың мерзімі анықталмайды. Инвестициялық пай бойынша процент және дивиденд есептелінбейді.

      Инвестициялық пай қорының мүлкі  және инвесторлардың құқығы жүргізуші кәсіпорынның келісім шарты негізінде мамандандырылған депозиттерімен жүзеге асады. Инвестициялық пай қордың тек бір ғана маманданған депозитарийі болады.

      Инвестициялық пай қоры инвесторлардың мамандандырылған депозитарий есебіне берілген және жүргізуші кәсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі негізінде құрылады.

      Мамандандырылған депозитарийға және жүргізуші кәсіпорынға есеп үшін берілген мүлік инвестициямен пайды, инвестициялық пай қорын алу үшін жүзеге асады.

      Инвестициялық пай қордың құрылуы инвесторлардың жүргізуші кәсіпорыннан инвестициялық пайды алу негізінде болады. Инвестициялық пай қорынан инвестициялық пайды алатын инвестордың қаржысы мамандандырылған депозитарий есебінен түседі.

      Инвестициялық пай қоры 2 нысанда  болады:

  • ашық;
  • интервалды.

      Егер жүргізуші кәсіпорын өзі  шығарған инвестициялық пайды  инвесторлардың сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша сұрау күнінен бастап 15 күннен кешіктірмей сатып алуды міндетіне алса, онда ол қор ашық болады.

      Егер жүргізуші кәсіпорын өзі  шығарған инвестициялық пайды  инвесторлардың сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша, бірақ жылына бір реттен артық емес болса, онда ол интервалды қор болады. 

      Жүргізуші компания инвестициялық пай қорының мүлкін инвестициялауға құқылы. Ол инвестициялық қорының мүлкін кездейсоқ зақымдап алса, жоғалтса өз мүлкімен жауап береді.              

      Инвестициялық пайды орналастыру  жағдайында ол тек қана ақша  қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететін бір жағдай: толық төленбеуге немесе төлемді кейінге қалдыруға болмайды.

      Инвесторлар өздеріне тиісті  инвестициялық паймен еркін қолданады.  Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға,  бағалы қағаздар заңына сәйкес  басқа да келісімдер жасай алады.

      Инвестициялау кезінде кәсіпорындар  инвестициялық тәртіппен кездеседі.  Инвестициялық тәртіп дегеніміз:

  • қажетті ақпаратты жинау;
  • инвесторларды қызықтыратын объект бойынша нарықтық конъюктураны болжау керек;
  • әрбір инвестициялық тауарлар нарығында ол өзінің стратегиялық тәртібін анықтау керек.

    Осыған  орай инвестициялық тәртіптің принциптері:

  • банктің алған тәртібін орындау керек, яғни қарызға несие алу, оны жұмсау, пайдалану, бірақ келісілген уақытта оны қайтару;
  • тәуекелдің тепе-теңдігі, яғни егер тәуекелге бел байласаң, онда онда тәуекелге өз қаражатымен бару керек;
  • капиталды инвестициялаған кезде таза пайда банкке салған депозиттерден асуы керек;
  • толық рентабельділік тәртібі;
  • инвестицияның рентабельділігі әр уақытта орташа жылдық инфляциядан жоғары болу керек;
  • активтердің рентабельділігі орташа банк ставкасынан жоғары болу керек;
  • нақты инвестициялық бағдарламаның әр уақытта табыстылығы артық болу керек.

3.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері

 

      Қазіргі заңға сәйкес инвестициялық қызмет мыналар есебінен қаржыландырыла алады.

   -   меншікті қаржы ресурстары және  инвесторлардың ішкі шаруашылық резервтері (пайда, амортизациялық аударымдар, ақша жинақтау және    азаматтардың жинақтары);

  • инвестордың қарыздық қаржылық қаражаттары (банктік және бюджеттік несиелер т.б);
  • инвестордың тартылған қаржылық қаражаттары (акцияларды, пайларды сатудан түскен қаражаттар және басқа салымдар);
  • тәртіп бойынша кәсіпорындардың бірігуінің орталықтанған ақша қаражаттары;
  • мемлекеттік бюджеттен, жергілікті бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан инвестициялық ассигнациялау.

Информация о работе ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері және даму перспективалары